Грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің
өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін
саласы.
Үлкен екі саласы
бар:
Грамматика ережелерді орнату жолымен
тілдік категориялар арасындағы қатынас
жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде
тілді құрайтын элементтер қалыптасады
және бірігеді. Бұл элементтер анық
болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады,
«зат есім, етістік, сын есім»
сияқты.[1]
Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді
оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —
- тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз
таптары мен түрлену формаларының, категорияларының,
сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің,
сөйлем құрлысының жүйесі;
- тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни
тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену
жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының,
сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері
мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын,
сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем
жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір
сапасы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы
ретінде де, ғылым ретінде де үш
саладан тұрады:
- сөзжасам процесінің
тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен
түрлері, тілдің сез байлығын молайту
амалдары;
- морфология — сөздің
граммат. мағыналары мен формалары, граммат.
категориялар, сөздің морфол. құрамы мен
сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен
сипаты;
- синтаксис — сөздердің
бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері,
сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері,
сөйлемдегі сездердің қызметі.
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде
тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар
жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты
әуеніне (интонация) байланысты фонет.
құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі
дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның,
сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға
байланысты пунктуацияның мәселелері
де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға
тілімізде туып отыратын жаңа сездердің
жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни
бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты
сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған
туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар
арқылы жаңа сез жасау, аналитикалық яғни
сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі
т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз,
құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен
бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып
кеткен сездердің құрамдық-құрлыстық
сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық
құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері
мен заңдылықтарын анықтауда оған тән
басты-басты грамматикалық ұғымдарды,
олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені
тілдің граммат. құрылысындағы белгілі
жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі
сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық
қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі,
сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа
түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет
атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен
сипаттапады. Олар: грамматикалық
мағына, грамматикалық
форма,грамматикалық
категория. Бұл үшеуі бір-бірімен
диапектикалық байланыста және бірлікте
болып, тілдің грамматикалық құрылысын
құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар
мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды.
Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай
ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі
мектептерге оқулық ретінде ұсынылып
жарияланған Грамматикаларда сипатталады.
Орта мектептерге арналған оқулықтар
нормативті Грамматика, ал жоғарғы оқу
орындарына (институттар мен университеттерге)
арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар
ғылыми Грамматика деп аталады. Нормативті Граматикада сөздердің
грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі
болатындығы, сөз таптарына белінетіндігі,
бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем
құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен
түрлері баяндалады. Ал ғылыми Граматикада
осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары
ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады,
әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа
тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық
ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде
сипатталады. Ғылыми Грамматиканың қатарына
салыстырмалы-тарихи Грамматика да жатады.
Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі
көне тілдің грамматикалық құрлысындағы
тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін
салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге,
ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын
ашуға арналады.
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы
біртиптес грамматикалық тұлғалардын
бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде
категорияландыратын белгі басты қызметаткарады.
Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын
жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар
жүйесін қалыптастыратын категориялық
белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны
анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны
бірінші қатарға шығару кен тараған. Шынында,
Грамматикалық категорияның ен басты
белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі
болып табылады. Одан Грамматикалың категорияның
екі жақты сипаты көрінеді.[1]
Грамматикалық
категория морфологиялық және синтаксистік болып
бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады.
Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін
ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын)
жасайды. Тілдерде Грамматикалық категориялардың
саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде
орыс тіліндегідей вид, род категориялары жок.
Синтаксистік категориялар тұлғалардын сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу
қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық
категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде
қалыптаскан да, ал синтаксистік материал негізінде
жетімсіз талданған, Грамматикалық категория
ұғымының синтаксиске қатысты қолдану
шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық
категория ұғымына байланысты элем тілдері
бір-бірінен:
- Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;
- Бір Грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс
тілінде — 6, казак тілінде — 7, кейбір
дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);
- Белгілі бір категориялардын қандай сөзтаптарына кіретініне қарай жіктеледі.
Грамматикалык құрылыстын тілдік бірлігі
(единица) деген ұғым Грамматикалық
категориямен тікелей байланысты. Бұл
мәселе жөнінде тіл білімінде
эр түрлі көзқарас бар. Біркатар
ғалымдар грамматикалық құрылыстын тілдік
бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы
— сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде
грамматикалық құрылыстын единицасы Грамматикалық
категориялар деген пікір қалыптаскан.[2]
Грамматикалық форма орыс. грамматическая форма — грамматикалық
мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін
білдіретін тілдік белгі. Эр түрлі тілдерде
грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде
нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін
орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді.
Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар
дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін
үнемі өзгеріп отыруы болып табылады.
Олар морфологиялық бірнеше
мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре
алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін
көпше атау септігі, етістіктіносы шағынын
жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін
өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым)
және аналитикалық (күрделі)
түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада
келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа)
деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі
мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне
сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір
тілдерде грамматикалық мағына негізінен
сөздердін синтаксистіктіркесімділігі
арқылы беріледі.[1]
Грамматикалық форма орыс. грамматическая форма — грамматикалық
мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін
білдіретін тілдік белгі. Эр түрлі тілдерде
грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде
нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін
орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді.
Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар
дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін
үнемі өзгеріп отыруы болып табылады.
Олар морфологиялық бірнеше
мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре
алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін
көпше атау септігі, етістіктіносы шағынын
жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін
өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым)
және аналитикалық (күрделі)
түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада
келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа)
деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі
мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне
сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір
тілдерде грамматикалық мағына негізінен
сөздердін синтаксистіктіркесімділігі
арқылы беріледі.