Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 13:20, реферат
Грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы. Үлкен екі саласы бар: • морфология; • синтаксис. Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты.