Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2015 в 20:11, лекция
Тілдің функционалды стилі дегеніміз - әдебиеттің белгілі бір жанрына немесе әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір жанрына (мыс, ресми, кеңсе, телеграфет) я болмаса қоғам тіршілігіндегі белгілі бір ситуацияға (мыс, салтан стиль, сипатты стиль т.б.) сәйкестендіріліп қалыптасқан тұлға - тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама тұйықталған (Әр стилге қарай іріктелген) тілдік құралдар системасы. Демек, тілдің функционалдық стильдері – оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары стильді сөз еткенде, тілдің барлық элементтерін қамтуға тура келеді.