Саяси іс- әрекет және құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 12:05, курсовая работа

Описание работы

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз- қоғамдағы қарым- қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………………….3
І. Саяси жүйе
1.1 Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі……………………………………………4
1.2 Саяси жүйелердің түрлері……………………………………………………….5
ІІ. Азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері…………………………………...7
2.2 Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны……………………………………….9
ІІІ. Саяси іс- әрекет және құқықтық нормалар
3.1 Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі…………………...12
3.2 Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары……………………………..16
Қорытынды………………………………………………………………………….18
Пайдаланған әдебеттер…………………………………………………………….20

Файлы: 1 файл

Саяси жүйе субъектілерінің конституциялық құқықтық мәртебесі.doc

— 95.00 Кб (Скачать файл)

     Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты. 

     2.2 Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны 

     Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірег келеді. Саяси жүйенің  негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы  оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.

     Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап  немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.

     Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың  қоғамда атқаратын жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық  мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.

     Қоғамда бір мүдде- мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз  қоғамның мүдде- мақсатының дұрыс жақсы  орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті  реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі- ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде- мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.

     Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.

     Қоғамдық  саясаттың тарихи түрлері: алғашқы  қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты- феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты- капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты- (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ)- жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.

     Әлеуметтік  мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше  түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы  және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.

     Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің  ережелері- уставтарының мазмұнына  сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ- олардың қоғамдық мүдде- мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІІ. Саяси іс- әрекет және құқықтық нормалар 

     3.1 Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі 

     Мемлекет  саяси жүйеге белгілі бір жекелеген  органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.

     а) оның аумақтық шекараларында азаматтық  белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;

     ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;

     б) қоғамды басқаруға бағытталған  әлеуметтік аппараты болады;

     в) қарулы құрылымдары болады;

     г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;

     д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.

       

     Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:

     мемлекет  саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;

     мемлекет  барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;

     мемлекет  ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.

     Мемлекет  қоғамның саяси жүйесіне кіретін  барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:

     Мемлекет  Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын  құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.

     Мемлекет  қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің  көлемін, шеңберін анықтайды.

     Мемлекет  қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.

     Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.

     Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің  жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.

     Мемлекет  қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы  басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы  ең маңызды бірлестік. Оның себептері:

     Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: «Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді». Қандай тамаша айтылған пікір...!

     Мемлекет  қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол  келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.

     Мемлеект  басында қоғамды басқарушы, қаңаушы  үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда  да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.

     Мемлекет  адамдардың, саяси- әлеуметтің күштердің  үздіксіз күрестерінің нәтижесінде  қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды  келісімге келтірудің әділ қазысы болып  отыр.

     Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.

     Қоғамның  саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.

     Мемлекет  өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға  сүйене отырып іске асырады. Енді осы  байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.

     Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс- әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.

     Мемлекет  және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі заманда халықтың мүдде- мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде- мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.

     Мемлекет  және еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек  ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың  нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің  жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.

     Мемлекет  пен жергілікті өзін- өзі басқару  мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында мемлекеттік билікті жүргізуге құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады.

     Мемлекет  пен азаматтар- азаматтар мемлекеттің  жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой- пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс- әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.

     Мемлекет  пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым- қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер  болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:

     зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы  болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б. теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.

     Клерикалық  мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері. 

     3.2 Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары 

     Қоғамның  мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси  жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде- мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы- әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы  үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның  нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б.қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.

Информация о работе Саяси іс- әрекет және құқықтық нормалар