Жалпы тіл білімінің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:49, контрольная работа

Описание работы

Тілдің шығуы туралы мәселе тіл білімінің ең күрделі және өте-мөте принципті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл тілдің қоғамдық құбылыс болып табылатынына тікелей байланысты. Тіл адам өмірінің барлық саласында, олардың күллі іс-әрекетінде қолданылады . Ол – адамдардың өте ертеден бері қолданып келген және күнделікті өмірінде қолданып жүрген ең маңызды қатынас құралы Тілсіз қоғамдасып өмір сүру де, бірлесіп еңбек ету де, өндірісті ұйымдастыру да, даму да мүмкін емес. Сондықтан да адамдар тілдің қалай пайда болып, дамығанын үлкен құштарлықпен білгісі келеді. Адам баласының тілінің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар бар. Тілдің шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясы ежелгі грек философтарынан бастау алып, ХVІІІ – ХІХ ғасырларда кең өріс алды.

Содержание работы

1. Тілдердің шығуы.

2. Тіл туралы ғылымның қалыптасу тарихы.

3. Ежелгі дәуір тіл білімі

4. Орта ғасыр тіл білімі.

5. ХІХ ғасыр тіл білімі.

6. ХХ ғасыр тіл білімі.

7. Қазақстан тіл білімі

Файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі Бақылау жұмысы.doc

— 77.00 Кб (Скачать файл)

 

1.Тілдің құрылымды жағын анықтау.

 

2. құрылымдық элементтер арасындағы  байланысты талдау.

 

3.Тілдің таңбалық сипатына мән  беру.

 

4.Синхрония,дияхрония проблемаларынаназар  аудару.

 

 Прага лингвистикалық мектебі.  Бұл мектеп үйірме түрінде  1926 жылы құрылған.Оны қалыптастырушы  – чех ғалымы, профессор В.Матезиус (1882-1945) Прага мектебінің өкілдері тілдік элементтердің функциялық жағына көңіл бөлген. Олар «Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалануы керек.Тіл дегеніміз – функционалды жүйе. Тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабаттарынан табу.

 

Қазақстан тіл білімі

 

Лингвистика ( тіл білімі, тілтаным) – тіл туралы ғылым. Ал кез келген тіл үш түрлі құрылымнан, қалыптасқан  саладан тұрады. Олар тілдің дыбыстық жүйесі, яғни, фонетика сөз байлығы, яғни, лексикасы, тілдің құрылысы, яғни, граматикасы. Кесте бойынша былай көрсетуге болады.

А.Байтұрсынов әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты  ұғым, терминдер таба білген. Әдебиетке  көрнектеу, мезгеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, әсірелеу, арнау, (сұрай арнау,жарлай арнау, зарлай арнау) қайталау, шендестіру, дамыту, үдету, түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеу ұғымдарын енгізді. Өлеңге қатысты: өлең айшықтары, шумақ түрлері, тармақ толғаулары, бунақ, буын, ағындар, тармақ кезеңдері, ұйқастарды ашты.

 

 Р.Сыздықова А. Байтұрсыновтың жалпы тілге, әдебиетке енгізген терминдерінің ұзын саны – 310 деп береді, оның күні бүгінге дейінгі қолданылып келе жатқаны – 118, қолданылмайтыны -192.

 

 Қ.Жұбанов өзі еңбек еткен  қысқа ғұмыры ішінде өз мәнін  жоймайтын маңызы зор ғылыми  – теориялық қағидалар қалдырды.

 

 Фонетика саласындағы еңбектері  арнайы зерттеліп, талдауға түспеген. Бұл салада қалыптасқан,ғ ылыми  тұжырымдар Қ.Жұбанов атымен байланысты. Ғалым өзінің зерттеу жұмыстарында  қазақ тіл білімінің басқа  салаларымен бірге фонетиканың  да зерттеу, объектісін анықтаған. Дыбыстық мүшелері, дыбыстың саны мен сапасы, буын, сингормонизм, екпін, алфавит, орфография, терминология мәселелеріне қатысты пікірлер айтып, алғаш рет қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаған.

 

 Фонетиканың жекелеген мәселелері әр кезде әр түрлі тіл мамандары арқылы қаралғанымен іс жүзінде толық А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов ізденістері нәтижесінде ғана қазақ фонетикасының ғылыми теориялық негізі жасалды.

 

 Фонетика саласын пән ретінде  қалыптастырған төлбасы ғалымдар  А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамбетұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, І.Кенесбаев.

 

 Қ.Жұбановқа дейінгі ғалымдардың  ешқайсысының да қазақ тілі  дыбыстарын зерттеудегі алғашқы  ізденістерін жоққа шығаруға  болмайды. Ол «қазақ тілі ғылымын  бір адам ғана жасай алмайды,  бір мезгілде ғана жасалмайды» деп дұрыс қорытынды жасап, А.Байтұрсыновтың еңбектерін атап, объективті баға бере отырып сол кездегі кейбір ғылыми еңбектердің мектеп оқулықтары деңгейінде екендігін, заман, уақыт талабын қанағаттандыра алмайтындығын да атап өткен. Ол өзіне дейінгі ізденіс еңбектер ішінде А.Байтұрсынов еңбектеріне көңіл бөлген. А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановқа дейін қазақ тіл білімі дербес ғылым ретінде қалыптаспаған еді, тіпті А.Байтұрсыновқа дейін қазақтарға арнап алфавит жасау мәселесі де күн тәртібіне қойылмаған. Қ.Жұбанов еңбек еткен кезеңдегі белгілі зерттеу А.Байтұрсынов еңбектері екенін ескерсек, осы екі ғалым арасындағы ғылыми жалғастық пен өзіндік ерекшеліктерін анықтаудың да маңызы зор.

 

 Қазақтың көрнекті ғалымдарының  – Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов  1903 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде туған. Талантты ғалым сол 30-жылдары еліміздің мәдени дәрежесін көтеру ісіне өзінің еңбектерімен жан аямай қатысты. С.Аманжолвтың сол кездердегі ғылыми мұралары тек оның өзінің ғана алғашқы көлемді еңбектері емес, жалпы қазақ тіл біліміндегі алғашқы жасалып жатқан еңбектер, оқулықтар еді. С.Аманжолвтың сол жылдардағы еңбектерінің аса бір құндылығы халқымыздың мәдени дәрежесін, сауаттылығын көтеруге зор көмегін тигізген жақсылық шарапаты еді.

 

1932 жылы С.Аманжолвтың ІV класқа  арнап жазған «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматыдағы мемлекеттік баспадан  басылып шықты. Осы жылы С.Аманжоловтың  басқаруымен І-ІІ-ІІІ класс оқушыларына  арналған (көлемі 20 баспа табақ) қазақ  тілі оқулығы шықты. Ол кейіннен 1934-40 жылдары орталау, орта мектептерге арналған грамматикалық оқулық болып шықты. Бұл грамматика мектеп балаларын оқытуда мұғалімдерге ұсынылған тұңғыш оқулық болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

 Аханов К. Тіл білімінің  негіздері. Алматы, 1973, 1978, 1993.

 

 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 147-148-б.

 

Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.

 

Қалиев  Б. Жалпы тіл білімі. А. 2001. 337 бет.

 

 


Информация о работе Жалпы тіл білімінің қалыптасуы