Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 21:01, реферат
«Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело)
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
1. Бейнелеу өнері туралы мағлұмат
2. Бейнелеу өнерінің түрлері
3. Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры
4. Қазақстан мәдениеті
Қорытынды
Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.
Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырп – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды.
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады? /35/.Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Өнердің шартты «ұлттық арнаға түсуі» 80-ші жылдардың екінші жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды. Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрыпына деген қызығушылықпен қатар өнер туындыларының бейнелеу және пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді.
Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, жалпы шығыс архаикасын зерттеуге бағытталған ұмтылыс болды. Өзіндік сипаты бар, әдеттегі дүниетаным мен образдық тұрғыдан көру саласына терең деп ену негізінде қалыптастырылған бейнелеу мифтері, дүниені көркемсуреттік тұрғыдан өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ өнерінде де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата-бабаларымыздың рухтарына деген үндеулер, сананың ежелгі нысандарына деген тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен қатар ұлттық тарих және санамен ғана шектелмей, Жер шарындағы жалпы адамзаттық өрлеу жолымен танысуға ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген.
Уқыт ағымына сәйкес өзгеріске ұшырай отыра, жаңадан өз орындарын таба отырып, олар өнерге деген нақты көзқарастрға ие болып, жаңа фәлсафалық ілімдермен қаруланған ұлттық сананың типтері мен дүниетанымы бар, заманының парасатты тұлғасы ретінде енді. Ғылымдағы жаңалықтар ХХ ғасырдағы фәлсафалық ағымдармен ұштаса отырып, олар бейнелеу өнері шығармалары мен дүниені бейнелейтін мүсіндік композицияларда қайта орын алды, көшпенділі халықтың мәдениетінің генетикалық табиғатына тән, имоциялық ырғағын тірілтті. Көзге тартымды, метафоралық тұрғыдан нақтыланған белгілер мен таңбалар жүйесінде дүние құрылымың барлық элементтері арасындағы нәзік үйлесімділік концепсиясында сәйкес әдет-ғұрыптар, кеңістік құрылымындағы біртұтас уақыттық цикл, тірі және өлі материя арасындағы бірлік пен байланыс, шексіз кеңістіктің үстінде қалқып жүрген көшпенділердің елестік бейнелері арқылы сиптталатын ерікті және жігерлі рухани көтерілу туралы түсініктер пайда болды.
Жас суретшілердің сол кезеңінің
өнер саласына аса күшті сакралдық
сәтін енгізгенін атап өтуіміз керек.
Мүмкін, көбіне Ұлы даланың ежелгі
нанымдары мен
Ежелгі құндылықтарға бет бұру
осы мерзімдерге қазақ өнеріне
оң бағыт бергіш, сонымен қатар
тұрақтандырғыштық бастама
Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпылымалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтығы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінң бірі болды.
Онжылдықты дүние байлығының барлық рәміздерін шоғырландыратын таңбалық бейнелеу шебері А. Сыдыханов ашады. Таңғаларлық бағыт – жарық шашатын бейнелеу нысаны мен рухтың жүрек соғысы тәрізді энергиясынан ие тәсілді байланыстыратын шығармаларын Е. Түлебаев та өмірге әкелді. Түрлі – түсті фактуралық жапсыру өнері мен түстілік байлықты қанықтыру шығармаларын А. Аканаевтан көреміз. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К. Дүйсенбаев еңбектерінен орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар арқылы дүние К. Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне ие болды.
Дүниенің жан – жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М. Нарымбетовтың жер тартылысы сияқты салмақты бейнелер мен С. Атабековтың адам демі сияқты нәзік бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті жылжытатын, кенепке бейнелеген С. Баялиевтің композитциялары шексіз қозғалыс және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.
Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен маштабтығы өмірге күшті және айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің жиынтығында дүниеқалыптасу потенциялы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектірін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылыдүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне жеткізуге тырысады.
Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан–кеткенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс А. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Е. Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е. Түлепбайдың жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді.
А. Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б. Мырзагалиева та көрсетуге тырысады. Осы заман суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік ағымына ұқсас өзіндік бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда. А. Иса сияқты суретшілер жолбарыстан әлемдік абсалют рәмізі кейіпкерін көрсе, А. Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді, ал А. Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда: шәйнектер, сазгерлік аспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді періштелер (Р. Қожахметов, М. Нарымбетов, Э. Казарян, А. Есенбаев) фетиштелінеді.
Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.
Информация о работе Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы