Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 12:57, лекция
Жылқы — қазақ үшін қасиетті мал. Жалпы, халық жылқыны жоғары бағалап, көп өсірген. Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқыны ерекше дәріптеген. Жылқы — мінсең көлік. Оның етіне еш тағам жетпейтін дәмді де дәрумен, адам ағзасына пайдалы ас. Ал енді жылқы сүтінен жасалған қымыздың дәмі ше?
Жайлауға көшіп, кейіннен әкеле-ріміз мама биелерді шетінен ұс-тап әкеліп, құлындарын желіге байлап, сауынға кірісетін. Лезде шелек-шелек бие сүтін ысталған меске құйып, арнайы жасалынған піспекпен қолдың қары талғанша піскілейтін-ді. Бұл үлкен шеберлікті қажет етеді. Мұның бәрі бие сауып, саумал сусынын дәмдей білетін бәйбішелерге байланысты. Ішсең бал татитын мамыр мен маусым қымыздарының дәрумендігі сол, мейіріңді қандырып, бүкіл дене мүшеңе жаңа күш-қуат бергендей сезіндіреді.