Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 21:57, реферат
Әбілқайыр хан (1693 - 1748) Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әбілқайыр хан (1693 - 1748) Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Ол – Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Егер Шыңғыс ханнан бастап таратсақ, хан әулетінің он сегізінші ұрпағы болып шығады. Әз Жәнібектің тоғыз ұлы болған. Соның бірі – Өсеке сұлтан. Одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған. Міне, біздің сіздерге баяндағалы отырған Әбілқайырымыз – осы Абдолла сұлтанның баласы. Абдолланың Жолбарыс, Әбілқайыр, Нияз, Досалы деген төрт ұлы – ел билігіне араласқан, тарихта өзіндік орны бар адамдар. Бұлардың ішінде үлкені Жолбарыс Ұлы жүзге 20 жыл (1720-1740), Әбілқайыр Кіші жүзге 30 жыл (1718-1748) хан болып өтті. Әбілқайыр Түркістандағы медреседен білім алған болатын. Бала кезінен жауынгерлік машықтарға үйірлігімен көпшілік назарын өзіне аударады. Керемет қылышкер, құралайды көзге атқан садақшы мерген жасөспірім жігітке өзгелерден бұрын адалдығымен, әділдігімен, көрегендігімен халқымыз «Әз» атандырған Тәуке ханның ықыласы ерекше ауады. Оны өз жанында ұстауға тырысады.
Негізігі бөлім
707-1709 жылдары Ресейде
К.А.Булавин бастаған казактар
мен шаруалар көтерілісі
Алайда сахарамыздың
тең жартысынан көбі жоңғар
қол астында өте ауыр жағдайда
қалды. 1726 жылы үш жүздің игі
жақсылары бас қосып, әскер жасақтауды
ұйғарады. Қаз дауысты Қазыбектің
ұсынысымен Әбілқайыр үш
Әбілқайыр ұрыс алаңын неге тастап кетті?
Жеңіске жетіп, қазақ жауынгерлерінің мерейі үстем болды. Бірақ сұлтандар мен батырлар, қолбасшылар арасында атақ-даңқ, абырой жолында күндеушілік орын алды. Дүрдараздықтың соңында Сәмеке, Күшік, Әбілқайырлар өзіне қарасты әскердің басым көпшілігін алып, кері қайтты. Бұған себеп Әбілқайырдың «ұлы хан болмадым» деп өкпелеуі ғана ма еді? Әрине, бұл да бір себеп екені дау туғызбайды. Бірақ, біздіңше, сан себептің бірі ғана. Әбілқайырды өз қол астындағы елдің жағдайы қатты алаңдатуда еді. Әбілқайырдың елдегі ер-қараның басым көпшілігін шығыстағы жаумен соғысқа әкеткен сәтін пайдаланып қалуды ойлаған Еділдің қалдық қалмақтары, түрікмендер, башқұрттар Кіші жүзді ұялы қасқыр талаған торпақтан бетер етіп жатты. Осы шақта Әбілқайыр мен оның соңындағы жауынгерлер шығыстағы жаудан оралды. Бірақ ел азып, әбден жүдеді. Бұдан әрі осылай созыла берсе жағдайдың ақыры неге апарып соғары беймағлұм. Бұл аз болса, шығыста Қытай, батыста Ресей секілді екі айдаһар «қазақ жұрты қашан әлсіреп, бөрікпен ұрып алатын жағдайға жетер екен» деп, қолайлы сәтті аңдуда. Олай болса, 1730 жылы қазақ жауынгерлерінің қолбасшылығынан кеткеннен кейін, кейбір қаламгерлеріміз жазғандай, «Әбілқайыр орыстармен тіл табысып, Хиуа хандықтарын тонап, мейманасы тасып жүр» деу артық. 1736 жылғы 23 желтоқсанда Орынбор комиссиясының бастығы Иван Кирилов сыртқы істер алқасындағы бастықтарына: Әбілқайыр хан және басқа қазақ хандары, сұлтандар мен ел ағалары хат жазып жатқанын, Ресей империясына бодандығын нақтылап, адамдарын да жіберіп қоятынын хабарлаған. Мұндағы құнды дерек: «қазақтың Орта жүзінің… Әбілмәмбет ханы және Абылай сұлтаны Тобыл мен Есіл өзендерін жайлайды, кейде Ертіске таяп барады. Әбілқайыр ханның шақыруымен Ор өзенінің жоғары ағысын жайлайтын барлығы он мың шаңырақтай [Орта жүз] қазақтары, патша ағзамға жаңадан келіп ант бермек. Мен олардың [Әбілмәмбет] ханы мен [Абылай] сұлтанын, игі жақсы ел ағаларын көктемге қарай Орынборға шақырып отырмын. Қыр қазақтарының заңы бойынша Құран сүйгізіп, ант алмақпын. Бұл Әбілмәмбет ханның айтуынша, оның атасы Тәуке хан бұрын Ресейге бодан болыпты. Менің білуімше, ол бодандық ұзаққа бармаған сияқты» – деген мағлұматқа назар аударайық. Біріншіден, Абылайдың аты аталып, қызметі көрсетілген, екіншіден, Әбілмәмбет сұлтан «хан» деп аталған, яғни Сәмеке ханның орнындағы хан.
1737 жылғы 2 қазанда Әбілқайыр ханның полковник Тевкелевке жазған хатында «…башқұрттар өздеріне хандыққа менен Әбілмәмбетті, Абылайды, Барақты, Қожақты (дұрысы Күшік сұлтан. – З.Т.) сұрады», деп көрсетуіне қарағанда, Сәмеке әлі тірі.
1735 жылы башқұрттар тағы
да бас көтерді. Ресей билігі
көтерілісті аяусыз басты. Сол
жылы 500 адам, 1736-37 жылдары – 5192 адам
дарға асылған. 1738-1739 жылы 10980 адамның
көзі жойылған, 1740 жылы 301 адам дарға
асылған немесе басы шабылған,
олардың әйелдері мен балалары
бас-еркінен айырылып, қолдан-қолға
таратылып жіберілген. Осы башқұрт
көтерілісіне байланысты
«Бүлікшілердің» арынын басып, бетін қайтаруға Ресейдің саптағы әскерін жұмсамай, Еділ қалмақтары мен қазақтарды айдап салған генералдар: «башқұрттарды талап-тонағаннан кім қанша олжа түсірсе, бәрі соларда қалады» деп жар салды және серт байласып, одақтасқан Кіші жүзді ресми түрде жұмсады. Тарихи тұрғыдан алғанда, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігіне билік айта алмаймыз, 1736-1739 жылдары қазақтар башқұрттарды бірнеше рет шапқаны рас. Олар да қарсылық көрсетуі заңды. Көп шығынға ұшыраған башқұрттар, Ресейдің арандатуына алданған қазақтардың өзімен тікелей бітімге келуге ұмтылды. Қазақ сұлтандарын хандыққа шақыруы да осы кез. Әбілқайыр ханға, Әбілмәмбет, Абылай, Барақ сұлтандарға бірнеше мәрте елші жіберді, тіпті Ресейдің қарауынан шығып, дін-қарындас ретінде қазақ жеріне ауа көшіп келмек те болды.
Соғыстың аты – соғыс, башқұрттарды шауып, олжа таппақ болған қазақ жасақтары Жайықтың жай жатқан казактары мен орыстарын, құба қалмақты да қоса шауып, тоз-тоз қылды. Атақты «Қоржын қақпай» күйі Абылайдың осындай жорықтарының бірінде шыққан деген аңыздың негізінде шындық жатыр. Осындай жорықтарға байланысты қазақтардың орыс үкіметінің көзіне «жыртқыш», «қарақшы» болып көрінгені жазба құжаттарда сайрап жатыр.
«Биылғы 1737 жылдың қаңтар айында Орта жүз бен Кіші жүздің екі мыңдық қазақ жасақтары қалмақтарды шауып қайтыпты. Сол жолы олар патша ағзамға қарайтын және қарамайтын қалашықтарды ажыратпай талқандаған. Бұл қазақтарды бастаушы Орта жүздің Әбілмәмбет сұлтаны, Абылай сұлтаны, Бекболатовтар, Нұралы сұлтан Әбілқайыр хан ұлы, Кіші жүздің Есет батыры. Жасақ құрамында Орта жүздің керей, қыпшақ, атығай, найман руларының, Кіші жүздің жетіру, жағалбайлы, тама, табын руларының адамдары болды…
…Қазақ арасынан шығып, Орынборға қарай бет алғанымда, Орта жүз керейдің Бораш деген адамынан мынадай сыбыс білдім: «Абылай сұлтан, …жанында көп адамы бар, Әбілқайыр ханмен ақылдасуға, ұры-башқұрттармен келісімге келуге рұқсат сұрау үшін барған екен, ханға жолыға алмапты. Ол кезде Әбілқайыр хан Орынборға кеткен». «1737 жылғы 2 мамырда Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы сұлтан, Есет батыр, Құдайназар батыр, Орта жүздің Абылай сұлтаны… басқа да билер мен батырлар Қаражарға барып, жаулап қайтты.» немесе: «Статский советник Кириловтың [нұсқау] хаты бойынша Әбілмәмбет сұлтан, інісі Абылай сұлтанмен башқұрттарға барып, 1500 адам тұтқын алып қайтыпты…1737 жылғы 3 мамырда генерал К. Соймоновтың Әбілқайыр ханға: «Башқұрттардың көтерілісіне байланысты маған патша ағзамнан жарлық түсіп, бүлікшілерді ұстап жазалату жөнінде шаралар жасауға бұйрық берілді… Сіздің тарапыңыздан көмек күтемін» – деп, жазуы сондықтан.
Назар аудартатыны – жорықтарда Кіші жүз бен Орта жүз қолының бірге жүргені. Кейбір авторлар, хандары бөлек елдің жері ортақ, мүддесі ортақ, намысы бір болғанына күмән келтіретіні де, тіпті екі жүзді біріне-бірін қарсы қойғысы келгені де өтірік емес қой.
Ендеше, осындай түбі бір, тегін танитын қазақтың бір шаңырақтың астына, бір ошақтың басына жиылып, ортақ хан сайлап алуы, «бөлінгенді бөрі жейтініне» көзі жетуі керек еді. Көзі жеткен, біріккен, ортақ хан деп Әбілқайырды сайлап алған. Бұл 1737 жылғы шілденің 28 жұлдызы күні болатын. Сақталған құжаттар осылай дейді. Жазба деректерге қарағанда, 1737 жылы көктемде Қаз дауысты Қазыбек би Орта жүздің Әбілмәмбет, Абылай сұлтандар бастаған қалың қауымын ертіп, Қазақстанның батысына, Кіші жүздің Әбілқайыр ханының ордасына іргелес, Ор және Елек өзендерінің жоғарғы ағысына көшіп барды. Ресей барлаушылары сол жылғы мамыр айының үшінші жұлдызында жазған хабархатында Қазыбек би мен Әбілқайыр хан «…екеуінің тату көрші екендігін. Әбілқайыр ханның жайлауда, Орынбордан салт атпен үш күндей Үй деген жерде орда тіккенін… Қазыбек бидің сол маңда екенін» көрсеткен. «Хан таяуда Қобдаға қарай көшпек, ол да онша қашық емес, екі күн жүріп, үшінші күні жетуге болады», деп хабарлапты тыңшылар. Сәуірдің орта шенінде Қазыбек би Орта жүз, арғын-қаракесек руынан Құдайшүкір Хангелдин және Есдәулет Байзақов деген қазақтарды бас қылып, бір топ өкілдерін Әбілқайыр ханға жұмсап, оларға Ресеймен сауда жасау мүмкіндігін қарастыруды тапсырғаны да хатқа түскен. Кіші жүздің ханына жолыққан «… арғын-қаракесектің Дүйсенбай есімді биі сөз бастап, Кіші жүзден Орта жүзге сауда керуендерін жіберу мәселесін қозғаған. Өз тарапынан Орта жүздің де Ресей патшасының қарауында екендігін, демек, патшаның қандай да бұйрық-жарлығын орындауға дайын екендігін айтып сендірген… Осы талаптарды жеткізіп, ханның жауабын Қазыбек биге тез баяндауға тиіспіз,» деп мәлімдеген. «Егер Ресейдің сауда керуендері Ташкентке, Түркістанға және Бұхараға тауар әкеліп сатып, тұрақты қатынап тұратын болса, барлық жауапкершілікті мойнына алған Қазыбек пен Дүйсенбай билер мұндай керуендерді өз адамдарымен аман-есен бастап жеткізуге дайын».
Әбілқайыр хан бұл мәселердің өз құзыретінен тыс, тек патшаның рұқсатымен, Ресей үкіметі арқылы ғана шешімін табуы мүмкін екендігін ұғындырып, «Орта жүздің елшілерін Орынбор комиссиясының төрағасы статский советник Кирилов пен оның қазақ істері жөніндегі кеңесшісі полковник Тевкелевке жіберген». «Патшаның бұл жөніндегі жарлығы болса, ол сөзсіз орындалады» – деген. Әбілқайыр хан бұдан өзге ештеңе айтпапты. Екінші құжаттағы ақпарға қарағанда: «Әбілқайыр хан Орынборға жақын көшіп келе жатыр. Қазір Үй өзені жағасын жайлауда. Орынбордың іргесінде хан кеңесін өткізбек. Кеңесте қандай мәселе сөз болатынын Андреев білмейді (Андреев өзі қол қойған. - З.Т.) – делінген. 1737 жылғы 6 мамырда. Әбілқайыр хан ордасында Орта жүздің және Кіші жүздің қазақтардың үлкен жиыны болды. Оларға Жайық бекінісіне, Қаражарға (Черный яр. - З.Т. ) ұрлықпен барған қазақтар жөнінде Ресей шекара бастықтарының атынан жазылған наразы-шағым оқылып, Жайық казактарына соқтыққан қазақтарды тәртіпке салу талап етілген. «Бұл хатқа олар жауап берген жоқ» – делінген барлаушының жазбасында. Осы ақпарларға қарағанда, Орта жүздің бас биі Қазыбек пен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр арасында, ортақ жиын өткізіп, қазақ-орыс қатынастарының дәл сол кездегі маңызды мәселелерін ақыл қоса отырып, талқылау жөнінде алдын ала келісім болғандығы байқалады. Бұл арада екінші бір түйткіл де көкейге оралады. Яғни Орта жүздің биі мен Кіші жүздің ханы, екеуі ғана неге ынта көрсетуге тиіс? Уақыт жағынан алғанда, бұл кезде Орта жүздің Сәмеке ханы қайтыс болған. Оның орнына хан сайлана қоймаған. Бірақ, Әбілмәмбет сұлтанды «хан» деп атаған құжат та көрініп қалады. Түркістандағы билік арғын-қуандық Нияз батырдың қолында болған. «Кіші жүздің барлық сұлтандары, билері мен батырлары, ел ағалары және Құлсары батыр жиналсын, ақылдасамыз деген бұйрық берді», делінген құжатта. Көбік Байназаров – башқұрт, Орынбордағы әкімшіліктің қазақ арасына жұмсайтын елшісі, тыңшысы: «12 мамыр күні Әбілқайыр хан бәрімізді шақырып алды»… Қазыбек би өзінің ұлы [Бекболатты] бас қылып, бірнеше адамды Қабанбай батырдың еліне аттандырды.
Абызбай келді: «Биыл бәріміз не Ресейдің қарауына өтеміз, не болмаса, Ресеймен соғысамыз, екінің бірі болады», деді. 20 мамырда Әбілқайыр хан Ресейдің өкілі Көбік Байназаровқа кісі жіберіп, ұсталған қазақтар мен тұтқын орыстарды босату жөнінде бұйрық бергенін хабарлайды. Барлау қағаздары сол күндердің оқиғаларын былай көрсетеді: « [1737 жылғы] 23 мамырда Орта жүзге, Әбілмәмбет сұлтанға келіп, хат тапсырдық. Оның еліне бұрын қалмақ ордасында тұрған 150 түтін [естекі] қырғыздаркеліп қосылыпты. Олар бір кезде қалмақтың ханын өлтіріп, қазақ арасына көшсе керек. Жайық бекінісі атаманының қарауында, бекіністе біраз болыпты. Одан кейін башқұрттармен тұрыпты, башқұрттармен бірге көтеріліске қатысыпты. Өздерінде солдат киімдері мен қару-жарақ көп екен. Бұл қырғыздар, қазақтарға ірткі салып, Ресейге бодан болғанша, башқұрттарға қол ұшын бермедіңдер ме, дейтін көрінеді. «30 сәуірде Әбілмәмбет сұлтанға қырық шақты башқұрт келіпті. Олар Ресейдің зорлық-зомбылығын айтып, шағыныпты. «…Кәрімізді қылыштап, шауып тастайды. Жастарымызды солдатқа алады. Балаларымызды боярлар тартып әкетіп, мәжбүрлеп шоқындырып жатыр. Сондықтан қазақтарды паналап, бірге тұрғымыз келеді», депті. Әбілмәмбет оларға аяушылық көрсетіп, «жиырма күннің ішінде 2 мың үй көшіп келіңдер», деп мұрсат беріпті». «…31 мамыр күні Әбілмәмбет сұлтанға башқұрттар келді.» «…15 маусым. Әбілмәмбет сұлтанға тағы да башқұрттар келді». Бұл келістердің жиілігіне қарағанда, сол жазда Әбілмәмбет Орта жүздің батысын Кіші жүзбен қатар жайлағанын көруге болады. Бір байқалғаны – 1737 жылғы мамыр-маусымда қазақтардың ынтымағы берік. Мысалы, қазақ жасақтарының Жайықтан өтіп, Еділ бойындағы орыс иеліктеріне, атап айтқанда, құба қалмақтар мен башқұрттарға, казак мекендеріне жасаған жорықтары үшін қатаң сөккен Ресей бастықтарына, Әбілқайыр хан, қаймықпастан: «Егер, патша ағзам бізге теріс қарайтын болса, Қобан өлкесіне қарай көшеміз, сонда кубандықтармен боламыз», – деген. Қазақ қолында тұтқында орыстан да, қалмақтан да көп адам қалған. Осыларды босатып алу шаруасымен барған шекара қызметшілері: «Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет сұлтаннан өзіміз апарған хатқа жауап беруді сұрағанымда, олар: «Әбілқайыр ханмен ақылдасамыз. Хан не десе, сол болады, біз ханның еркінен шықпаймыз», – деді. Қорыта айтқанда, сол жазда Ресей үкіметі қазақтарды әуелі башқұрттарға айдап салып, артынан айыптап, «әрі итеріп, бері жықпақ» болған, соған байланысты қазақ қоғамы едәуір қобалжыған. «Күлтөбенің басындағы күнде жиын» осыны көрсетеді.
Нәтижесі мынау. [1737 жылғы] 19 маусым. «Барақ, Әбілмәмбет және Абылай сұлтандар өзара келісіп, Ресей патшасына бағынбақ. Сол үшін Орынборға таяп көшіп келмек…». Екінші хабар: «[1737 жылғы] 24 маусым күні қазақтардың үлкен жиыны болды. (Хан кеңесі туралы сөз болып отыр. - З.Т.). Оған Әбілқайыр хан, Барақ сұлтан, Орта жүздің көптеген билері мен батырлары қатысты. Жиналыстары біткен соң, киіз үйге Әбілқайыр хан және Құлсары би кірді де, бізді шақыртып алды. Әбілқайыр хан бізге қарап: «Сұлтандар, билер мен батырлар, барлық қазақтар ақылдаса келіп, мені өздеріне хан сайлады, иіліп тағзым етті. Дұға оқып, қол жайды. Бұдан былай ханның әмірі болмаса, ешкім ешкіммен соғыспайды. Ресей патшасына менің берген антымды сақтап, адал қызмет етеміз» – деді. «…Башқұрттар да Ресей патшасы алдындағы айыбын мойындады. Патша рақымы түсіп, оларға кешірім жасайтын болса, бұрынғысынша қанатының астында ұстайды. Мен башқұрттарды билеуге сұлтан беремін» -деді.