Абулхайыр хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 21:57, реферат

Описание работы

Әбілқайыр хан (1693 - 1748) Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

абулхайир.docx

— 41.50 Кб (Скачать файл)

Осылайша, Орта жүз бен Кіші жүз өкілдері қосылып, лайықты тұлға ретінде халыққа ежелден-ақ жақсы таныс, ержүрек батыр, білікті қолбасы Әбілқайыр аға хан болып сайланғаны – тарихи ақиқат. Әрине, Орда ішінде, Хан кеңесінің мүшелері арасында  басқа біреуді хан сайлау жөнінде қандай пікір айтылғанын, талқылау үдерісі қандай болғанын біз білмейміз, сақталған және әзірше табылған жазба деректердің кемдігінен, бәлкім, ешқашан да біле алмаспыз. Әрине, бұған өкінудің де жөні жоқ. Ең маңыздысы – Қазақ хандығын тұтастыру мәселесі күн тәртібіне қойылды және сол сағаттарда шешімін тауып, көпшілік дауыспен заңдастырылды. Мұның тағы бір дәлелі – екі жүздің жаңадан сайланған ортақ ханы Әбілқайырдың аузымен хабарланған: «Бұдан былай ханның әмірі болмаса, ешкім  ешкіммен соғыспайды. Ресей патшасына менің берген антымды сақтап, адал қызмет етеміз» – деген кесімді мәлімдеме.

Башқұрт мәселесіне келгенде, олардың өкілі жеке хандық құрғысы келетінін мәлімдеп, қазақтардан Барақ, Әбілмәмбет, Абылай сұлтандардың біреуін беруді сұрады. Әбілқайыр хан: «Мен башқұрттарды билеуге сұлтан беремін» – деді.  Бұл мәселе кейін шешілетін болды.

Алайда қазақ даласында нақты жағдайлар басқаша өрбіді. Біріншіден, отарлық тізгінін қолынан шығармайтын Ресей әкімшілігі үшін Қазақ хандығының тұтасқаны керек емес, бөлшектеніп, бірімен-бірі жағаласып жатқаны керек. Демек, қазақтардың бұл кесіміне Ресей араласып, басқа бағытқа бұрып жіберуі де мүмкін. Екіншіден, марқұм Сәмеке ханның тағынан бұрын дәмелі болып, Шыңғысхан әулетіне жатпайтын Нияз батырдан билікті қалай аламын деп жүрген Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар Хан кеңесі үстінде өңшең азулы билер мен батырлардың шешіміне көнсе де, былай шыға өз ойын күйттеп кетпесіне кім кепіл? Мәселе, тек осы екі сұлтанда ғана емес те шығар…

Қалай десек те, Орта жүз бен Кіші жүздің біріккен Хан кеңесінде 1737 жылғы 28 шілдеде  қабылданған шешімнің тұжырымды нұсқасын Әбілқайыр ханның төлеңгіті Байбек батыр Орынбордағы Ресей шекара әкімшілігіне заңды құжат ретінде апарып тапсырды.  Толық мәтіні мынау: «Қазақтың ханы Әбілқайыр және мына аты аталған сұлтандар, билер мен батырлар: Әбілмәмбет сұлтан, Барақ сұлтан, Керей сұлтан, Батыр сұлтан, Барақтың ұлы Әділ сұлтан, Нұралы сұлтан, Абылай-баһадүр сұлтан, алты алаштың (астын сызған - З.Т.) үлкенді-кішілі билері мен батырлары Ұлығ мәртебелі патша ағзамға қызмет ететінімізді мәлімдейміз.

Біз Қарақалпақ хандығын, Хиуа мен түркімендерді талқандадық.

Патша ағзамның мейірі түссе, осы жазда, Орынборда, генералмен және полковник Тевкелевпен жүздесіп, патша ағзамға ант бермеген сұлтандар, билер мен батырлар  ант берсек  деп едік.

Әбілқайыр ханға қыстау есебінде Орынбордан үй-жай, мешіт пен мектеп салып, қазақтарға сауда орнын ашуды сұраймыз.

Патша ағзамның сауда керуендерін өзіміз қорғап-сақтаймыз.

Бізге жіберген Иван Михайлович Шишков арқылы жиырма екі орыс тұтқынын босатып отырмыз.

Әбілқайыр хан генерал мен мырзаға жүздессе, солардың айтқаны болатынына сендіреміз.

Аударған Жайық бекінісінің казагы Сайын молла Азиков».

 

 Қорытынды

  Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсіңді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей өкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоанавнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне карсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (Цэренмен) астартын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уакыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мөжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды (1735). 1737 — 38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр мен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқүяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.

 

  Пайдаланылған әдебиеттер

 

М.Есламғалиұлы : «Әбілқайыр хан», Алматы, «Арыс», 2010 жыл.

Аңыз адам. # 2 (38) Қаңтар 2012 жыл.

Зарқын Тайшыбай. Алты алаштың ханы – Әбілқайыр.


Информация о работе Абулхайыр хан