Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 09:31, реферат
Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.
II-тарау Сартай батыр туралы тарихи деректер
2.1 Сартай батыр туралы ауызша және жазбаша деректер
Аңырақай шайқасында мың баладан қол жинап, жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен жаужүрек Сартай батыр туралы әр алуан пікірлер айтылып жүргені мәлім. Кейбір тарихшы ғалымдар Сартайды аңыздан құралған батыр десе, кейбірі оның шығу тегі мен жасаған ерлігін албан руынан шыққан Ханкелдіұлы Райымбек батырға әкеліп тірейді. Ал шындығында Сартай кім, қайдан шыққан, ол туралы тарихи деректер не дейді? Міне біз енді соған жауап іздеп көрейік. Зерттей келе Сартай батыр туралы тарихи деректерді екі топқа бөліп қарастырдық. Бірі ол туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен тарихи-жырлар болса, екіншісі Сартай батыр жайлы жазылған жазба деректер. Алғашқы дерек көздеріне Нұрмағанбет Қосжановтың «Мың бала» дастанын жатқызамыз. Онда Сартай батырдың азаттық қозғалыстағы қаһармандық ерлігі жан жақты сипатталады. Осы шығармасы үшін ақын Нұрмағанбет Қосжанов 1930 жылы саяси қудалаудың нысанасына ілігіп жазықсыздан 5 жылға сотталады. Саяси қудалау онымен тоқтамай 1937 жылдың 29-тамызында Ақтөбе қаласының НКВД үштігі Нұрмағанбет Қосжанұлын «халық жауы» деп айыптап ату жазасын кесіп, үкім сол жылы 4 қыркүйекте орындалады. Осыдан соң Сартай батыр бастаған шығармаға тиым салынып, 70 жыл бойы айтылмай келді. Ақын Нұрмағанбет Қосжановтың Сартай батыр атты тарихи поэмасында мың баланың жасағын басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілхайыр хан басқарған қазақ халқының әскерімен бірге Аңырақай шайқасындағы ерлігі жырланады. Тарихи жырдағы дерекке сүйенер болсақ Сартай -1711 жылдары дүниеге келеген деп топшылауға болады [1, 66-67 бб.]. Сонымен қатар, Сартайдың шығу тегін Арал өңірі қазақтарының шежірелік мәліметтерінде ол кіші жүз Әлімұлы тайпасының шекті руына жатқызады. Ақын Зейнулла Шүкіровтің жазып қалдырған шежіресінде Жаманақ /Шекті/ - Шыңғыс –Жақайым, одан – Ақбура, оның үлкен әйелінен – Абат, кіші әйелінен – Асан. Асаннан үлкен Асан және кіші Асан. Ал кіші Асаннан – Қосқұлақ, одан Байжан [2, 392 б.]. Байжан бидің екінші әйелінен – қолбасшы, би, батыр Сартай шамамен 1711 жылы туылған. Бейіті қазіргі Қызылорда облысы, Арал ауданы (бұрынғы Райым бекінісі жанында) [1, 67 б.].
Сартай батыр туралы жазба деректер 1732-1817 жылдары Ресей Федерациясының мұрағаттарындағы құжаттарда оның ішінде қатынас хаттар мен сирек кездесетін әдебиеттерде ұшырасады. Алғашқы мәліметтер М. Тевкелевтің күнделігінде жан жақты баяндалады. Тарихшы ғалым Г.Б. Избасарова өзінің «ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-башқұрт ара қатынасындағы саяси және этникалық үрдістер» атты зерттеу еңбегінде «ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарының басындағы аймақтағы ішкі саяси жағдайды жалпы сипаттауда Тевкелев «Күнделігінде» қазақ қоғамының дәстүрлі билеуші элитасы және оның сол кездегі неғұрлым көрнекті өкілдері (Әбілқайыр, Семеке хандар, Нұралы, Батыр, Нияз сұлтандар т.б., кіші жүз батырлары Бөкенбай, Есет Құдайназар мырза т.б.) туралы алуан түрлі мол мағлұмат келтірілген және бұл толықтай алғанда сұлтан, би, батыр және старшындардың әлеуметтік тобының негізгі мәртебелік сипаттамасын, көшпелі қоғамды басқару жүйесіндегі олардың әрқайсының қызметтік рөлін және артықшылыққа ие боларлық сословиялық-корпоративті топтардың өз арасындағы және қатардағы қауымдас қазақтармен өзара қарым-қатынастарын белгілі бір мөлшерде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл деректерде А.И. Тевкелевтің Кіші жүз батыры Бөкенбаймен кездесуі, қазақ даласының үш жүзге бөлінетіні туралы, олардың хандары, шекаралары, қалалары бойынша мәліметтер жинақталған» [3, 29-30 бб.].деп көрсетеді. М. Тевкелевтің «Күнделігінде» Бөкенбай батыр мен бірге, шекті руының батыр билері Сырлыбай би, Баба би (Баби – Б.Е.), Байжан би және Байжан баласы Сартай батыр, Ақша батыр, Өтеп батыр туралы мәліметтерде кездеседі. Мәселе негізінен кіші жүздің бірқатар руларының Әбілқайырды ант қабылдатуға келген орыс елшісі башқұрт Мәмет Тевкелевке қарсылығынан туындайды. Соның ішінде Тевкелевтің Жаппас Баймұрат батыр мен Сырлыбай, Сартай бастаған шектілер тарапынан қауіпті қарсылықтарға тап болғанын байқауға болады. М. Тевкелев күнделігінде 1931 жылдың 3 қарашасында Ресей үкіметіне бодан болуға қарсы топтың қазақтарының (Шектілер– Б.Е.) шабулына ұшырап, екі жақтың қақтығысында қазақтың бір ел ағасын (Жақайым Байқара батыр – Б.Е.) өлгенін, қазақтардың өзіне ештеңе істемей тек 17 жылқы мен 3 түйесін тартып алғанын жазады [4, с.79]. Ресей империясының сенімді өкілі М. Тевкелев, бір жағынан, жеке басын қорғап қалу үшін, екіншіден, кіші жүздегі руаралық қақтығыстарды ушықтырып Сырлыбай, Баби, Байжан билер мен Сартай батыр бастаған шектілерге Әбілқайыр хан мен табын Бөкенбай батырды қарсы қою арқылы кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыруда алғашқы қадам жасағанын аңғарамыз. Оған Тевкелевтің кіші жүздегі 1731-1733 жылдардағы қызметі дәлел болады. 1731жылдың 5 қарашасында Бөкенбай батыр мен інісі Құдайназар мырза жасағымен Тевкелевке көмекке келіп, қасық қаны қалғанша соғысып, оны шектілерге бермейтінін және орыс патшасына адалдығын айтады. Бөкенбай батыр мен інісі Құдайназарға Тевкелев осынау қызметі үшін 90 руб түрлі тауарлар береді [5, 46 б.]. 1731 жылы 8 қарашада Әбілқайыр хан, Бөкенбай және Қара батыр інілерімен бірге Тевкелевке патша ағзам үшін оны қорғайтынын және қарсы жақты тыныштандыруға уәде береді. 1731 жылы 10 қарашада Бөкенбай батыр Тевкелевке қарсы жақты тоқтату (Сырлыбай, Сартай бастаған шектілерді Б.Е.) мүмкін еместігін ескертеді [5, 47 б.]. 1731 жылы 13 қарашада Әбілқайыр хан ордасы Арал теңізінің жағасына көшіп барады. Тевкелев керуеніде хан ордасы мен бірге болады. Әбілқайыр хан құс салып аң аулауға Тевкелевпен бірге шыққанда Сырлыбай би бастаған шекті руының жігіттерімен қақтығысып, башқұрт Таймас батыр қолға түседі. 1731жылы 14-21 қараша аралығында Тевкелев Таймас Шайымовты құтқару мақсатымен шектілер мен ымыраға келу үшін Нияз сұлтанды пайдаланады [5, 48-49 бб.]. 22 қарашада Тевкелев Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр және жаңадан ант берген 30 адаммен мәжіліс өткізіп, патша үкіметіне қарсы шекті руының биі Сырлыбайды көндіріп, Таймасты босатуын сұрайды [4, 52 б.]. Нәтижесінде 24 қараша күні Дауымбай бек, Құдайназар мырзаның сұрауы бойынша қарсы топтың көсемі Сырлыбайдан, Тевкелевті құтқарып алады. Есесіне Сырлыбайға 100 руб көлемінде сыйлық береді. Сонымен қоса Сырлыбай тағы да көйлек, жасыл кармазин шұға татар шапанын, бешпетін, тіпті Тевкелевтің үстіндегі күміс оқалы сары жібек күртесін шешкізіп алады [5, 52-53 бб.].
1732 жылдың 6 наурызында ағайынды
Қара батыр мен Бәйімбет
Осы күнделікті саралай келе Сырлыбай би мен Сартай батыр бастаған шектілердің Тевкелев сияқты орыс елшілерімен қақтығысуы Ресей империясының кіші жүздегі отарлау саясатына қарсы алғашқы азаттық қозғалыс болып табылатындығын байқаймыз. Ресейдің елшісі М. Тевкелев өзінің «Қызметтік жазбалар күнделігінде: (1731-1733) «Кіші жүзде Шекті адам саны жағынан көп, әрі әлеуметтік жағдайы мықты, әлеуеті күшті ел» - деп жазады [4, с. 301-302]. Академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев «Ресей елшісі М. Тевкелев пен Қазақстанның империяға қосылуын қолдаған Әбілхайырға қарсы Қыз Жібектің әкесі Сырлыбай би бастаған қозғалыстың бір ұрысында оққа ұшқан Байғараны «азаттық үшін күрестің алғашқы құрбандығы» [6] деп атады. Тевкелев бастаған топ елшілік деп аталғанмен оның қарауында 500-дей қарулы казак-орыстар мен башқұрттар бар болатын. Шекті руының биі Сырлыбай елшілік пен хан әскеріне бір жылға жуық қарсылық көрсетті. Бұл қозғалыста Сырлыбай би жағында Сартай, Ақша, Жылқайдар, Жылқаман, Сырғақ, Байғара, Теке, Баби, Шеке батырлар[7], Әбілхайыр хан жағында тама Есет, табын Бөкенбай, қарақалпақ Оразай батырлар, Нияз сұлтан, башқұрт Таймас тархан тағы басқалар болды. Сырлыбай би мен Сартай батыр бастаған қозғалыстың тарихы Тевкелев күнделігінде, кейін ғылыми айналымға түскен еңбектерде, Ә. Кекілбаевтың «Үркер», Ю. Сергеевтің «Петербургский посол» романдарында егжей-тегжейлі жазылды. Бірақ заман ағымына сәйкес бодандыққа қарсы шыққан ерлер Тевкелевте «ұры-қарылар», тарихи құжаттарда» қарақшылар», Ю. Сергеевте «есерсоқ-бұзықтар» болып көрсетілген. Бұл қозғалыс қазақ тарихшылары тарапынан өзінің лайықты бағасын ала алмай келеді. Сол қозғалыс кезінде Сырлыбай, Сартай бастаған шектілер тұтқынында болып Тевкелев құн төлеп басын босатып алған башқұрт Таймас батыр екі жылдан соң 1733 жылы 3000 әскермен кіші жүзге жорыққа аттанып алғашында Торғай даласында жайбарақат отырған шекті елін біраз шығынға ұшыратады. Бірақ Сартай, Жылқаман батырлар дереу қол жинап жаудың бетін қайтарады. Бұл жайлы И. Кириллов 1734 жылы 1 мамырдағы патшайым Аннаға жолдаған ақпаратында жазады [6].
Сартай батыр туралы деректердің келесі тобына Гарбердің орыс патшасы Аннаға жазған рапорты жатады. Оқиға Гарбердің рапорты бойынша Арал теңізінің солтүстігінде болады. Орыс патшасының жарлығымен Хиуаға Гарбер керуені ұйымдастырылады. Керуеннің басты мақсаты қару-жарақ беріп хиуалықтарды Әбілхайырға еріп патшаға ант бермеген, Сырдарияның құяр сағасы мен Арал теңізінің солтүстігін мекендеген шекті руына айдап салу болатын. ХVІІІ ғасырдағы кіші жүз тарихын зерттеуші М. Вяткин Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ қоғамының ішкі басқару жүйесі дағдарысқа ұшырап, соның ішінде Әбілхайырдың билігіде кіші жүзде толық тарамай, Шекті руының Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі бойының арасын қыстаған обшиналарын, дұрысында сұлтан Батыр билеген. Бұл сұлтан Әбілхайырға жау Жәдіге сұлтан тұқымынан шыққан адам [8, с. 156] – деп көрсетеді. Жергілікті журналист Ө. Жолымбетов «Әбілхайыр ханның басты бақталасы Батыр сұлтанның түркімендерге қарсы жорыққа аттанғалы жатқанынан білген Гарбер керуені Хиуа жеріне жөнелтіледі. Осы жайтқа хабардар болған Сартай батыр бастаған шектілер, Батыр сұлтанның әскерінен бөлініп, Гарбер керуенінің жолын тосып, оған тосқауыл қойып, керуенге артылған жүктің жартысы жерлерінен өткені үшін баж салығына және Тевкелевке қарсы қозғалыс кезіндегі шығынның өтемінің есесіне алынады да, Ресейде жасалынған Хиуа мылтықтары мен оқ-дәрілер түгел тәркіленеді. Бұл оқиға патшайым Анна Ивановаға жетіп, ол 1732 жылы 7 қазанда Әбілхайыр ханға хат жазады: «Киргиз-қайсақтардың» жүгенсіздігі айтылған осы хатта «...получены здесь извести, коим образом киргиз-кайсаки, противно своему обещанию и присяге быт в верном подданстве, полк артиллерии нашей Гарбера и отправленной с ним в Хиву и Бухару купеческой караван разграбили и в нем людей и подданных наших до смерти побили» дей келіп ханға: «...все погребленные из каравана сыскать и возвратить, и участников того воровства наказать и вперед от таких противников поступков унимать, и жить как добрым и верным подданным принадлежить» [9, с. 94], - деп талап қояды.
Сартай батыр жайлы деректердің мол шоғыры ХVІІІ ғасырдың 80-90 жылдарымен тұспа тұс келеді. Кіші жүздің Сырым Датов, Қаратау би, Софы би, Бөдене би, Тормамбет би, Сартай би және тағы басқа елуден астам би-батырлары 1785 жылдың 21 шілдесінде Екатерина ІІ патшайымға Нұралы ханды тақтан түсіру жөнінде өтініш жазады: «Ее, величеству всемогущей великой императрице и самодержице всея России и прочих, и прочих краев повелительнице, государыне Екатерине Алексеевне. Аксакалов и всего верноподанного ее величества народа Малой Орды киргиз-казахского журта прошение. Мы, простой народ Малой Орды киргиз-казахского журта, люди все, исключая хана и начальства, совершающие набеги на российский журт в гневе на Нур-Али хана в виду его дурного отношения к российскому журту, и не совершающие набегов, - все в одинаковом положении и с равным единодушием единодушно обещали: ни в коей мере не оспаривать и не сопротивляться повелениям и ярлыкам ее величества падишаха, если будут отстранены от ханства дети Абулхайр хана и не будут приниматься во внимание все письма Нур-Али хана. При этом условии мы все старосты и весь народ Малой Орды обещаем повиноваться и потому признаем величие журта ее и. в. и будем исполнять ее волю, а падишаха, ее величество, признаем милостивой и милосердной. Признаем, что происходившие до сего времени у нас с вами взаимные перестрелки и набеги (возникали) по причине губительных действий Нур-Али хана, из-за его честолюбия и жадности. Он (причинил) бесконечное и бесчисленное множество подлостей как киргиз-казахскому журту, так и журту России. Знает ли ее величество падишах об этих его предательствах? Возводить такого предателя в ханы и правители, не зная о том, едва ли уместно. Если вы не отстраните детей Абулхаир хана от ханства, у нас с вами не будет мира и спокойствия, не потому что мы терпим от падишаха что-либо худое, а в виду злодейства хана. Поэтому мы единодушно решили не вести с вами переговоров и не заключать мира, до тех пор (пока он не будет отстранен). Прежнее наше условие с вами было нарушено жадностью хана, а настоящее он нарушит, если не будет изгнан из нашей среды. В случае, если вы примете настоящее условие, просим освободить всех находящихся в ваших руках пленных и заложников; в особенности и прежде всего пришлите, сделав милость, Шукур-Али, который был торговцем на Белом базаре и хорошо знает способы успокоения нашего журта. При этом мы отправили посланными от народа следующих 5 человек: муллу Шафибахадура, Абдуллатифа Бухари, Искендербая, Мажан бахадура и Женкибая. За неимением у нас, киргиз-казахов, печати, мы поставили имена всех аксакалов на месте печати.
Рода Шекты: Кудаш бий, Сегизбай, Баиш бий, Нурбай бий, Сартай бий, Жан-Сары.
Рода Торткара: Отябас бий, Кара-Кобек бий, Тилбай бахадур.
Рода Каракесек: Айдарбек, Кара-жан бахадур.
Рода Шомекей: Арсланбай бахадур, Актан бий.
Рода Кете: Коккоз бий, Макул бахадур, Отеп бахадур.
Рода Алаш: Азамат бий, Сафар бий, Отевли бий.
Рода Серкеш: Тормамбет бий, Есен-Аман бий, Косем бахадур, Жаркын- бай.
Рода Тазлар: Колжабай.
Рода Ысык: Берды-Али бий, Каратау, Косек-бай...»
Өтініште Сартай бидің есімі жазылған. Бұл хатты сол кездегі кіші жүздің пірі болған Әбдужәлел Қосымқожаұлы мен Сырым батыр бекіткен [10, с. 50].
Сартай батыр жайлы келесі деректерді Борон О.А. Игельстром реформасындағы құжаттардан табамыз. 1787 жылы қыркүйек айында Хобда өзенінің бойында Орынбор генерал-губернаторы барон О.А. Игельстромның ұйымдастыруымен кіші жүз елінің старшындарының жиналысы өтіп, онда генерал-губернатор О.А. Игельстромның кіші жүз елін Қаракесек, Байұлы және Жетіру аталықтарына, яғни, үш ордаға бөліп басқару туралы ұсынысы қабылданады. Старшындар мен халықтың жалпы жиналысы әрбір «басты орданы» басқаратын старшындарды сайлайды. Қаракесек руына – Сегізбай би, Байұлына – Тормамбет би, Жетіруға – Тіленші батыр старшын болып бекітіледі. Жаңа сайланған старшындарға барлық рудың үстінен қарау міндеті жүктеледі. Осы жиналыстың өтуіне басты себепкер болған, халық алдында зор беделге ие болып, Нұралы ханға басты қарсылас бола білген Сырым батыр үш орданың да кеңесшісі болады [8, с. 189]. Дегенмен жаңа сайланған старшындар басқару реформасын патша әкімшілігі ойлағандай жүргізе алмайды. Бұны қазақтарға белгілі билердің сайланбауынан көрген генерал-губернатор О.А. Игельстром өзінің реформасына қосымша енгізеді. Барон О.А. Игельстром патшайым Екатерина ІІ-ге жазған мәлімдемесінде: «...басқаларға қарағанда өздері артықшылық халде боларлықтай қызмет жүктеу қажет», - екенін білдірген. 1787-1789 жылдар аралығында сайланған тексеру-басқару старшиналығына Қаракесек тайпасына (Әлімұлына) Сартай би, Қаракөбек би, Мұратбек би, Байұлына – Сырым батыр, Қаратау би, Жетіру әулетіне – Тіленші мен Жанболат батырлар тағайындалады. Бұдан басқа Сырым батырға «тархан» атағы беріледі [8, с. 229-230]. Бұл жиналысқа патша әкімшілігінің өкілі, сарай кеңесшісі А. Бекчурин мен Орынбор губерниясының бірінші ахуны, муфти Мухаммеджан Хусайнов та қатысады. Осы жиналыстан кейін старшындар өздері басқаратын рудың қожалықтары атынан патша ағзамға, оның өкіметіне адал болуға ант қабылдайды. «1786-1787 жылдардағы орыс-қазақ қатынастары» атты құжаттар жинағында, осы жылғы ант беру құжатына басқа билермен қатар шекті руының он мың үйі атынан Сартай бидің де ант бергені туралы жазылған [8, с. 226].
1787-1791 жылдары Түрік елі Бұхара
хандығын Ресей империясына