Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 09:31, реферат
Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.
Бұхара хандығынан кіші жүздің батыр-билеріне хат келгенінен хабар алған генерал-губернатор О.А. Игельстром шекті еліне, Орта Азия хандықтарымен шекаралас жатқан төртқара, шөмекей руларының арасына құпия мәлімет жинау үшін жауапты тапсырмамен Орынбордың муфтиі Мухамеджан Хусайновты бірнеше рет жібереді. Көне ноғай жолымен Арал теңізінің жағалауын бойлап, Сырдария өзенінен өтіп, Қызылқұмдағы төртқара, шөмекей руларын аралаған М. Хусайнов Бұхара, Хиуаға дейін сапар шегеді. Орта Азия хандарымен астыртын сөз байласқан М. Хусайнов өзбек хандығын қару-жарақпен жабдықтап қазақтарға айдап салмақ болады. Татар купецінің баласы М. Хусайновтың сапарының жиілеуінен күдіктенген Сартай би сыр шектілерін көтеріп, 1790 жылы М. Хусайновтың керуенін тонап, өзін Ресейге кері қуады. Бұл оқиға туралы Ералы сұлтан 1794 жылғы 4 қаңтарда Екатерина ІІ-ге жазған хатында мәлімдейді [10, с. 166-170].
Сартай Байжанұлы туралы жазба деректердің соңғысы 1817-жылдың 16 тамызында кіші және орта орда билерінің патша ағзамға жазған мәлімдеме хатында Шерғазы Айшуақұлын өздеріне хан етуді ұсынып, ол турасында дәйекті деректерді алға тартқан жүзден астам билер қол қойған. Міне осы хаттағы тізімде 21- ші болып, «мен Сартай Байжанұлы өзімнің мөрімді бастым»[10, с. 317] деген сөздер бар. Сонымен қатар бұл құжатқа Сартайдың баласы Жабыда қол қойған.
Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Сартай Байжанұлының қарақылды қақ жарған Би, елін қорғар батырлығымен бірге діни сауаттылығы және әулиелік қасиеті де айтылады. Сол аңыздардың бірінде Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би, ақын, дала данагөйі, пәлсапашы Мөңке би өлерінде «жаназамды жақайым Байжан бидің баласы Сартай би шығарсын»[12, 3 б.] - деп аманаттайды. Арал өңірі халықтарында сақталған аңыздардың бірінде, «Қосым қожа, төртқара Дәулет бақсы, жақайым Сартай батыр үшеуі қызылқұмның құмында келе жатып, алдарынан шыға келген қоян бұлардан үрікпей, арқан бойы жерде көрініп тұрған сексеуілдің түбіне жата кетеді. Сонда ат тізгінін тежеген Қосым қожа «Менің өлгеннен кейінгі бейітім – анау қоян жатқан жер. Сен Сартай оң жағыма, Дәулет сол жағыма жайғасарсыңдар» - депті». Жасы ұлғайып, қартайған Сартай батыр бабамыз дүниеден озар шағында ағайын-туыстарымен қоштасып: «Мені Қызылқұмдағы Қосым қожаның оң жағына жерлеңдер» - деп өсиет айтады [13, 78 б]. Қазіргі таңда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының қызылқұм жақ бетінде Қосым қожа, Даулет бақсы және Сартай батырдың қорымы бар. Шежірелік мәліметтерге сүйенсек Сартай батырдың қазақ, башқұрт, қарақалпақ, қалмақ әйелдерінен алған төрт әйелі болған. Бабамыздың қарақалпақ әйелінен Мұса, Дүйсе, атты екі бала туады. Мұсадан Мәукен, Мәукеннен Жұмахмет туады. Жұмахмет Мәукенұлы 2001 жылдың наурыз айында Арал ауданының Шижаға ауылында дүниеден өтеді.
Қорыта келе, ХVІІІ ғасырда қазақ қоғамында, оның ішінде кіші жүзде өзіндік ықпалы бар шекті руының биі, әрі батыры Сартай Байжанұлының қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан талдап, оның Қазақ тарихындағы алатын орнын көптеген дерек көздері арқылы ашып көрсету үшін зерделі зерттеу жүргізу қажет. Ол үшін Сартай батырға қатысты Ресей Федерациясы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларындағы құжаттармен танысып, ғылыми негізде саралау керек.
2.2 Шоқан салған Сартай батыр бейнесі
Шоқан Уәлихановтың бейнелеу өнері саласындағы еңбектері аз емес. Тіпті артында 150 шақты сурет қалғаны, көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде туш, қалам, сиямен жұмыс істегені айтылып та, жазылып та жүр. Оның қолынан шыққан суреттер ХІХ ғасырдың 60 жылдарында “Всемирная иллюстрация”, “Искра” және тағы басқа басылымдарда жарық көргенін қалың оқырман біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар тастағы жазуларды, суреттерді және кейбір суреттерді қайта көшіріп салғанынан да хабардармыз. Мені қызықтырғаны 1856 жылы Шоқан Уәлиханов салған “Сартайдың ”. Бұл сурет қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалықтың 604 бетінде басылған. (Алматы. 2005 ж. Аруна баспасы). Портретте қолындағы кездікпен садақ оғын жонып отырған жасы 40-қа таяған батыр бейнеленген. Өзім жайлы айтсам, 1726 жылы Ұлытау маңындағы “Қалмаққырылған” деген жерге мың баладан жасақ ұйымдастырып, қол бастаған Сартай батыр Байжанұлы туралы ізденіп жазып жүргенмін. Кезінде Орынбет ақсақал ақын Нұрмағамбет Қосжанұлына “Сартай батыр” дастанын жаздырарда 1932 жылдары Томанұлы Жетпіс Сартайдың суретін, бұрын жазылған өлең үзінділерін, жер аттары мен кісі аттары жазылған қағаздарын берді деп естігенмін. Ол не сурет екенін ешкім білмейді, өйткені жазылған дастанның өзі толық нұсқасы сақталмай, қызыл саясаттың қаһарынан қорыққан ел жерге көміп, соңы жоғалған деп естігенмін. Сартай бидің алты баласынан өрбіген кейінгі ұрпақтарының үйінде Ш.Уәлиханов салған портреттің көшірмесі ілулі. Ш.Уәлиханов 1835 жылы туып, 1865 жылы қайтыс болған ғой және кіші жүз ара¬сында болғанын айғақтайтын дерек тағы жоқ”. Ал Сартай батыр Байжанұлы 1711 жылы туып, 1818 жылы қайтыс болған дейді көнекөз қариялар. Ұлы және орта жүзде аты алты алашқа танылған Сартай есімді аттас батыр не би болмаған сияқты, өйткені шежірелерді біраз аударып қарадым. Кіші жүзде Шөмекей аталығының Бозғұлынан тарайтын Балқыдан Құлжаманұлы Сартай би ХVІІ ғасырда өмір сүрген. Кезінде кіші жүзге аты мәлім би болған. Бұл екі би де Ш.Уәлихановтан бір-екі ғасыр бұрын жасаған, кездеспеген деп нақты айтуға болады. Сонда Ш. Уәлихановтың салғаны кім, қай Сартай? Осы мәселені анықтауға суретшілер мен тарихшы ғалымдар атсалысса деген үлкен өтінішім бар.
Менің ізденісім бойынша
саяхатшылар Арал теңізін әруақытта картаға
түсірген, бірақ олардың көбісі бұл күнге
жеткен жоқ, сақталмаған. Мысалы, 1558 жылғы
ағылшын Джинкенсон, 1664 жылы голландиялық
Николай Витсен, 1723 жылы Далилия, 1734 жылы
Крылов, 1741 жылы Муровин картаға түсірген.
1714 жылы І Петрдің жарлығына сәйкес ұйымдастырылған
Бекович-Черкасский экспедициясы сәтсіздікке
ұшырауына байланысты, 1737 жылы екінші
рет Кирилов басқарған экспедиция жіберілед
Қорытынды
Сартай есімін көпшілікке танымал болуына үлкен еңбек сіңіріп тарихи еңбек жасаған, ру жағына атасына туыс болып келетін өмірден әлдеқашан өтіп кеткен Томаұлы Жетпіс. Атасының құдіретімен ел үшін жасаған азаматтық қызметін, батырлық ерлігін барлық деректерді ақын Нұмағанбет Қосжанұлы баяндап, Сартай туралы тарихи дастан жазуды арнайы сұраған. Сартай есімін ұлықтауда ештеңеден тартынбаған Жетпіс атамыз ақынға бес жылқы беретінін айтып, мынадай шарт қойған. Жырды аяқтаған соң жеткізуіміз керек. Бірақ Нұрмағанбет сөзінде тұрмай, Жетпістен бұрын жырлай бастаған. Бұл оқиға Жетпіс атаны ренжітсе керек.Қазіргі кезде «Сартай батыр» дастанының айтылып жүрген нұсқаларында ал-құлалықты осы оқиғадан кейін орын алған сияқты.
Жалпы, Сартай батыр, би тұспалдай сөйлеп, ыммен айтатын ишараны тез түсінетін, шындық сөзді тынбай айтатын кісі болыпты. Арабша сауатты болған, Софы Әзизден, Қосым қожадан оқып үйреніп, дінді жетік білген көрінеді. Дауысы ырғақты, әуезді сөйлеген сөзі мәнерлі болған деседі.
Біздің замандастарымыз үшін беймәлім болып қалуға айналған Сартай есімі аз-кем дерек, әңгімелердің осылайша қағаз бетіне түскенін мақұл көрдік. Бұлай жасамасақ, енді бір ұрпақ жаңарғанда тіпті бұл мәліметтерден айырылып қаларымыз ақиқат. Баршамызды Сартай бабаның рухы қолдасын.
Ұсыныс
Халық арасынан Сартай батыр туралы тың деректерді жинақтап, оны аудандық, облыстық баспасөз беттеріне жарияланса.
Сартай батырдың қолындағы мың балаға арнап оларды мәңгі есте сақтау үшін іс-шара өткізіліп, қор ашылса.
Облыс орталығынан Сартай батырға және «Мың бала» жорығына арнап ескерткіш қойылса. Келешек ұрпақ Сартай батыр жөнінде біліп жүрер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Сілтемелер
«Мырзастан шықты шайырлар» авторы Т.Дәрменов 2002 жыл
Қызылорда.
«Таң – Шолпан» журналы №2 2003 жыл
«Ортаймаған қазаны, Қасиетті Қазалы» авторы Н.Мусабаев
А.Мусабаева «Атамекен» баспасы 1998 жыл
«Егемен Қазақстан» газеті 11.26.2008 жыл
З.Шүкіров «Сыр бойы» романы.
Қариялардың естеліктерінен.
Н.Мусабаев «Тәуелсіздікті ту еткен тұлғалар» Арал 2008 жыл
«Егемен Қазақстан» газеті 08.10.2009 жыл