1990-2013ж.ж Африкадағы араб елдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 23:22, творческая работа

Описание работы

Географиясы. Марокко жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты, негізінен, субтропиктік, солтүстігінде — жерортатеңіздік; шілденің орташа температурасы 24 – 28°С, қаңтарда 10 – 12°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері – таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мароккода тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, Умм-әр-Рабия, Тенсифит жатады.

Файлы: 1 файл

Баяндама.docx

— 61.13 Кб (Скачать файл)

БАЯНДАМА

 

1990-2013ж.ж Африкадағы  араб елдері.

 

Марокко (араб.: المغرب‎‎‎ — әл-Магриб — «батыс», Магриб әл-Акса — «алыс батыс», кейде Марокко деп аталады) — Марокко корольдігі, әл-Мамлака әл-Марокко Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 446,5 мың км². Халқы 30,1 млн. (2000). Ресми тілі — араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Астанасы —  Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35провинцияға және 8 префектураға бөлінген. Марокко — конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы — король. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және өлттық жиналыс). Ақша бірлігі — дирхем. Марокконың ең үлкен қаласы — Касабланка. Тұрғын саны жағынан екінші орында — ел астанасы Рабат. Фес және Марракеш қалаларының тарихи маңызы бар.

Географиясы. Марокко жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты, негізінен, субтропиктік, солтүстігінде — жерортатеңіздік; шілденің орташа температурасы 24 – 28°С, қаңтарда 10 – 12°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері – таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мароккода тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, Умм-әр-Рабия, Тенсифит жатады. Бұлар Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлардан жыланның түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі, т.б. кездеседі.

Тарихы. 1992 ж. 28 мамырдан Марокко мен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыс орнаған. Екі ел арасындағы мәдени, оқу – ағарту саласының қарым – қатынастары біршама дами бастады. Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 мамырда орнатылды. Қазақстанның Мароккомен өзара қатынастарына қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2006 ж. қарашада Марокконың Ресей Федерациясындағы Елшісі Нуреддин Сефиани Марокконың Қазақстандағы Елшісі міндетін қоса атқарушы ретінде Сенім грамотасын тапсырды. Екі ел арасындағы алғашқы саяси қарым-қатынастар 1992 ж. 26-28 мамырда Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдель Латиф Мулин бастаған Марокко СІМ делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан басталды. Өткен жылдар ішінде ҚР Вице-Президенті Е.Асанбаев бастаған делегация Касабланка қаласында өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммитіне (1994 ж. желтоқсан), ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Мараккеш қаласында өткен «Ауа райының өзгеру проблемалары» атты 7-ші халықаралық конференцияға (2001 ж. қазан) қатысты. ҚР Индустрия және сауда Вице-Министрі А.Баталов бастаған делегация 2007 ж. шілдеде Мароккода іссапармен болды. 2006 ж. тамызда Марокко Королінің арнайы өкілі — Ауыл шаруашылығы, ауылды дамыту және балық шаруашылығы министрі Муханнада Лаэнсердің, сондай-ақ 2007 ж. маусымда Марокко Корольдігінің Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі М.Буталебтің Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды. Сапарлар барысында әртүрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы сауда айналымын жандандыру, өзара инвестиция тарту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, шарт-құқықтық базаны дамыту, сондай-ақ Қазақстан бидайын Мароккоға тасымалдау мүмкіндіктері қарастырылды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 ж. аралығындағы екіжақты сауда айналым мөлшері 59 млн. 708,5 мың. АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт). 2009 ж. қаңтар мен мамыр аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млн. 500 мың. АҚШ долл. жетті. Жалпы, қазақстан-марокко қарым-қатынастарын талдайтын болсақ, елдер арасындағы қарқынды байланыстардың болмағандығына қарамастан, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға екі жақтың тең қызығушылығы мен оған қажетті әлеуетінің бар екендігіне көз жеткізуге болады.

           Экономикасы. Мароккода балық және мал шаруашылығы дамыған. Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдері, темекі, тоқыма бұйымдары шығарылады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал – жабдықтарын сатып алады. Жалпы ішкі өнім 87,5 млрд. АҚШ долл-н құрайды, жан басына шаққанда 3060 долл. болады (1994). Негізгі сауда серіктестері — ЕО, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.   

 Алжир. Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл - Жазаирия Демократия аш - Шаабия) — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигериямен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 27,1 млн. адам (1993). Негізгі халқы — алжирліктер — 14,9 млн адам (барлық халықтың 98,4%-і). Халықтың 99%-ін мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы — Алжир қаласы 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді.

Географиясы. Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары, оңтүстік шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ,темір, қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Теңіз жағалауында субтропиктікклимат қалыптасқан. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-120С, шілдеде — 250С, орталығы мен оңтүстігінің шөлді өңірінде 350С-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері оңтүстігінде 100-200 мм, солтүстігінде 500-1200 мм-ден аспайды. Басты өзені: Шелиф (700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл, шөлейт өсімдіктері өседі.

 Тарихы. 1989 жылы Жаңа конституция қабылданып, саяси ассоциациялар мен саяси партиялар қызметіне жол ашу туралы заң жарияланды. Тез арада көптеген партиялар өмірге келіп, олардың саны 60-тан асып кетті. 1992 жылдың басында президентШ.Бенджедид отставкаға кетті де, билік Жоғары мемлекеттік кеңеске өтті. 1994 жылы қаңтарда Кеңес Лавинь Зервальді ел президенті етіп тағайындады. Ол 1995 жылы 16 қарашада өткен президенттік сайлауда жеңіп шықты. Өкімет басшысы болып Ахмед Уяхья тағайындалды (1996, қаңтар). Алжирдің жаңа басшылығы күрделі ішкі саяси ахуал жағдайында елде тұрақты мемлекеттік институттарды қалыптастыруға бағытталған шаралар жүргізуде. 1989 жылы қабылданған конституцияда (1976 жылы Негізгі заңмен салыстырғанда) елде социализм орнату, партияның жетекші рөлі, мемлекеттік меншіктің басым дамуы жөніндегі баптар алынып тасталды. 1992 жылы Ислам құтқару партиясының жұмысына тиым салынып, террорлық әрекеттерге қарсы батыл шаралар іске асырылуда.

Экономикасы. Шаруашылығының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы — мұнай (1995 жылы — 35 млн. т) және табиғи газ (163 млрд. м3) өндіру. Металлургия комбинаты, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүние жүзінде маңызы бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген. Алжирдің Африка құрлығы бойынша сауда құрылымындағы қазіргі үлесі 9% шамасында болса, дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 0,46% (1995). Экспорты — 10240 млн. доллар, импорты — 10250 млн. доллар құрайды. 80-жылдардың аяқ кезінен Алжир басшылығы шаруашылықты нарықтық экономика арнасына көшіруге бағытталған реформалар жүргізе бастады.

Әдебиеті  мен өнері. Алжир халқының әдебиеті араб, кабиль, француз тілдерінде дамыған. Отаршылық қамытынан құтылуға ұмтылған халықтың өр рухына оның биік азаматтық пафосы сәйкес келеді. Халық ақындары (маддахтар) азаттық үшін қарулы күреске үндеді (Абду-л-Қадыр, Саид Абдолла, Мұхаммед Белкаир т.б.). 20 ғасырдың басында араб мәдениетін жаңарту жолындағы қозғалыс басталды. Патриоттық лирика өрістеді. (Мұхаммед әл-Ид, Мұхаммед әл-Лакхани). Алжир халқының 50-60 жылдары поэзиясындағы жетекші тақырыбы ұлт-азаттық күресі (Әбу-ль-Касым Саадалла Муфди Закария). Прозада бұл әсіресе ат-Пахир Ваттар, Фадил Масуди әңгімелерінде айқын көрінді. Араб тілді Алжир әдебиетінде әңгіме жанрының негізін салған Ахмед Рида-Хуху араб тіліндегі алғашқы отандық романның да авторы болды (“Меккеден келген қыз”, 1947). 40 — 50 жылдары француз тілді Алжир әдебиеті дами бастады. Жан Амруш, Аит Жафер, Мұстафа Лашраф сияқты ақын, жазушылар өз шығармаларында ұлттық сананың оянуын бейнеледі. Мұхаммед Дибтің (“Алжир” трилогиясы), Мулуд Фераунның (“Кедей баласы” романы), Мулуд Маммеридің (“Әділет ұйықтап жатқанда”), т.б. жазушылардың реалистік шығармалары жарық көрді. Әсия Жебар, ]]Маргерит Гаос]] әйелдердің рухани жетілуін, сезім тәрбиесі мәселесін көтерді. Аңыз бен тарих, миф пен шындық Ясин Кәтебтуындыларында өзгеше үйлесім, өрнек тапты (“Жазалау шеңбері” драмалық тетралогиясы, “Неджма” романы). 60 — 90 жылдар әдебиетіндеМулуд Ашур, Жамал Амрани, Мұстафа Туми, Набил Фарес, Айша Лемсин, Мұстаф Хашан, Диб, Хажы Әли, Тидафи т.б. шығармалары көрнекті орын алады. Алжир архитектуралық ескерткіштерге бай. 10-13 ғасырда Алжир, Тлемсен, кейінірек Константина қалаларында айтарлықтай архитектуралық құрылыстар (Тлемсеннің үлкен мешіті, 12 ғасыр, Сиди мешіт-медресесі, Мұстафа паша сарайы, Бордо вилласы т.б.) салынды. 1830 жылы елді басып алған француздар Алжирдің жаңа құрылысына Парижбен ұқсастық беруге тырысты. Ұлттық би ансамблі, музыка мен мәнерлеп оқу консерваториясы, Ұлттық музыка институты бар.

Мавритания (әл-Муритания), Мавритания Ислам Республикасы (әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания) — Солтүстік-батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы 2,7 млн. (2000). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қ. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия. Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1991 ж. сыртқы күштердің қысымымен елде демократия өзгерістер жүзеге асырылды. Саяси тұтқындар босатылып, жаңа конституция қабылданды. Мавритания — аграрлы ел. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, құрма ағашы, жүгері, бұршақ, жер жаңғағы. Өнеркәсібінде темір кенін өндіру басты орын алады. Балық шаруашылығы жақсы дамыған. Экспортқа балық өнімдерін, темір кенін, алтын шығарады. Шеттен мұнай, машина, құрал-жабдықтар әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Италия, Испания, Бельгия, араб елдері.

         Тунис – солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мениталиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннитбағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, Президенті: Монсеф Марзуки. Премьер-минисрі: Али Лараед. Президент бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.

Географиясы. Аумағының 1/3 бөлігіне жуығын Атлас таулары (ең биік жері – 1544 м) мен тауаралық үстірт (Солтүстік және Биік Тель) алып жатыр, қалған бөлігінде қыраттар мен ойпатты жазықтар басым. Фосфорит, мұнай, темір кентастарының кен орындары бар. Тунистің көп бөлігінің климаты – жерортатеңіздік субтропиктік, оңтүстігінде – тропиктік. Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы 10°С, шілдеде 26°С болса, оңтүстігінде тиісінше 21 және 33°С. Жауын-шашынның ең көп мөлшері (жылына 1000 – 1500 мм) таулар мен солтүстік Тель үстіртіне, солтүстік пен Оңтүстік бөлігінде 400-ден 600 мм-ге дейін түседі. Елдегі ең іріМеджер өзені жер суару мен электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Тауларда мәңгі жасыл ормандар, маквис тектес бұталар, жазықтарда – сирек шөптесін өсімдіктер өседі.Ашкель, Бу-Хедма, т.б. ұлттық бақтары бар.

Тарихы. Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым – қатынас 1992 жылғы қарашаның 23-де орнатылған.

          Экономикасы. Тунис – Африкадағы салыстырмалы түрде дамыған тау-кен өнеркәсібі бар аграрлы ел. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 1820 АҚШ долларына тең (2003). Тунис экономикасының негізін мұнай, фосфорит өндірісі мен туризм құрайды. Ел аумағының 32%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Бидай, қара бидай, зәйтүн ағашы, құрма, цитрустық жемістер, жүзім өсіріледі. орталығы және Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы басым (қой, ешкі, ірі қара мал). Аздаған мөлшерде ағаш дайындалады. Балық кәсіпшілігі (жылына 84 т), электр өндірісі, өңдеуші өнеркәсіп дамыған. Қолөнер өндірісі (кілемдер, қышқұмыра бұйымдары) бар. Негізгі порттары: Тунис, Сфакс, Бизерта, Габес, Сехира. Экспортқа тоқыма, тері, фосфорит, эәйтүн майын, шарап, ерте пісетін көкөніс, мұнай мен мұнай өнімдерін шығарады. Машиналар мен құрал-жабдықтар, азық – түлік пен тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Германия, АҚШ, Бельгия, Ливия, Жапония. 

Ливия – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметiн Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы – жалпыға бiрдей Халықтық Конгресс. Ұлттық мейрамы – 1 қыркүйек (1969) – Төңкерiс күнi. 1955 жылданБҰҰ-ға мүше. Ақша бiрлiгi – ливиялық динар.

Географиясы. Ливияның жер бедерi, негiзiнен, үстiрттi келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлi жатыр. Климаты тропиктiк. Солтүстігіне субтропиктiк климат тән. Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, қысы жұмсақ. Қаңтардың орташа температурасы 11 – 18°С, шiлдеде 27 – 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Кейбiр аудандарында бiрнеше жыл қатарынан жаңбыр жаумайды.

Тарихы. Қазақстан мен Ливия арасында 1992 ж. дипломатиялық қатынас орнады. Ливия экономикасының негiзiн мұнай өнеркәсiбi құрайды. Ливия басшылары: Муаммар Каддафи (01.09.1969 - 20.10.2011) Мустафа Мухаммад Абд-аль-Жалиль (05.03.2011- 08.08.2012) Мохаммед Али Салим (08.08.2012 - 09.08.2012) Мухаммед аль-Макриф (09.08.2012 - 28.05.2013) Juma Ahmad Atigha (28.05.2013).

Экономикасы. Мұнай өндiрудің көлемi жөнiнен Ливия Африкада 6 орынды иеленедi. Ауыл шаруашылығы төменгi дәрежеде дамыған. Дәндi дақылдар, құрма ағаштары өсiрiледi. Мұнай және мұнай өнiмдерiн экспорттап, азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларын шеттен әкеледі.

Информация о работе 1990-2013ж.ж Африкадағы араб елдері