Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 23:22, творческая работа
Географиясы. Марокко жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты, негізінен, субтропиктік, солтүстігінде — жерортатеңіздік; шілденің орташа температурасы 24 – 28°С, қаңтарда 10 – 12°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері – таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мароккода тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, Умм-әр-Рабия, Тенсифит жатады.
Мысыр (араб.: مصر — Miṣr; масрише:Máṣr), ресми түрде Мысыр Араб Республикасы – Африка құрылығының солтүстік – шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.
Географиясы. Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі – Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдіңалқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Экономикасы. Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі.
Мемлекеттік құрылымы. Президенттері: Хосни Мүбарак 1981-2011; Мохамед Тантави 2011—2012; Мұхаммед Мурси 2012—2013; Адли Мансур 2013. Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады. Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
Халқы. Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Тілі. Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.
Тұрмыс салттары мен ғұрыптары. Мысыр – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды. Мысырдықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
Дін. Мысыр Респуликасының діні
- Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылмандар,
5-6% суфи және 3-4% шиға. Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді.
Олардың көпшілігі Александрияның Коптт
Әкімшілік құрылысы. Мысыр Республикасы 29 аймаққа бөлінеді (арабша: muhafazat). Ал оларда ауданларға (markaz'лар) бөлінеді.
Судан — Африкадағы мемлекет. Елордасы — Хартум қаласы. Судан Республикасы
– Африканың солтүстік-шығысында орналасқан
мемлекет. Жер аумағы жағынан (2,5 млн. км²)
Африкада 1-орын, әлемде 10-орында. Халқы
– 40,2 млн. (2004) адам. Халқының жартысына
жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар,
Географиясы. Жері негізінен үстіртті (300
– 1000 м). Орталық бөлігі тегіс жазықты
болып, батыс бағытындағы Кордофан және Дарф
Тарихы. 1989 ж. 30 маусымда кезекті әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген саяси топтар 1998 жылдың жазында жаңа конституция қабылдап, саяси партияларға жол ашты. 2002 ж. орталық үкімет шешімімен оңтүстік аймаққа ішкі автономия берілді. Азамат соғысы тек 2005 ж. көктемде аяқталды. Өз ішіндегі тартыстар нәтижесінде 4 млн-ға жуық судандық босқындар шетелдерде жүр.
Экономикасы. Судан – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Қант құрағы, құрма пальмасы, маис, т.б. өсіріледі. Негізгі азық-түліктік дақылдары – сорго, тары, бидай. Мал шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі сипатта дамыған. Негізінен ірі қара, түйе, қой мен ешкі(елде 70 млн-нан аса мал басы бар) өсіріледі. Елде мұнайдың аса ірі қоры барланған. Сыртқа – мұнай, күнжіт, мақта, жер жаңғағы (арахис),гуммиарабик, мал, мал өнімдері, алтын шығарылады. Басқа елдерден машина және өндіріс жабдықтары, азық-түлік, химия өнеркәсібінің өнімдері, өндірістік тұтыну тауарлары сатып алынады. Көлік кешені нашар дамыған. Өзен және теңіз қатынастары дамыған. Елдің ең ірі теңіз порты – Порт-Судан қ. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1360 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері – араб мемлекеттері, Африка және Азия елдері.
Оңтүстік Судан (ағылш. South Sudan, араб.: جنوب السودان — транскр. Джануб ас-Судан) — Шығыс Африкадағы мемлекет. Елордасы — Джуба қаласы.Шығысында Эфиоп
Халқы. Оңтүстік Судан халқы 7,5 миллионнан 13 миллионға жетеді. Халқының 90%- ға жуығы негроидтық нәсілділер.
Тарихы. 2003- 2004 жылы Оңтүстік Судан Республикасының тұңғыш президенті Джон Гаранг бастаған сепаратисттер Судан үкіметімен келісімсөздер жүргізіп 22 жыл болған соғысты тоқтатты. 2011- жылы, қаңтардың 4 -інде өткен референдумда Оңтүстік Судан халқы егемендікті қолдап, 9- шілдеде тәуелсіздігін жариялады. Оңтүстік Судан қарулы күштері: мемлекеттің тәуелсіздігін, бүтіндігін сақтауға арналған. Жаяу және әуе күштерінен құралған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: