Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 16:59, реферат
Адольф Гитлер (20.04.1889, Инндегі Браунау, Австрия – 3004.1945, Берлин) – нацистік Германия диктаторы ( 1933 – 45). Австрияда дүниеге келген ол біраз уақыт Венада сурет өнерімен айналысып, 1913 жылы Мюнхенге келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс армиясының жауынгері болды. 1919 Мюнхенде Неміс жұмысшылар партиясының қатарына кіреді. Ал 1921 жылы партияның көшбасшысына айналады. 1923 жылы «Сыра бүлігі» үшін Гитлер тоғыз ай түрмеде отырады. Мұнда ол «Майн Кампф» («Менің күресім») атты өзінің идеологияландырылған өмірбаянын жаза бастайды. Ол табиғи сұрыптаудың бір бөлігі ретінде нәсілдер теңсіздігін желеу ете отырып, антисемитизм (еврейлерге деген өшпенділік немесе оларды діни не ұлттық белгілері бойынша кемсітушілік) мен антикоммунизмді және экстремистік немістік ұлтшылдықты насихаттап, «арийлік нәсілді» ұлықтады.
КІРІСПЕ
Адольф Гитлер (20.04.1889, Инндегі Браунау, Австрия – 3004.1945, Берлин) – нацистік Германия диктаторы ( 1933 – 45). Австрияда дүниеге келген ол біраз уақыт Венада сурет өнерімен айналысып, 1913 жылы Мюнхенге келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс армиясының жауынгері болды. 1919 Мюнхенде Неміс жұмысшылар партиясының қатарына кіреді. Ал 1921 жылы партияның көшбасшысына айналады. 1923 жылы «Сыра бүлігі» үшін Гитлер тоғыз ай түрмеде отырады. Мұнда ол «Майн Кампф» («Менің күресім») атты өзінің идеологияландырылған өмірбаянын жаза бастайды. Ол табиғи сұрыптаудың бір бөлігі ретінде нәсілдер теңсіздігін желеу ете отырып, антисемитизм (еврейлерге деген өшпенділік немесе оларды діни не ұлттық белгілері бойынша кемсітушілік) мен антикоммунизмді және экстремистік немістік ұлтшылдықты насихаттап, «арийлік нәсілді» ұлықтады. 1929 жылығы экономикалық дағдарыс кезінде Гитлер бұрынғы ықпалына қайта ие болады. 1933 жылы Пауль фон Гинденбург оған канцлер қызметін ұсынады. «Халық пен мемлекеттің қорғалуы жайлы заңның» қабылдануымен фюрер («көсем») лауазымын алған Гитлер іс жүзінде шектеусіз өклеттіліктерге ие болды және Г.Гиммлер мен Й.Геббельстің көмегімен оппозицияны басып-жаныштады. Соның ізінше ол Холокостта шырқау шегіне жеткен антисемиттік акцияларды жүргізді. Оның агрессияшыл сыртқы саясаты Мюнхен келісіміне алып келді. Гитлер Б.Муссолинимен (Берлин – Рим осі) одақтық қарым-қатынасын реттестірді. 1939 жылы ол шабул жасамау турлы кеңестік-германдық шарт Польшаны басып алуға мүмкіндік берді және Екінші дүниежүзілік соғысты тездетті.
А.ГИТЛЕРДІҢ САЯСАТҚА КЕЛГЕН ЖОЛЫ
1889 жылы 20 сәуірде австриялық шағын Инндегі Бранау қаласында дүниеге келеді. Ол бала кезінен ішімдікке бейм әкесін көріп өседі. Мектепте сабақты нашар оқиды. Тек сурет пәнінен ғана жақсы бағлар алады. Ол талантты суретші болған. Әсіресе табиғат бейнесін жақсы бейнелеген. Бірақ портрет салалмаған. 1903 жылы әкесі қайтыс болады. 1907 жылы мектепті аяқтайды, сол жылы анасынан айырылады. 1907 Венадағы сурет академиясына тапсырып түсе алмай қалады. 1913 жылға дейін Венада картиналар салумен тиын-тебен тауып күнелтеді. 1913 жылы Мюнхенге қоныс аударып сонда саясатқа деген қызығушылығы оянады. Ол осы кездері үзбей кітапханаға барып тұруды дағдыға айналдырады. Ол тарихи және ұлттық пайым тақырыбындағы кітаптар мен газет-журналдар оқуды жақсы көретін. Ол пролетарлық революция теориясы үшін еврей Марксті жек көрді. Оған «нәсіл тазалығы» жолында күрескен антисемит-авторлар жақын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Адольф өз еркімен армия қатарына қосылады. Ол өжет жауынгер ретінде көзге түскен ол француз офицерін солдаттарымен бірге тұтқынға алғаны үшін Темір крестпен марапатталады.
Германияның жеңілісі мен кемсітушілік мазмұндағы Версаль бітімшарты ызаландырған Гитлер 1918 жылы Неміс жұмысшы партиясына мүшелікке қбылданады. Ол партияны құрушыларды басшылық орындардан тез ығыстырып, толықтай билік құрушы көсемге – фюрерге айналады. Бір жылдан соң Гитлер партияны Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы деп атауды ұсынады және оның атрибуттарына өзгеріс енгізеді. Ұлтшыл-социализм (нацизм)-оның түп-тамыры пруустік соғысқұмарлық пен тәртіп жүйесінде және мистикалық өткен жолын дәріптеп, таңдаулы жеке адамның барлық ережелер мен заңдардан артықшылығын жариялаған неміс романтизмінде жатыр. Ал идеологиясы Гитлердің неміс ұлтының артықшылығы мен коммунизмнің қауіптілігіне деген сенімімен айқындалды. Ол жекелеген адамдардың мемлекетке бағынуы және көсемге толықтай бас июі қажеттілігіне, күштілердің әлсіздерді басқару құқығына ерекше мән берді. Саяси аймақта ұлтшыл-социализм: қарулану, Еуропадағы неміс жерлерін біріктіру, жат аймақтарды басып алу және «ұнамсыз» халықтарды «тазалау» саясатын жүргізді. Бұдан былай партия мүшелері бір-бірімен оң қолдарын көтеріп. «Хайль!» («Саған денсаулық тілеймін!») деп ерекше амандасатын болды.
Гитлер адамдарды өзінің таза немістік партиясына кіруге үгіттей бастайды. Осы мақсатта ол «Фёлкишер беобахтер» («Халықтық бақылаушы») газетіне нацистік көзқарастарын жариялап тұрды. Ал серіктестерінің қауіпсіздігі үшін шабуылдаушы отрядтар құрады.
1922 жылы қатарларына Гейдельберг
университетін бітірген доктор
ғалым Йозеф Геббельс пен
1923 жылы Гитлер құлдырау
жағдайындағы Веймер үкіметін
биліктен кетіру мақсатында
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1930 жылы сайлауда Гитлердің
партиясы «жұмысшыларға жұмыс
тауып береміз, жалақыны көбейтеміз,
шаруаларға жер береміз, капиталистердің
бүкіл тауарларын әлемдік
Он жылға созылған партиялық күрес, өнеркәсіп иелерімен және қаржыгенрлермен келіссөздерден соң Гитлер билікке келеді. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург оны рейхсканцлер (үкімет басшысы) етіп тағайындайды. Германия ресми түрде емес Үшінші рейх деп атала бастады. Сол жылы 27 ақпанда Рейхтаг ғимараты өртенеді, бұған коммунистер айыпты деп табылады. Содан кейін бірден коммунистік партияның жұмысына тыйым салынады, іле-шала социал-демократиялық партия мен кәсіподақтар да жабылады. Гитлер билікке келе сала солшыл күштерді, социал-демократтарды, коммунистерді қудалауды бастады. Неміс халқының басым көпшілігі біртіндеп социал-демократтардан да, коммунистерден де, либералдардан да ауытқып, Гитлерді қолдай бастады. Өкінішке қарай, неміс ұлтының негізгі бөлігі фашизмнің шовинистік идеяның құрбанына айналды.
1933 жылдан бастап
Гитлер өзінің қалауы бойынша
көшелер мен орталық алаңдарды
өзінің атымен атай бастайды.
Кез-келген елдімекендер мен
1934 жылы 2 тамызда президент Гинденбург көз жұмады. Германияда өткен сайлау қортындысы бойынша президенттік жойылып, мемлекет басшысы өклеттілігі «фюрер және рейхканцлер» Гитлерге беріледі. Ол сондай-ақ Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы болып тағайындалады. Армиядағы офицерлердің барлаға Адольф Гитлердің өзіне жеке ант береді.
Бұдан соң мемлекет құрылысын жаңарту мақсатында «нәсілді тазалау» шаралары басталады. 1935 жылы еврейлерді мемлекеттік құқықтарынан айырған Нюренбергтік нәсілдік заң дүниеге келеді. Гитлердің «Бір халық, бір рейх, бір фюрер» деп жариялауынан кейін халықтық шерулер, спорттық мерекелер тізбегі ұйымдастырылып, олармен бір кезекте еврейлер мен сығандарды ұрып-соғу, қырып жою шаралары жүргізілді. Еврейлерді жек көрді. «Еврейлер өздерінің жүрген жерінде бәрін бүлдіре бастайды. Олар еврей халқының мүдделерін, мәдениетін басқа халықтарға таңып, ақырындап жергілікті халықтың мәдениетін, өнерін, құндылықтарының барлығын екінші кезекке ысыруды қолға алады. Ол үшін алдымен баспасөзді, одан кейін радионы, кітап саудасын қолына алып, осындай негізгі ақпарат құралдарының барлығын еврей халқының мүддесіне жұмыс істеуге кіріседі. Одан кейін халық өзінің ұлттық құндылықтарын, тілін ұмытып, әлдебір ортақ құндылықтарға келе бастайды. Қарасам, неміс халқының құндылықтарының барлығы еврей құндылықтарына бағындырыла бастапты. Содан кейін барып еврейлерді жек көре бастадым»,-дейді Гитлер. Ол Гестапо атты нацистік Германияның мемлекеттік полициясын құрды. Оны 1933 жылы Г.Геринг Прусс мемлееттік полициясының саяси және тыңшылық бөлмшелерінен, ал Г.Гимлер Бавария саяси полициясының негізінде құрған. 1934 жылы Гиммлер біріккен гестапоны басқарды. Гестапо кең құқықтарға ие болды (соның ішінде сақтық шарасы ретінде алдын-ала қамауға алу) және оның қызметін сот органдары қарастыра алмады. Мыңдаған еврейлер, кәсіподақ қайраткерлері, дін өкілдері гестапо тарапынан концентрациялы лагерьлерге жіберілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гестапо басып алынған аймақтарда нацизм қарсыластарының ізіне түсуді ұйымдастырды. А.Эйхман басқарған гестапо бөлімі еврейлерді өлім лагерьлеріне жіберумен айналысты.
Дамыған экономикаға қол жеткізуді көздеген Гитлер өнеркәсіп иелері несиелер беру арқылы қолдау білдіреді. Сөйтіп, Германияның экономикалық ахуалын жақсарту, оны қайта қаруландыру бағдарламасы қабылданады. Ал жол құрылысы жұмыссыздықты жоюға мүмкіндік берді. Жұмысшылар көптеген жеңілдіктерге ие болды: олар баспана салу, жеке автокөлік сатып алу үшін банктерден несие ала алды. Жеделдете іске қосылған зауыттар мен фабрикалар тұрмыстық қана емес, сондай-ақ әскери өнімдерді де шығармен айналысты .
Агрессияшыл нацистік рухпен қаруланған Геббельс халық ішінде «тазалау» жұмысын белсене жүргізді. Ал Гиммлер барлық көңілі толмаушыларды елден қуды немесе концентрациялы лагерьлерге жіберді. Геринг болса армияны қару-жарақтың жаңа түрлерімен жабдықтаумен шұғылданды. Ел ішінде әскериленген жастар ұйымдары құрылды. Әйелдерге тек қана таза қанды арийліктерді тууға міндеттелді. 66 миллион неміс данышпан көсемдері Гитлерге құлай сеніп, ізінен ерді. Өздерінің адалдықтарының дәлелі ретінде олар ұлтқа, фюрерге қызмет етуге және сол жолда өздерін құрбан етуге дайын екендіктерін жарыса айтты.
1938 жылы наурызда Гитлер
Австрияны германдық рейхпен
біріктіреді. Австриялықтар түгелдей
дерлік Үшінші рейхке қосылуды
құптады. Германия 6,5 миллион өзіне
шын берілген азматтарға ие
болып, өңірлік кеңістігін 83 мың
шаршы шақырымға ұлғайтты. Австриялықтардан
кейін Чехоловакиядағы 3,5 миллион
судеттік немістер Германияға
қосып алынды. Судет облысын
қосып алған Гитлер бес ай
өткен соң бүкіл
1938 жылы Мюнхен келісімінен соң Германия 10 миллион адммен толығып, өз территориясын 105 мың шаршы шақырымға кеңейтеді. Осылайша Европада 76 миллионнан астам халқы бар ірі мемлекет пайда болды. Бірақ осының бәрі Гитлер үшін аздық етті. Ол Польшаны өзінің қол астына алғысы келді. Сөйтіп, бұл жоспарын жүзеге асыруды этникалық немістер жергілікті поляктардан «қысым көріп» жатқан Данциг қаласынан бастайды (қазіргі Гданьск).
Гитлер өзінің Польшаға басып кіруі жақын көршілерінің қарсылығын тудыратынын жақсы білді. Сол себепті ол өзін шығыс жақтан қауіпсіз етуді ойлайды. Содан 1939 жылы тамызда Мәскеумен шабуыл жасамау туралы келісімге қол қояды. Ал 1 қырқүйекте Польшаға шабуыл жасайды.Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.Гитлер халық алдында әскери кителін киіп, Германия толық жеңіске жетпейінше оны үстінен шешпейтінін мәлімдейді.
1940 жылы Норвегия,Дания,Голландия,
1941 жылы 22 маусымда Германия
әскерлері КСРОға опасыздықпен
әскери шабуылын бастады. Қысқа
мерзімнің ішінде үлкен
Дегенмен бәрі басқаша болып шығады. 1942 жылғы соғыс барысы өзгереді. Гитлердің армиясын бірінен соң бірі жалғасқан жеңілістер күтіп тұр еді.
1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбегінде шайқас басталады. Екінші дүниежүзілік соғыста ең үлкен шайқас боп саналады. Сталинград темір жол және өзен жолы арқылы елдің орталық қалаларын Кавказбен, Орта Азиямен байланыстыратын коммуникциялық торап болатын. 1942 жылы жазында неміс әскері екіге бөлініп бірі – Сталинград түбіндегі шайқасқа, екінші бөлігі Кавказ жаққа шабуылға жіберіледі. Гитлер «Кавказдың мұнайын басып алу керек. Сонда Қызыл әскер мұнайсыз қалады. Ал Сталинградты алуымызбен дұшпандарға Волга өзені арқылы Кавказдан мұнай тасымалдатқызбаймыз» деп ойлады.
Сталинград шайқасы 14 шілдеде Волга өзенінің жағалауында басталды. Бұл ұрыста екі жақтан 2 млн-ға жуық адам қаза табады. Немістер бір ай ішінде 100 шақырымдай алға жылжып, Қызыл әскерді кейін шегіндіреді. Неміс танклері Сталинградқа кіре бастайды. Сталин әскеріне «Бұл қалны жау қолына бермеңдер, кері шегінбеңдер» деп бұйрық береді. Ал Гитлер «Сталиннің атындағы қаланы міндетті түрде алумыз керек» деп мақсатынан қайтпайды. Қатыгездікке толы бұл шайқас қираған қаланың ішінде өтті. Көпқабатты тұрғын үйлердің ішінде екі жақтың әскерлері бір-бірімен аямай атысты.
Сталинград түбіндегі қорғаныс қимылдары екі айға созылды. Сталинград шайқасында Гитлер армиясының мықты әскері Паулюс бастаған 6-әскері еді.
Кавказдағы жағдай келсек онда олар біраз жерді басып алды. Олар Қарашай, Балқар елдеріне кіріп, Шешен-Ингуш автономиялы республикасына қарайтын Малгобек қаласына дейін барды. Малгобек және Грозный қалаларының арасы жүз шақырымға жетер-жетпес болатын. Грозныйда мұнай өндіретін зауыттар бар еді. Содан Қызыл әскер немістерді Малгобектен өткізбей ұстап турды.