Адольф Гитлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 16:59, реферат

Описание работы

Адольф Гитлер (20.04.1889, Инндегі Браунау, Австрия – 3004.1945, Берлин) – нацистік Германия диктаторы ( 1933 – 45). Австрияда дүниеге келген ол біраз уақыт Венада сурет өнерімен айналысып, 1913 жылы Мюнхенге келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс армиясының жауынгері болды. 1919 Мюнхенде Неміс жұмысшылар партиясының қатарына кіреді. Ал 1921 жылы партияның көшбасшысына айналады. 1923 жылы «Сыра бүлігі» үшін Гитлер тоғыз ай түрмеде отырады. Мұнда ол «Майн Кампф» («Менің күресім») атты өзінің идеологияландырылған өмірбаянын жаза бастайды. Ол табиғи сұрыптаудың бір бөлігі ретінде нәсілдер теңсіздігін желеу ете отырып, антисемитизм (еврейлерге деген өшпенділік немесе оларды діни не ұлттық белгілері бойынша кемсітушілік) мен антикоммунизмді және экстремистік немістік ұлтшылдықты насихаттап, «арийлік нәсілді» ұлықтады.

Файлы: 1 файл

САЯСАТТАНУ.docx

— 31.82 Кб (Скачать файл)

1943 жылы Курск шайқасы. Сталинград түбінде жеңіліс тапқан  Гитлер енді Қызыл әскерді  техниканың күшімен құртпақ болды. Сөйтіп, бүкіл Еуропа қорының  есебінен әскери техникасын жақсарта  бастады. Гитлердің «Цитадель» операциясы  бойынша Қызыл әскерді Курск  маңында жою арқылы кеңес елін  жою жоспарланды. Немістердің техникасы  өте күшті болды. Ауыр танклері  Қызыл әскердің зеңбірек, танклерін 1,5-2 шақырымнан жойып жібере алатын  болды. Немістер шайқас барысында  екі қапталдан келу арқылы  Қызыл әскерді қоршап алып, Ары  қарай Мәскеуге шығуды ойлады.

1943 жылдың 5 шілдесінде Курск шайқасы басталды. Ұрыста екі қарсыласта берілмеді. Дәл сол уақытта Ұлыбритания мен АҚШ Сицилияға өз десанттарын түсірді. Содан Гитлер Муссолинидің одақтасы болғандықтан өз әскерінің бір бөлігін жіберді. Ақырында неміс әскерлері әлсіреп кері шегінуге мәжбүр болды. Осы жолыда кеңес әскерлері жеңді. Содан Италияда Муссолини үкіметі құлап, Гитлер серіктесі болған дучеден айрылды.

1944 жылы Екінші майдан  басталады:Англия мен Американың  одақтық әуе эскадрильялары Германияны  бомбалайды. Сол жылы барлық кеңестік  аумақтық немістерден азат етіледі. Ал 1945 жылы мамырда Қызыл армия  Берлинді алады. Германияны неміс  ғалымдары тез арада ойлап  тапқан «ғажайып-қару» да құтқара  алмайды.

Гитлер өзін торға қамап, жаулап алған елдерде бүкіл халықтың алдында масқаралықпен алып жүреді деп қорықты. Сол себепті ол өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдайды. 1945 жылы 30 сәуірде Гитлер содан бір күн бұрын ғана некелескен әйелі Ева Браунмен бірге у ішіп және өз бастарына оқ атып өледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Гитлер Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933-1945 жылдар арлығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болыпта саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Райхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.

Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде мамандыққа қатысты білімі болмаған, әлеуметтік және қоғамдық өмірде де белсенді болмаған. Алайда, аздаған жылдар арасында немістердің еліне барып елбілігін қолына алып, диктатор болады. Сасатқа келген кезіндегі ол жайлы мәліметтер құпия болатын.

Ол өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде:

Сіздер менің қайдан келгенімді және қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер

— Адольф Гитлер

— деп айтқан екен.

Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер ІІІ неміс райхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікк келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді. Гитлердің саясатына қарсы келгендер құдаланып, Концлагерлерге жер аударып жіберді

Тарихшылар Гитлердің 1933 жылы өзінің ізінен ерген 66 миллион немістің сана-сезіміне ғаламат әсер ету феноменіне түсініктеме тапқанымен, оның Еуропаны қатыгез соғыстар алаңына айналдырып, халықтарға өлшеусіз қасірет әкелген әрекеттерін ақтайтындай дәлел таба алмады. Ол тарихта бір ұлтты өзгелерден артық қойып, өзін шексіз ұлықтаған, әлемдік кеңістікті жаулап алу жолында ұлы апатты оқиғаларды тудырған қылмыскер тұлға ретінде қалды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. «Аңыз адам» журналы №8, 2004
    2. «Britannica» энциклопедиалық сөздігі
    3. «Айқын» газеті №83, 2006
    4. М.Кубеев «100 великих людей изменивших мир»
    5. Кузнец Ю.Л. «Партология и жизнь»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Адольф Гитлер