Алғашқы қауымдық құрылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:27, доклад

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Планетамыздың барлық түпкірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сондай-ақ оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тығыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттepi осы кезге дейін ашылған жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де көп. Бұл жұмыс түрлі деректерді қысқаша түйіндейді. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын терең іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден тартқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың келешегі мен болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес. Ежелгі Қазақстан тарихының проблемаларын, олардың сипаты мен мазмұнын зерделеген ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысының нысаны болып саналады.

Файлы: 1 файл

Алғашқы қауым реферат.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Алғашқы қауымдық құрылымда  тіршілік еткен халықтың екінші бөлігі құл иеленушілік және капиталистік эксплуатацияға ұшырады. Бұл үрдістердің  өту жағдайлары түрліше болды. Жергілікті халықты жерлерінен қуып тастап, резерват, резервация (АҚШ), хоумдендтерге (ЮАР мен Намибия), т.б. бөліп тастады. Бірақ бұның нәтижесінде олардың барлығы таптық қоғамдардың құрылымына кіріп, онда шаруалар мен ауыл пролетариатының топтарын құрды. 
Дегенмен, алғашқы қауымдық қоғамға капиталистік колонияландырудың тек зиянды әсері болды деу қате болар еді. Капитализмнің әсер ету аймағындағы алғашқы қауымдық қоғамдар шаруашылық, әлеуметтік-саяси және мәдени жағынан қарқынды дами бастады. Европалық колонияларда өнеркәсіп пайда болып, жұмысшы таптары мен интеллигенция өкілдері, саяси партиялар құрылып, техникалық өркениеттің жетістіктері кең тарала бастады. 
Колониялық жағдайда бұндай даму өте жай жүрді. Колонизаторлар көп жағдайда тайпалық құрылым мен көсемдік билік сияқты трайболизмнің салт-дәстүрлерін өздерінің әкімшілік қызметінде пайдалану үшін барынша сақтап қалуға тырысты. Басқарудың бұндай тікелей емес, қосымша жүйесі көптеген британ және нидерланд колонияларында кең таралды.

Қазіргі замандағы алғашқы  қауымдық қоғамдар. Жаңа кезең басындағы  алғашқы қауымдық қоғамдардың жағдайы туралы мәселе екінші дүние жүзілік соғыстан соң империализмнің колониялық жүйесі құлағаннан кейін, артта қалған көптеген елдер жеке өз алдарына бөлініп шыққаннан бастап аса маңызды болды. Олардың кейбірінде ішкі алғашқы қауымдық периферия әлі күнге дейін сақталуда, дегенмен дәл қазіргі таңда олардың саны өте аз. 
Алғашқы қауымдық тайпалардың тіршілік ету ареалдарының ең ірісі – қазіргі заманғы техниканың да күші жетпейтін Оңтүстік Америка ормандары, негізінен, Бразилия сельвасы. Шамамен есептегенде, бразилиялық үнділіктердің 1/5 бөлігі үнділік емес халықтармен тұрақты қатынаспай, өздерінің қарапайым шаруашылықтарын жүргізіп, алғашқы қауымдық мәдениеттерін сақтап қалды, тіпті кейбіреулері соңғы кезге дейін тастан жасалған құралдарын пайдаланады. Алғашқы қауымдық қоғамның басқа ареалдары біршама аз болса да, бірқатар елдерде сақталуда. 1960 жылдары Филиппин аралы Минданаоның таулы ормандарының бірінде сол кезге дейін белгісіз болған тасадай тайпасы табылды. Тайпаны зерттеуші этнографтар олардың тастан және бамбуктен жасалған құралдарды пайдаланғанын анықтады. Сол кездері Папуа – Жаңа Гвинеядағы Сепик және Мэй өзендері бассейндерінде таскөмір дәуірінде өмір сүрген бірнеше папуасс тайпалары табылды. Осы кезде Намибия территориясының оңтүстік африкалық Калахари шөлінде тіршілік еткен бушмендерді зерттеу басталды: олар көршілес тайпалардан алған темірден жасалған пышақ, т.б. құралдарды пайдаланған, ал жалпы алғанда, олардың мәдениеті мезолиттегі аңшылық сипатта болған.

 

2. Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық 
құрылыстың қалдықтары

 

Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық құрылымның жойылуына  байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық  қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны  түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды. Қалдық құрылымдар мен жалпылықтар. Ең ірі қалдық құрылымдар мен жалпылықтар тайпалар мен олардың бірлестіктерінің реликтілері. Мұндай тайпалар мен тайпа аралық жалпылықтар таптық қоғамдарда олардың қалдық не реликтілік сипатына байланысты “екінші реттік” деп аталады. Олар көптеген өте ертедегі, орта ғасырлық және қазіргі заманғы елдер құрамында, яғни ертедегі антикалық элиндер мен италияндықтардан бастап бүгінгі күнгі қазақ не түркмендерге дейінгі халықтардың құрамында болды.

Кейбір жағдайларда  бұндай құрылымдар мен жалпылықтар  тайпа не тайпаға дейінгі ерекшеліктердің  әлеуметтенуі нәтижесінде касталық жүйелер негізінде бірігуі арқылы сақталып қалды, бұндай жағдай, мысалы, ндістан не Оңтүстік Арабстанда орын алды. Алайда олардың бұдан да ұзағырақ сақталуы таулы аймақтың егінші, малшылары немесе таптар мен мемлекеттер баяу қалыптасқан аридтік аймақтардағы көшпенді не жартылай көшпенді малшылардың шаруашылық — мәдени түрлеріне жататын халықтарға тән болды. Қарастырылып отырған қалдық құбылыстар екі түрлі формада сақталды: бірінші түрі курд, пуштун, афган тайпалары мен халықтарына, араб бедуиндеріне тән болып, осыған сәйкес этникалық тайпалардың жалпылықтары билік және әлеуметтік-экономикалық өмірдің құрылымы сақталады. Екінші түрі бұдан әлдеқайда көп халықтарға тән (тек қана бұрынғы Кеңестер Одағындағы – оңтүстік сібір халықтары, қазақ, қырғыз, түркмен, ноғай, адыгейлер) болып, этникалық тайпалық жалпылықтардың қалдықтары атауларында ғана сақталды. Бірінші түрде қоғамда қалыптасқан таптар түзілу кезеңінің салт-дәстүрлері сақталғаны байқалады. Ал екінші түр біріншіден сәл ғана өзгерген модификациясы болып, қоғамның таптарға бөлініп, мемлекеттің пайда болуының аз ғана уақыт ішінде қалыптасқанын көрсетеді. Нормалар қалдықтары мен түсініктер. Көптеген нормалардың сарқыншақтары неке және отбасылық өмірде сақталып қалды. Әсіресе әйелдердің ролін патриархалдық кеміту және қалыңмалға сату сияқты нормалар. Әйелдерді қалыңмалға сату арқылы неке ертедегі және орта ғасырдағы қоғамдарда пайда болып, кейінгі кезеңдерге дейін сақталып келді (қытайлықтар, Индияның төменгі касталары). Дегенмен, кейбір қоғамдарда, әсіресе исламдық қоғамдарда бұл рәсімді қалындықты жай ғана алып-сату түрінде емес белгілі бір тәртіппен реттеуге тырысты.

Қалыңдықтың туыстарына төленетін ақы жесір қалуы  немесе ажырасуы мүмкін болған жағдайда әйелдің күнкөруі үшін оның өзіне  берілді. Бұдан басқа да қалыңдықтың  туыстарына да “ана сүті үшін”, “тәрбиелегені үшін”, т.с.с. түрлі ақылар төленді. Капитализмге дейінгі таптық қоғамдардың барлығына тән норма – бір отбасы мүшелерінің барлығы бір ғана кісіге бағынышты болды. Мысалы, ертедегі Римде отбасыны басшысы арқылы басқаруы. Бірақ басқа қоғамдарда, реформаға дейінгі кезеңдегі Ресейде де патриархалдық қатынастар кең таралды. Отбасыдағы басқа мүшелердің арасындағы статустарына байланысты қатынастар еркектер мен әйелдер, ағалы — інілілер, апалы-сіңілілер арасында әлі де сақталып қалды. Сол сияқты патриархалды этикет сақталып, тіпті әрі қарай дами түсті. Алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтары қоғамдық сананың түрлерінде – құқық, мораль, дінде байқалады. Қарама-қайшылыққа толы христиан догматикасында байларды қаралау мен кедейлерді мазақтау туралы көптеген идеялар болды. Ислам дінінде барлық адамдар құдай алдында бірдей жауаптылығы, және жарлылардың пайдасына бағытталған салық пен пайдакүнемдікті қаралаған уағыздар пайда болды.

Таптық қоғамның діндерінде алғашқы қауымдық түсініктер мен  ритуалдардың тікелей қалдықтары көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі көпшілікке ең танымалы – иудаистердегі ерлердің инициациясы мен мұсылмандардағы ер балаларды сүндетке отырғызу. Осы сияқты ертедегі Индияның ведистік дінінде жасөспірімдерге қасиетті жіп байлау. Тазарту арқылы жүргізілетін инициацияларға христиан дініндегі сумен шоқыну да жатады. Ертедегі грек, римдіктер мен басқа да халықтардың политеистік дндерінде осы кезге дейін ата — тектерінің отбасылық — туыстық әдет-ғұрпы сақталған. Ертедегі Қытайда басқа діндермен бірге кездесетін шаманизмнің сарқыншақтары осы кездегі буддизм-ламаизмде бар. Қазіргі заманғы діндердің ең жоғары дамыған түрі — христиан дінінде – жын-шайтанды қуу, адамдарды жамандықтан сақтайтын періштелер туралы, әртүрлі жақсылық ниетке бағытталған магиялық іс-әрекеттер, т.б. сияқты шаманизмнің қалдықтары әлі де сақталған. Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі. Дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды.

Трайболизм құбылыстары  – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың  әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас  мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің  кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады. Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.

 

2.1 Этностар эволюциясы

 

Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың  пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда  көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер). 
Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген. Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнология ғылымы зерттейді.

Этнос дегеніміз –  гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі. 
Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды. Айта кететін бір жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі). Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады. Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады.

Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың  араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады. 
Белгілі этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым. Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді. Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді. 1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады. А.Л.Чижевскийдің бір қызықты ойы, Күндегі магниттік құбылыстар мемлекет басшыларының денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді.

 А.Л.Чижевский қорытындыларының бір ерекшелігі– Күннің Жердегі тек биологиялық емес, әлеуметтік үрдістерге де біршама әсер ететіні. Әлеуметтік қақтығыстар (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі — Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді. А.Л.Чижевскийдің Күннің Жердегі үрдістерге әсері туралы айтылған ойлары мен қорытындылары тек біраз жыл өткен соң ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерде жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды. Күн белсенділігінің жоғары кезеңінде атмосфераның ағыны қарқындап, ортаның ылғылдылығы артып, фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл. Адамдарға қатысты өзара байланыс анық байқалады: тік жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас. Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев «Этногенез және Жер биосферасы» атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті.

Географиялық орта Жер  биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді. Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады. Ал, этностардың арасындағы айырмашылықтар қандай? Орыстар, украиндар мен белорустар, қазақтар, өзбектер мен татарлар, немістер, француздар мен ағылшындар, және т.б. арасындағы ерекшелік — тілдік-қоғамдық (лингвистикалық-әлеуметтік) айырмашылық. Бірақ бір ұлтқа жататын адамдардың басқа ұлттар арасында тұрып, осы ұлт тілінде сөйлей тұра, өз ұлтына тән ерекшеліктерін сақтап қалатыны да көп. Сонымен, бір ұлт екінші ұлттардан қалай ажыратылады? Л.Н.Гумилевтің түсінігі бойынша, мінез-құлықтың стереотипі арқылы. Мінез-құлықтың стереотипі тіршілік ететін белгілі бір ландшафтқа байланысты қалыптасады. Этностардың бұдан ары қарай дамуы энергиясы күшті, өз мақсаттарына жету үшін ерекше адамдар — пассионарилерге байланысты екендігі анықталады. Л.Н.Гумилевтің пікірінше, пассионарилердің белсенділігі мен іс-әрекеті бойынша халықтар өміріндегі негізгі тарихи оқиғалар өтеді. Пассионарилер массаға (көпшілікке) пасснарлық индукция жолымен әсер етеді. Пассионарилердің өздерінің іс-әрекеті, белсенділігі, ландшафтпен, тарихи уақыт және Күн белсенділігінің әсерімен, тіпті ғарыштық факторлармен тығыз байланысты. Күннің белсенділігі пассионарлық соғылысқа әкеледі. Ол жөнінде Л.Н.Гумилев төмендегі гипотезаны ұсынады. Күн белсенділігі ұлғайғанда, ионосфераның қорғаныш қабілеті төмендеп, Күн энергиясы сәулелер түрінде бөлініп, Жер бетінің барлық бөліктеріне таралады. Егер сол кезде электромагниттік толқындар жиілігі Жер бетінің сол бөлігіндегі организмдердің нерв жүйесінің сәйкес толқындарымен бірдей болса, онда бұл организмдер қозу күйіне ұшырайды. Бұндай күйдегі организмдер барлық биологиялық объектілерге тән өзін-өзі қорғау сезімінен айрылып, кез келген бір идея жолында өздерін өлімге қиюға дейін барады. Бұның дәлелі дельфиндер мен киттердің жаппай жағаға шығып қалуы, шегірткелердің қаптап мұхиттарды ұшып өтуі, т.б.

Информация о работе Алғашқы қауымдық құрылыс