Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:27, доклад
Тақырыптың өзектілігі: Планетамыздың барлық түпкірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сондай-ақ оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тығыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттepi осы кезге дейін ашылған жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де көп. Бұл жұмыс түрлі деректерді қысқаша түйіндейді. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын терең іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден тартқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың келешегі мен болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес. Ежелгі Қазақстан тарихының проблемаларын, олардың сипаты мен мазмұнын зерделеген ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысының нысаны болып саналады.
Осылайша, пассионарлық соғылыс пайда болады. Оның нәтижесінде біршама энергияға бай тұлғалар пайда болып, олар басқаларды соңынан ерте отырып, этносты қалыптастырады. Этногенездің төмендегідей кезеңдері бар: 1 – көтерілу; 2 -»қызу» – акматикалық кезең, 3 — қалыпты күйге өту – инерциялық кезең; 4 – обскурация – ауытқулардың соңғы күйінің кезеңі. Көтерілу фазасының негізгі ұраны — «этностардың мүддесі ең жоғары». Индивидум үшін ең маңыздысы -қоғам алдындағы міндет. Акматикалық фазада (французша акмэ -»төбе») этностар өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, одан кейін төмендейді. Инерциялық фазада негізгі ұран — «өз өзіңмен бол», индивидуализм қарқындап дамиды; соғыстарда қан төгіліп, бірақ мәдениет дами түседі және онда әркімнің индивидуалдығы көрінеді; даңқ пен байлық талан-таражға түсіп, табиғат пассионарлық елдерде тұрақтанып, бірақ жаулап алынған елдерде бұзылады. Обскурация фазасының ұраны — «басқалар сияқты бол», «біз ұлылардан шаршадық». Жасқа байланысты ауру – жеке сипаты жағынан ең үздіктердің өлімі. Әркім тек өз жеке басын ойлайды. Мәдениеттің дамуы әрі қарай жалғасып, мәдени материалдық құндылықтар жинақталады.
Этнос гомеостазға – тепе-теңдік күйге жетеді. Табиғат не тежеледі, не деградацияланады (бұл кезде этнос жойылады). Этнос дамуының соңында – уақыттың футуристік қабылдануы көтерілістер мен жойқын соғыстарға әкеледі. 1200-1600 жылдан соң этностар өздігінен құриды немесе оларға қарағанда жас және энергияға бай этностар шабуылынан жойылып кетеді. Соңғы кезеңдері – мемориалдық және реликтілік (есте сақтау жойылады). Гумилевтің концепциясы барлық халықтардың фольклорындағы этностың түзілуі мен қуатты кездерін еске түсіріп батырлар жырының мәнің түсіндіреді.
2.2 Діни эволюция
Паркте «сырланған, байқаңыз» деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне: «Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі. Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады». Ал егер орындыққа «байқаңыз, сырланған» деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде қолымен тексеріп көреді. Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.
Адамның барлық іс-әрекеті
екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің
қорытындысы адамның тікелей
өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет,
екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.
Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы
айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана,
олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық
баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы
түрде сақталады.
Адамның іс-әрекетінің барысында оған
және адамның барлық өміріне әсер ететін
белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан
қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер
етуші осы күштің құдіретін және бұл күш
алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі
қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала
қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының
белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ,
ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің
белгілі бір саладағы дәрменсіздігін
түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы
дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.
Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі
саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін
айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы
әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа
салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз
басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды.
Осылайша дін пайда болады.
Дін адамның табиғи не
әлеуметтік құбылыстардың себептері
жөніндегі ойлары әсерінен емес, адамдардың
табиғат күштері алдындағы
Алғашқы қауымдық қоғамдағы
адамдардың діни дүние танымының
негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ.
Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері
мен минералдық байлықтары, оған әсер
ететін табиғи күштер мен осында тіршілік
ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас
болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа
адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат
қасиеттері тән деп түсінді.
Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы
түрлерінде — фетишизм, тотемизм, анимизм
және магияда ерекше көрініс тапты. Фетишизм
– кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті
күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар,
ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары
мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б.
Фетишистік түсініктер — жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды. Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.
Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену.Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.
Магия немесе сиқыршылық
— адамдардың басқа адамдарға, жануарларға,
өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына
әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған
құбылыстардың өзара байланыстарының
шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді
дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі
бір әрекеттер арқылы басқа адамдарға
көмектесуге не керісінше зиян етуге болады
деп сенді. Магия: “ақ” (қорғаушы) және
“қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінді.
Магияның басқа да систематикасы әсер
ету объектісіне байланысты: өндірістік,
махаббат, емдік, т.б. магия болып бөлінді.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, магия
дін бола коймаған, өйткені адамнан күшті
құдірет иесін емес, адамның мүмкіндіктерін
дәріптейді. Бірақ фетишизм, тотемизм
мен анимизмде табиғаттан тыс құдірет
қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда,
австралиялықтарда, отты жерліктерде
және басқаларда қайтыс болған адамдардың
жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер
болды.
Ертедегі жер иеленушілік
қоғамда Аспан еркек мен Жер
әйелдің арасындағы неке туралы қарсы
жағымсыз күштерді бағындыруға тырысты.
Егін шаруашылығының пайда болуына байланысты
өсірілетін өсімдіктер мен олардың өсіуіне тікелей әсер ететін Күн мен
Жердің күші деген ұғым қалыптасты. Мысалы,
ирокездер маис, бұршақ және асқабақ “үш
апалы-сіңлілер“, “біздің өмір“ не “бізді
асыраушылар“ деп олардың рухына табынды.
Ирокездердің алты мейрамдарының төртеуі
егін шаруашылығына байланысты болды:
жаңа жыл, егін себу, көк дән және өнім
жинау. Күн – күш иесі, Жер топырақ құнарлылығын
көтереді, жаңбыр шақырады, т.б. магиялық
ұғымдар кең тарады. Осы сияқты мал шаруашылығында
да ұғымдар қалыптасты.
Қорытынды
Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды. Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады.
Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Шаруашылықта басты рөлді аңшылық атқарды. Аң аулаудың – қаумалап аулау, отпен қорқытып аулау, жасырын шұңқұрлар қазып аулау және болала сияқты түрлі тәсілдері болған. Аңшылықпен бірге адамдар балық аулаумен де айналысқан. Олар балықты өзен бойының қолайлы жерінен шанышқылырмен және сүйектен үшкүрленіп жасалған қарапайым қармақтармен аулаған. Сонымен қатар бұл кезде адамдар терімшілікпен де айналысқан. Жабайы жаңғақ, сәбіз, пияз, т.б. сияқты өсімдіктерді жинап қоректенген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде адамдардың соңғы полеолит кезеңінің алғашқы жартысында ауа райының сууына байланысты, ұсақ төбелердің үстіне жартылай жеркепелер салып, үй – жайларда өмір сүргендігі анықталады. Соның нәтижесінде, адамдар біртіндеп тұрақжай салып, отырықшылана бастаған. Соңғы полеолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері әлі де жеткіліксіз зерттелген. Дегенмен бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақ жерінің батысы мен солтүстік аймақтарында көбірек кездесетіндігі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып отыр.
Бұл кезеңде адамдар дамудың ең төменгі даму сатысында тұрды. Тіршілік үшін жасалған шаруашылықтағы еңбек өңімділігі мардымсыз, өте төмен жағдайда еді. Кез келген қажетті жағдайда бірігіп, кейін бөлініп кетіп отырған. Оның басты себебі – оларда отбасылық, ұжымдық тіршіліктің болмағандығынан еді. Алғашқы рулық құрылыс аналық рулық құрылыстан басталған. Бұл құрылыс адамдар тобының аналық жағынан қандас туыстық жақындығына байланысты. Ана руды жалғастырушы рөлінде де, оны басқарушы ретінде де, шаруашылықты ұыйымдастыруда да ең жоғары орында тұрған. Сондықтан аналық ру кезінде анаға табыну басты орында болған, оны сүйектен, жұмсақ тастардан жасаған ана мүсіндерінен байқауға болады.
Қорыта айтқанда, адамзат баласының жануарлар әлемінен бөлініп шығып, саналы түрде құралдар жасап, оны тұрмыста ұтымды пайдалана бастаған кезі осы тас ғасырына тиесілі. Олар түрлі өнерлерді (сөйлеу, би, петроглифтер салу,т.б.) игере бастауы да осы кез. Табиғи құбылыстарға қарсы амалдар тауып (баспаналар, киім, т.б.), өнімді шаруашылықпен айналыса бастауы да тас ғасырына тұс келеді.
Алғашқы адамдар және
қалыптасып келе жатқан нағыз адамдар
қарапайым отбасылар құрып
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Алпысбаев X. А. Неолитическая стоянка
в пещере Караунгур. // Изв. АН
КазССР. Сер. обществ., 1969,
№ 2. 87.б.
2. Макарова Л. А. Териофауна пещеры Караунгур. // Археологические исследования в Казахстане. А., 1973,155.б.
3.Виноградов А. В. Древние
охотники и рыболовы Среднеазиатского
между
речья. ТХАЭЭ. Т. XIII, М., 1981.
4.Таймагамбетов Ж. К. Памятники каменного
века. // Археологические памят
ники в зоне затопления Шульбинской ГЭС.
I-тарау, А., 1987.
5.Зайберт В. Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавл, 1993.
Соный. Атбасарская культура. Екатеринбург, 1992.
6.Логвин В. Н. Каменный век казахстанского
Притоболья (мезолит — энеолит).
А., 1991.
7. Кисленко А. М. Проблемы реконструкции энеолитического жилища. // Проблемы реконструкции хозяйства и технологий по данным археологии. Петропавл,1993.
8. Ахинжанов С. М., Макарова
JI. А., Нурымов Т. ЯК истории скотоводства
и охоты в Казахстане. А., 1992.
9. Матюшин М. Ф. Энеолит Южного Урала. М., 1982.
1 0.Алешкин В. А. Культурные контакты племен Средней Азии (неолит – эпоха бронзы). // Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. А., 1989.
11. Қазақстан тарихы I том «Атамұра», Алматы,1996
12. Қазақстан тарихы очерктер «Дәуір», Алматы,1994