Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 12:53, реферат
Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.
Кіріспе
1. Аңырақай шайқасы
2. Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны
3. Шайқас тағдырын шешкен тәсілдер
4. «Аңырақай үшбұрышы» еңбегінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Р е ф е р а т
Тақырыбы: Аңырақай шайқасы
Мазмұны
Кіріспе
1. Аңырақай шайқасы
2. Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны
3. Шайқас тағдырын шешкен тәсілдер
4. «Аңырақай үшбұрышы» еңбегінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.
Жоңғар Хандығы – Батыс Моңғолияда 17 ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет. Ғылыми әдебиеттерде Жоңғар Хандығының негізін салған төрт тайпа – шорос, хошоут, дурвэд, хойттар аталады (торғауттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған). Шыңғыс хан ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (1368 жылы) олар Батыс Моңғолияда қоныстанып қалған еді. Олармен туысқан тайпалардың бір бөлігі халхалар Шығыс Моңғолияда тұратын. Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену құқығы үшін Шығыс Моңғолия мен Батыс Моңғолияда тұратын ойраттар арасында бірнеше дүркін қанды соғыстар болған. 15 ғасырдың 1-жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418 – 40) және Эсен (1440 – 50) шығыс пен батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекетке қосқан. Бірақ ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты біріккен мемлекет ұзақ өмір сүрген жоқ. Олар Қытайға апаратын сауда жолынан айырылып қалды.
Аңырақай шайқасы 1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келген (1727). 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталады) жиналды. Бұл таулардың бауырында “Үлкен Орда қонған” деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Шайқас солтүстік Балқаш, оңтүстік Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы беделді жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да – осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40-45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Ит ішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасы алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. “Ай қорланды”, “Құйрық жеу”, “Ашамай”, т.б. қазақтың байырғы ұрыс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қара батыр (Төле бидің күйеу баласы), жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақтыларды Саңырық, ыстыны Төлек, шапыраштыны Қазыбек бек, албандарды Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17-20 жасар Әбілмансұрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады.
Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады.
Сөйтіп аталған шайқастан соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны мен маңызы осында болса керек.
Аңырақайдағы жеңіс – қазақ халқының бірлігінің жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге халықтың қаны мен жанында қалыптасып, сонымен бірге жасаған ұлттық сана-сезім өзінің күйзеліске түсуіне, дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш – халық бірлігінің сақталуына мүмкіндік туғызады.
Ендеше Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.
Шайқас тағдырын шешкен тәсілдер
Ертедегі ежелгі заманнан бері қай елде де соғыс стратегиясы әскери өнердің ең жоғарғы саласы болып келеді. Өйткені, қарулы күштерді соғысқа дайындаудың, оны жоспарлаудың, жүзеге асырудың теориясы мен практикасын соғыс стратегиясы қамтиды. Осы соғыс стратегиясы бойынша, қазақ халқында түріне, құрамына, ерекшелігіне байланысты әскер былайша бөлініп, мынандай атауға ие болды: атты әскер, жаяу әскер, ондық, жүздік, мыңдық, түмен, жасақ, қосын, қол, лек, аламан, оң қанат, сол қанат, шеру, сап, шеп, және т.б. Әскердің жарыспалы атаулары: батыр (баһадүр), аламан, еетй (сипаһ), шора, шерік, жасауыл, сарбаз, жауынгер, т.б. Дәстүрлі әскери лауазымдар: онбасы, жүзбасы, жүзбегі, мыңбасы, мыңбегі, түменбасы, түменбегі, аға (аға батыр), тархан, қолбасы, батырбасы, сардар, бек, беглербегі, әмір, әмір-әл-умара және т.б. Жоғары дәрежелі әскербасының түрік тіліндегі атауы – бек, араб тіліндегі атауы – әмір, моңғол тіліндегі атауы ноян. Шығыс елдерінде кейбір әскербасы дәрежесі әкеден балаға мұрагерлікке қалдырылып келді. Олар: әмірлік, тархандық дәрежелер.
Негізінен, соғыс стратегиясы өте ежелгі заманда пайда болған, әлеуметтік, экономикалық, саяси, техникалық жағдайларға байланысты біртіндеп қалыптасып, нығайған сала. Әр хандықтың, әр мемлекеттің өзіндік соғыс стратегиясы болды. Олар стратегиялық басымдықты иемденіп, ұстап тұру үшін тұрақты түрде күрес жүргізді. Қарулы күштердің барлық түрін үйлестіруді ұйымдастыру, резевтерді дұрыс пайдалану, майдандағы әскерлердің іс-әрекетін қырағы бақылап, оңтайлы шешім қабылдай білу оңайға соққан жоқ. Әбілқайыр хан да, Абылай хан да жоңғарлармен шайқаста ғасырлар бойы қалыптасқан Қыпшақтардың соғыс стратегиясын, әскери өнерін кеңінен пайдаланды. Тілеулі, Деріпсәлі, Дәуітбай қолбасшы Тілеуліұлы, Маңдай, Қошқарбай, Түгел, Жабағы тәрізді Қыпшақ батырлары жоңғарлармен шайқаста Қыпшақтардың ежелгі соғыс стратегиясына сәйкес тәсілдерді іске асыруда қарулы жасақтың басты тірегіне айналды.
Жоңғарлармен шайқасқа қазақтың әскер қосындары өздері табынатын киелі бейнелерді де әскери рәміздік белгі түрінде көтеріп шықты. Мұндай белгілер (бейнелер) металдан соғылып, алыстан жарқ-жұрқ етіп көзге көріну үшін қанық түсті матадан тігілген әскери туларға жапсырылды, оның жоғары жағына қасиетті аңның құйрығы байланды, тігінен немесе көлденеңінен ағаш сапқа бекітілді. Қолбасшылардың, батырлардың бәрінің де өз туы болды. Жазбаша, ауызша деректерде Қаракерей Қабанбайдың ақ туы, Абылайдың жасыл туы болғаны айтылады. Шақшақ Жәнібектің туының тәбәрік ретінде сақталып қалған бір бөлігі қазір ғана табылып отыр. Тілеулі батырдың туы туралы ой қозғасақ, болжам көп. Өйткені, Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан «Жоқтау» атты кітабындағы 23 жоқтау Әбдіғапарға арналған. Мұнда: «Мұсылманның ұраны – шұбар ала ту алдың», - деген жыр жолдары бар. Көтеріліс күндері Әбдіғапардың көтеріп шыққан осы туын кейбір қариялар «Бұл Нияз бидің туы еді», десе, кейбір қариялар «Бұл Нияз биге қалған Тілеулі батырдың туы еді», - деп те болжам жасайды…
Аңырақай шайқасында алғашқы ұрыстар позициялық күштерді барлау, ой қорыту мақсатында жүргізілді. Жоңғарлар да, қазақтар да сол өңірдегі тау, жыра, жазықты барынша ұтымды пайдаланып, аз шығынмен жауын көп қыруға жанталасты. Жоңғарлардың қару-жарағы басым еді, мылтығы, өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған зеңбіректеріне дейін болды. Халық тағдыры шешілгелі тұрған соғыста оның ешқайсы да қазақ жасағын жасыта алмады. Баһадүр қолбасшылардың бастауымен қазақ жасағы Дешті қыпшақ даласында ежелден қалыптасқан «Ай қораланды», «Құйрық жеу», «Ашамай» тәрізді ата-бабаларымыздың ұрыс тәсілдерін жан-жақты пайдаланды, лек-легімен іле жүргізе отырып, жоңғарлардың есін шығарды. Майдан даласында қазақтардың бұрын-соңды мұндай соғыс тактикасын шебер қолдана отырып, күшті мемлекет әскері болып шайқасқанын көрмеген жоңғар хонтайшыларының тілі байланып, аяқ-қолы тұсалды да қалды. Қазақ жасағының бір шабуылынан соң бір шабуылы өте қаһарлы да қуатты болып, жоңғар әскерінің, батырларының тоз-тозын шығарды. Сіргелі Елшібек батыр өз тобымен жойқын шабуылдаған күйі жау зеңбіректерін жарып жіберді, Тілеулі батырдың жылжымалы қамалына тап болған жоңғарлардың талай атты әскері көзді ашып, жұмғанша жоқ болды. Қанжығалы Бөгенбай мен Қалдан Сереннің інісі қолбасшы Шоно жекпе-жекке шығып, бірін-бірі жеңе алмағанымен, жекпе-жекте шапырашты Бөлек батыр қалмақ Аңырақайды, шымыр Ақша батыр қалмақ Дәржіні мерт қылды. Тек өкініштісі, осы шайқастың соңында Болат хан жараланып қайтыс болды, шымыр Ақша, күнту Барлыбай, сиқым Қарабатырлар да шейіт болып, көз жұмды. Масқара болып жеңілген жоңғарлар Аягөз, Шорға қарай жөңкіле қашты. Болат хан қайтыс болғаннан кейін басталған хан тағына талас жоңғарларды соңынан қуып, біржолата жойып жіберткізбеді. Болат ханның інісі Сәмеке (Шаммұхамед) ұлы хандыққа сайланбай, көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдағандықтан, оған Әбілқайыр қатты наразы болып, Әбілқайыр майдан даласын тастап шықты және Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа қарай алып кетті.
Даңқты Аңырақай шайқасының 280 жылдығы қарсаңында бір топ ғалымның «Аңырақай үшбұрышы: ұлы шайқастың тарихи-географиялық кеңістігі және хроникасы» (И.В.Ерофеева, Б.Ж.Аубекеров, А.Е.Рогожинский и др. «Аныракайский треугольник: историко-географический ареал и хроника великого сражения». Алматы, 2008) атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарыққа шықты. Кіріспеден, екі бөлімнен және көптеген өте мазмұнды қосымша материалдардан тұратын осынау іргелі жұмыс ғасырдан астам уақытқа созылған қазақ-ойрат соғыстарын, оның 1723-1730 жылдарғы кезеңін, әсіресе, қаралы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретінен соң қазақ үшін Отан соғысына айналған азаттық жорықтарының ең шырқау шыңы боп табылатын Аңырақай шайқасын түбегейлі қарастырған.
Құрамына тарихшы, геолог-геоморфолог, этнограф, археограф, палеоклиматолог, шығыстанушы, палинолог, географ ғалымдар енген зерттеушілер тобы 2005-2007 жылдары Шу-Іле аймағының ортаңғы бөлігінде бірнеше еет экспедицияда болыпты. Олардың далалық зерттеулері мен ізденістерінің нәтижелерін өңдеуге салалық ғылыми институттардың бірнешеуінің қызметкерлері қатысқан екен. Авторлар осы жылдары атақты шайқас өткен Аңырақай өңіріне өздері кешенді түрде жүргізген арнайы зерттеулерінің нәтижелерін сабырлы, сындарлы, ғылыми тілмен баяндап, кейбір қалыптасқан пікірлерге сын көзбен қарауға мәжбүр ететін қорытындылар жасайды.
Олар экспедициялар кезінде тарихи оқиға аймағын жер бетінен, ұшақтан суретке түсіріп, негізгі табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілерін географиялық және геометриялық тұрғыда көрсететін ғылыми сызбалар жасаған. Сондай-ақ, жер бедері мен су көздерінің қазіргі сырт кескініне ғылыми зерттеулер мен есептеулер жүргізіп, олардың жүздеген жылдарға созылған уақыт бойы табиғат салған өзгерістерден бұрынғы кейпін елестетуге әрекет еткен. Жер мен мекен-жайдың тарихи атауларын, әр кезгі географиялық карталарды, өлкені мекендеген тайпалардың тұрмыстық және мәдени ерекшеліктерін, олардың тіршілігі мен қызметінің біздің заманымызға жеткен материалдық қалдықтарын, бұрынғы Аңырақай ауылы тұрғындарының экспедиция мүшелеріне берген ақпараттарын қарастырған. Солардың бәрін өлкенің әскери-саяси тарихымен тығыз байланыста зерттей отырып, бұдан үш ғасыр ілгергі табиғаты мен жорымалы бейнесін және тарихи шайқастың бас-аяғы мен өту ретін ғылыми әдіспен қалпына келтіруге тырысқан.
Қысқасы, ғалымдар зерттеуге алынған аймақтың топографиясын, геоморфологиясын, ландшафын, палеоклиматын, археологиясын, тарихи топонимикасын, картографиясы мен этнографиясын, сол тұста орын алған саясат пен жаугершіліктер шежіресін жан-жақты талдап, зерттей келе, алынған деректердің пәнаралық синтезі негізінде, Аңырақай шайқасының нақты болған жерін, дәл уақытын және сондағы оқиғалардың қандай ретпен өткенін, қазақ әскери жасақтарының Аңырақай тауы ауданында жоңғарларға қарсы ұстанған шабуылдау стратегиясы мен тактикасының өзіндік ерекшеліктерін анықтаған.
Кітапта безендіру материалдары ретінде ғылыми зерттеулердің танымдылығы мол көрнекі нәтижелері – сызбалар, карталар (әсіресе отан тарихына қызыға қараушыларға мейлінше түсінікті ерекше де жаңа жұмыс – авторлардың соңғы деректері бойынша құрастырылған «Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның аумағындағы жоңғар қарауыл бекеттерінің орналасу картасы (ХVII ғ.-XVIII ғ. Ортасы)», жер бедерлері мен табылған айғақтардың фотосуреттерімен қатар 18-ғасырдағы қазақ және ойрат тайпаларының қоныстануын, Ресей мен Жоңғария арасындағы даулы жерлерді көрсеткен карталар, жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің «Қалмақ картасы», соның негізінде 1738 жылы Ренат (жоңғарлардың зеңбірек құю, отты қару-жарақ жасау зауыттарын салған шведтік соғыс тұтқыны) жасаған «Жоңғар Қалмақиясына қарайтын қотандардың картасы», 1758 жылғы «Орынбор және Сібір губерниялары шекаралық орындарының жағырафиялық картасы», тағы басқа да көне карталардың репродукциялары берілген.
Іргелес ғылымдар өкілдерін тарта отырып үйлесімді сипатта жасалған зерттеулер нәтижесінде дүниеге келген бұл еңбекте отан тарихын білуге құмартушылар танымының көкжиегін кеңейте түсетін тың жаңалықтар көп, солардың ішіндегі бірегейі Аңырақай шайқасына қатысты ашылған.
Отан соғысының шешуші шайқасы болған тарихи майдан даласы, фольклорлық дерек көздеріне қарағанда, Аңырақай жоталары мен Алакөл жазығы аралығында, яғни, Аңырақай алқабының солтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. «Демек, Аңырақай шайқасының табиғи шекарасы оңтүстік-батыста – су айыратын сала мен Аңырақай жоталарының солтүстік-шығыс шоқыларын, батысында – Қопалы өзені мен Қаракемердің тармақтарын, солтүстік-шығыста – Бескөл алқабын, ал шығыста – Сарыбұлақ өзенінің аңғарын» алып жатқан аумағы 210 шаршы шақырымдық аудан. Сол орын «қазақтардың басқыншы-жоңғарларға жалпыхалықтық қарсылығының қорытынды кезеңінде басты әскери қимылдар театры болды» .
Зерттеулер барысында
Аңырақай шайқасы болған даланың
айқын үшбұрыш түрін