Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2015 в 20:01, реферат
Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның мәдени дамуы туралы қазақша реферат
Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен өзгерістерге бет бұрып отырғанын айқын көруге болады.
Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму үрдісінде бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардың біріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын алып, импульспен, қарышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы, екіншісі –мәдениеттің даму үрдісінде бұрын болып көрмеген экономикалық кедергілер мен халық бұқарасының санасындағы психологиялық өзгерістердің салдары болып табылатын іркілістер жатады.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды [27].
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
-Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
-этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
-менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
-азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
-мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;
-тарихи-мәдени мұраны қорғау;
-ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
-мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
-мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
-мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды. Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті.
Меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды[29].
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды. 1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: 1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі. 2. Идеология — әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. 3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. 4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады. Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді [30].
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Қазақ әдебиеті де жаңа шығармалармен толықты. Ә. Нүрпейсов Арал және ондағы адам тағдыры туралы «Соңғы парыз», романын, Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» трилогиясының соңғы томын, М. Мағауин «Мен» атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы «Дарабоз»дилогиясын оқырмандар назарына ұсынды.Ақындар Қ.Мырзалиев,Т.Медетбеков, И.Оразаев жаңа поэтикалық шығармалармен көрінді.
Ресейдің Қазақстандағы және Қазақстанның Ресейдегі жылдарының жариялануына байланысты шаралар шеңберінде көптеген қазақ жазушыларының шығармалары орыс тілінде жарық көрді.Композитор Е.Рахмадиевтің Ә.Кекілбаевтың либреттосы бойынша жазылған «Абылай хан» операсы жанр табысы деп танылды.Классикалық музыка өнері саласында А.Мұсаходжаева,Ж.Әубәкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева және тағы басқалар едәуір шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді.
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың көп жылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылатын,дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған көлемді еңбегі «Жазу тілі»кітабы жарияланды.
Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы»кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды.Өлеңмен жазылған бұл романда автор адамдардың өзара қауышуы бабында қалыптасқан дәстүрлі құндылықтардан айырылып қалуы,соның салдарынан гуманистік принциптердің жойылып бара жатуы бүкіл адамзатты рухани тығырыққа тіреп отыр деген қорытынды жасаған.Қазақ әдебиеті жаңа шығармалармен толықтырылды.
Кітап басып шығару қарқынды жүрді.Туған жер, ел және оның тарихы мен мәдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды,мазмұны кең, көптомдық энциклопедиялық басылымдар басылып шықты.Олардың ішіндегі елеулері ретінде «Қазақстан»Ұлттық энциклопедиясын,Қазақстан тарихын,қазақ фольклоры антологиясын атауға болады.Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығына орай екі тілде «Қазақстан Респубикасы» энциклопедиялық анықтамасы жарық көрді.
Дегенмен тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда жекелеген авторлардың жетістіктеріне қарамастан, тұтастай алғанда, ұлттық мәдениет, соның ішінде, көркем әдебиет тоқыраудан шыға алмады.Жаңа қоғамдық қатынастар жағдайындағы адамдардың өмірі мен қызметін көркемдікпен игеру баяу жүрді.Қазақ тілінде мәдениет туындыларын жасаушыларкүн сайын болып жатқан ірі саяси оқиғалардың мәнін қазіргі заман адамының талғамына сай,жоғарғы көркемдік деңгейде сипатталған шығармаларды дүниеге әкеле алмады.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды. [31][
Ұлан-байтақ Қазақстан жері. Төсін керіп еркін тыныстап жатқан сайын дала. Кермек жусан исі, ұшқан құс, бұлдыраған сағым, ақырын соққан самал жел, күмбездей төңкерілген көк аспан, мүлгіген тыныштық. Бұл – менің отаным, туған жерім! Ол шығысында — Алтай тауларынан басталып, Каспий теңізіне дейінгі, солтүстігінде — Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларынан Тянь-Шаньннің солтүстік беткейі аралығындағы алып территорияны алып жатыр. Әлі есімде, ең алғаш рет география сабағында бес бірдей Франция сыйып кететін Қазақстанның картасын көріп, оған Австрия, Германия, Италияның бірнешеуін ойша сыйдыруға тырысқаным. Ал кейін найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғалған жер тек табиғи ресурстар мен физикалық-географиялық артықшылық иесі ғана емес, сонау көне дәуірлерден тамыр жайған көшпелі тайпалар мәдениетінің алтын бесігі екенін ұғындым. Оның айнымас дәлелі Қазақстан жерінен табылып жатқан көне сақ, үйсін, түркі, қыпшақ мәдениеттерінің ескерткіштері, өнер мен қолөнер туындылары. Бұлар біздің ұлттық мәдениетіміздің тарихын баяндайтын игіліктер.
Тарих- адамзаттың тамыры. Өз тарихына үңілу, өткен жолын қорытындылау, жете түсінуге ұмтылу, оны бағалай білу — елін сүйетін, өзін танығысы келетін әрбір адам үшін маңызды. Адамзат үшін тарих өз алдына құндылық, ендеше сол тарихты баяндайтын материалдық игіліктер де құнды болмақ. Ерте тас дәуіріндегі Сақ мәдениеті, қола дәуіріндегі Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, темір дәуіріндегі сақ, үйсін мәдениеті негізінде қаланған көшпелі түркілердің мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бастау бұлағы.
Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті қай бағытта дамып жатыр, деңгейі, негізгі идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай қабырғасы қалана бастаған біздің Отанымыздың әлемдік мәдениет пен өркениет көрмесіндегі орны қандай, және мәдениеттің дамуына қазіргі заманда қандай үлес қоспақ? Бұл ретте мәдениет атадан балаға мұра болып қалып, ұрпақ ауысқан сайын дамып отыратынынын ұмытпаған жөн. Сондай-ақ мәдениет — дәстүрлі салт дәстүр, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде дүниеге келетін әдебиет, театр, ән күй, бейнелеу, қолөнері сынды өнер туындыларынан, халықтың ортақ рухани байлығынан құралатындығы белгілі. Бұл орайда біз әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі — бейнелеу өнерін назардан тыс қалдыра алмаймыз. Ежелгі тас дәуіріндегі үңгір суреттері, петроглифтерден басталып, қазірде көркемдік, идеялық құндылықтары қалыптасып, ғылыми негізделген бейнелеу өнері әртүрлі дәуірлердегі халықтың ой санасын, дүниетанымын, мәдени кемелдік-дәрежесін көрсететін айна сияқты.
Бейнелеу өнері техникасы, технологиясы Батыстан әкелінген жаңалық болса да олардың бәрі халық өнерінің, дүниетанымының бір бұтағы ретінде өркен жайады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы қалыптасқан ұлттық сана сезім, дүниетаным жаңадан енген өнер түрінің қайнар көзіне айналды. Қазақ халқының дәстүрлі көзқарасы өнердің жаңа түрінің бағыты мен сипатын анықтап отырды. Халықтың дәстүрлі ой санасымен терең байланыс негізінде Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктері мен идеялық бағыты қалыптасты.
Өнер үшін бір ғасыр онша көп мерзім емес. Бірақ Қазақстан суретшілерінің бірнеше ұрпағы өткен жол өзіндік ұлттық ерекшелігі мен идеялар жинағы бар көркемөнер мектебін қалыптастыра алды.
Кез келген нәрсенің бастауы бар. Өнер де өзінің бастау бұлағын, халықтың түп тамырын назарына алғанда оның этнографиялық, кейін поэтикалық дәрежелерінен өткесін жаңа биікке шығып, оны пайымдаудың философиялық дәрежесіне көтеріледі. Суретшілер халық мінезі мен тарихын тереңнен түсінуге тырысып, заман құбылыстарын терең пайымдауға тырысады. Олардың шығармашылығы қандай дүниетанымдық немесе тақырыптық деңгейде болса да, ең алдымен туған елге, халқына қатынасымен, оның територриялық, ұлттық дербес ерекшеліктерін көрсетумен, жергілікті құндылықтарды жинақтаумен анықталады.Бұл әрине, таза өнерге ғана қатысты. Таза өнер, меніңше, әуелі – халық өнері, ол ешқандай идеалогияға бағынбайды. Бұл жағдай қазіргі Қазақстан суретшілері үшін дін ең алдымен ұлттық өнер, ұлттық қолтаңба, ұлттық дүниетаным, болмыс түсініктеріне байланысты. Бірақ 80-90 жылдардан бергі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын осы көзқарас нүктесінен талдамас бұрын, қазақ көркемөнерінің классиктеріне тоқталып өткен дұрыс сияқты. Өйткені, менің көзқарасым бойынша бүгінгінің бәрі өткенмен сабақтастықта дамып, салыстыру барысында айқындалады.
Информация о работе Қазақ халқының XIV-XV ғасырлардағы мәдениеті