Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2015 в 20:01, реферат
Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.
Бұл орайда ең алдымен шығармашылық қолтаңбасы академизмнен мүлдем ада, халықтың дәстүрлі өнеріне өте жақын Ә.Қастеевтің 1930 жылдардағы шығармашылығын айтуымыз керек.
Оның шығармашылығына ұлттық дүниетаным мен ұлттық рухты мәнерлеудің дәлме-дәлдігі тән. Қастеев туындыларындағы барлық тақырыптар мен сюжеттер қазақ халқының тұрмысымен байланысты. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі» атты туындысында асқан ыждағаттылықпен киіз үйдің бұйымдарының бірін қалдырмай бейнелейді. Суретші алуан түрлі тұрмыстық бұйымдарды айшықты түстермен көрсетіп қана қоймай, халық тұрмысының өміршеңдігін де бейнелейді. Суретшінің «Бие сауу», «Колхоз тойы», «Колхоздың сүт фермасы» және т.б. жұмыстарына қазақ тұрмысын өте жақсы білуі мен оған деген шынайы махаббаты негіз болды. Оның лирикаға толы пейзажы мен портреті де, өз дәуірінің шындығын бейнелеген тақырыптық картиналары да туған халқына деген терең сүйіспеншілікпен жазылған.
1980 жылдардың екінші жартысында суретшілер үшін қоғамдағы жеке адамның табиғи мәдениетін анықтайтын ұлттық болмысқа түрткі болу, сұраныс тудыру, өткенді қайта жаңғыртуға мүмкіндік жасау басты міндетке айналды. Осы жылдардың ортасынан бастап бері қарай Қазақстан суретшілері тарихи, тарихи-мифологиялық тақырыптарға ерекше көңіл аудара бастады. Рәмізді нышандар мен қатар халықтың болмысында монументті бейнелер арқылы жеткізу де орын алды. А.Ақанаев, К.Дүйсенбаев, Ә.Сыдыханов, Қ.Зәкіров, Б.Түлкиев, А.Есдәулетов, Б.Бапишев, Қ.Хайруллин, Ғ.Маданов секілді қылқалам шеберлерінің ізденісі нәтижелері өз орындарын тауып, ұлттық болмыстың сазды әуендерін шерте білді. Олар ата баба тарихын аден қойып, рухани қазынаны меңгеруге ұмтылды.
Болмысты басқаша символмен түсіндіру, жалқы мен жалпыны, сәт пен мәңгілікті ұштастыру Шығыс өнерінің басты ерекшелігі. Өз әсеріңді тікелей айта салу — астарлы сөзге ерекше мән беретін қазақтың көркемдік талғамына жат нәрсе. Бұл дәстүрлі таным бейнелеу өнерінде де өзіндік көрініс тауып, суретшілердің өмірден алған әсерлерін бейнелеуде таңба мен символға ерікінді берді
ХХ ғасырдағы қазақ кескіндемесінің негізгі тақырыбын өзге ұлттың дәстүрлерімен сұхбат, яғни орыс реалистік мектебі, француз импрессионизмі, кеңес кескіндемесімен сұхбаттастық анықтады.80 жылдардың екінші жартысында қайта құру берген еркіндік суретшілер шығармашылығына да еркіндік берді. Суретші кенептерінде ұлт тарихының түбіне терең үңілу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар өрісін анық бейнелеуге деген ұмтылыс байқалды. Осы жылдарда түрік мәдениетіне, жалпы шығыс архаикасына деген қызығушылық өсті. Б.Бапишев, Г.Маданов, А.Есдәулетовтың шығармаларында ұлттық бастамалар мен рухани көздерге деген үндеулер анық байқалады.
Бұл, меніше, ең алдымен қандай да болмасын тарихи әлеуметтік, табиғи өзгерістерге қарамастан бейнелеу өнері мен дәстүрлі дүниетаным арасында ішкі байланыс пен сабақтастық міндетті түрде сақталатындығының дәлелі. Бұлардың айғағы — адалдықтың, тазалықтың белгісі – ақ тазы мен еркіндік пен жігер белгісі қыран құс аса бай ою-өрнектпен әскезделеген текемет фонында бейнеленген Ақтотының «Қазына»; ырыс-береке жебеушісі – қошқар салынған «Молшылық белгісі»; Есдәулетовтің «Бастау» бейнелері.
Ұлттық мәдениеттің гүлденуі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Бұл орайда халық суретшілері алдындағы үлкен міндет – ұлттық дәстүрлі өнердің тұрақты белгілерін меңгеру. Қазақ халқының өнерін айқындайтын дүниетанымдық белгілер бар. Ол әуелі кеңістік ұғымы. Кеңістік – біздің дәстүрлі түсінігімізде өнерде шексіз және тұтас жаратылыс туралы ойды қамтиды. Сондай-ақ ұлттық өнер астарлы ойға, пәлсафалық тұжырымға бағынады.
Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінің жағдайын толық түсініп, баға бере алу үшін біз халықтың дәстүрлі өнері тудырған табиғи көркемдік заңдылықтарды да, әлемдік мәдениет мұраларын да, қазіргі заманның өзгеше міндеттері мен талаптарын да назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Ғасырымыздың соңғы онжылдығында бейнелеу өнерінің құндылық және көркемдік көрсеткіштерінің айқын, өзіндік ұлттық бағытта дамуының қарқыны күшейе түсті. Қазіргі суретшілердің бейнелеу әдістерінде рәміздендіру, таңба мен символикалық бейнеге сүйену кең өріс алды. Суретшілер әлемнің күрделігі мен халықтың тарихи жолын сөз етуде себеп-салдарлық байланыстарды айналып өтіп, ұлттық мәдениетпен байланысты қазақ дүниетанымы құндылықтары тұрғысында, символикалық және аллегориялық жинақтау дәрежесіне әкелді. Шығармаларында дүниені құпияланған көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылып, өмірдің қым-қуат қозғалысын көрсетуде түстерге еркіндік береді.
А.Сыдыханов өз шығармашылығында идеяны берудің ерекше құралы ретінде қазақ халқының рулық рәмізін, таңба мен ою-өрнектің әр түрін алады. Солар арқылы дүниенің өз түсінігіндегі тәртібін көрерменге түсіндіреді.Ол қазақ ұлтының тарихи-көркем болмысын рулық таңбаының кескіндемелік пластикалық өзгеруі арқылы жасайды. Көшпелілер мәдениетін көркемдік зерттеуді тарихи-тұрмыстықтан философиялық-рухани және адамгершілік бейнеде, оған ұлттық ділде ғана өмір сүре алатын рәміздік мағынасын береді.Бұл ретте суретшінің ұтымды шығармасы деп «Түркі халықтарының рәміздері» (1997) атты туындысын атаса болады.
А.Ақанаевтің шығармашылығы дала аңыздарын еске түсіреді. Қазіргі заман суретшілері ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетінің аңдық стиліне, анималистік тотемдік ағымына ұқсас бейнелеуді қалыптастырып жатыр. Оның 1999 жылы жазылған «Дала адамдары» шығармасы біздің көшпелі халық мәдениетімен терең байланысымызды көрсетеді. Жүк артылған түйе, киіз үйдің шаңырағы, кимешек киген қария — өткеннің өнегесі мен біздің байлығымыз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұраның қарт ана сақтаушысы іспеттес.
А.Есдәулетов шығармашылығындағы мүйізтұмсықтар мен бұқалар адамзат мәдениетінің бастауына ой жүгірткізеді. Оның 1997 жылы жазылған «Бастау» картинасы суретшінің өз тегіне, тарихына деген қызығушылын көрсетеді.
Ақтотының 2003 жылы жазылған «Қазына» картинасы да біздің рухани, материалдық байлығымызға үңілтеді. Ақ тазы – тектілік пен адалдықтың белгісі болса, тұғырда отырған қыран құс ерік-жігердің, мығым сенімділіктің нышаны.
С.Тайковтың «Аңсау» атты туындысы да өткенмен байланысты, оны сағынуды паш етеді. Қолын алдына қойып, қырынан отырған жас ана жаратқанннан тыныштық пен амандық тілеп отырғандай. Атып келе жатқан күннің жұмсақ сәулесі келешекке деген сенім мен үміт белгісі болса, екі нар түйе төзім мен даналықты білдіреді.
90 жылдардың екінші жартысында ұлттық бейнелеу өнері мектебі өз кемеліне келіп, жаң қарқынмен дамуға бет қойды.Бұл суретшілердің өздеріне ғана тән ерекше қолтаңбаларының дербестігінен көрінеді. А.Дүзелханов, Д.Қасымов кенептерінде нәзік сезімталдық пен төл мәдениетке деген ерекше құрмет таң қалдырады.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнері үшінші мыңжылдыққа ұлттық рухпен толысқан, дәстүр сабақтастығын бұзбаған түрде аяқ басты. ХХ ғасырдың екінші жартысында қаланған көркемөнер мектебінің даму жолын пайымдай отырып, қазіргі заман бейнелеу өнерінде өзіміздің көне мәдениетімізді тануға, өз бастауымызға деген терең ықылас қоюшылықты көре аламыз.
Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық технологияның қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалық үндестік деп жар салып жатқан дәуір. «Аулада ХХІ ғасыр тұр. Мәдени, рухани экспансия ғасыры. Бұрын соғыс алаңына найзалар мен мылтықтар, танктер мен автоматтар шығатын болса, енді сол майданға әрқилы діни конфессиялар, ұлттық тілдер мен мәдениеттер шығатын болады» — дейді. Серік Аббасұлы «Парасат» журналына берген сұхбатында. Қазақстан да сол майданда қолжаулық болмас үшін мығым экономика мен әр салада бәсекеге қабілетті білім қалыптастыруға мүдделі. Бірақ тек қана жалғыз экономикамен мемлекет құрылмайды. Тарихи-мәдени белгілер, біздің ешкімге ұқсамайтын төл мәдениетіміз мемлекеттің бір қырын танытатын айна. Әлемдік мәдениеттер көрмесінде біртұтас ел екенімізді көрсететін бет бейнеміз.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс” басталды. (Астанада арх. К. Курокаваның бас жоспары бойынша /1934-2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава), (Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталық концерт залы (2009, арх. М. Николетти, Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт кешендері тұрғызылды.
Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.
Қазақстан киноөнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.
2006 ж. «Қазақфильм» “Халық таңдауы: Қазақ киносының алтын топтамасы” акциясын ұйымдастырды. Қалың көрермен қауымның іріктеуімен алынған 50 фильмнің 20-сы реставрацияланды. Рейтинг көшбасшылары: «Абай» (А. Әміркұлов, 1995), «Бойся, враг, девятого сына» (В. Пусурманов, В. Чугунов, 1984), «Қан мен тер» (Ә. Мәмбетов, Ю. Мастюгин, 1978), «Жамбыл» (Е. Дзиган, 1955), «Аңызға айналған Шоқан» (А. Әшімов, Цой Гук Ин, 1984).
2011 ж. наурызында Алматы қаласында «Қазақфильм» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай “Қазақстанның жаңа деректі киносы” атты фестиваль өткізді [86, 223 б].
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (Алматы) студенттері түсірген Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас жасөспірім жігіттер мен қыздардың өмірі туралы “Мен 20 жастамын” деректі фильмі – нағыз құбылыс болмақшы.
Республикада Қазақстан мәдениетіне, өнеріне және әдебиетіне арналған 70-ке жуық мемлекеттік мұражай жұмыс істейді.
Әлемдегі бірде бір халықтың мәдениетіне де, өмір жағдайына да, оның географиялық, тарихи және психологиялық сипаттарының ерекшеліктеріне де оқшаулану тән емес. Бұл тереңнен тамыр жайған қазақ мәдениетіне де қатысты. ХХ ғасырда қалыптасқан кәсіби бейнелеу өнері дәуір дауылдарына төтеп беріп, өз дамуында өткенмен рухани үндестікті жалғастырып келді. Біз, ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан жастары, төл мәдениетіміздің ерекшелігі, көшпенділердің дәстүрлі, тұрақты менталитетінің негізгі мән мағынасы сарқылмас қазынамыз екенін түсініп, тарихымызды ықыласпен пайымдауға тиіспіз. Біз өзге мәдениеттен экзотикалық талғаммен дәм татып, өз мәдениетімізді саф алтындай сақтай білуге міндеттіміз
Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.
Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.
Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер өздерін сол мемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын.
Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызу керек болды.
Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды [32].
Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне бастады, ұттық рухы оянды, өзінің ұлттық құндылықтарын ақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болып отырған қазақ ұлтының ұлттық санасының ерекше ояну кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де болады.
Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың нәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.
Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.
Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді.
Үшіншіден, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған неміс, т.б. халықтарға тән болды[33].
Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.
Информация о работе Қазақ халқының XIV-XV ғасырлардағы мәдениеті