Қазақ хандарының реформалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 16:29, реферат

Описание работы

Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.

Содержание работы

I.Кіріспе.
II. Негігі бөлім;
1.Тәуке хан реформатор ретінде.
2. Қазақ хандарының реформалары (Қасым,Есім,Тәуке хандар).
III. Қортынды.

Файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

                                                           Жоспар

 

I.Кіріспе.

 

II. Негігі бөлім;

  1.Тәуке хан реформатор ретінде.

   2. Қазақ хандарының реформалары (Қасым,Есім,Тәуке хандар).

 

III. Қортынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

                                              Кіріспе.

 

Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз  мемлекетіміздің  нығайып,  жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы,  ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын  солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.

    Кешегі патшгалық саясат  пен тоталитарлық  басқару әдісі  халықты шенеуніктер не айтса, соған көнуге  үйретіп  , мәңгүрттендіре  отырып, ата-бабаларымыздыің өткен  өмірін сұрғылт, қаптаған сор  , әділдіктен мақұрым ретінде  санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді. Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына , ұлттық сананың өспеуіне әсер етті. Нәтижеде «бөлшекте де , билей бер» деген қағида ұран күшіне еніп, оны жүзеге асыру шаралары қарастырылды. Қазақ халқының рулардан тұратының сәтті пайдалана білген басқыншылар  бір руды екіншісіне айдап салды, араға сөз жүгіртіп , ел арасын арандатты.Қазақ қоғамына әр түрлі дау-дамайларды қасақана қопсытып, өзара қырқыстыру нәтижесінде атамекенінен бірте-бірте айырды. Мұндай жымысқы саясаттан кеңес өкіметі де адал бола алмады, қайта тапқа, топқа, жерге бөлу өршітіле түсті. Сол ауыру әбден меңдегені сонша, одан әлі күнге айырыла алмай келеміз.

       Ата-бабаларымыз  қалыптастырып еншімізге қалдырған  заңдар әрқашанда имандылықпен, әділдікпен қабысып, оны озық адамзат қоғамы өз жан-дүниесімен шығарған болатын.Сол себепті де ол деуірде имандылық пен заң бәрінен де жоғары қойылып, оған ханнан бастап қараға дейін бас иген, талаптарын мүлтіксіз сақтаған. Қазір мұндай байланыс мүлдем үзілген. Оны патшалық Ресейден бастап, кешегі тоталитарлық басқару жүйесі быт-шыт қылған. Қираған ұлттық сипаттарымызды зерттеп, зерделеп, тәуелсіз мемлекетіміздің басты идеологиясына айналдыру іспетті маңызды мәселе тарих ғылымы мен құқықтық тарихымызда негізгі мәселе болуы тиіс. Құр сүлбесі қалған ата-бабаларымыздың құқықтық мәдениетін қаз-қалпына келтіру аса қиындық келтірмейді. Өйткені ол рухани мұралар, қанымызға, дінімізге әбден сіңген. Оны жоқ ететін күш әсте болмайды.

                                              Негізі бөлім.

     Қазақ әдет-ғұрып заңдары бірден көктен түсе қалған жоқ. Ол өз бастауын сонау ежелгі замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыз сақ-массагет,гундерден алады. Кейін әдет-ғұрып заң нормалары батыс-түрік қағанаты дәуірінде жетіле түсіп, ал дешті-қыпшақ, Қарахан тұстарында заң түрінде қалыптаса бастады. Бұл дәуір ислам дінінің Қазақстан территориясына таралып, ене бастаған кез еді. Құйындай шарпып өткен моңғол шапқыншылығы, Шыңғыс ханның «Жаса» заңы да, кейіннен қазақ хандары: Қасым, Есім, Тәуке жасаған құқықтық реформалар да әдет-ғұрпымыздың бұл қалыптасу құбылысына түбірлі әсер етіп, оны өзгерте алмады. Ққалыптасу процесі бір қалыпты, баяу, өз ағымымен жүріп отырды. Ислам діні шариғат қағидалары мен түркі тектес ата-бабаларымыз қағида-ережелері бір-біріне араласып, өзара бірін-бірі толықтыра отырып, өзіндік сипатқа ие жаңа әдет-ғұрып қағидаларын қалыптастырды. Мұндай бір-біріне әсер ету, бір-біріне кірігу әдет-ғұрып  қағидаларының көп тармақтарында байқалды, оның иституттары заманға сәйкес сомдала түсті. Сөйтіп, оның кез-келген тарауларынан біз патриархаттық- феодалдық өсіп-өркендеудің ерекшеліктері мен сипаттарын көре аламыз. Әдет-ғұрып заң нормалары қоғамның негізгі бағыттаушы ролін атқаратындықтан, оның тұрмыс-тіршілік барысы, халықтың ойлау дәрежесі айқын сезіледі. Сайып келгенде, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сол қоғамның айнасы болып табылып, өзінің мазмұнымен де, болмысымен де қоғамнық- саяси тіршілігімен де тығыз қабысып жатады. Сондықтан да әдет-ғұрып заң нормалары , өзінің мазмұнымен де, құрылысымен де, иституттарымен де сол қоғаммен біте  қайнасып, сол ортаға қызмет етеді. Сол себепті де Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси тарихын көзден таса ете отырып, зерттеуге мүлдем болмайды. Томаға-тұйық болса да дами отырып, қазақ әдет-ғұрпы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы негізі берік, жан-жақты сомдалған құқықтық сипатқа ие болды. Қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерден бастап, саяси өміріндегі барлық құбылыстар осы әдет-ғұрып заң нормаларымен реттеледі. Бұл 20 ғасырға дейін қолданылып келді қазір де кей тұстары өз күшін жойған жоқ. Қайта еліміз тәуелсіздігін жариялап, жеке ел болып отырған тұста, оның тармақтары көктемде қылтиып шыққан жауқазындай бой көтере бастады. Түбінде Қазақстан мемлекеті аман болса, , өзінің ата-бабалары қалыптастырып, ұрпақтарына тастап кеткен қағида-ережелері өздеріне қалтқысыз қызмет етеді деп сенеміз.

Әдет-ғұрып заңдары қашан да болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады. Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрыта алмайды. Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді жақтарымен ғана көрінген.

Әдет-ғұрып заңдары қоғамда араласпайтын жері жоқ, Ол қоғамның барлық тармақтарына кірігіп, сол шеңберде әрекет етеді. Кез келген тармағындағы құқықтық тәртіпсіздік жауапкершілікке апарып жазаға (айып, тоғыз, құн т.б.) не болмаса кешірім сұралатын рухани бишаралықпен өндіріледі. Әдет-ғұрып заңының бір ерекшелігі – түрме қапассыз-ақ тәртіпсіздікке тұсау қоя алуы, өн бойында демократиялық сипаттарының мол болуы дер едік. Сот процесі міндетті түрде жариялы түрде, жиналған көпшілік пікірімен санаса отырып, екі жақтың айғақтарына мән беру, істі ақылға салып, әділ шешу, мәмілеге келу т.б. арқылы жүргізіледі. Кез келген жасалған қылмыс аяқсыз қалдырылмайды. Қаралатын істе көпшілікке тәрбиелік бағыт беретіндей жағы қарастырылады. Әсіресе, нақақ кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығарушылық, әйел зорлаушылық, зинақорлық, біреудің әйелін алып кетушілік міндетті түрде көпшілік алдында жауапқа тартылады.

Қазақтарда «Қылмыс-күнә», ал оны жасаушы қылмыскерлер «күнәһарлар» болып табылады. Қылмыскер жауапқа тартылуы үшін кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, істеген ісіне жауап бере алатын болуы шарт. Ал, екіқабат әйелдер, жындылар, кәмелетке жетпегендер, құл мен күңдер (оларды күнәсі үшін қожасы қожасы жауап береді) жауапқа тартылмаған. Міне, сөйтіп, ислам дінімен біте қайнасып, астарласып кеткен қазақтардың қылмыстық құқықтары, оның шариғат заңдары қағидаларымен өте ұқсас. «Күнәһар» деген сөз, тәртіп бұзушылық, біреуге обал жасаушылық. Оның жазасы бұл пәни дүниеде де, ол дүниеде де болатындығы. Қылмыс жасаушылар бұл дүниеде сот алдында, ол дүниеде Алла алдында жауап беруге міндетті.

Сондықтан да әдет-ғұрып заңдарының негізгі талаптарының бірі жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципін (қанға-қан, жанға-жан), өлтірілсе - өлтірілген, мүгедек етілсе – мүгедек етілген.

Қазақ әдет-ғұрпының («Жеті Жарғының да») негізгі тармағына біреудің отбасын бұзу, зинақорлық жатады. Бұларды жасаушылар міндетті түрде өлтірілген. Өйткені, қайсы бір қоғамды алмайық, ол отбасынан жанұдан құралады. Отбасы бейбіт өмір кешсе, қоғамға жақсы, қабырғасы нық зәулім үй секілді болғаны, ал отбасы бұзылып, іріп-шіріп жатса онда зәулім үй қирады десе де болады Сондықтан да барлық заманда отбасының беріктігіне ерекше көңіл бөлініп отырған. Әрдайым отбасының қожасы – отағасы, яғни сол үйдің иесі ер адам болып табылады. Әке құқығы өте кең. Барлық мал-мүлік пен шаруашылықты басқару қолында болған. Отбасы – ері мен әйелінен, бала-шағасынан тұрады. Әсіресе, отбасысының кілті әйел адамның қолында. Әйелге, үй-іші тазалығынан, тамақ даярлап пісіруден бастап, бала тәрбиесі, қонақ күту, үй шаруашылығы, малды сауу және жайғау, оның өнімдерінен заттар даярлау, киіз басу, өрмек тоқу, т.б. осы секілді өмірі бітпейтін барлық шаруа мойнына жүктелген. Сол үшін қазақтар қыз балаға ерекше мән беріп, жақсы тәрбиелеп өсіруге тырысқан. «Жеті Жарғыда» ері әйелінің зинә жасап жатқанының үстінен түссе, онда әйелін де, оның ойнасын да өлтіруге құқықты, ол үшін құн төлемейді - деп жазылған. Сонымен қатар, өлім жазасына әйелді зорлап зинә жасағандар, сол секілді шариғат некелесуге тыйым салған қағидаларды бұзып, өзінің қарындас, қыздарына т.б. жақындасқандар кесіледі, - дейді. Әлемдегі барлық қазақтар ішіндегі тек қазақтар 7 атаға дейін қыз алыспайды. 

Шариғатта да зінәқорлығы үшін жас-кәрі, азат не құл, мұсылман не кәпір, ер мен әйел, еркек пен еркек екеніне қарамай, тек кәмелетке жетсе болғаны өлтіріледі.

Қазақтарда да, шариғатта да әйелді зорлағандардың өлім жазасына кесілуі, әйелдердің жеке мүддесін, абырой-намысын қорғағандық қана емес, әйел адам барған отбасының, қала берді бүкіл руының намысын қорғағандық деп білуіміз керек. Өйкені әйелді зорлау біреудің отбасын бұзғандық болып саналады. Сондықтан да «Жеті Жарғы» бойынша зинақорлар өлтірілген . Әрине бұл жазалар біреудің некелі әйелін зорлағанда жүзеге асырылған. Ал басы бос айттырылмаған әйел мен қыздарды алып қашушы адымды жазалауда басқаша түр алады. Бұл жағдайларда кінәлі адам өлім жазасына кесілмейді, егер тұрмыс құрғысы келмесе, онда қызды ата-анасына қайтарып, үстіне қалың мал төлеп өлімнен құтыла алады. Осы жоғарыда айтылғандар бұзылып, орындалмай жатса, онда «жесір дауы » туындайды. «Жесір дауы» институты өте салмақты, бұл даудың кесірінен барып кісі өлімі, барымта т.б. даулар туындап жатады.

Қазақ әдет-ғұрып заңдарында ұрлық-қарлық, тонау мен қарақшылық та үлкен тарауды қамтиды. Өйткені, мал-мүлік әркімнің меншігі саналып, оған қол сұғушылар әр қоғамда да қатаң жазаланып отырғаны тарихи деректерден белгілі.

Әсіресе, кісі тонаушылық пен қарақшылық жасаушылар өлім жазасына жазаланған. Шыңғыс ханның «Жаса» заңында да « кімде-кім жылқы ұрласа, онда иесіне 9 жылқы етіп қайтаруы тиіс. Мұндай айып төлей алмаса балаларын алу керек. Ал балалары жоқ болса, өзін малша бауыздау қажет» , - делінген. Ал, 1640 жылғы Монғол-Ойрат Ережесінде: бір түйе ұрлағанға - 15 тоғыз, айғырға – 10 тоғыз, биеге – 8 тоғыз , сиыр, қой, құнан атқа – 6 тоғыздан айып төлеткен.

Қазақстанда да ірі қара малды ұрлаушылар 4 адам куә болып, айғақтап берсе өлімге кесілген. Кімде-кім ұрлық үстінде адам өлтірсе, онда екі қылмысы үшін жазаға тартылған.

  Қазақ әдет-ғұрып нормаларында мүліктік құқық ерекше орын алады. . Өйткені, қазақ қоғамындағы қозғалмалы мүліктің бәрі де жекеменшіктілікке жатады. Патриархаттық- феодалдық , қазақ қоғамында мал жекеменшіктіліктің негізгісі саналады. Кез-келген екі қазақ кездескенде «мал-жаның аман ба?»- деп, бірінші кезекте малды айтуы тегін емес. Мал мен мүліктен кейінгі  жекеменшік құқығының объектісіне құл мен күңдер де жатады. Бұл институтты 1822 жылғы «Сібір қырғыздары жайлы Ережеде» Ресей патшалығы шектегені белгілі. Қазақ мемлекетінің және құқығының тарихын зерттеушілердің бәрі дерлік қазақ әйелдерін өзінің құқықтық жағынан жекеменшіктілік объектісіне жатқызып келгені құпия емес. Оған олар: «аға өлсе жеңге мұрас», «қазақ байыса қатын алады», «ерден кетсе де, әйел елден кетпейді», т.т. мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қалың малға сатылатынын тілге тиек ететін.Әрине бұл пікір түбірімен қате. Қазақ әйелдері қажет десек, мұсылман елдеріндегі әйелдерге қарағанда артықшылықтарға, ерлермен тең құқыққа ие болғаны даусыз. Құранда: ер мен әйел тең құқықты, олар істеген істеріне бірдей жауап бере,ді, Мұхаммед ғалейһис салам әркім алдымен анасын және анасын құрметтеуді талап етуі қазақ әйелдері құқықтарында жарқын көрінеді. Қазақ қоғамында мүліктік құқық қатты қорғалған.

Шариғат заңы бойынша да ұрыларға қатаң жаза қолданылып, қолын кескен. Мұндай ауыр жаза ұрлықтың алдын алады. Оны біз бұрынғы кезде қазақтар ұрлықтың не екенін білмегенімен, барлық дүние-мүлкі ашық тұратынынан да, қазіргі мұсылман елдеріндег ұрлық мүлдем кездеспейтінен аңғара аламыз.

Ата-баба жолынан таю ежелден-ақ аяусыз жазаланған. Тәуке ханның да «Жеті Жарғысында» діннен безу және христиан дініне өткендерді жазалау жайлы айтылады. Діннен безушілерді «тас боран» етіп өлтірген, ал христиан дінін қабылдағандардың барлық мал-мүлкі таланып, өздері қоғамнан қуылған. Діннен безушілікті 7 куә айғақтауы тиіс. Қазақстан Ресей қоластына қарағаннан соңғы кездерде патшалық саясат христиан дініне өткендерге әртүрлі жеңілдіктер бергені белгілі. Осыған орай, ондай саясатқа қарама- қарсы әдеттік заңдарда христиан дініне өткендерге жаза қатая түседі. Енді барлық мал-мүлкінен айырылуымен бір қатарда өлім жазасына да кесілетін болды. Шариғатта да діннен безушілік бұл фәниде де, Алла алдында да ең ауыр қылмыс, сол себепті өлім жазасына кесілген. Ол жазадан құн төлеп құтыла алмаған. Рас, «Құранда» дінге күштеу жоқ деп оны қабылдау, қабылдамауды әр адамның өз еркіне қалдырған. Сондықтан да діннен безушілерді «тобаға келуге» шақырған, « ата-баба жолынан ауытқымауды» талап теткен. Оған көнбегендерді мойнына құрым байлап, бетіне күйе жағып, ел-елді аралатып масқаралаған.  Бұл жаза тек дінге бас имеушілерге ғана. Ал, христиан дініне өткендерге рахымсыз қарағаны хақ. Оның есесіне патшалық Ресей ондайларды өз панасына алып, қолқанаты болды. Бұл, әсіресе, 1854 жылы 14 мамырдағы билер сотын реформалауда көрінді. Ашығын айтсақ, мұндай қылмыстар қазақ қоғамында некен-саяқ еді.

Сонымен, қазақ әдет-ғұрып заңдарының қайнар көздеріне:

1.Ежелден қалыптасқан Түркі  тектес тайпалардан енші алмаған  дәуірлердегі әдет-ғұрып қағида ережелерін;

2.Мұсылмандық шариғат заңдарын;

3.Ақсақалдар Ережесі,жөн-жосық, билер  кеңесі шығарған заңдарды;

4. «Қасым ханның қасқа жолы»  заңдарын;

5. «Есім ханның ескі жолы»  заңдарын;

6. «Тәуке ханның Жеті Жарғысын»  – жатқызамыз.

                             

 

                                    Қасым ханның қасқа жолы

Қазақ хандығы ежелден қалыптасқан дағдыға байланысты өз ерекшелігі бар, тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардан туындаған өз қағида ережелерін өз дәуіріне сай лайықтап, жаңа қағидалар қосып,екшеп отырған. Осындай дәстүрді Қасым хан да жалғастырды. Ол хандық құрған (1511-1523) тұста халық бұқарасы мен билер тобына сүйеніп, бұрынғы заңдарға өзгерістер енгізіп, дамытып, билер кеңесінде ақылдаса отырып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған төмендегі заңдарды қабылдаған:

Информация о работе Қазақ хандарының реформалары