Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 16:29, реферат
Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.
I.Кіріспе.
II. Негігі бөлім;
1.Тәуке хан реформатор ретінде.
2. Қазақ хандарының реформалары (Қасым,Есім,Тәуке хандар).
III. Қортынды.
1.Мүлік заңы (бұл тарауда мал-мүлік,
жер-су дауларын шешу
2.Қылмыс заңы.
3.Әскери заң.
4.Елшілік жоралары.
5.Жұртшылық заңы.
«Есім ханның ескі жолы»
Арада бір ғасыр өткенде Есім хан (1598-1645) Қасым шығарған заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, артында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдар қалдырған. Өкінішке орай, екі заң жобалары бізге келіп жетпеген. Әлі күнге ғылымда жасырын, құпия болып қалып отыр.
Бізге түгел болмаса да келіп жеткен Тәуке ханның «Жеті Жарғысына» тоқталып азырақ түсінік берейік.Тәуке (1678-1718) хандық құрған кезден қазақ тарихында бір тынышсыз , қилы заман болып суреттеледі. Жан-жақтан жау анталаған қиын кезеңде Тәуке үш жүздің баласын (бір жеңнен қол, бір жаңадан бас) шығартып, бір орталыққа бағындыра білді. Бұл Тәукенің парасаттылығының куәсі. Сол себепті де оны халық әз-Тәуке атаған.
«Жеті Жарғы» мазмұны жағынан 3 құрамнан тұрған. Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып құқығы – «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын нормаларды қамтыған, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, жүргізген саясатына сәйкестендіріп әдет-ғұрып нормаларына өзгерістер және жаңалықтар енгізілген.
Ресей қоластына енген қазақтардың әдет- ғұрып заңдары үш кезеңнен өтіп, сұрыпталды деуге болады. 1-кезең – Ресей қоластына ене бастаған кезден, қазақ хандығы жойылғанға дейін, 2-сі – 1867-1868 жылдардағы реформаларға дейінгі, ал соңғы 3-ші кезең 1917 жылғы патша өкіметі құлағанға дейінгі дәуірді қамтиды.
Әлбетте, 1-ші кезеңде әлі дербес тәуелсіздігінен айырыла қоймаған қазақ қоғамындағы әдет- ғұрып толық құрсауға алына алмады. Мемлекеттік басқару жүйесінде хандық-сұлтандық басқару жүйесі қолданылды, Осы кезеңдерде Ресей қазақ әдет- ғұрып заңдарына онша тиісе қоймай, тек жинау, үйрену үстінде болды. Оны тыңшылары шенеуніктері арқылы ғана жинады. Бұл тұста Ресей қазақ әдет- ғұрпындағы « аманат» институтын өте сәтті пайдаланып, ант берген хан-сұлтан балалары мен туыстарын міндеттеп, аманат есебінде ұстады. Патша өкіметі өз қарым-қатынасын шекаралық байланыс арқылы дамытып, сауда-саттыққа көп көңіл бөлді. Осындай аралас-құралас шекаралық аумақтарда сот билігін өз қолына алды, бақылауларын орнатты. Орыс көпестерінің мүддесін қорғап, қайшылықтарды орыс заңдарымен қарады. 1738 жылы құрылған соттық комиссия осы мақсатта құрылған болатын.
2-ші кезеңде хандық билікті жойып, территориялық бөлінудің жаңа жүйесін енгізді. Жерлерді өз бақылауына алып, өздері билеуге көшті. Осының нәтижесінде қазақ жері орыс империясы қарамағына өтіп, қазақ ьхалқы біржолата тәуелсіздігінен бүтіндей айрылды. Енді патша шенеуніктері патша саясатын пәрменді жүргізуге көшті. Осы тұста олар қазақ әдет-ғұрып заңдарының мықтылығына көздері жетіп, енді оны асықпай бөлшектеп, ыдыратуға күш салды. Сол үшін әдет-ғұрып заңдары үрдісі жиналып, зерттеле бастады . Бұл жинақтардағы нормалар Ресей тарапынан сұрыпталып, бекітіліп отырды. Осылайша жинақтап, сұрыптап отыру мәселелерімен айналысу 1823 жылы Омбыда құрылған Уақытша комитетке (Батыс Сібір генерал-губернаторы жарлығымен) тапсырылды. Олардың жұмыс нәтижесі 1876 жылы жарық көрген Самоквасовтың кітабында берілді. Алайда патшалық өкімет бұл жинақты бекіте қоймады. Оның да себеп-салдары бар еді. Ең негізгісі бұл әдеттік заңдар орыс заңдарыының өрісін тарылтып, іске асуын тежеді.
Ал 3-ші кезеңде Ресей империясы 1867-1868 жылдардағы жасаған реформалар нәтижесінде қазақтардың ұлттық мемлекетін жойып, өз колониясына түпкілікті айналдырған еді. Бұл кезеңде қазақ әдет-ғұрып заң нормалары бөлшектелініп, аудан-ауданға лайықтанып кіші Ережелерден тұрды. Олардың өзара үйлеспеушіліктері мен қарама-қайшы, өзара кереғар талаптары көбейе түсті. Бұл патшалық өкіметке өте қолайлы болып, бақылауын күшейте түсуге мүмкіндік берді. Билер соты деген атау өзгертіліп, халық соты аталды. Билер сайланып қойылатын болды. Сайланып қойылу өз кезегінде парақорлықты, істі әділ шешпеуді өрістетті. Осыны сәтті пайдаланған Ресей өкіметі енді өз заңдерын толық енгізе басттады. Дегенмен, қанға, дініне әбден сіңгендіктен қазақ халқы өз дәстүр-салтынан, психологиясынан, әдет-ғұрып заңдарынан қол үзбеді, қоғам ішінде оны қолдану дағдыларын доғара қоймады.
17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басына қарай Қазхақстанның саяси жағдайы онша мәз емес енді. Уақ хандықтарға бөлінген қазақ феодалдары өзара алауыздық пен кикілжіңге белшесінен батып, ал сұлтандар болса, осы алауыздықты өз бас пайдаларына жаратып, қазақтардың ұлы ханы болуға тырысып жатты. Шыңғыс тұқымдарының «Тақ таласы» талай жазықсыз жандардың қызыл ханы текке төгіліп, қазақ елінің күйзеліске ұшырауына жақындата түсті. 1640 жылы «Дала құрылтайында» әскери тәртібін нығайтатын заңдар қабылдаған соң іргелі елге айналған Қалмақ мемлекеті пайда болуы нәтижесінде бұл қауіп күшейе түсті. 1640 жылы « Дала ережелерін» қабылдаған жоңғарлықтар «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», қазақтарға аса қауіпті, күшті мемлекетке айналды. Мемлекет басында Хұн-Тайша отырды. Нояндар мен зайсандары ұлыс-аймақтарды басқарды. Ел ішінде темірдей тәртіп орнады. Тумысынан көшіп-қонып мал баққан жоңғарлықтар мал жайылымдарына зәру болды. Олжерлер қазақтардың сахарасы еді.
Жоңғарлардың бастапқы Қазақстанға басып кіруі, 1643 жылға тура келеді. Батур Хұн-Тайша басқарған жоңғарлықтар Жетісуға баса көктеп кірді. Қиын жағдайда қалған Жәңгір хан аз ғана жасағымен Бұхарадан Жалаңтөс батыр көмегі жеткенше қалмақтарды тау шатқалында ұстап, ерлік көрсеткенін біз тарихтан жақсы білеміз . Алайда Батур өз мемлекеті аумағына Жетісудың шығыс бөлігін, Ертіс пен Балқаш көлі жағаларын қосып алып, кеңейте түсті.
Қалдан-Церен тұсында да жоңғарлықтар шабуылы өрши түсті. Ол 1678 жылы Шығыс Түркістанды өзіне қосып алды. Ендігі жерде Жоңғария мемлекеті Ресеймен, Қытаймен, Орта Азиямен сауда-саттық, алыс-берісін күшейтті. Әсіресе, байлығы мол Шығыс Түркістан шикізатын Ресейге қару-жараққа алмастырып ала бастады. Сол замандағы өте ірі қару − пушка қалмақтарда болғанын П.Рычков жазған-ды [3].
Осындай қиын кезде таққа отырған Тәуке ханның алдында Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу саясаты басты мәселе болды. 1681 жылы Қалдан-Церен Шудан өтіп Сайрамға тарпа бас салды. Бірақ, қазақтардың ерен ержүректілігі арқасында Сайрам аман қалды. 1684 жылы қалмақтар қайта оралып, Сайрам атырабын қиратып кетті.
Цеван-Рабтан (1697-1727)
тұсында қазақтарға үстін-
Осындай қиын-қыстау
заманда ру-ру, ұлыс-жүз болып
бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал,
қақтығыстар мен бірін-бірі
Осы дәуірде қабылданған ірі реформалардың бірі − «Жеті Жарғы» деп аталатын қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Бұл жинақтың қазақ қоғамы өмірінде алған орны мен маңызы өте зор болғаны мәлім.
Қазақтардың ежелден-ақ
күн көрісінің негізі мал
Тәуке хан кезінен «БИЛЕР КЕҢЕСІ» тұрақты кеңесу органына айналды. Кеңес мүшелігіне атақты билер, батырлар енді. Бұлар заң шығару функциясына ие болды. Бұл кеңесу органы шешімінсіз хан бірде-бір шешім шығара алмады. Хан қазақ қоғамындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін билер кеңесін шақыруға құқықты еді. 1693 жылы орыс елшілері келуіне орай шақырылған билер кеңесі немесе тұрақты күз айларында өткізілетін «халық мәжілісі» т.б. Осы кеңестерде шешілген бағдарламамен хан жұмыс істеді. Көбіне «билер кеңесі» мамыр айында, ал «халық мәжілісі» қазан, қараша айларында, яғни жайлауға не қыстауға көшіп-қонғаннан соң өткен. Оған мүмкіндігінше үш жүзден өкілдер түгел қатысқан [19]. Мұндай жиындар хан сарайында немесе Түркістандағы Х.А.Яссауи мешіті қасындағы «би төбеде» өткен (20).
Тәуке хан сырқы
жағдайдың қиындығын ескеріп, батырлар
қосынын шекараға таяу көшіп-
Тәуке көрші мемлекеттермен
тату-тәтті тұруға ұмтылды. Ол
Бұхар хандығымен қарым-
Тәуке хан ру
басшылары мен билерге өз
«Билер кеңесі»
Тәуке хан жүргізген
Қолданылған әдебиеттер
1. Зиманов С.З. Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы // Қазақтың Ата Заңдары. 10 т. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 2. – 460 б.
2. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі мәдениеті. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
3. Смағұлова А. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мұра мен мұрагерлік. –Алматы, 2005. – 168 б.