Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 11:35, реферат

Описание работы

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайырхандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Файлы: 1 файл

Қазақ хандығы.docx

— 143.40 Кб (Скачать файл)

Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.

Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.

Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.

Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:

«Ей, Қатаған хан Тұрсын!

Кім арамды ант ұрсын.

Жазықсыз елді жылатып,

Жер тәңірісің, жатырсың,

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың!

Алтын тақта жатсаң да

Қазаң жетті қапылсың!

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есігіңе келіп тұр,

Шашқалы тұр қаныңды,

Кешікпей содан қатарсың!»

Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.

«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы

16 ғасырда қазақ хандығы  солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы  Шайбани әулеті мен Тайбұғы  руы арасындағы ұзақ жылдар  бойы жүргізілген күрестен кейін  Сібір хандығы Шайбани әулеті  Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.

1552 ж. Ресей Қазан қаласын  жаулап алғаннан кейін, ол Сібір  хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы  басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір  хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп  ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.

17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының  жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты  пайдаланған жоңғарлар Жетісудың  бір бөлігін басып алып осы  аймақта көшіп жүрген қазақтар  мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара  әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды  ығыстыра бастапан кезде, қазақ  хандарының бірі Жәңгір Бұқар  әміршісін жоңғарларға қарсы  күресу үшін әскери одақ жасауға  көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы  жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да  жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы  бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының  нығаюы, қырғыздар мен қазақтар  арасындағы одақ және оған  қарақалпақтардың қосылуы күшті  жүрді.

Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы

1680 ж. Жәңгірдің баласы  Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында  «Жеті жарғы» деген заңдар  жинапы құрастырылды. Жеті жарғы  көшпелілердің ел билеу заңы  болып табылады. Оның негізгі  баптарының мазмұны: қанға қан  алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер  адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы  кесіледі, жазаны ердің құнын  төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес  құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе  өлім жазасына кесіледі (егер  ағайындары кешірім жасаса, құн  төлеумен ғана құтылады, мұндай  қылмысты екіқабат әйел жасаса  жазадан босатылады); төре мен  қожаның құны қарашадан 7 есе артық  төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйекке жатқызылды.

Қазақ хандығының мәдениеті

Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.

18 ғасырда қазақтар үз  жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші  жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан  қаласын астана еткен Үлкен  Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ  жерінде орталықтанған мемлекет  болмауын көршілері өз пайдасына  шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан  Жайық казактарының қолдауымен  Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар  Кіші жүзге тынымсыз шабуыл  жасады. Солтүстіктен Сібір казактары  тыным бермеді. Орта Азиядағы  Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.

Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі

Қазақ хандыңындағы 1-азаматтық соғыс.

16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы  өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған  дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының  маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің  жоғары жағындағы шоростар еді.

Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі

1718 жылы Тәуке хан қайтыс  болып, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ  жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың  табысты болуына шведтің артиилерия  сержанты Иоганн Густав Ренаттың  әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава  түбінде орыстардың қолына түскен  Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің  экспедициясы құрамында Кереку  қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға  тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін  қалмақтардың қолында болды. Ол  қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана  жасап, әріп құюды үйретеді.

Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

1723 жылы ерте көктемде  жоңғарлар қазақ жеріне тағы  да соғысуға келді. Шуна Дабо  деген қалмақ басқарған бұл  шайқас екі бағытта жүруі тиіс  еді. Бірінші бағыт Қаратауды  басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне  шығу болса, екінші бағыт қазақтарға  соққы беріп, Шыршық өзеніне жету  болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.

Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.

Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.

1730 жылы көктемде Балқаш  көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты  батырлар бастапан қазақ жасақтары  жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп  аталып кетті. Шуно Дабо бастапан  қалмақтар Іле өзені бойымен  шығысқа қарай қашуға мәжбүр  болды. Қазақ жерін азат ету  жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау  үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке  таяу Ордабасы деген жерге  жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр  мен Бөгенбай сайланды.

Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.

Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.

Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы

Абылай хан.

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында  Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың  Кіші, Орта және Ұлы жүздің  өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен  жоңғар арасындағы қақтығысқа  байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған  жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын  қоймады. Ендігі жерде қазақтар  өз күшіне ғана сенуіне тура  келді. Осы идеяны орнықтыруға  Абылай хан зор күш жұмсады.

1711 жылы дүниеге келген  Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі  Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім  қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста  көзге түсті.

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Информация о работе Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)