Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 11:35, реферат

Описание работы

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайырхандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Файлы: 1 файл

Қазақ хандығы.docx

— 143.40 Кб (Скачать файл)

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.[3]

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше  ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті  құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс  Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь  жерін басып алды. Цинь империясының  батыс шекарасы қазақ жерімен  шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін  шабуыл жасап қазақтарға тыным  бермеді. Абылай келісімге келу  туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық  қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас  орнатты.[4]

1771 жылы Әбілмәмбет хан  өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды  Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер  М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға  арналып Есіл өзеніне таяу  жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй  салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында  Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.[5]

 


Информация о работе Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)