Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгi тас дәуiрi, мезолит, неолит және қола дәуiрi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 16:39, реферат

Описание работы

Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп.

Содержание работы

1. Қазақ жерiндегі негiзгi палеолиттiк тұрақтар
2. Палеолит кезiндегі Маңғыстау
3. Неолит кезеңiнiң негiзгi тұрақтары.
4. Неолит кезеңiндегі Мвңғыстау.
5. Қола дәуiрiндегі табиғи-климаттық өзгерiстер.
6. Қола дәуiрiндегі Маңғыстау.
7. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

Қазақ жерiндегі негiзгi палеолиттiк тұрақтар.doc

— 295.50 Кб (Скачать файл)
  1. Қазақ жерiндегі  негiзгi палеолиттiк тұрақтар.
  2. Палеолит кезiндегі  Маңғыстау.
  3. Неолит кезеңiнiң негiзгi тұрақтары.
  4. Неолит кезеңiндегі Маңғыстау.
  5. Қола дәуiрiндегі табиғи-климаттық өзгерiстер.
  6. Қола дәуiрiндегі Маңғыстау.
  7. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері

 

 

1. Қазақ жерiндегі  негiзгi палеолиттiк тұрақтар.

Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.

Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың  ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов  атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң  Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi. Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды. Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi. Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi.

 

2. Палеолит кезiндегі  Маңғыстау.

Маңғыстау түбегінің археологиясы әлі күнге дейін түбегейлі  нақты зерттелмеген. Дегенмен, бүгінгі  таңда қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жалпы суреттеу арқылы өте ертеде мекендеген адамдардың өмір сүруі, олардың айналысқан шаруашылық түрлерін білуге болады. Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығына адамдардың қоныстану ерекшелігінің басты себебі олар мекендеген жерлерде су көздерінің болуы еді. Археологлиялық зерттеулерге сүйенсек, тұщы су көздері жақын орналасқан жерлерде немесе оның айналасында адамдар ежелден қоныстанған. Палеогидрологиялық және археологлиялық деректер негізінде аймақтардың (Орта Азия өзен арасы және Солтүстік Каспий жағалауы) ландшафты климатын салыстыру нәтижесінде Маңғыстау мен Үстірт климаты мен табиғатының өзгеріске ұшырағанына 10 мың жыл болғаны геопалеологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. Маңғыстау өңірінің палеолит заманына зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың 60-жылдары геолог А.Г. Медоев жүргізді. Оның тапқан мекен-орындарынан өкінішке орай күні бүгінге дейін ғыл. тұрғыда терең зерттелмеген, тек ол адам жасаған Маңғыстау палеолитігеохронологиясы, археолог Ж.Таймағамбетовтың ғылыми-зерттеу еңбегіне негіз болып алынды. Бұл еңбегінде автор Маңғыстау өлкесінде автохтондық мәдениеттің тас индустриясы өте ертеде пайда болғанын, яғни палеолит дәуірінің үш кезеңінде де болғанын анықтап дәлелдеді.

 

Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас. 
Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер. Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі. 
Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Бұлардан табылған тас құралдарды А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай түрағынан табылған ең көне құралдармен бірқатар уақытта жасалған деп есептеген. Бүл пікірді тас дәуірінің казіргі белгілі мамандары да қолдайды. Сонда Шақпақата және Арыстанды тұрақтары бұдан шамамен біздің заманымызға дейінгі 840—140 мың жыл бүрын Қазақстан жерін мекендеген адамдардың тіршілігінің іздері. 
Орта палеолиттің келесі кезеңі немесе археологиялық мәдениеті — ашель. Оның хронологиялық шектері бұдан біздің заманымызға дейінгі 140—40 мың жыл бұрынғы уақыт. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады. 
Палеолит дәуірінің үшінші хронологиялық кезеңін мустье деп атайды. Мустье дәуірі мөлшермен біздің заманымызға дейінгі 40 мың жыл бұрын басталып, біздің заманымызға дейінгі 12 мың жыл бұрын аяқталды. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның, әсіресе орталық және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі. 
Мустье дәуірінде тас құралдардың түрі көбейді, олардың жергілікті ерекшеліктері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар Қаратаудағы Қосқорғаннан және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Жалпы, мустье дәуіріне тән құралдар — әр түрлі үшкіртастар. Оларды тасты өңдеу арқылы жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен екінші рет өңдеп өткірлеген. "Ретушь" әдісі дегеніміз — тас құралдың жүзіне ұсақ кертіктер (ара жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Мустье дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған құрал — түрлі қырғыштар. Олардың сыртқы пішіні сопақша, үшбүрышты, ұзынша төртбүрышты. Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өңдейді. 
Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек нуклеустер, екі жақ бүйірі қырналған атпатас құралдар кездеседі. Әсіресе Орталық Қазақстанескерткіштерінде көбірек кездесетін атпатас құралы Орталық Азияның көп жеріне тән. 
Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар кездеседі. Ғалымдар оны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары" дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері тым аз кездеседі. Ғалымдар Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі құрғақшылықтың күшейіп, су азайып, яғни табиғи жағдайдың адам өмір сүруі үшін өте қолайсыз болуымен байланыстырады. Мустье заманынан бері адамдар мекендеген, кейіннен Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған 
тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі. » . 
Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар — қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тас

түріндегі пышақтар. Орталық  Қазақстанның жоғары палеолитіне жататын  ескерткіштердің бірі — Батпақ деп  аталатын көне мекен. Оның мәдени қабаты жер бетінен 120 сантиметр тереңдіктен  басталады. Онда көзге ерекше ілігетін құралдың бірі — сопақша келген тасты өңдеу арқылы жасалған қырғыштар.

 

 

 

 

3. Неолит кезеңiнiң негiзгi тұрақтары.

Неолит , жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды.[1] Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрак деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзак уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрактардағы негізгі қүрал-саймандар — пышақ тәрізді қалактар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, кашаулар, пышақтар, кырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекен-деген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұксас кезендерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. VI — IV мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII — VI мыңжылдықтарды камтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды колға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін менгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылкы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді — бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» манызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақдалалық аймакьң неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ — мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балык аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.

 

 

4. Неолит кезеңiндегі Маңғыстау.

Жергілікті неолит дәуірі технологиясы Қызылсу-1 үлгісінде негізделеді. Оның хронологиялық уақыты б.з.б. 6 – 5-мыңжылдықтарды қамтиды. Маңғыстау неолиті жақын жерде өмір сүрген екі археологиялық мәдениеттер – Ойықты және Тұйылыс мәдениеттері материалдарымен сипатталады. Ойықты мәдениетінде аңшылық және терімшілікпен айналысқан, олар қыштан ыдыс жасауды білген. Күнделікті тұрмыста тері өңдеуді және ағаштан, сүйектен бұйымдар жасауды кеңінен қолданған. Сонымен бірге теңіз түбі қабыршақ-бақалшақтардан әшекей бұйымдар жасауды да игерген. Ойықтылардың бір бөлігі алғашқы кезеңде белгілі анық тұрағы болмағандықтан, кезбе аңшылықпен күн кешкен деген болжамдар бар. Олар Шығыс Каспий жағалауының солт. және оңт. аралығының 600 км кеңістік жерлерінде кезіп жүрген. Олардың маусымдық аңшылыққа шығуы, көршілерімен байланысу мүмкіндігін туғызып, мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Ойықты мәдениетінің бір нұсқасы болғандықтан Тұйылыс мәдениетінің шаруашылығы оншалықты ерекшеленбей аралас болып келген. Жергілікті тұрғындардың тағы бір бөлігі б.з.б. 5-мыңжылдықтың аяғында Каспий теңізі жағалауын мекендеген. Балық аулаумен айналысуға тұрақтарын өзгертудің қажеті болмағандықтан, олар теңіз жағалауының тұщы су көзі бар қолайлы жерлерді таңдаған, ал аңшылықпен айналысу қосалқы кәсіп ретінде болған. Адамдардың теңіз жағалауына орналасып балықшылықпен айналысуы, көші-қонның азайып, тұрақты мекен орындары алғашқы үйлердің пайда болуына үлкен әсерін тигізді.

 

 

5. Қола дәуiрiндегі табиғи-климаттық өзгерiстер.

Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядантабылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы),Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды.Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.

Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта [1]малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның калыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарың жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер кұрды; бүлардың калыптасуында соғыс кақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды.

Археологиялык материалдар бойынша, Андронов тұрпатты ескерткіштер калдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықты айқын мәдени біркелкілік ауыстырғанын көрсетті.

Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың  бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары  қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.

Б. з. б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы, Орал өңірінің, Қазақстан мен  Алтайдың далалық тайпаларында кешенді  малшылық-егіншілік шаруашылық қалыптасады. Ал б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал шаруашылығы жедел дамыды. Осы уақыттан бастап далалық Еуразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында — I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр-қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.

Алғашқы экономиканың қайта құрылуына  бәрінен бұрын табиғи-климаттық  өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп ксеротермиялык минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, солтүстік жарты шардағы кұрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды. Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Еуропа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялык деректемелер де растайды. Батыс және Орталык Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған коныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі — құдық қазу шығады.

Информация о работе Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгi тас дәуiрi, мезолит, неолит және қола дәуiрi