Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 16:39, реферат
Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп.
1. Қазақ жерiндегі негiзгi палеолиттiк тұрақтар
2. Палеолит кезiндегі Маңғыстау
3. Неолит кезеңiнiң негiзгi тұрақтары.
4. Неолит кезеңiндегі Мвңғыстау.
5. Қола дәуiрiндегі табиғи-климаттық өзгерiстер.
6. Қола дәуiрiндегі Маңғыстау.
7. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері
Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұртындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңты қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында, Орталық Қазақстандағы сияқты, бұл аудандарда да малшылық-егіншілік шаруашылық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамиды. Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұртындарына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазакстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюін, сірә, нақ сол табиғи-климаттық кұбылыстармен түсіндіруге болар.
Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен
отбасылық некелік
6. Қола дәуiрiндегі Маңғыстау.
Қола дәуірінде Арал – Каспий аймағында қуаңшылық басталып, оның табиғи-климаттық ландшафты күрт өзгерді. Мұндай күрделі өзгеріс адамзат өмірінде шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Жергілікті тұрғындар қысқы мезгілде тастардан қаланған мекен орындарды қыстап, жаз айларын малдың қоректенуіне қолайлы дала жайылымдарында қоныстанған. Осындай көшпелі өмір салдарынан Маңғыстау өңірінде мекен-үйлер тұрғызу тиімді болмағандықтан, қола заманына тиісті тұрақтар өте аз. Қазіргі таңда бұл дәуірдің бірен-саран тұрақтары, көбінесе құмды массивтермен шекаралас азды-көпті тұщы су көздері бар аумақтарда кездеседі. Табылған барлық тұрақ орындарында металл өңдеудің іздері кездеседі: олар құрамында мыс бар рудалар, отқа төзімді балшықтың қалдықтары. Ал қоладан жасалған бұйымдар өте сирек кездеседі. Маңғыстау мен Үстіртте қақпан тәрізді орасан күрделі тастан жасалған, аңдарды қуып «қалтаға» түсіріп аулайтын – арандардың пайда болуын ғалымдар осы қола дәуіріне жатқызады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 13 – 9 ғасырлар) жергілікті ұлутасты кеңінен пайдаланып тұрғызылған қабірлер жиі кездеседі. Мұндай ескерткіштер жазық жиектеріне, ойпаттарға, теңіз террасаларына жақын орналасқан. Мәйіттер тас жәшіктерде тізелері бүгіліп, бір бүйіріне жатқызылып, тас бөгеттермен қоршалған. 1990 – 1994 жылдары Ақтау қаласыныңаумағында, б.з.б. 13 – 11 ғасырларға тиісті жерлеу кешені зерттелді. Онда күн және жұлдыздарды бақылау, жылдың маусымдары мен календарьлық мерекелерді белгілеу мақсатында пайдаланылған астроном. бақылаудың қарапайым элементтері анықталды. Маңғыстауда дала және жартылай шөл дала аумақтарында өте сирек кездесетін мәйітті өртеу рәсімі кездеседі. Бұған мысал ретінде 1990 жылы қазып зерттелген Қызылөзен елді мекеніне жақын жерде орналасқан Сақақұдық ескерткішін атауға болады. 2005 жылы Шопан ата қорымынан 1,5 км жерде орналасқан Үлкенқұдық діни қабірлеу орнында археол. зерттеу жұмыстары өткізілді. Кешен екі қабір орнынан тұрады. Бірінші қабірдің диаметрі 6 м болатын дөңгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылып, бүгінгі таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың ішіне ерекше қабір орналасқан. Барлығы 12 тасты тігінен қойып тұрғызған қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді. Қабірдің беті плиталармен жабылған. Уақыттың өтуімен бұл плиталар сынып, төменге құлаған. Қабір түбінде егде әйел адамның қаңқасы сақталған. Дене бір қырынан жатқызылып, басы шығысқа қарай, тізелері бүгіліп жерленген. Мүрденің артқы жағынан ішіне ұсақ жануардың қабырғалары салынған кішкене құмыра ыдыс табылған. Екінші қойылымның қабір құрылысы және жерлеу дәстүрі күрделі. Қабір дөңгелек пішінді, іргетастары сақталған күмбезді құрылыс. Бұл қабірде де жасы үлкен әйел адам жерленген. Дененің басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгі бөлігі жұмыртқа тәрізді, жоғарғы бетіне күмбез тіктелген. Жерленген дененің үстінен сексеуіл бұтақ-шыбықтарынан тор жасалынған. Бұл ағаш тордың үстіне құмыра ыдыс қойылған. Қоршаудың диаметрі 10 м, биіктігі 1,5 м етіп тастан қаланған қабырғамен қоршалған. Сондай-ақ бұл тас қоршауды ені 3 м, тереңдігі 1 м ор белбеу сияқты етіп қоршаған. Жерлеу рәсімі кезінде тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған. Ерте темір ғасыры Маңғыстау өңірі көшпенділерінің рухани мәдениетінің көрінісі болған ғибадатханаларды біздер Үстірттің батыс аймақтарының маусымдық көшу жолының бойларында және Түпқараған түбегінде көптеп кездестіреміз. Кейінгі жылдары Маңғыстау археологтары осы дәуірге тиісті төрт ескерткішке зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары Түпқараған ауданының Дікілтас, Меретсай және Түбіжік жерлерінде өткізілді. Бұл ескерткіштер қазба жұмыстарын жүргізгенге дейін диаметрі 16 – 18 м-ді құрайтын, іргетастары бірен-саран байқалатын тас-топырақты үйінді болды. Табылған құрылыс іргетастарының мұқият талдануы және алдыңғы жұмыстардың тәжірибелері арқасында, ескерткіштердің бастапқы пішіні анықталды. Құрылыстың негізіне биік күмбезді конструкция алынып, олардың берік болуы үшін периметрінен тас араласқан топырақпен ортасы толтырылған, тастан тұрғызылған тірейтін қабырғалары болған. Күмбездердің биікт. 4 – 5 м, диаметрі 10 – 12 м, ал тірейтін қабырғалардың биіктігі 2 – 2,5 м-ге дейін жеткен. Тірейтін қабырғалары өңделген алып кіре тастардан ығыстырылып тіктелген. Бұл құрылыстардың сыртқы көрінісі дөңгелек, биік күмбезді кесене сияқты. Ішкі бөлмелері дөңгелек, төртбұрышты немесе крест пішінді болған. Бұл ескерткіштердің арасында Түбіжік-1 діни-қабірлеу орнының архитектура құрылысы көшпенділер мәдениетінің озық үлгісі бола алады. Онда күлдің қалдықтары кездесетін төртбұрышты құрбандық тас және тас-стеланың іргетасы сақталған. Сонымен бірге одан ер адамның келбеті бейнеленген балбал тас та табылды. Құрылыстың пішіні Сайөтес елді мекенінен солт.-шығысқа қарай орналасқан. 1990 – 1997 жылдары зерттелген, көшпенділердің діни-сиыну орны Бәйте-3 ғибадатханасына өте ұқсас. Бәйте-3 кешенінің диаметрі 19 м-ге дейін жетеді, ал ішкі қабырғаларының биіктігі 3 м-ге дейін сақталған, ішкі бөлмелері жоспарда крест тәрізді болып дүниенің төрт бөлігіне бағытталған. Сыртқа шығатын ешқандай орын кездестірілмеген. Орталық бөлмеден құрбандық-алтарь тасы табылған, оған 2,5 м биіктікте саты-басқышпен түскен. Тұжырымдай айтқанда ескерткіштің сыртқы көрінісі күмбез тәрізді, биіктігі 8 – 10 м-ге дейін жеткен. Үстірт жазығындағы ескерткіштерде адам келбеті бейнеленген балбал тастардың сынықтары табылған. Діни ғибадатханаларда олардың саны әр түрлі болған (Бәйте-3 те 40 балбал тас табылған). Олардың өлшемдері әр түрлі, биіктігі бала бойынан бастап 2 м-ге дейін жеткен. Көптеген балбалдардың келбеті сұлбалық түрде болса, біршамасында адам бейнесі өте нақты берілген. Тас ұсталары балбалдардың бет келбетін, сақал-мұрт, шаштарын немесе бас киімдерін, қолдары мен мойындарындағы моншақтарды ұқсас етіп берген, сондай-ақ қылыш-қанжар, садақ, қынға салулы жебелерімен бейнеленген. Зерттеу жұмыстары барысында ескерткіштерден тастан жасалған шырағдандар көптеп табылған, бұл көшпелілер діни рәсімдері кезінде отты кеңінен пайдаланғанын дәлелдейді.
7. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері
Беғазы мәдениетіне
жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан,
дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады.
Мандаты «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы
өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай
да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп,
сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы
- Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның
тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы
- Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан
орталығы Ақтоғай кентінен 40
шақырымдай жерде. Бұл тарихи мекенді
зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын
айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әл
Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ-ҮӀӀӀ ғасырларға, яғни қола дәуірініңсоңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысындаҰлытауға дейінгі аралықты мекендеген.
Бегазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих және философия кафедрасы
Тақырыбы: “Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгi тас дәуiрi, мезолит, неолит және қола дәуiрi”
Орындаған: ИЯ-13-01 тобының студенті Кульджанова Н.
Тексерген: аға – оқытушы: Бекенжанова А.А.
Ақтау – 2013