Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 12:54, реферат

Описание работы

Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды.

Содержание работы

1.Ұлы Отан соғысының басталуы
2.Фашистік Германияның соғыс жоспары
3.Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру
4.Қазақстан - майдан арсеналы
5.Қазақстан аумағына күшпен қоныс аударылған ұлттар
6.Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуы

Файлы: 1 файл

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.docx

— 22.14 Кб (Скачать файл)

Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуы

  Неміс басқыншыларын  кеңес жерінен қуған Кеңес  Одағының Қарулы Күштері дүниежүзілік  тарихи миссияны - Еуропаны гитлерлік  оккупациядан азат етуді жүзеге  асыруға кірісті. Румыния мен  Бол- гарияны азат ету шайқастарына 387-ші қазақстандық атқыштар дивизиясы  қатысты. Югославияда 73-ші гвардиялық  дивизия шайқасты. Ұлы Отан соғысының  ірі, шешуші операциясы - Берлинді  алуға 150-ші атқыштар дивизиясы  қатысты. Шайқас қызып жатқан  уақытта қазақстандықтар - офицер  Р.Қошқарбаев, қатардағы жауынгер  Г. Булатов, кіші сержант М.Еремин, қатардағы жауынгер Г. Сывенко  т. б. тіккен қызыл тулар  желбіреп тұрды. Берлинге тіке  шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы»  танк колоннасының танкілері  қатынасты. Бұл колонна Қазақстан  еңбекшілерінің жеке қаражаттарымен  құрылған еді. Республика патриоттары  соғыс жылдары 480 миллион сом  жинап, бұл қаржыға «Қазақстан  колхозшысы», «Түрксібші», «Қазақстан  кеншісі», «Қазақстан мұнайшысы», «Қазақстан  металлургі», «Қазақстан пионері»  атты т. б. майдандардағы армиялардың  құрамына кірген танк колонналары  мен авиаэскадрильялары жабдықталды.

  Фашизммен соғысты  жеңіспен аяқтаған Қазақстан  жауынгерлері Квантун армиясымен  болған шайқастарға да қатысты.  Көрсеткен батырлығы мен ерлігі  үшін 2027 қазақстандық ордендермен,  медальдармен марапатталды, олардың  ішінде 14-і - «Кореяны азат еткені  үшін», 234-і - «Жапонияны жеңгені  үшін» медаліне ие болды.

  Жеңіс күнін армия  қатарында болған, Қазақстанда құрылған 12 дивизия, 3 атқыштар, 1 артиллерия, 1 минометші, 2 авиация полкі, басқа да бірнеше  әскери бөлімшелер қарсы алды. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес  Одағының Батыры атағын алды, оның 97-і қазақтар. Б. Момышұлы, Б.  Бейсекбаев, X. Доспанова т. б. қазақстандық  батырлар соғыстан кейінгі кезенде  марапатталды.

  Бүгінгі таңда қазақтардың  Ұлы Отан соғысындағы адам  шығыны жөнінде әр түрлі пікір  айтылып жүр. Цифрлар 350 мыңнан  бастап 410 мыңға дейінгі деңгейді  меңзейді. Бірақ мұнда республикадан  тыс жерлерден майданға аттанған  қазақтар, еңбек армиясынан оралмай  қалғандар, майданда алған жарақаттан  қаза тапқандар еніп отырған  жоқ. 1930-1937 жылдардағы қуғын-сүргіннен аман қалған зиялылар өкілдерін майданға аттандырған қазақ халқының өзінің ең талантты азаматтарынан айырылғаны даусыз факт еді.

  Қазақстандық құрамалар  Ленинградты қорғауға, Сталинград  түбіндегі, Курск доғасындағы  шайқастарға, Днепрден өту мен  Украина, Белоруссия, Молдова мен  Балтық елдерін, Еуропа халықтарын  фашистік езгіден азат ету  шайқастарына қатысты.

  1945 жылы 8 мамырда Потсдамда  гитлерлік Германияның сөзсіз  тізе бүгу Актісіне қол қойылды.  Сол жылдың 2 қыркуйегінде американдық  «Миссури» линкорының бортында  милитаристік Жапонияның сөзсіз  тізе бүгуі жөніндегі Актіге  қол қойылды. Бұл оқиғаның жедел  өткізілуіне: біріншіден, Кеңес Армиясының  Қиыр Шығыста (Маньчжурияда) жапондық  Квантун армиясын қысқа мерзімде  талқандауы, екіншіден, американдықтардың  жапон қалалары Хиросима мен  Нагасакиге екі атом бомбасын  тастауы себепші болды. Жапонияның  тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік  соғыс аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        


Информация о работе Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)