Қазақстандағы тың игеру саясатының басталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:15, реферат

Описание работы

Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................2

Негізгі бөлім.
Қазақстандағы тың игеру саясатының басталуы.........................................................................................4

Қорытынды...........................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................

Файлы: 1 файл

1070_Tyn_igeru_westu.docx

— 42.93 Кб (Скачать файл)

 

    Тіпті 1956 жылы жиналған млрд. пұт астық уақытында жиналмай қар астында қалды;

 

      Сырттан келушілер көбейді. Өз жерінде қазақтар саны аз ұлт өкіліне айналады. 1954-1962 жылдары тағы да қоныс аударып қосылған 2 млн. адамның есебінен қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды.

 

    Экологиялық орта бұзылды. Аса көп көлемдегі жер жыртылып, нәтижесінде қанша бөлігі тіршілікке жарамсыз болып, топырақ эрозияға ұшырады. Табиғи ортасы бұзылғаннан, жануарлар байлығы – жәндіктер, құстар, жабайы аңдар басқа жақтарға ауды;

 

     Ең өзектісі – қазақ халқының ұлттық құндылығы аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқын төмен ұстау мақсатында түрлі кемсітулер орын алды. Тың игеру жылдары  қазақ халқының тілі, салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді; Халықты ата -баба дәстүрінен ажырату үшін арақ жаппай насихатталды. Жұмысқа арақ ішіп бару, болмаса құрдан құр арақ ішіп отыру сәнге айналды; Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді;

 

    Тың игеру жылдарында Қазақстан көпұлтты республикаға айналды. Көпұлттылығымыз содан бері қанша әспеттелсе де, бұл жайтты тың игерудің пайдасынан гөрі салдарына жатқызу жағы басып тұрған сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 

 

    Қорыта айтқанда, тың жерлерді игеру науқаны  қазақ халқы үшін өзінің жағымды  жақтарымен қатар, адам айтқысыз  ауыр зардаптарымен тарих қойнауына  енді. Тың игеру жылдарында Қазақстан көпұлтты республикаға айналды. Көпұлттылығымыз содан бері қанша әспеттелсе де, бұл жайтты тың игерудің пайдасынан гөрі салдарына жатқызу жағы басып тұрған сияқты.

 

    Осы семестрлік  жұмысты жазу барысында, мен,  Ұлттық кітапханада болдым, көптеген  интернеттегі ақпарата көздерін пайдаландым және деректі фильмдер көрдім. Осы күнге дейінгі маған бейтаныс оқиғаларды білдім және Қазақстандағы тың жерлерді игеруге өзімнің көзқарасым қалыптасты. Ұлы науқан ретінде әспеттелген осы оқиғаның белгісіз жақтарын зерделедім.

 

  Тың игеру  Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары болып бекіді. Қазір бұл аудандар әбден орыстанған, рухани  азып-тозған, өз тілінде сөйлей алмайтын ұлтымыздың негізгі бөлігін құрап отыр.

 

    Осы жылдары Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді.

 

    Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, “Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3,5 мың тың ардагері марапатталды.

 

     Осы семестрлік  жұмысты жазу барысында өзіме  қойылған міндеттерім мен мақсаттарымды орындадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

  1. «Қазақстан энциклопедиясы» 8-том, Алматы 2006 ж.:

 

 

 

  1. Баишев С.Б. “Целинная эпопея Казахстана: основные итоги и историческое значение” Алматы, 1979.

 

 

  1. Кольцов В.И. “Развитие промышленности Казахстана в послевоенный период” Алматы, 1970г.

 

 

  1. Кулаков В. “Исторический опыт освоения целинных земель”  М. 1978 г.

 


Информация о работе Қазақстандағы тың игеру саясатының басталуы