Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:05, реферат
Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.
I.Кіріспе бөлім.
II.Негізгі бөлім.
а) Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
б) Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
в) Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы.
г) Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы.
III.Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер.
Жоспары:
I.Кіріспе бөлім.
II.Негізгі бөлім.
а) Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
б) Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
в) Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы.
г) Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы.
III.Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе бөлім.
Жоңғариямен ұзаққа
созылған аса ауыр соғыста
қазақ жасақтары тамаша
Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.
Негізгі бөлім.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт- Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.
Біріншіден, Кіші жүз қазақтары
Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың
үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға
міндетті болды.
Екішіден, Ресейдің қол астындағы
өзге халықтардың тарапынан қазақтарға
шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың
жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда
Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің
қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды
қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен
тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі
тиіс болды.Алайда содан көп кейінгі оқиғалар
ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың
да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та
өздерінің пайдаларын көздеумен болды.
Империяның қол астына қараудың жалған
сипаттары ғана орын алды.
А. Тевкелев бастаған елшіліктің
Кіші жүзде болуы.Қазақтардан ант
алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731
жылғы 30 сәуірде Петербургтен А.И. Тевкелев
бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші
жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына
қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты
нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей
билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік
беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып
көруді тапсырды.Ол үшін 1 миллион орыс
рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді.
Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнаның
атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат
қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға
маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.Бірақ
оларды Құран ұстап ант берілгеннен және
құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру
қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен
келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды
старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa
болды.Бұл дипломатиялық тапсырмамен
келген елшілік, сонымен қатар барлау
мәліметтерін де жинауға — жер бедерін
суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы
және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер
жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ
қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл
алынған кездегі көңіл күйінің қандай
болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке
казақтардың ең жақын көрші халықтары
туралы да деректер жинау тапсырылды.Қазақ
хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше
мүдделіліктің болғаны Ресей императоры
I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады.
Ол былай деп жазған еді:
“ Бір миллион сомга дейін қыруар көп
шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір
жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының
құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қайсақ
ордасы… бүкіл Азия елдерінің қақпасын
ашатын кілт.
Әбілқайыр ханның және оның теңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді кабылдауы.Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру аркылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді.1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алдымен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет батыр, Құдайменді мырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды.Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушілері келеңсіз рөл атқарды. Өйткені олар бұл аймақта ислам дінінің ықпалы елеулі түрде әлсірейтін болды деп түсінді.
Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.Бірақ хан Ресей аумағына шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады. Сондықтан да ол өз ғұмырының соңғы күніне дейін патша әкімшілігіне бағынбауға тырысты. Оның үстіне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шекара аймағындағы шиеленісті қақтығыстары тоқтатылмады. Әбілқайырдың патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері ол 1748 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқаннан кейін ғана тоқтады.Ресейдің қол астына өткен Кіші жүз қазақтарына патша үкіметі тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетілмеді. Әскери гарнизондарының аздығы және қару-жарақтарының нашар болуы салдарынан Ертіс бойындағы бекіністер де қазақтарды жоңғар қалмақтарынан қорғай алмады. Сондықтан да жоңғарлардың билеушісі Қалдан-Церен 1741 жылы Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.
Патша үкіметінің Қазақстандағы
жағдайының одан әрі нығаюы.Әбілқайыр
Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап
сондай әрекетке қазақтардың басқа да
бірқатар билеушілері бара бастады. Бейне
бір тізбекті реакция сияқты құбылыс пайда
болды. Оның үстіне, Ресейдің қол астына
өту бәлендей міндеттер жүктей қоймайтын
еді.Патша үкіметі қазақтардың билеушілеріне
ірі-ірі сыйлықтар берді. Әрбір шекаралық
бекініске қазақтардың ақсүйектеріне
«қолдау көрсету үшін» едәуір мөлшерде
ақшалай қаражат бөлінді. Орта жүздің
және Орта Азияның басқа да халықтары
хандарының Ресейдің қол астына өтуіне
Әбілқайырдың тигізген ықпалы мен атқарған
рөлі күшті болды.Ол ара ағайындық қызмет
атқарды, ал патша үкіметі түрлі сыйлықтар
жасауға, ақшалай және азық-түлік жағынан
көмек көрсетуге сараңдық жасамады. Қазақтар
шекаралық шептерде айырбас түріндегі
сауда жасауға мүдделі болды. Ресейдің
қол астына өту олардың қысқы уақытта
шекара шебінің ішкі жағына өтіп, уақытша
түрақтауына мүмкіндік беретін еді. Ресей
өзінің қол астына өткен хандықтардың
ешқайсысының ішкі істеріне де, сыртқы
істеріне де қол сұғып араласпады.Сондықтан
да 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің
ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті
және оған адал болуға ант қабылдады. 1733
жылы Ұлы жүз тарапынан да Ресейдің құрамына
кіруді сұраған алғашқы әрекет жасалды.
Алайда Ұлы жүздің Ресей аумағынан алыс
жатуы себепті 30-жылдары ол Ресейдің құрамына
ене алған жоқ.1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың
ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы
Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің
қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе
– Ресейдің қол астына негізінен шекара
шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.1731
жылы патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен
Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге
әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы
ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.
1742 жылы Әбілқайырдың белсенді ара ағайындық
көмегімен Орынбор қаласында Ресейдің
қол астына 30 мың қарақалпақтар да өтті.
Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі.Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.
Біріншіден, XVIII ғасырдың
30—40-жылдарында әскери бекіністері бар
Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық
бекінісінен Звериноголовская бекінісіне
дейінгі 770 шақырымға созылды.
Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап
қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде
көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.
Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың
Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ
салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің
өзіне қатаң тыйым салды.Мұндай қатаң
шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі
жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі
де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар
салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін
шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен
айналысатын қазақтар дағдарысты қиын
жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп,
қайыршылану үрдісі басталды.
Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына
өтуінің салдарларыКіші жүз бен Орта жүз
қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің
қол астына өтуінің, негізінен алғанда,
ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары
болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен
айырыла бастады. Патша үкіметі хандар
мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің
бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге
айналдырып алды.
Патша үкіметі жалпықазақтық
хандықтың болуын танудан саналы түрде
қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің
аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата
бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен
ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс
шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер,
қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды
үсті-үстіне үдете берді.Жайылымдық жерлердің
тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын
көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың
шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты.
Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын
аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі
аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.Қазақстанның
Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары
қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен
қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне
әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері
Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын
жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті.
Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның
екі арасындағы сауда қатынастарының
күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.
Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз
қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи
себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым
саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне
түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің
еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын
құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген
болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау
тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан
қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы
келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік
пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан
шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде
қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті
туралы баяндай келіп, орыс патшасының
қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру
туралы отарлық саясат бағдарын байыппен
баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр
хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек,
Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт,
қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші
басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай
қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан
Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен
күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы
айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға
тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды.
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына
иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте
ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол
кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен
бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.Әбілқайыр
ханның қасындағы батырлары да саяси жағдайды
түсініген. Ресейге қосылуда Әбілқайыр
ханға тірек болып қолдау көрсеткен батырлар
– Табын Бөгенбай Қарабатырұлы, Арғын
Жәнібек, Тама Есет, ру басылары және басқа
да би-батырлар қолдау көрсеткен болатын.
Сол кезде, Ресейге қосылудағы Әбілқайыр хан шешіміне қарсы Батыр сұлтан бастаған топ қарсы болған. Сол кездегі қазақ ханы мен сұлтандардың бірлігі болмай, әрқайсысы әр жаққа тартып алауыз болып, билікке таласып, ауыз бірліктері болмады. Әрбір хан әрбір сұлтан өз беттерінше билік құрып жүрген кезде қазақ халқының осындай саяси-әлеуметтік жағдайында сыртқы жаулардан елді қорғау үшін, Әбілқайыр хан мен белгілі батырлар Ресейге қосылуда алдын-ала шарт қойды. Шарт бойынша: бірінші, қазақ елінің сырттқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуін. Екінші, елдегі ішкі қырқысулардан қорғауы. Үшінші, Еділ мен Жайық өзендері аралықтарынан қазақтарға мал жайылымына жер берулері қарастырылады. Әбілқайыр ханның Ресеймен бірге болу туралы ойын би-сұлтандар мен батырлар кеңесінің талқысына салған, яғни жасырын елші жіберіп «бодан» болу туралы жеке өзінің ұсыныс жасамағаны мәлім. Ресеймен бірге болу ұсынысы көпшіліктен қолдау таппай, өзін қолдаған аз топтың келісіміне сүйеніп, яғни сол кездегі батырлар Бөкенбай, Тама Есет, Жәнібек, т.б. қолдауымен ғана шешім қабылдап, Ресеймен бірге болу үшін елші жіберген. Бұл жерде Әбілқайырдың бақ құмарлығына тартып, хандық билігін нығайту емес, хан болғасын қара халықтың тағдырына жауапкершілік мемлекеттілікті сақтап қалуды сезіну басым. Өзін сол кездегі қолдаған азғантай топта Кіші жүздің орналасқан жеріндегі географиялық орналасуы да осыған итермелегенін түсіну қиын емес, яғни:1. Жоңғарлар мен қара қалмақтар шапқыншылығының күшейе түсуі;2. Башқұрттар тарапынан жасалған шапқыншылық пен шекаралық барымта қаупінің жиілеуі;3. Жайық казактарының шекаралық барымтасы; 4. Түркмендер тарапынан шапқыншылық қаупі;5. Іргелес отырған ірі мемлекет Ресеймен одақтасу арқылы өзіне тірек іздеу болатын.
Информация о работе Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары