Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:05, реферат

Описание работы

Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.

Содержание работы

I.Кіріспе бөлім.
II.Негізгі бөлім.
а) Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
б) Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
в) Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы.
г) Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы.
III.Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

история.doc

— 142.50 Кб (Скачать файл)

 Ресей патшасы өкіметі болса, елдесудің бодан қылудан басқа жолын қаламайтыны да белгілі еді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болуды ұйғарады. Патша үкіметі башқұрт тархандарын Қалмақ тайшылары және Сібір ханзадаларымен, Қазақ хандарымен болған шекаралық шабуылдарды тойтаруға пайдаланды.1730 жылы башқұрт Алдар тарханмен бірге қазақ елшілерінен Ресей патшалығына халқымен Ресеймен бірге болу ниеттегі ресми хатын жолдаған Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей протекторлығында болуда жалғыз шешім қабылдамаған. Бүгінгі таңда тарихшы ғалымдар Әбілқайыр ханның татар тілінде хатқа түсірілген Ресей патшасына жазылған хаттың аудармасының түп нұсқадағы мазмұны мен орысша аудармасының әдейі бұрмаланған түрде берілгенін дәлелдеп отыр. 1730 жылы Әбілқайыр ханның тарихи хатының түпнұсқасы ғылыми айналысқа 2001 жылдан бастап енді. Ол тарихи хатта бодандық туралы немесе Ресейге қосылу туралы ештеңе де жоқ. Хатта отаршылдық пиғыл жоқ, саясаттандырылған сөздермен мағыналық аудармасы өзгертіліп аудармада әдейі бұрмаланып берілгені белгілі болды. Орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресейге бодан болуының  үш негізгі себептері ерекшеленеді: бірінші, сыртқы саяси себеп (қазақтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер); екінші, ішкі саясаттағы келіспеушілік (өзара қақтығыстар); үшінші, Әбілқайыр ханның жеке мүддесі.

    Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.ХVІІІ ғасырдың І жартысындағы қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Батыр сұлтан иелігіндегі қазақтарға қауіп Хиуадан, Әбілқайыр хандығы үшін қауіп-орыс империясынан, ал Орта жүзге Жоңғар мемлекеті тарапынан төнгенде ел басыларына ауыз бірлік жетіспеді.

 

  Әрқайсысы өздеріне төнген қауіпті сейілтуге күш салуды көздеді. «Бодан болудың жолын ғана қарастырды» деген ойдан қашық болуымыз керектігін, ал сол кезде ел билеген елбасылары қазақ елдігінің сақталып қалуына септігі тиетін одақтас табу мәселесінде түрліше көзқараста болғандығын ғана көрсетті. Таңдаудың өзі дұрыс болғанда да отаршылдық пиғылды көздеген Ресей патшалығы сияқтылар өз мүдделеріне икемдеуге бейім тұрғанын естен шығармау керектігін алға тартқан Арынғазытанушы Ұ.Ахметованың пікірі орынды.Қазақтың Кіші жүзінің Ресейге қосылуы туралы мәселеде Әбілқайыр ханды жақтаушы тархан, би-батырлар болды. Олар Тама Есет Көкіұлы, Арғын Жәнібек Қошқарұлы, Табын Бөкенбай Қарабатырұлы, Құдайназар т.б. Сұлтан Батыр, қожа-сұлтандар бастаған топ Әбілқайыр ханның Ресейге қосылуы туралы шешіміне қарсы болып, бір жаққа шықты

Ол кездегі уақыт  талабына сай сыртқы саяси жағдайға байланысты дербес тәуелсіз болуды қалағанымен, елдің міндеттілікке айналып  бара жатқандығын сездіруі деп ұққан дұрыс. XVIII ғасырда қуаты артқан патшалы Ресейдің өзі көрші елдер ықпалдастығымен өзінің тұрақты мүддесін жүзеге асыруға нағыз боданы етуге күш салды. 2007 жылы Уфа қаласында басылып шыққан Башқұртстан Республикасы  тарихи-мәдени энциклопедиялық атлас кітабында Кіші жүз 1730 жылы, Орта жүз 1740 жылдан бастап Ресей боданына айналды деп көрсетеді.

Қазақстанның Ресейге  қосылуы мәселесіне қатысты Қазақ  хандығының Орыс патшалығына протектораттық бағыныштылығы хақында, тарихшы  ғалым В.Я.Басин: «Кіші және Орта жүз «бодандықты» қабылдап ант бергенімен, қазақ хандығы, шын мәнінде, Ресей протектораты болмады», – деп тұжырым жасайды. Біріншіден, Қазақстанда XVIII ғасырдағы саяси жағдай басқаша болды, XIX ғасырда батыс пен шығыстағы бәсекелестеріндей үнемі саяси қақтығыстар аймағына айналмаған болатын.

Екіншіден, қазақтың Кіші және Орта жүзін  Ресей толық тәуелді етіп, бағындыра  алмады. Сондықтан, қазақ қоғамында  ерекше құқыққа ие болатын  отаршылдық мұраттарына жету үшін тархандық  институтты пайдалануды көздеді.  Жалпы алғанда, автор пікірінше, протектораттыққа қатысты белгілер болды. Дегенмен, «шын классикалық мәніндегі протектораты болды деп санауға болмайды»– деген пікірі ойымызды қуаттайды.

Ал, Ресейді Қазақстан  протектораты деген ұғым қанағаттандырды. «Протекторат пен протектор», ұғымы шет тілдер сөздігінде мынадай ұғымды білдіреді; Протектор [лат.protector] – 1) қолдаушы, қорғаушы; қамқоршы, жақтаушы ұғымын білдіреді. Қазақтың белгілі батыр-билеріне тархандық атақ пен тархандық грамоталар Ресей патша үкіметі тарапынан берілуі оларды Ресей үкіметі тарпынан есепке алып қамқоршы, жақтаушы рөлінде көрсетпек болғандықтары да бодан болмағандықтың белгісі екендігін көрсетеді. 2) отарлық үстемдікпен бүркемеленген, жасырын формадағы тең емес келісім шарт негізінде және тәуелді елге басымдылық белгілері бар – протектор-мемлекет империалистік держава; 3) осындай тәуелді мемлекет немесе территория; 4) Англиядағы басқару формасы 1653-1659 жылдары республика басында өмірлік лорд-протектор тұрды. «Протекторат» және «протежирлық» – феодалдық қоғамдағы қалыптасқан жағдайдан туындайтын өзара белгілі қатынас келісім міндеттері бар қатынастың түрі.

     Егер Орта  жүз қазақтары мен Ресейдің 1740 жылғы шартына келсек, ол да жалаң сөз жүзінде қалды. 1740 жылдың күзіңде Қытаймен бейбіт бітім жасасқан Жонғарлардың калың қолы Орта жүз қазақтарына тұтқиылдан және бірнеше бағытта шабуыл жасағаны белгілі. Күтпеген соққыға тап болған Әбілмәмбет хан әскерімен Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мәжбүр болған кезде Ресей Орта жүз казақтарын қорғаймыз деп аддағанына және оның екіжүзді саясатын, айталық, Сенаттың Орта жүз ханына Орынбордан баспана беру туралы Орынбор экспедициясының бастығы В.А.Уру совке 1741 жылы 18 ақпанда жіберген жарлығынан-ақ көруте болады, онда: "...


 

    Егер Әбілмәмбет хан озі қорғану үшін қалаға етсе, онда оны және жанындағы бірнеше игі жақсыларын өткізіндер, ал әскерлеріне мүндай рақым жасалмасын. Олар қамалға ғана емес, шекарадан да аттап баспасын, мүмкін болса, кері, Ор өзенінің ар жағына қайтарылсын...", — деді.

 

Осы келтірілген қүжаттан шығатын қортынды: 1741 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ресей дүшпандық саясат ұстады және 1740 жылы Орта жүз қазақтарымен жасасқан шартты бүзды. Яғни Орта жүзді сыртқы жаудан қорғаймыз, орыс азаматтығын береміз деген уәдесін бүзды. Сондықтан Орта жүздің 1740 жылғы Ресейге қосылу туралы келісімі жай ғана соз жүзінде қадцы, ешқандай саяси мағынасы болмады. Бүдан шығатын қортынды: болашақта Әбілқайыр ханды сатқын деп, Ресейге Кіші жүз Орта жүз өз еркімен қосылды деп дәлелдеудің тарихи шындығы жоқ секілді. Сонымен бірге бүрындары тарихшыларымыздың қазақ елі Ресейге оз еркімен қосыдды дегенді "тыққыштай" берген себебі, екі еддің достығы ертеден басталған дегенді дәлелдегісі келгеңдіктен болар. Бірақ та аранъш ашқан Ресей империясы мен қазақтың бүқара халқьш қосақтаудың ешбір жөні жоқ.

 

Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы.Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады. Бұл 1863 жыл болатын. Сол жылы Орынбор жақтан келіп Созақта, Шолаққорғанда болып, тілік Шоқай датқамен тіл табысқан, жай-жапсарды ұққан М. Г. Черняев 1864 жылы Омбы генерал губернаторы А. Дюгамельдің қарамағына жіберілді. Сол генералдың қолы қойылған деректерге қарағанда 1864 жыл басталған қыс Оңтүстік Қазақстанда өте қатал болып, қазақтар жұттан көп малынан айырылған. Орыс дипломаттары қоқандықтарды әлсірете түсу үшін Бұхар әмірімен байланыс жасап, оны да ортақ жауына қарсы көктемде жорыққа шығуға итермелеген.Шудың бергі жағындағы қосын бастығы полковник Черняев басқарған әскер 1864 жылғы 1 мамыр күні Верный бекінісінен аттанды. Ал, бұдан бір жыл бұрын старшина Бутаков солто, сарбағыш руларынан манаптар Жанғараш, Маймыл, Тыналы, Бәйтік, Қойшы, Мәкеш, Шайділдә, Өзбек басқарған елдеріне барып, олардың Ресейге қарайтындығы туралы антын алды. Сол сияқты 1862 жылы попковник М. Г. Герасимов басқарған шағын орыс әскері Меркіге келіп, бағдарлап қайтқан еді.

Жаулап алушы экспедиция.Полковник М. Г. Черняев басқарған жаулап алушы экспедицияға Ресейдің бас штабы 150 мың рубль күміс ақша бөлді. Бұл жаулап алушылар қосынында 60 офицер, 2533 солдат болды, оларға 835 ат-көлік берілді. Қосын штабында 10 офицер, жаяу әскерлердің 31 офицері, казактардың — 9, артиллерияның — 7, дәрігерлік — 2, жорық ас-ауқат қамдаушы бір офицер бар еді. 1638 — жаяу әскер, 351 — казак, 150 сапта тұрмайтын жауынгер болды. Оларға 2180 снаряд, 2 пұттық 180 бомба, ширек пұттық 2 мың бомба, 100 пұт оқ-дәрі берілді. Бұған соғыс министрі генерал-адъютант Милютиннің өзі 1864 жыпғы 13 ақпанда қол қойған еді. Осы министр жаулап алушылар қатарына зоология магистрі, атақты ғалым Н. А. Северцовты айына 300 күміс рубль беріп қосты.[1]Сібір корпусының командашысы генерал А. Дюгамель Ресей министрінің үлгісімен Шудан бергі қазақ жерін жаупап алуға аттанған қосынға өзінің адъютанты штабс-ротмистр Шоқан Уәлихановты, суретші Михаил Знаменскийді қосып, қолбасшы полковник М. Г. Черняевтан әр әпта сайын өздерінің жүрген- тұрғаны, әрекеттері туралы жазып отыруды тапсырды.Полковник М. Г. Черняев басқарған әскери қосынның Алматыдан-Верныйдан шығып Әулие-атаны жаулап алғанға дейінгі Омбыға, ондағы Сібір корпусының командирі А. Дюгамелые, бұл қолбасшының соғыс министрі Милютинге Петербургке жолдаған хаттары Ташкент қаласындағы Өзбекстанның орталық мұрағатында «Полковник Серебряковтың қоры» дейтін бумаларда жинақталған.Полковник М. Г. Черняев Верный бекінісінен 1 мамырда шығып, 2-інде Ақсу, Шамалған өзендерінен өткенін, 3-інде Ұзынағаш бекетінде, 4-інде Қастекте болып, Қордай асуынан артиллерияны капитан Крыштановскийдің, подпоручик князь Тумановтың басшылығымен 152 өгізге жегілген арбамен 5 мамыр күні өткізгендігін, ал Шу өзенінен Тоқмақ арқыпы жалдап шыққандығын 12-ші мамыр күні Омбыға жолдапты.

     Осы хатта жол-жөнекей 15 адам ауырғандығын, Әулиеатада қоқандықтардың 1500-дей сарбазы бар екендігін, Меркіде де қоқандықтардың шағын тобы отырғандығын хабарлайды. Бұл кезде қосында бір священник, қару-жарақ жөндейтін 4 шебер, қырғыз-қазақ, милиция тобында 5 сұлтан, 22 би, жалпы 215 қырғыз-қазақ, жалданған 54 арбакеш, бұлардан бөлек 57 паушы қазақ болғандығы да хабарланады. Қазақтардың қаруы шиті мылтық, азиялық үлгідегі қылыш және найзалар екендігі, олардың қарамағында 279 түйе, 829 егіз, 410 жылқы барлығы, бұл малдың ішінен 266 өгіз, 66 жылқы Ресей қосынына тиістілігі де айтылыпты.

   16 мамырда Тоқмақтан аттанған Ресей қосыны жолда сегіз күн жүріп, 23 мамыр күні Меркені апған. Бұл туралы 27 мамыр күні жазылған №202 жолдамада: «Біз келер алдында Мерке қорғанындағы бірнеше қоқан қарауылы кеткен екен. Қорған ішінде соқыр әйел мен ауру бала қалыпты. Қорған қабырғасы іргесінде қоқандық жазалаудың ізіндей екі адамның іри бастаған өлігі жатыр екен», — деп көрсетіледі. Мерке қамалын тазалап, жөндеу ағайынды капитандар Крыштановскийлерге, подпоручик князь Тумановқа жүктеледі. 28 мамыр күні Меркі қорғанына орыс гарнизоны орналасқан.Полковник М. Г. Черняев Верный бекінісінде тұрғанда-ақ өзіне қырғыздар мен үйсіндерден көптеген билер келгендігін, олардың ішінде дулаттар, бестамғылар бар екендігін, Шу өзенінен етісімен Бішкекте өзіне бес адамын Шолаққорғаннан жіберген Шоқай датқаға хат жазғандығын, Әулиеатаға жетісімен олардың тілегі ескеріліп, Ресей бодандығына алынатындығын, қазақтар мен қырғыздардын өзара қырқысып, екі ортадағы барымтада бірнеше мың мал қолды болғандығын, жұттан кейін оларды қайтару мүмкін болмай қалғандығын, орыстарға көмектесу үшін қазақтар мен қырғыз билерінің өз балаларын, туыстарын қосқандығын, беделді адамдарға шекпендер, сағаттар, басқа да бұйымдар сыйлағандығын жазады. «Осы кезде қырғыз-қазақтармен біздің жақындасуымызға бір жағдай әсер етті. Шу бойындағы дулаттар жақында қайтыс болған Жанғараштың ұлы Шолпанбай Ташкент парванашынан солто тайпасының аға манабы деген атағына қоса мол сый-сияпат алып, Шымкенттен қайтып келе жатқанында тұтқынға түседі. Меркідегі лагерьде төрт күн бойы қырғыздар мен қазақтардың ең құрметті адамдарынан іріктелген билер сотында генерал Колпаковский тапсырған және басқа да жол-жөнекей ұшырасқан қылмысты істердің барлығы шешілді. Жанқараш, сондай-ақ Бошқай, Байсейіт, Тыналы сияқты күшті манаптарды өз жағымызға шығару үшін мен оларға Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініштері ескеріледі, тұтқынға түскен Шолпанбай барлық мал-мүлкімен жайлауына қайтарылады, үстіне шапан жабылады деп үміттендірдім. Билер сотынан кейін Шолпанбай босатылып, оның ауылынан екі барымта кезінде Шу бойының дулаттары айдап әкеткен малдары, сондай-ақ, поручик фрейзе мен Северцов мырза экскурсияға шыққан кезде казактар алып қойған малдары да қайтарылды. Қазақтар мен қырғыздардың арасында үнемі жалғасып келген барымта біз бекіністерді алғаннан кейін азаятын шығар, күзге қарай мүлдем тоқтайтын шығар. Жабайылар мен біздің қарым-қатынасымыздың осындай қолайлы нәтижеге жетуіне өзінің біліктілігі және жігері арқылы штабс-ротмистр Ш. Уәлиханов пен Алатау округі бастыгының кемекшісі, артиллерия поручигі Мединский көп эсер етті. Бұл істің табысты болуы солардың арқасы" деп жазыпты генерал-майор Кройерус полковник М. Г. Черняевтың жолдамасын көшіре отырып (Өзбекстан мемлекеттік орталық мұрағаты, И-715 қоры, 1-бума, 27-іс, 202-207 парақтар). Әулиеата қаласының жаулап алынуы туралы Шудан бергі орыс қосынының бастығы, полковник М. Г. Черняев Сібір корпусының командиріне 1864 жылғы 6 маусымда мынадай хабар жолдайды: « Меркіден шыққалы ешқандай жауды кездестірместен Ұзынбұлақ шатқалына дейін жеттік. Өгіз арбалы көлік артымыздан ілесіп, олар жетісімен қосынмен бірге түнеп жүрдік. Осында қоқандықтар бізді Әулиеатаға жетпестен бұрын қарсы алмақ деген мәліметтерді естісімен жүріс-тұрысқа ауырлау нәрселердің бәрін қалдырып, Әулиеатаны алған соң сонда қалдыратын ракеталық станогы мен екі ротаны және батареялық екі зеңбірекпен қаруланған 50 казакты қорғау үшін алып, жеңіл-желпі күйде (маусымның) 2-сі күні таңға жуық аттандық. Он шақырым жүрісімен қоқан шолғыншылары көрінді. Олар біздің қосынды бай-қасымен-ақ атыспастан шегініп кетті.

 

    Әулиеатаға жеті шақырым қалғанда мен әскерлерді 25 шақырымдық ауыр жолдан соң демалуға тоқтаттым. Лагерь орналасқан жерден 5 шақырымдай жерден Тектұрмас төбесіне жиналған қоқандықтар тобын байқадық. Бұл төбеден (Әулиеата) қаласы көрініп тұрады. Үш сағаттай демалған соң мен қосынмен бірге жаңағы төбеге қарай қозғалдым. Алдымызда казактар жүздігі мен қазақтар милициясы жүріп отырды, олар екі ракеталық станокпен қаруланған. Сол сияқты тау взводы мен бір рота атқыштар да болды. Осынша әскер жақындасымен қоқандықтар өздері тұрған төбеден жылыстап, қапаға таяу төбеге шегінді. Жаудың жалпы саны 1500-дей адам болып қалар. Басты әскери күшіміз келісімен екі рота атқыштар жан-жаққа шашырай қозғалып, қоқандықтарды дереу шегіндірді де, оларды Таластың сол жағалауына асығыс өтуге мәжбүр етті. Осында жауларымыз қорғаннан 4 зеңбіректі 500 жаяу сарбазы мен, 300 атты әскерінің қорғауымен алып шыққан екен. Қалаға жақын соңғы тебені де алған артиллери-яшыларымыз дәлдеп атқан соң қоқандықтар дереу кетуге мәжбүр болды. Осы тебеде батареялық және атты дивизиондарды қалдырылып, оларды қорғау үшін екі ротаны бөлген соң мен қалған әскерлерімді олардан бір шақырымдай төмендеу лагерьге орналастырдым.

     Алайда, белгіленген мерзімде жауап алмаған соң қала мен қорғанға 3 жеңіл және 4 батареялық зеңбіректен оқ атқыздым. Келесі күні ертеңгі сағат 6-да Әулиеата саудагерімен бірге жіберілген жаушым коменданттан жауап алып оралды. Командант (Ниязалы датқа) ойлану үшін 14 күн сұрапты. Қасындағы штабс-ротмейстр Ш. Уалихановқа мен бекке (Ниязалы датқаға) ұсынған шарт ешқандай өзгермейтіндігін ескерте жауап жазуды тапсырған соң тағы да оқ атуға бұйрық бердім. Бұрын айтылған 8 зеңбірекке тағы да оғы екі путтық мортира қосылды. Келесі күні күш-көліктің келуіне қарай Талас өзенінің сол жағалауына таулық взводпен толықтырылған екі жарым рота, ракеталық станокпен қаруланған казактар жүздігі подполковник Лерхенің басшылығымен бас штабтың капитаны Красовский, инженер-капитандар — бірінші және екінші Крыштановскийлер, поручик князь Туманов жүргізген рекосценировканы қорғаштау үшін өткізілді. Қала дуалының батыс қабырғасы онша күшті еместігіне, оның алдында паналайтын нәрселер көптігіне, қорғанның артиллериялық қаруы өте әлсіздігіне жеке өзім көз жеткізген соң мен ешқандай орлар қазбастан-ақ қаланың ішіндегі үйлерді паналай отырып, цитаделиді қолға түсіріп, басып алуды ұйғардым. Келесі күні таңертең сағат 6-да екі ротаны, екі тау зеңбірегі, екі ракеталы станогы бар екі жүздікті, қазақ милициясын лагерьде қалдырып, қапған бес ротамен, бір жүздікпен және 8 зеңбірекпен жаңбыр жауып турғанда Талас өзенінен өтіп қалаға батыс жағынан келісімен 400 сажын жерге бүкіл артиллерияны позицияға орналастырдым. Осындай қашықтықтан қорғанға оқ жаудырған соң зеңбіректерді 300 сажын жерге жақындаттым. Қоқандықтар осы жерде бізге қарсы гарнизон әскерінің көп бөлігін жане калибрі шағын төрт зеңбіректі топтастырған екен, алайда батареялық және аттарға жегілген дивизиондардың сәтті әрекеттері 8-батальонның бірінші, екінші және атқыштар роталарының, сапер командасының жауды алдындағы тығылған қабырғадан қуып шығуға, сөйтіп бірінің иықтарына бірі шығып қалаға және қорғанға кіруге мүмкіндік берді. Осы әскерлерден кейін артиллерия және қалған екі рота іске кірісті. Біз қала мен қорғанды алғанда комендант 400 атты әскерімен цитаделиден қашып кетті, бұларды қала мен қорған қабырғалары ұзын болғандықтан қолға түсіре алмай қалдық. Жаяу сарбаздар қаруларын тастап, тұрғындармен араласып кетті. Сонымен біз оқ атқаннан кейін екі сағат ішінде қала да, қорған да, цитадели де түгелдей біздің билігімізге көшті... Біздің қосыннан үш адам ғана жеңіп жараланды, бір офицер (прапорщик Беляков) пен қатардағы бір солдат контузия алды. Дұшпандардың шығыны қазір анық бола қойған жоқ. Кеше қала тұрғындары менің бұйрығым бойынша 307 адамды жерледі. Қаза тапқандардың барлығы дерлік қоқан гарнизонынан екен, жараланған барлық қоқандықтарға медициналық жәрдем берілді. Қосын медигі дәрігерлік көмек көрсеткендердің саны — 390 адам. Олардың басым дені — сарбаздар. 341 сарбаз тұтқынға алынды.

Информация о работе Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары