Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық саяси омири

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:48, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы жэне мемлекеттік тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жэне социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты.

Файлы: 1 файл

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық.docx

— 22.08 Кб (Скачать файл)

Қазақстанның тәуелсіздік  алғаннан кейінгі қоғамдық-саяси  дамуы

 

Қазақстан Республикасының  егемендігінің жариялануы жэне мемлекеттік  тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің  жэне социалистік саяси жүйенің  ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан  саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол  ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған  саяси партиялар қалыптасты.

 

Жаңадан қүрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси  өмірді демократияландыру, саяси эр алуандық, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен қүқықтарын қорғау, түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен  қызмет жасады.

 

1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық үйым қызмет  істеп түрды.

 

1991 жылы тамыз айында  Мэскеуде мемлекеттік төңкеріс  жасау эрекеті болды. Оған КОКП  Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері  қатысты. Мүның өзі партияның,  оның басшы органдарының беделін  түсірді. Бүл жағдай Қазақстан  Компартиясының жүмысына теріс  эсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы  қыркүйек айында өткен республика  Компартиясының төтенше съезінде  оның қызметі тоқтатылды. Өзін  Компартияның ісін жалғастырушымыз  деп санай- тын Қазақстан социалистік  партиясы қүрылды. Оның қүрамында  сол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік  партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық  жағдай жэне партияның таяудағы  міндеттері, партияның бағдарламасы  мен жарғысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді  талқылады.

 

1991   жылы қазанда  жетекшілері О.Сүлейменов пен  М.Шаханов болған Қазақстан Халық  Конгресі партиясы қүрылды. Сондай- ақ, бірқатар коммунистер бүрынғы  Қазақстан Коммунистік партиясының  қызметін қайтадан қалпына келтіруге  әрекет жасады.

 

Барлық саяси партиялар  мен қоғамдық қозғалыстардың алдын- да тек демократиялық жолмен, Конституция  талабына сай қызмет ету мақсаты  қойылды. Олар парламенттік партияларға  айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бүл  саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек қүқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.

 

Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық үйымдарында да сапалық  жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан  айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оныц алдында республика жастарының қүқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.

 

Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш үйымдары- ның рөлін  көтеруге ерекше мэн берілді. Олар өздерінің  мүшелерінен жиналған қаржыларды үйым қажетіне жүмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ  комитеті жэне облыстық кәсіподақ комитеттері  салалы кәсіподақ Кеңестері болып  қайтадан қүрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ үйымдарының негізгі  қол жеткен табысы — ол эртүрлі  саяси жэне мемлекеттік үйымдардан тәуелсіздік алды. Бүқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген элеуметтік- экономикалық мэселелерді мемлекеттік  жэне шаруашылық органда- рымен тең  дэрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.

 

Сондай-ақ бұл жылдары  эйелдер кеңесіне балама үйымдар  эдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан  мүсылман эйелдерінің лигасы, көп  балалы аналар, жапұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” жэне Іскер эйелдер  қауымдастығы қүрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жүмыс  істеді.

 

Бүл жоғарыда аталған фактілердің  барлығы XX ғ. 80- жылдардың 2- жартысында қоғамды қайта құру барысында  Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең  өріс ала бастағанын көрсетеді.

 

Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерек- шеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің  қалыптасуының келесі кезеңінде  Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан — 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы  қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. қүрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден  асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден  өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік  алғаннан кейін елде көп- партиялық  жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық  партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж.

 

4   қазан), Қазақстанның  республикалық («Азат») партиясы (1991 ж.

 

3   қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда  «Алаш» үлттық партиясы болып  өзгерді), Қазақстан коммунистік  партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан  халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық- кооперативтер  партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан  дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның  демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. қүрылды.

 

Көппартиялықты қүқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық  бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жэне «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді.

 

Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық  «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық  партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан  патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) қүрылды. 2002 жылдың 2- жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының  қүрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар  туралы» жаңа заңда саяси партиялардың қүқықтық негіздері, олардың қүқықтары  мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік  органдармен жэне басқа үйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азамат- тық қоғам орнатудың маңызды  белгілерінің бірі. Бүл қоғамның саяси  жүйесінің тиімділігін, елде демократияның  орныққанын, саяси қүқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.

 

«Саяси партиялар туралы»  Заңға 2002 ж. өзгертулер енгі- зілуіне  байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық  партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық  партиясы, Қазақстан коммунистік  партиясы, Республикалық «Отан» саяси  партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық  «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден  өтті.

 

Қазақстандағы саяси партиялар  мен қоғамдық бірлестіктер әлеу- меттік эділдік, демократиялық қүқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, үлтаралық  жэне азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның түрақты  дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси  партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.

 

Қазақстанның тәуелсіздікке  қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен  өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым  мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бүрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан қүтылды.

 

Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына  қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде  көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңгы  жылдары оқу мазмүны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке жэне авторлық мектептер ашылып, жүмыс істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде  бұрып КСРО тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды.

 

Қазақстанның Білім жэне ғылым министрлігінің мәліметтері  бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы  білімберетінмектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і үйгыр, 81-і өзбек, 3 тэжік, 1 украин мектебі. Соңғы жыл­дары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың  саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық-ақпараттық жэне телекоммуникациялық технологияларын  енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың  бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір ком- пьютерден  келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді  «интернеттендіру» жөніндегі жүмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін  қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.

 

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңгы он жылда (1997—2007 жж.) білім  саласын мемлекеттік қаржы- ландыру  көлемін 6,7 есе арттыруға қол жеткізілді. (Тэуелсіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).

 

Жылма-жыл мүғалімдердің  жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының  таңдаулы 200 оқытушысына конкурстық негізде қүны 15 мың АҚШ долларына  тең «Жогары оқу орнының үздік  оқытушысы» гранты тапсырылып жүр. Жыл  сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен біліктілі- гінің арттырылуы жүзеге асырылуда.

 

Еліміз егемендік алган  жылдары жогары жэне орта арнаулы  білім беретін оқу орындарында  да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу  орындары — әл-Фараби атындагы Қазақ  үлттық университеті, Абай атындагы Алматы университеті, Қазақ үлттық техникалық университеті жэне басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі жэне сыртқы саясатын жүргізуге  қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандагы  Ахмет Яссауи атындагы халықаралық  қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер  министрлігі жанынан Дипломатиялық  Академия ашылып, жүмыс істеп жатыр. 1997 жылы республикада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін жэне 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жүмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім жэне ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.

 

Қазақстанның тәуелсіздік  алуымен байланысты халыққа білім  беру саласында халықаралық қарым-қатынас  кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер жэне аспирант- тар  оқуларын шет елдерде жалғастырып  жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы бойынша арнаулы қор қүрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан  жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, ¥лыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға жэне т.б. жерлерге оқуға жіберіледі. Қазақстан  мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті  элемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңгы 13 жылда 2 мың қазақстандық шетелдердің  жоғары оқу орындарында білім  алып қайтты (Егемен Қазақстан, 27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шет елдерде білім  алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады (Егемен Қазақстан. 15.12.2007).

 

1999  жылдан бастап қазақстандық  гылымды қаржыландыру 7 есеге артты.  Бүгінде Қазақстанда бір мың  жүмыс істеушіге 3 галымнан келеді, ал енді Ресейде бүл көрсеткіш  7,5-ке, Еуроодақта — 5,8-ге, АҚШ-та  — 9,3-ке тең. Біздің деңгейді  орташа еуропалық деңгейге дейін  көтеру үшін біз гылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе үлгайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді  жо- спарлап отырмыз (ҚР Президентінің  Интернет-конференциясы. Егемен  Қазақстан, 08.06.2007). Сондықтан да бүгінде  гылым жэне білім беру салаларында  жогары қазақстандық стандарттарга  қол жеткізу үшін барлық жагдайлар  жасалуда. Еылымды дамытуда бірқатар  басым багыттар белгіленді. Астанада  арнаулы гылыми зертханалар қүрылды.

 

Кейінгі жылдары әдебиет  пен үлттық тілдің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30- жылдары нәубетке, жазықсыз жазага үшыраган галымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.Байтүрсыновтың, М.Жүмабаевтың, М.Дулатовтың, Ш.Қүдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың, Х.Досмүхамедовтың, Ж.Ай- мауытовтың жэне басқалардың кітаптары  жарық көрді. Іс жүргізуді қазақ  тіліне көшіру жөнінде жан-жақты  шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Барлық жоғары жэне арнаулы оқу орындарында  қазақ тілінде оқыту бөлімдері  ашылды.

 

Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мем- лекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс  Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі  мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің  тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман Мүсаходжаева «Солистер академиясы»  оркестрін үйымдастырып, бүкіл музыкалық  білім беруді қайта құру жөнінде  үтымды жүмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында түңғыш рет  үлттық музыка Академиясы қүрылды. Жәния  Әубәкірова музыкалық мектептің  негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл  Нүрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бэрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді.

Информация о работе Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық саяси омири