Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық саяси омири

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:48, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы жэне мемлекеттік тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жэне социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты.

Файлы: 1 файл

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық.docx

— 22.08 Кб (Скачать файл)

 

Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мэдениет кадрлары мен мамандардың  атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мэдениет саласына қажетті  кадрларды дайындау ісі республиканың 4    жоғары 39 орташа арнайы оқу  орындарында жүзеге асырылып келеді.

 

Еліміздің мәдениеті мен  рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назар- баевтың 2000 жылды — Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бүл жылы мэдениет мекемелерін  дамытуға, олардың материалдық базасын  нығайтуға бағытталған едәуір жүмыстар атқарылды. 727 мэдениет мекемелері жаңадан  ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде жэне Түркістан қаласында ашылған  театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының  шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бүл үлкен тойды дайындау жэне өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Әзірет Сүлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы  ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде үлтымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен  қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мүхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы  үлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1997 жыл жалпыүлттық татулық  жэне саяси қуғын- сүргін қүрбандарын  еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл —   Халық бірлігі мен  үлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың  өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика үлттық ғылым академиясы тарихында түңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық  тарих проблемала- рына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы жэне Қазақстан”, “А.Байтүрсынов —  ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”, “Қазақстанмен шекаралас аумақтардың  тас дэуірі” сияқты халықаралық  жэне көптеген республикалық ғылыми кон- ференциялар жоғары деңгейде үйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас  аудан- дарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар  аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи- мэдени аймағында, Орталық Қазақстан  аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен 1999 жыл —   ¥рпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп  жарияланды. Осымен байланысты өткен  ғасырлардан жеткен орасан зор мэдени- тарихи мүраны сақтап, оны жинақтап келешек үрпақтың игілігіне айналдыру  міндеті қойылды. Өйткені еліміздің  аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы  ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүниежүзілік мүраларды  сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.

 

Қазақстан полиграфиялық  баспаларынан тарихи-мәдени мүраларды, элем эдебиетінің ең үздік үлгілерін  жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы  жылдары “Қазақстан үлттық энциклопедия- сының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар  тоғысында”, “Сын- дарлы он жыл” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи жэне мэдени ескерткіштер” жинағы, Мүстафа Шоқай  шығармаларының екі томдығы, Қытай  мүрағаттары негізінде қазақ  тарихына арналған бес кітап, бес  томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мүрасы” атты көп томдық серияларын, Ә.Марғүлан еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды.

 

Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы  жағдай жасау міндеті түр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев  “Ішкі жэне сыртқы саясаттың 2004 жылға  арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени- тарихи мүраны сақтау” деген  бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған:

 

Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мүрасын, соның ішінде осы заманғы үлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрі мен салтын зерделеудің  біртүтас жүйесін жасау;

 

Екіншіден, үлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени- тарихи жэне сэулет ескерткіштерін қалпына  келтіруді қамтамасыз ету;

 

Үшіншіден, үлттық әдебиет  пен жазудың санғасырлық тәжірибесін  қорыту жэне кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау;

 

Төртіншіден, мемлекеттік  тілде элемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен эдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің  толымды қорын жасау.

 

Қорытып айтқанда, мүның барлығы  елдің экономикасы оңала бастаған түста әдебиет пен мәдениет, жалпы  руханият мәселелеріне айрықша назар  аударатын кез келгендігін, еліміздің  болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді


Информация о работе Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық саяси омири