Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 19:20, реферат
Қазақстан тарихында XIV—XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан түрік тілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі. XIV-XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы және түрік тілді бастау-хаттарда Қазақстанның бұл бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады. Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді.
Кіріспе.....................................................................................................................2
Әбілхайыр ханның билікке келуі.......................................................................2
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің саяси тарихы..........................................3
Хандықтың этникалық құрылымы..................................................................5
Хандықтың территориясы..................................................................................5
Мемлекет және әкімшілік апараты...................................................................5
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің шаруашылығы........................................7
Қорытынды..........................................................................................................9
Қолдаған әдебиеттер тізімі.....................................................................................10
Хан кеңесі феодал үстем топтан — хан туыстарынан, тайпалар шонжарларынан, дін басылардан тұратын. Деректемелерге қарағанда, Әбілқайыр хандығында диуандар (мемлекеттік кеңселер) мен дафтарлар (финанс ведомстволары салық басқармалары) болған. Жоғары лауазымды адамдар, атап айтқанда, хан жанында үлкен билікке ие атабек немесе аталық («тәрбиеші», «аға»), көкілташ (хан балаларының «төл бауыры») болатын. Көкілташ атағы бар адам өзінің жағдайы бойынша атабекке немесе аталыққа теңдеседі. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанда көкілташ атабектің, яғни хан тағы мұрагерінің тәрбиешісі міндетін атқаратын. Ал мұрагер өз алдына басқарушы болғанында көкілташ өзінің шәкіртіне одан әрі зор ықпал жасайтын.
Басқа да жоғарыда аталған мемлекеттер тәрізді Әбілқайыр хандығының жоғары қызмет баспалдағында ішкі немесе ішік-аға-басы (сарай қызметінің басшысы), инақтар (хан кеңесшілері), миршикар (аңшылық бастығы), сондай-ақ наиб («орынбасар») және басқа қызметтерді атауға болады. Сондай-ақ жиналыстарда, мерекелерде тәртіп пен рәсімдердің қадағалауын қамтамасыз ететін лауазымды адамдар — жасауылдар елеулі роль атқарды. Хан сарайында рәсім қатаң қадағаланатын («жұрт әрқайсысы өзіне бөлінген жерде отыратын»).
Осы мемлекеттің отырықшы-
Мемлекеттік іс қағаздары мөр басылып, бекітілетіп, мұны, мәселен, деректемелерде аталған Әбілқайыр-ханның указдары, дуғлат ұлысбектер берген пәрмендер дәлелдейді. Жауынгерлер санағы да мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрған.
Жекелеген ұлыстардағы (әдетте тайпа, ұлыс басшысының немесе үлес иесінің қолына жинақталған) әкімшілік билігі тәрізді мемлекеттік аппарат экономикалық жағынан да үстем топ болып табылатын сол феодал шонжарлардан тұратын. Жайылымдар мен егістік жерлердің іс жүзіндегі қожасы және негізгі мал түлігінің иесі сол феодал шонжарлар болатын.
Әскерлер хан вассалдары жасақтарының негізінде құралды, олар сенімсіз болатын, өйткені олардың әскер басылары өздеріне бағынышты отрядтарды кез келген уақытта алып кете беретін. Тайпалық жасақтардың әскери ұйымы ежелгі түрік монғол ондық жүйесі бойынша құрылды: әскер түмендерге (10 мыңдық корпустар), мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді.
Әбілқайыр-ханның әскерлері оң және сол қанаттан, қарауылдан тұрды.
Әбілқайыр хандығы көшпелі шонжарлар
«Көшпелі өзбектер» мемлекетінің шаруашылығы
ХIV-XV ғ Қазақстан жеріндегі
Сонымен қатар шаруалар егін егіп малдың қысқы азығын дайындаған.
Көп жерлерде қой мен жылқы өсіру басты орын алса, оңтүстік-шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсіретін болды.
Қазақтың саяси орталықтарының оңтүстігіне ауысуы егіншіліктің дамуына жол ашқан. Бұл жерлерде ел билеушілері егіншілік ошақтарын қалпына келтіруге күш салды. Егіншілік жүйесі қала маңында жақсы дамыды.
ХIV ғасырда Сырдарияның орта ағысындағы егіншілікпен айналысқан қалаға жақын жерлердегі суармалы учаскелерде бау-бақшалар мен көкөніс дақылдары егілетін суармалы және тәлімді жерлер олардан алысырақ орналасты.
Сырдария мен Арыс алқабында жиырмадан астам қалалар болды. Сырдың сол жағасында Ашнас, Аққорған, Сүткент, сияқты қалалар бой көтерді. Көшпелі өзбектер мемлекетінің астанасы Сығанақ - ірі сауда орталығы әрі егіншілік орталығы болды.
Сығанақта теңге сарайлары жұмыс істеді теңгелерге билеушілер өз есімдерін жазғызып бүкіл әлемге танытып отырды. Еуропадан, Қырым Донның төменгі жағы арқылы өтіп, Сарайшық пен Отырар, Сайрамды басып Орта Азиядан шығатын ежелгі керуен даңғылына келіп қосылатын жол үстінде транзиттік сауда өріс алады.
Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шауашылық тәжірибе машықтарын әлеуметтік норма мен мемлекет ұғымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға, мәдени жетістіктердің алмасып тұруына мұсылман мәдениетін жазу-сызу мен кітап білімін тарату ісі де осынау қалалар арқылы жүзеге асырылды. Хандық сонымен қатар қосымша (балық, аң аулау) шаруашылықтармен де айналысты.
Әбілқайыр хандығы Қазақ хандығының қалыптасу қарсаңындағы ірі мемлекеттердің бірі болды. Және бұл мемлекеттің біздің хандыққа ұқсастықтары көп болды. Соның бірі әкімшілік құрылысы. Бұл Әбілқайыр хандығы да сонау Алтын Орданың мұрагерлерінің бірі болғандықтан мұнда да елді хан басқарды, оның уәзірлері ірі үстем тап өкілдерінен тұрды.
Мемлекет халықтан салық жинап, жайылымдық жерлерді белгілеп беріп отырды. Бірақта елді 40 жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады.
Кейіннен Әбілқайыр хандығының құрамында болған кейбір тайпалар
(рулар) түгелдей немесе жарым-жартылай
Қазақ Жүздерінің құрамына кіріп, сіңісіп
кетті.
1. Массуд Ибн Осман Кухистани “Тарих-и Абул-хайр хани” // Лейкх, 1969ж
2. Таварих-и гузидайн Нусрат-намэ // Микх.
3. Махмуд Ибн Уәли “Бахраль
4. Тизенгаузен В.Г. Смизо, СПБ, 1884ж.
5. Ахмедов Б.А. государст-во
6. Бартольд В.В. Шейбаниды. сог. ІІ,2 М., 1964ж
7. Кляшторный С.Г.,
Султанов И.Т. Казахстан:
8. Еркін Әбіл. История
Государства и Права