Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 18:25, реферат
Джонатан Свифт – ағылшын-ирлан жазушысы, сықақшы, публицист, ақын және қоғам қайраткері[1]. 1967 жылы 30 қарашада Ирландия астанасы – Дублинде дүниеге келген. «Гулливердің саяхаты» атты фантастикалық тетрологиялының авторы ретінде көпшілікке танымал. Дублинде өмір сүрген, Әулие Патрик соборында декан болып қызмет еткен. Өзі ағылшын тегінен шыққанымен, Свифт қарапайым ирландықтардың құқығын қорғаған.
Джонатан Свифт – ағылшын-ирлан жазушысы, сықақшы, публицист, ақын және қоғам қайраткері[1]. 1967 жылы 30 қарашада Ирландия астанасы – Дублинде дүниеге келген. «Гулливердің саяхаты» атты фантастикалық тетрологиялының авторы ретінде көпшілікке танымал. Дублинде өмір сүрген, Әулие Патрик соборында декан болып қызмет еткен. Өзі ағылшын тегінен шыққанымен, Свифт қарапайым ирландықтардың құқығын қорғаған.
Свифттің отбасы және жастық шағы жайлы негізгі деректер өзі жазған «Автобиографиялық фрагмент» шығармасында келтірілген. Ол 1700-1731 жылдар аралығын қамтиды. Азамат соғысы тұсында Свифттің отбасы Кентербериден Ирландияға қоныс аударғаны жайлы шығармада айтылған. Свифт Ирландияның Дублин қаласында қарапайым протестант отбасында дүниеге келген. Әкесі сот шенеунігі болып қызмет істеген, ол ұлы дүниеге келмей қайтыс болған. Артында әйелі, қызы және ұлы қалды. Әкесі дүниеден озған соң отбасында қиындықтар көбейді, жоқшылыққа душар болды. Сол себепті жас Джонатан ағасы Годвиннің қамқорлығына өтті. Алайда ол шешесімен мүлдем көріспейтін. Мектеп бітірген соң Джонатан Дублин университетінің Тринити колледжіне 1682 жылы оқуға қабылданып, аталмыш білім ордасын 1686 жылы тәмамдады. Свифт бакалавр дәрежесі мен өмірлік ғылыми сауаттылыққа ие болды.
Ирландияда II Яков королінің құлдырауынан
соң басталған азаматтық
1690 жылы ол Ирландияға қайтып
келді, әйтсе де Свифт Темплге
жиі барып тұрды. Қызметке
1692 жылы Свифт Оксфордта магистр атағын алды, ал 1694 жылы ағылшын шіркеуінің діни дәрежесіне ие болды. Ол Ирландияның Килрут ауылында діни қызметіне тағайындалды. Бірақ, көп ұзамай Свифттің айтуы бойынша, «бірнеше айдың ішінде өз қызметінен шаршап» Темплге бұрынғы қызметіне қайта оралды деген. 1696-1699 жылдары «Сказка бочки» және «Битва книг» атты сатиралық повесін жазды. Олар 1704 жылы жарыққа шықты, сонымен қатар өзге де бірнеше поэмалар дүниеге келді. 1699 жылдың қаңтар айында Свифттің қамқоршысы Уильям Темпл қайтыс болады. Свифт Темпл жайлы тек жақсы дүниелер жазған болатын. Свифт өзіне басқа қызмет іздестірді. Бірақ ол нәтижесіз еді. Осы аралықта ол сарайлық әдептің қыр-сырын үйренеді. Ақыры 1700 жылы ол Дублинде әулие Патрик шіркеуіне дін қызметшісі болып орналасты. Осы аралықта ол бірнеше памфлетті бүркеншек атпен (анонимді түрде) көпшілік назарына ұсынды. Свифттің замандастары оның сатиралық стилінің ерекше екенін ескере отырып, оның шығармашылығының айқындығын, ымырасыздығын, автордың оқиғаны ирониямен жеткізуін және сол арқылы шешімді өзі емес, оқырманға шығаруға қалдыратынын атап көрсетті.
1702 жылы Свифт Тринити колледжінің докторы атағын алды. Оппозициялық партиямен бірлесіп жұмыс істеді.Свифттің жазушы әрі ойшыл ретінде абыройы күн санап арта түсті. Осы жылдары Свифт әдеби ортамен байланыс орнату мақсатында Англияға жиі барып тұрды. «Сказка бочки» және «Битва книг» туындыларын бүркеншек атпен жарыққа шығарды. Аталмыш шығарманың алғашқысы «Адамзат тегінің кемелденуіне арнап жазылған» деген тақырыпшамен басылып шықты. Кітап бірден танымалдылыққа ие болды және алғашқы жолы-ақ үш басылымнан шықты. Бір айта кетерлігі, Свифттің барлық шығармалары лақап атпен жарық көріп отырды, тіпті анонимді түрде басылғандары да болды. 1705 жылы оның кітаптары парламентті жаулағанымен, әдет-ғұрыптың өзгерісі байқалмады. Свифт Ирландияға оралды. Ол жерде оны Ларокор ауылына шіркеуге қабылдап, ол 1707 жылдың соңына дейін сол жерді мекен етті. Ол өзінің бір хатында шығармадағы оқиғаны шатырдағы мысықтардың «концертімен» салыстырып жазғанын айтады. 1707 жылдар шамасында Свифт Эстер Ваномри есімді 19 жасар қызбен танысады. Ағылшынша Тзіһег Уапһотгі 1688-1723. Ол оны өз хаттарында Ванесса деп атайды. Ванесса да Эстер Джонсон секілді әкесіз өскен. Ванессаның Свифтке жазған хаттарының жартысы сақталған: «мұңлы, нәзік әрі таңғаларлық»... «Егер, сіз менің өзіңізге жиі хат жазатынымды байқасаңыз, маған оны дереу есіме салыңыз немесе маған хат жазыңыз, сонда мен сіздің мені ұмытпағаныңызды білемін...» Сонымен қатар Свифт Эстер Джонсонға да күн сайын хат жазып тұрды. Свифт оны Стелла деп атайтын. Кейінірек осы хаттар «Стеллаға арналған күнделік» деген атпен Свифт өлімінен соң кітап болып жарыққа шықты. Эстер-Стелла жетім қалған соң Свифттің ирландиялық түрғын үйіне өзінің әріптес құрбысымен көшіп барады. Свифттің тәрбиеленушісі құқығы негізінде. Биографтар Свифттің достарының куәлік етуімен Стелла екеуі жасырын түрде неке қидырған деген пікір білдіреді. Алайда, бұған ешқандай құжаттық дәлел жоқ.
1710 жылы Тори Генри Сент-Джонның
басшылығымен виконт
1713 жылы Тори лагеріндегі
достарының көмегімен Свифт
1714 жылы Виктер билікке қайта
оралды. Болингброкты якобиттермен
бірлескені үшін айыптап
1726 жылы «Гулливер
саяхатының» алғашқы екі томы
жарық көрді (Автордың аты-
Свифттің шығармаларының жиынтығы кітабының мұқабасында «Ирландия Свифтке алғыс білдіреді» деген сөз және қанатты періштелер лавр ағашының бұтағын тарту етіп тұрған суреті бар. Свифтке өз заманында саяси памфлеттің шебері деген мінездама берген. Уақыт өте келе оның шығармаларының саяси өткірлігі жоғала бастады. Дегенмен, аталмыш туындылар ирониялы сатираның тамаша үлгісі бола білді. Оның кітаптары автордың көзі тірісінде-ақ Ирландияда да, Англияда да көптеген тиражбен жарық көріп, танымал болды. Кейбір шығармалар елдегі саяси жағдайдан тәуелсіз, өзінің әдеби мазмұнымен де оқырманды өзіне тартты. «Гулливер саяхаты» әлемдегі ең көп оқылатын классикалық туынды және оншақты рет экраннан көрермен назарына ұсынылған. Балаларды бейімдеуге арналған және кино ретінде шығарманың сатиралық мазмұны сәйкес келмейтін.
Свифттің әлемдік көзқарасы, өзінің айтуы бойынша 1690 жылы қалыптасқан. Ол бұл жайында 1725 жылы 26 қарашада өзінің ақын досы Александр Поупқа жазған хатында айтқан. Свифт мизантроптар адамдарды болмысынан артық көріп, соңында өздеріңнің алданғандарына, қателескендеріне көз жеткенін айтады. Свифт ешқашан адамзатқа өштеспеген. Себебі оның адамзатты ала алмай жүрген кегі жоқ. «Сіз және менің барлық достарым менің әлемге деген махаббатымның болмауын, жас ерекшелігіне бөлмеуін қадағалауыңыз керек. Оны дәлелдей алатын менің 20 жас пен 58 жас аралығындағы куәгерлерім бар. Қай жаста болсам да сезімім өзгерген емес». Қаламгер жеке адамның жоғары құндылығының либералдық мәніне көңіл бөлген жоқ. Ол үшін өнеге адамзат құндылығының ең асылы болатын. Свмфт адамзат пейілінің прогресін көрмеді, керісінше дағдарысқа ұшырағанын ескеретін. Ал ғылыми датуға деген көзқарасын ол «Гулливер саяхвтында» көрсетті. Свифт қоғамдық өнегені күшейтуде англикандық шіркеудің маңызы зор екеніне көңіл бөлді. Оның пікірінше ол мейлінше жақсы сақталған, христиандық пікірмен католицизмді және радикалды пуританизммен салыстырғанда ол фанатизмнен зардап шекпеген, бұзылмаған. «Бөшке ертегісі» шығармасында Свифт теологиялық шиеленісті мысқылдаса, «Гулливер саяхатында» мисыздардың саналы адамдарға қарсы бітіспес таласын, тартысын суреттейді. Британдық корольдіктегі религиялық еркіндікке қарсы күресінің себебі – религиялық, яғни д»ни сенімнің еркіндігі қоғамдық сананы және адамзат қауымына бүлік салушы деп түсінді. Свифттің пікірінше ешқандай д»ни қайшылықтар шіркеулердің құлауына, ұрыс-керістерге себеп болмайды. 1708 жылы жазылған «Рассуждение о неудобстве уничтожения христианства в Англии» памфлетінде Свифт елдегі діни заңдылықтардың либерализациясына қарсы шықты. Оның ойынша, ол осылай келісімге қол жеткізе аламын деді. Мүмкіндігінше Англиядағы христиандыққа қарсы және соған қатысты діни құндылықтардың болмауына үмітенді. Свифттің өзге де памфлеттері осы сарындағы сарказм мен мысқылға толы болды. Жалпы, Свифттің шығармашылығын адамзат болмысын, табиғатын жетілдіруге, кемелденуіне үндеу ретінде бағалауға болады. Ол барынша адамның рухани және адами қасиетін жақсарту жолдарын табуға тырысты. Свифт қайрымды қоғам орнатуды ұсынды. Свифттің саяси көзқарасы діни көз қарасына сәйкес келетін. Ол «алтын белеске» ұмтылды. Олқатыгездікке барынша қарсы тұрды. Дегенмен, аздың көпке бағынуын талап етті, әрине заңсыздық пен куш көрсетусіз. Биографтардың айтуы бойынша, Свифт өзінің партиялық позициясын өзгерткенімен түбінде оның көз қарасы өзгермегенін аңғарады. Свифттің кәсіпқой саясаткерлерге қатысты пікірін ұлы патшаның сөздерімен дәлірек жеткізеді: « Бір доңғалақтың орнына екі доңғалақ дөңгелете білген немесе бір тал шөптің орнына екі бас шөп шығара алатын кез-келген адам бүкіл адамзатқа, өз Отанына барлық саясаткерлердің бірігіп жасай алмағанынан артық береді».