Джонатан Свифт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 18:25, реферат

Описание работы

Джонатан Свифт – ағылшын-ирлан жазушысы, сықақшы, публицист, ақын және қоғам қайраткері[1]. 1967 жылы 30 қарашада Ирландия астанасы – Дублинде дүниеге келген. «Гулливердің саяхаты» атты фантастикалық тетрологиялының авторы ретінде көпшілікке танымал. Дублинде өмір сүрген, Әулие Патрик соборында декан болып қызмет еткен. Өзі ағылшын тегінен шыққанымен, Свифт қарапайым ирландықтардың құқығын қорғаған.

Файлы: 1 файл

Джонатан Свифт.doc

— 98.00 Кб (Скачать файл)

Свифтті кейде мизантропқа  теңеп жататыны да бар. Себебі, ол өз шығармаларында, атап айтсақ «Гулливер  саяхатының» ІV бөлімінде адамзатты  аяусыз қорлаған. Бірақ, соған қарамастан ол Ирландияда бүкіл халықтық құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды. Свифт адамзат табиғатын мақұрым қалғанын суреттеу арқылы келемеж етуіне сену қиын. Себебі, ол шығармаларында адамзат үшін шынайы азап шегеді, адамның жақсылыққа жете алиағанына күйінеді.

Свифтке адамдардың өзі  жайлы пікірі тым артық екені  ұнамайтын. Ол «Гулливер саяхатында адамзаттың кез-келген кесіріне төзімділікпен  қарайтынын, бірақ осы теріс міне-құлыққа  көкіректк қлсылғанда менің шыдамым  әлсіреп кетеді деп жазды. Болингброктың  айтуы боынша, Свифт шын мәнінде адамзатты өз туындыларында суреттегеніндей жек көретіні рас болса, ол әлемге мұншалық өштеспес еді.Свифт досы Александр Поупқа жазған бір хатында былай дейді: 19 қыркүйек, 1725 жыл -Мен барлық ұлтты, барлық маман иесін және түрлі ұйымдарды жек көрдім. Менің махаббатым жеке тұлғаларға ғана арналады. Мәселен, мен заңгерлерді, заң шығарушыларды, заң өкілдерін жек көремін, бірақ адвокатты және сотты жақсы көремін. Дәрігерлерге де дәл солай, өз мамандығымды айтпай-ақ қояйын, бұл солдаттарға да, ағылшындықтарға да, шотландықтарға да, француздарға да және тағы басқаларға қатысты.Әйтсе де бәрінен бұрын адам деп аталатын хайуанды жек көремін, соған қарамастан Джонды, Питерді, Томасты шын жүректен жақсы көремін. Менің пікірім осындай, өзім бірге өмір сүрген, бірге жұүмыс істейтін танитындарға деген ойым. Бірақ мен бұны ешқашан сыртқа шығарып айтпадым және әрі қара да ешкімге ешнарсе айтпаймын. Себебі мен әлі адамдармен біргемін.

Кітаптары[өңдеу]


  1. «Кітаптар айқасы»
  2. «Бөшке ертегісі»
  3. «Стеллаға арналған күнделік»
  4. «Гулливер саяхаты»

Свифт алғаш рет өзіне  оқырман назарын 1704 жылы «Кітаптар айқасы» арқылы аударды. Ол пародия, кекесін мен памфлеттің арасындағы туынды еді. Ондағы басты идея көркем шығармаға қарағанда белгілі бір автордың туындысы жоғары тұрды. Мазмұн маңызды емес. «Бөшке ертегісінде» ағайынды үшеудің оқиғасы жайлы айтылады. Олар христиандықтың үш бұтағының көрінісі еді. Ағылшындық екі түріне қарағанда әлдеқайда саналы жол екенін екенін дәлелдеуге тырысқан. Свифттің мінезіне тән қасиет ол - өзге конфессияларды сынағанда библияның немесе шіркеу ережелеріне емес сана мен түйсікке негізделе отырып жазған. Свифт шығармаларының бір бөлігі лирикалық сарында жазылған жазылған туындылар. Мәселен, «Стеллаға арналған күнделік» хаттар жинағы, «Каденус и Ванесса» поэмасы (Cadenus – анаграмма dekanus сөзінен шыққан, яғни «декан» деген ұғымды береді) және тағы басқа шығармалары. Биографтар Свифттің екі қамқоршы қызымен арақатынасына қатысты таласуда. Бірі ол тек платоникалық байланыс десе, енді бірі ол байланысты махаббат деп болжам жасады. Қалай болғанда да ол достыққа әрі ізгі ниетке құрылғанын аңғару қиын емес. Автор шығармашылығының осы тұсынан біз «өзге Свифттің» адал әрі қамқор дос екенін танимыз. «Гулливердің саяхаты» Свифт сатириктің бағдарлы манифесті. Бірінші бөлімде оқырман лилипуттың ақылға сыймайтын өзі жайлы пікіріне күледі. Ал, екінші бөлімде великандар алыптар әлемінде пікір мүлде өзгереді, біздің мәдениетіміз көтеріліп, дамуы қажет екені анық байқалады. Үшіншіден, адам санасы мен ғылымды келемеж етеді. Соңғы төртінші бөлімде озбыр йехулар көрініс табады, олар адамзат табиғатының рухсыз құрамдас бөлігі ретінде сипатталады. Свифт таңдауды оқырманға қалдырады, адам өзі шешім шығарып йеху немесе саналылықты таңдауды ұсынады.

Өлеңдері және поэмалары[өңдеу]


Өлеңмен жазылған туындыларын  Свифт өмір бойы жинап отыратын. Олар лирикалық, пародиялық, яғни сатиралық жанрда жазылды.

Публицистика[өңдеу]


Джонатан Свифт портреті International Mag. Газеті, 1850 ж. Свифттің памфлеттері мен хаттарынан кең танымалдылыққа ие болғандары: •«Рассуждение о неудобстве уничтожения христианства в Англии» (ағыл. 1708 ж). •«Предложение об исправлении, улучшении и закреплении английского языка» (ағыл. А.Proposal for Correcting, Improving and Accertaining the English Tongue) 1721 ж) •«Письмо суконщика» 1729 ж. Памфлет жанры көне дәуір заманында да болған, дегенмен Свифт виртуоздылық пен көркемдік және белгілі бір мазмұнда театрландырылған мәнге ие болуына үлес қосты. Оның әрбір памфлеті түрлі ұстанымда жазылған. Тілі, стилі және мәтіннің мазмұны бетперделі кейіпкерге лайықталып шығарылған. Әр памфлетте – әртүрлі бетперде.«Рассуждение...» (1708 ж, 1711 ж. баспадан шыққан) келемеждеу памфлетінде Свифт діни сенімнен бас тарту зайырлы ұстанымды қолдау, дінсіз ортаны таңдау, яғни дәстүрлі христиандық құндылықтардан бас тарту деп түсінді.Либералдың бетпердесі арқылы ол христиандық құндылықтар партиялық саясатқа кедергі келтіретінін және сол себепті одан бас тарту керектігі жөнінде мәселе көтереді.–Егер евангельдік білімнен бас тартсақ, барлық сенім мәңгілікке жоғалады, сонымен бірге ізгі ниеттілік, ар-намыс, әділдік пен ... адамзат санасына тыным көрмейтін, саналы ойлауына кедергі келтіретін осы жайттардың барлығы өмір бойы болмайды деген қоғам үшін пайдалы екенін сылтау етеді. Дегенмен, либерал сенімнен бас тарту қателік екенін, кей жағдайларда осы діни сенімнің әрі-беріден соң пайдалы екенін, сондықтан одан түбегейлі бас тарту дұрыс еместігін дәлелдейді. Ағылшындық үкіметтің Ирландияға қатысты тонау саясатына қарсы күреске «суконщик М.Б.» бетпердесі арқылы шақырды. (М.Б. - Марк Брут болуы мүмкін, Свифтті пір тұтқан азамат). «Скромное предложение» шығармасындағы бетперде тым арзан болғанымен, памфлеттің стилі автордың пікірінше, сенімді қорытынды шығарады, автор бетпердесінің ұятсызының дәрежесі ирландиялық балалардың аштыққа душар болуына себепкерлердің намысына сәйкес келеді.Кейбір жарияланымдарында Свифт ойын тіке жеткізеді. Ешқандай келемеж, мұқатусыз. Мысалы, «Предложение об исп...» әдеби тілдің тазалығына көңіл бөліп, жаргон сөздерге, диалект және сауатсыз сөздерге қарсы екенін ашық айтады. Свифт шығармаларында мистификациялар да????? аңыздар да жоқ емес. Мысалы, 1708 жылы Свифт астрологтарды айлакерлігі үшін айыптайды. Ол «Исаак Бикерстафор» атты (ағыл. Isaac Bikerstoff) болашақта орын алатын оқиғалар жайлы альманах шығарды. Свифттің бұл альманағы Джон Пратридж деген бұрынғы етікшінің Англияда жарық көрген кітабын көпшілікке келемеж етті. Ол кітапта түсініксіз шағымдармен қатар («бұл айда беделді тұлғаға ажал немесе ауру қаупі бар») нақты болжамдар да келтірілген, оның ішінде Партридж өзінің де өлімін болжаған. Сол күн жеткенде Свифт Партридждің танысы атынан сөйлеп, оның ажалы жайлы жеткізеді және болжамға сәйкес қаза болғанын да айтады. Кейінірек аталмыш астрологқа өзінің тірі екенін дәлелдеу оңай болмады, өз есімін баспагерлер арасында қайта тірілту де қиын болды, себебі оның атын астрологтың өз болжамы бойынша өлгенге санап, сызып тастаған болатын.


Информация о работе Джонатан Свифт