Германияны бөлшектеу. ГФР мен ГДР құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 08:21, реферат

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыс фашистік Германияның талқандалуына өкелді. Неміс халқының тағдыры оккупациялық өскерлердің қолында болды. Соғыста Германия 13,5 миллион адамынан айырылды. Германияның жері төрт оккупациялық зонаға бөлінді. Батыс Германия жерінде американ, ағылшын жөне француз өскерлері орналасты.

Файлы: 1 файл

Германияны бөлшектеу.docx

— 32.02 Кб (Скачать файл)

Германияның марка саясатын нығайту да көзделді. Жаңа либерализм жеке меншікті мемлекеттік реттеу арқылы жүргізді. 50-жылдары ГФР экономикасының “ғажайып” дамуының себебі: соғыстан кейінгі АҚШ-тың ақшалай-қаржылық көмегі, яғни “Маршал жоспары” арқылы 3,9 млрд. доллар алуы болды. Мемлекет ішкі өндірісті дамыту үшін үлттық капиталдың үлес салмағын арттырды. Орташа жылдық өнеркөсіп өнімдерін өндіру 9,6 %-ға жетсе, бүл көрсеткіш АҚШ-та 4 %, Англияда 3 % болды. 1956 жылы халық шаруашылығының дамуы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есе артты. ГФР-дың экономикасына салынған үлттық капитал қоры 18,3 милиардтан, 1955 жылы 41 миллиард маркаға өсті. ГФР-дың экономикалық дамуының теориялық негізі ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы В. Ойкеннің реформасына негізделді. Ойкеннің теориясының мөні жеке меншік, еркін баға сая- саты, жоспарлы шаруашылықтан бас тарту, экономикалық дербестік, капиталдық жауапкершілік, монополияны бақылау, экономикалық кірістің бөлінуін жөне еңбек заңдары мен өлеуметтік шараларға мемлекеттік көмекті мойындау болды.

ГФР соғыстан кейін өлеуметтік мемлекетке айналды. 1949 жылы өнеркөсіп иелері мен жүмысшылар үжымдық келісімдер арқылы жүмыс істей бастады. Өнеркөсіпті жүмысшылар өздері бақылап, басшылық жасауға толық мүмкіндік алды. Көсіпкерлер мен қызметкерлер келісім арқылы жүмыс істейтін болды. Олар жолақысының мөлшерін бірігіп белгілеуге көшті. Тарифтік келіспеушілік орын алса, федералдық Үкімет араласатын болды. 50-жылдары көсіподақ үйымдары көсіпкерлер мен жүмысшылар арқылы өнеркөсіп иелерінің қызметін бақылауға заң арқылы араласа баста- ды. Әлеуметтік сақтандыру қамтамасыз етіліп, қызмет жағдайында мүгедектік алғанда, қартайғанда жөне жүмыссыздарға мемлекеттік көмек көрсету қүқықтары заң арқылы реттелетін болды. ХХ ғасырдың 50-жылдарында ГФР дүние жүзінде екінші орынға, Еуропада бірінші орынға шықты.

К. Аденауэр Үкіметінің сыртқы саясаты. Батыс Германияның сыртқы саясаты атлантизм саясатының принциптеріне негізделді. Ол бойынша АҚШ-тың соғыстан кейінгі “қырғи-қабақ” саясаты толық қолдау тапты. К. Аденауэр Үкіметінің сыртқы саясаты соғыстан кейінгі Еуропадағы өзгерістерді мойындамады. Потсдам конференциясының демилитаризациялау талаптарын орындамай, ремилитаризациялауды жүргізді. Еуропаны бірігіп қорғау саясатын жүзеге асырып, антикеңестік, антикоммунистік бағыт үстанды.

1951 жылы Франция, Италия жөне Бенилюкс елдерімен Еуропалық қорғаныс ынтымақтастығы келісіміне қол қойды. 1955 жылы 8 мамырда ГФР Солтүстік атлантикалық альянс (НАТО) одағына мүше болды. Демилитаризация саясатын жүргізіп, Бундесвер (Қорғаныс министрлігі) өскерінің санын 500 мың адамға жеткізді.

Антикеңестік саясатқа қарамастан, 1955 жылы қыркүйек айында Мөскеу қаласында екі ел арасында келіссөздер жүргізілді. ГФР мен КСРО елшілік қатынасты орнатуға келісті. Бірақ, ГФР социалистік елдермен арадағы қарым-қатынастарды қалпына келтірмеді.

1954 жылы желтоқсан айында ГФР сыртқы саясатта “Хальштейн доктринасын” қабылдады. Бүл саясаттың мақсаты ГДР-мен (Герман Демократиялық Республикасымен) қарым-қатынастағы социалистік елдермен ешқандай байланыс жасамау болды. 1957 жылы ГДР-мен елшілік қатынас орнатып, оны мойындаған Югославия- мен елшілік байланысын үзді. Герман Федеративтік Республикасы АҚШ-тың Еуропадағы негізгі одақтасына айналды.

ГФР 1951 жылғы “Көмір жөне болат” ынтымақтастық үйымына мүше болды. 1957 жылы Рим келісіміне қол қойып, “ортақ рынокқа” мүше болды. Герман Федеративтік Республикасы Франциямен жақындасып, ортақ Еуропа идеясын қолдады. Соғыстан кейінгі Батыс Еуропадағы шекаралық өзгерістерді мойындамады. Батыс Германия өз жерінде АҚШ-тың соғыс базаларын орналастырып, тіпті атом қаруын иеленуге үміткер болды. ГДР-ды мойындаудан бас тартты.


Информация о работе Германияны бөлшектеу. ГФР мен ГДР құрылуы