Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 13:20, реферат
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен V Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы болып өтті.
Бүгінгі күні әлем халқының
тағдыры бір-бірімен тығыз
Мейман жаһандық этика мәселесін де қозғады. Осыдан біраз жыл бұрын жаһандық этиканың манифесті қабылданғандығын, бірақ мемлекеттер мен кәсіпкерлік құрылымдар бұл манифест қағидаттарын ескере бермейтіндігін жеткізді.
«Эксон Мобил корпоратион» корпорациясының бас директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсон өзінің жаһандық экономика болашағына оптимистік көзқараспен қарайтындығын айтып өтті. Жаһандық экономика даусыз шындыққа айналып отыр. Оның пайдалы жақтары көп. Мәселен, жер бетінде халық саны барған сайын өсіп барады. 2040 жылы тағы да 25 пайызға өсіп, 8,7 миллиард адамды құрауға тиіс. Міне, осыншама адамды асырау үшін экономиканың ұйымдастырылу деңгейі күшеюі керек. Бұған өңірлік елдермен тығыз байланысқан жаһандық экономика жауап бере алады. Жаһандық экономика жаңа энергия көздерін іздестіруі тиіс. Өйткені, планетадағы көмірсутегі қорлары сарқылу үстінде. Осы ретте алдағы уақыттары Қазақстан секілді ресурсқа бай елдер жаһандық экономиканың дамуында үлкен рөл ойнайтын болады, деді ол.
Сонымен қатар, қазіргі күні инвестициялар мен инновацияның, елдер арасындағы ынтымақтастықтың барған сайын үлкен мәнге ие болып келе жатқандығын жеткізді. Өздерінің Қазақстандағы Теңіз бен Қашаған кеніштерін игеру жұмыстарына қатысып жатқандықтарын, Қазақстанмен жұмыс істеуде екіжақты тиімділік бар екендігін айтып өтті.
Келесі сөз кезегін алған Халықаралық валюта қорының таратушы-директорының орынбасары Мин Жу өз сөзін осы форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтудан бастады. Мұнан кейін әлем бойынша экономикалық өсімнің баяулағандығына тоқталып өтті. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша, биылғы жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,5 пайызды құрауы тиіс. Соның ішінде АҚШ-тағы өсім 1,5 пайызбен шектелетін болса, өсімдегі негізгі үлес дамушы елдерге тиісті болмақ. Дамушы елдер 8 пайызға дейін даму мүмкіндігіне ие болады. Артта қалушы елдерде де бірте-бірте даму қозғалысы пайда болып, ақша ағыны да дамушы және артта қалушы елдерге қарай ауа бастайтын болады. Бұрын дамыған елдер қаржы ағынының 90 пайызына дейін иелік етіп келсе, енді олар өздерінің мұндай орасан зор мүмкіндіктерінен айырылуда.
Мин Жудың пікірінше, жағдай 2016 жылға дейін осылай құбыла отырып сақталатын болады. Мұнан кейінгі жылдары мемлекеттік борыш мәселесі ретке келе бастайды. Одан соң даму жағдайы қайтадан жақсарып қалпына келуі тиіс.
Осы ретте дамушы елдер үшін экономиканы әртараптандыру мәселесі барынша маңызды болып отыр. Қазақстан бұл мәселеге барынша мән беруде. Елдегі шикізаттық емес сектордың дамытылуы, индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы осының нақты нәтижесі болып табылады.
Мейман сондай-ақ Халықаралық валюта қорының дағдарыспен күресте әлем елдеріне көмекке келе алатындығын, қазіргі күні дағдарыс алдында несие беру арқылы жағдайды жеделдетіп түзету жөнінде бағдарлама әзірленіп жатқандығын айтып өтті.
Пленарлық мәжілістегі соңғы сөз Нобель сыйлығының лауреаты, Астана экономикалық форумының тұрақты қатысушысы және ең белсенді өкілдерінің бірі Роберт Манделлге берілді.
Биылғы жыл – форум жұмысы үшін маңызды жыл. Оған 5 жыл толмақ. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің 20 жылдығын атап өтсе, Астананың 10 жылдық тойы да тойланған болатын, деп Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғаларды еске алып өткен Роберт Манделл қазіргі жаһан тарихында урбанизация факторының белсенді сипатқа ие болғандығын жеткізді. Былтыр әлем қалаларында тұратын адамдар саны ауылдарда тұратын адамдар санынан бірнеше есе басым түсті. Бұл – ерекше елеулі оқиға.
Әлем дамуына әсер етіп отырған тағы бір фактор Қытай Халық Республикасы дамуының барынша қарқынға ие болып отырғандығы. Қытай осы қарқындылығының нәтижесінде әлемнің екінші үлкен экономикасына айналды. Мұның өзі Азияның жалпы жағдайына әсер етпек.
Роберт Манделл өз сөзінде әлемнің дағдарысқа келу себептеріне біраз талдау жасады. Оған әлем елдері мен өңірлеріндегі ақша-несие саясатындағы үйлессіздіктің әсері үлкен болған секілді. Мәселен, мейманның айтуынша, соңғы уақыттардың өзінде ғана АҚШ доллары еуромен салыстырғанда 30 пайызға қымбаттап отыр. Доллар алғаш көтерілген тұста алтын бағасы арзандаған болатын. Оның есесіне өмір сүру бағасы да төмендеп кетті. Демек, халықаралық қаржы институттары өз қызметтерін бір-бірімен үйлесімді жүргізуге ұмтылулары қажет.
Пленарлық мәжілістің соңында оны жүргізуші Стивен Данбар-Джонсон форумға қатысып сөз сөйлегені, меймандостық пейілі үшін Қазақстан халқы мен оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен алғыс сезімін білдірді. Сондай-ақ форумда сөз алып пікір білдірген саясаткерлер мен ғалымдарға, халықаралық ұйымдардың басшыларына және форумның барлық қатысушыларына форум атынан алғыс айтып, алдағы жұмыстарына үлкен табыстар тіледі.
Ашылу салтанатынан соң V Астана
экономикалық форумы аясындағы ір-шаралар
легі өз жалғасын тапты. Алдымен ашылу
салтанатын қорытындылаған арнайы баспасөз
мәслихаты өтіп, ғалымдар, Нобель сыйлығының
лауреаттары жаһандық экономика
төңірегінде журналистер
V Астана экономикалық
форумы шеңберінде өткен
Конгресс барысында Фраунхофер институты (Германия), Даедеок Иннополис (Оңтүстік Корея), «Сколково» қоры (Ресей), Аргон ұлттық зертханасы (АҚШ), Кембридж университеті (Ұлыбритания) сияқты ғылыми-зерттеу институттары мен даму институттарының жетекшілері қатысты. Америкалық физик, Нобель сыйлығының лауреаты профессор Гелл-Манн Мюррей шараның құрметті қонағы болды. Жалпы алғанда, конгресс Германия, Жапония, Корея, Швейцария, Италия, Ресей, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Иордания, Латвия, Чехия, Малайзиядан барлығы 25-ке жуық үздік шетелдік спикерлердің басын қосты.
Шараның басты тақырыптарының бірі инновацияның қаржыландырылуы болды. Тәжірибе көрсеткендей, жеке секторды инвестициялауды қолдау үшін мемлекет қолайлы шаралар туғызуы қажет. Осыған орай «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының өкілетті уәкілі Айдын Құлсейітов «Қазақстанның әлеуетті бизнес қолдаушылары біркелкі «бизнес-періште» жүйесіне олардың жұмысын ұйымдастыру жолымен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін ерте кезеңдегі уақытта инновацияны қаржыландырудың нақты көзі болуы керектігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталған агенттікті қоса алғанда, барлық даму институттары жеке инвесторларға инновациялық жобалар мен жаңа технологиялық кәсіпорындарға қолжетімді мүмкіндік беруі қажет, өнертапқыштар мен инвесторлар арасындағы уақытылы кездесулер өткізу үшін біртұтас алаң құру керек.
Астана экономикалық форумы аясында Инновациялық конгресс өткізілгелі бері оған әлемнің 15 елінен 60-тан астам спикерлер қатысқан екен. Сонымен қатар, конгрестің ықпалымен шетелдік серіктестермен меморандумдарға, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға мол мүмкіндіктер ашылуда.
VII Инновациялық конгресс
барысында форумның жоғары
V Астана экономикалық
форумы аясында өткен тағы
бір кең ауқымды шара –
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен – 2012 жыл «Баршаға бірдей тұрақты энергетиканың халықаралық жылы» болып жарияланған болатын. Ғаламдық энергоэкологиялық форумды өткізу негізінен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Барша үшін де тұрақты энергия» бастамасымен қолға алынып отыр.
Қазақстанның бұл бастаманың жүзеге асырылуына көп көңіл бөлуінің де өз себебі бар. Мәселен, 2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін ғаламдық энергоэкологиялық стратегияны әзірлеуге шақырып, осы тақырыпта сөз сөйлеген болатын. Ендеше, биылғы жылдың «Баршаға бірдей тұрақты энергияның халықаралық жылы» аталуына біздің елдің де өз үлесі бар. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия және басқа елдердің ғалымдары Стратегияның ғылыми дәлелдеуін аяқтады және оны «РИО+20» тұрақты даму бойынша БҰҰ Конференциясының қорытынды құжатының жобасына қосу үшін ұсыныстарын әзірлеуде.
Сессияда Ұлыбритания Атом энергетикасы агенттігінің құрметті төрайымы Леди Барбара Томас-Джадж Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай елдердің бірі болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан тұрақты әрі білікті басшылықтың болуы себепті де қолайлы деді ол. Оның айтуынша, мұнай мен газды және басқа да минералдарды с
аяси тұрақсыздықта өндіру мүмкін емес. Осы орайда ол Қазақстан билігіне халық тарапынан сенім бар екендігін, бұл өз кезегінде түрлі салалардағы жоспарларды жүзеге асыруды жеңілдететінін көлденең тартты.
Қазақстан халқының сауаттылық деңгейі жоғары және оны кеңінен пайдалануға болады, деп атап көрсетті ол. Бұл тұрғыда агенттік төрайымы «Болашақ» бағдарламасының артықшылықтарын да ескеріп өтті. Ұлыбритания Атом энергетикасы агенттігінің құрметті төрайымы Қазақстанды әлемде стратегиялық ұстанымы бар, сондай-ақ дамыған және дамушы елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып отырған және Батыс пен Шығысты біріктіруші мемлекет деп бағалады.
Экономикалық саясатты жүзеге асыруда экологиялық балансты сақтау қажет екендігі белгілі. Бұл ретте Қазақстан экономиканы дамыта отырып, экожүйенің осал тұстарына қатысты мәселелерге де үнемі назар аударып келеді.
Бұл ойымызды форумы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ша Цузканның пікірі де дәлелдей түседі. Экономикалық саясатты жүзеге асыруда экологиялық балансты сақтау қажеттігін айтқан ол Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасының БҰҰ тарапынан қолдау тауып отырғандығын атап өткен болатын. Сонымен қатар, ол ағымдағы жылы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун «Барша үшін де тұрақты энергия» науқанына бастамашы болғандығын айтып, оны жүзеге асыруға Қазақстанның өз үлесін қосып отырғандығына назар аударды.
Сессияда, міне, осы «Барша үшін де тұрақты энергия» тақырыбы жан-жақты сөз болды. РИО+20-ға Қазақстанның энергоэкологиялық бастамаларын ілгерілету бойынша «Барша үшін де тұрақты энергия» жоғары деңгейлі тобымен бірге біріктірілген шаралар талқыланды. Сонымен қатар, энергоэкологиялық болашақ мәселелері – жаңғыртылатын және баламалы энергетиканы, нанотехнологияларды пайдалану, «таза» энергияны алу мәселелері сөз болды.
Оларды дамыту үшін жүйелік
қадам қарастырылады дейді
Сондай-ақ, сессиясы шеңберінде G20 және РИО+20 тұрақты даму бойынша БҰҰ Конференциясының Қатысушы елдері үшін және Қазақстан Үкіметі үшін ұсыныстар әзірленді.
Жалпы, халықаралық форумдар елімізге инвесторлар тартып, қай салада болмасын ынтымақтастық орнатуға мол мүмкіндіктер ашады. Соның бір айғағындай, кеше V Астана экономикалық форумының аясында көптеген осындай келісімдер жасалады.
Елімізге инвестиция тарту мәселесі V Астана экономикалық форумының алғашқы күні өткен Қазақстанның жедел дамушы рыноктары мен инвестициялық саясатының даму болжамына арналған панельдік сессияда да сөз болған еді. Оның барысында шетелдік инвесторлар республика экономикасына, оның ішінде экономиканың жоғары технологиялық секторына тікелей инвестициялар тартудың перспективасын талқылады.
Халықаралық рейтингтерге сәйкес Қазақстан рыногы жедел дамушы елдердің бірі болып табылады. «Қазақстан Қытаймен және Катармен бірге, экономикасы жедел дамып отырған алғашқы үштікке кіріп отыр. Бұл зерттеуді Ernst & Young компаниясы да, біздің инвесторларымыз да қуаттап отыр», деді вице-премьер Қайрат Келімбетов сессияда сөйлеген сөзінде.
Ол сондай-ақ, инвестицияның жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша еліміздің көш басына жTeliaSonera ???? General Electric Transportation
TeliaSonera General Electric Transport?ation
кенін айтты. Инвесторлар
тек минералды ресурстар
Айта кету керек, Қазақстан инвестиция үшін жайлы ел ғана емес, сонымен бірге, ол Кеден одағына кіретін тартымды рынок ретінде және әлемдегі ең қарқынды дамушы рыноктардың бірі саналатын Қытайға іргелес мемлекет ретінде жұртшылықтың назарын аударып отыр.
Сессияға қатысқан шетелдік
инвесторлар мен Қазақстанның серіктестері
ынтымақтастықты әрі қарай
Информация о работе Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас