Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 13:20, реферат

Описание работы

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен V Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы болып өтті.

Файлы: 1 файл

Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас.docx

— 473.97 Кб (Скачать файл)

Мәселен, TeliaSonera компаниясының президенті Ларс Ниберг, өңірдегі көшбасшы рынок атануға Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар екенін баса атап көрсетті. «Біздің мұнда келгенімізге 14 жыл болды және біз республикаға инвестиция салуды жалғастыра бермекпіз. Ағымдағы жылы біз 4G технологиясын енгізуді және желінің сапасы үздік болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды жоспарлап отырмыз», деді ол.

Еуропа Қайта құру және даму банкінің Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша  бизнес-тобының директоры Оливье Декамп өз сөзінде Қазақстанның күн санап өсіп отырған инвестициялық мүмкіндігіне тоқталып өтті. «Қазақстанда реформаларды іске асырудың жаңа сәті туып отыр. Ол – экономиканы әртараптандыру үдерісіне, энергия тиімділігіне басымдық беру және БСҰ-ға қосылу жоспары. Бұл реформалар сіздердің елдеріңіздің инвестициялық тартымдылығын арттыра түсетін болады. Біз 1 миллиард долларға жуық инвестиция салып отырмыз», деді О.Декамп.

Осылайша, кешегі шетел инвесторларының 25 сессиясында айтылған мәселелер тағы бір пысықталды.

Форум аясында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «Transcosmos inc.» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта «Transcosmos inc.» тарапынан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының инновациялық ІТ-қызметтерінің түрлі бағыттар бойынша дамуына ақпараттық және технологиялық қолдау көрсету қарастырылған. Меморандум аясында іздеу және электронды поштаның құралдарын, CDN-желілерді ұйымдастыру және дамытуды, сондай-ақ ҚР инфрокоммуникациялық технологиялар рыногында ойын контентін ұсыну кіретін порталдарды енгізу және дамыту көзделген. Сонымен қатар, онда ақпаратты сақтау бойынша SaaS-қызметтерді дамытуға көмектесу мақсатымен call-орталықтар ұйымдастыру, құру және дамыту туралы да айтылған. Бұдан басқа, тараптар CDN-желілері арқылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жергілікті контентін тарату бойынша тәжірибе алмасу туралы да уағдаласты.

V Астана экономикалық  форумы шеңберінде «Қазақстан  темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Toyota Tsusho Corporation» компаниясы арасында да өзара ықпалдастық және байланыстар туралы меморандумға қол қойылды. Осы орайда «Toyota Tsusho Corporation» компаниясының «Toyota Motor Corporation» компаниясының еншілес компаниясы болып табылатынын айта кету қажет.

Тараптардың «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының логистика саласындағы әлемдік көшбасшылармен белсенді іс-қимылдарды жолға қою жөнінен жұмыстар жүргізу үшін аталмыш қазақстандық компания құрған «Жаһандық Әріптес» жобасы шеңберіндегі іскерлік ынтымақтастық мақсатын көздейтін құжатқа «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А.Мамин және «Toyota Tsusho Corporation» компаниясының президенті Дж.Карубе қол қойды.

«Toyota» осындай компаниялардың бірі болып табылады. 94 отандық және 344 шетелдік топтасқан компаниялар тобынан тұратын дүниежүзілік сауда желісіне ие бола отырып, «Toyota» Азия мен Океанияда, Қытай өңірінде, Еуропа мен Солтүстік Америкада, яғни бизнесті дамытудың төрт шешуші өңірінде жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Toyota» Қазақстан Республикасы үшін де бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында Қытай – Ресей – Түркия – Орталық Азия – логистикалық бағытын құру жөніндегі жоба да бар. Компанияның негізгі қызметі ішкі көтерме сауда, импорт, экспорт, инвестициялық жобалар, сақтандыру және басқа да жұмыстар болып табылады.

Меморандум ережелерін жүзеге асыру шеңберінде тараптар Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Қытай Халық Республикасынан және басқа да елдерден Еуропа елдеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия өңірінен Қазақстан арқылы кері бағытта жүк тасымалын ұлғайту мақсатында «Қорғас – Шығыс Қақпалар» арнаулы экономикалық аймағына «Toyota» компаниясының қатысуы жөнінде де мәселе талқылады.

Көлік-логистика саласындағы  тығыз байланыстар негізінде  компаниялар өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағы арқылы тасымалдау шарттары жөнінде уағдаласты. Оның сыртында тараптар өзара іс-қимылдар жөнінде, атап айтқанда, Қазақстан мен Жапония аумағында интеграцияланған логистикалық өнім құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізді.

Тараптар сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағындағы көлік-логистикалық жобалар бойынша бірлескен жұмыстар мен консультациялар өткізу үшін, сол сияқты, жапондық және қазақстандық транзиттік жүктер тасқынын ұлғайту жөнінен іс-шаралар ұйымдастырып, мультимодальдық көлікті пайдалана отырып, бағыттардың тартымдылығын арттыру үшін білікті мамандардан тұратын тұрақты жұмыс тобын құру жөнінде де өзара келісімге келді.

Екі ел аумағы арқылы бүкіл  бәсекеге қабілетті транзиттік маршруттар бойынша бірлескен интеграцияланған көлік-логистикалық өнімдер құру Қазақстанның өңірдегі көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуына жағдай жасау мақсаттарын көздейді.

Осы орайда V Астана экономикалық форумы шеңберінде Ұлттық академиялар мен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мектептері ректорларының форумы өткенін де айта кету қажет. Оған әлемнің 20 елінен, оның ішінде, Әзербайжаннан, Литвадан, Болгариядан, Қырғызстаннан, Польшадан, Латвиядан және басқа да елдерден академиялар мен мемлекеттік басқару мектептерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Форум барысында оған қатысушылар мемлекеттік қызметшілерді оқытуға қатысты білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, сол сияқты, бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Сонымен бірге, форумға қатысушылар Астанада мемлекеттік қызмет саласындағы білімдер мен тәжірибелер тарату жөнінен өңірлік хаб құру жөніндегі мәселені де әңгіме өзегіне айналдырды. Бұл ретте INASPA Еуразия құрлығы елдері үшін біртұтас білім беру жүйесін тағайындау туралы бастама оң бағаға ие болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей, жас мемлекет өз дамуының тек екінші онжылдық белесінен ғана асып отыр. Ел қарқынды дамуда, сонымен бірге мемлекеттік басқару саласы да алға басуда. Бұл тұрғыда Қазақстан бір орында тұрып қалмақ емес, біз БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен өзге мемлекеттердің тәжірибелерімен танысып, зерттеудеміз. Өткен жылдан бері Қазақстанда бірқатар қазіргі заманғы инновациялық құралдар енгізілді. Біз бақылаудың превентивтілігін енгізудеміз. Басшылықтың барлық тапсырмалары, шешімдері күні бұрын қалыптастырылады, деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, біздің еліміз үшін сапалы секіріс жасаудың маңызы өте зор. Ал ол сындарлы зияткерлік әлеует қалыптастырмайынша, соның ішінде, мемлекеттік қызмет саласында да, мүмкін емес. Сондықтан, деп атап өтті Б.Байбек, менің пайымдауымша, бүгінгі форумның пікірлер алмасу үшін, уақыт мерзімін салыстыру үшін, мемлекеттік қызметті дамытудың перспективалы бағыттарын, жаһандану мен қазіргі заманғы әлемнің проблемаларын талқылау үшін маңызы өте зор.

V Астана экономикалық  форумы аясында Іскер әйелдердің  Орталық Азиялық І конгресі  де болып өтті. Конгреске Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрайымы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Ибрагимова жүргізіп отырды. Онда «Қазіргі замандағы әйелдер көшбасшылығы», «Әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыру» тақырыптары талқыға түсті.

Конгрестің негізгі мақсаты  Орталық Азия өңірлерін экономикалық дамытудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени мәселелерін талқылау және оңтайлы шешімін іздестіру үшін ғалым экономистерді, мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіру, әйелдердің кәсіпкерлік, саяси және әлеуметтік белсенділігі саласындағы ақпаратпен, білім және тәжірибемен бөлісу, Орталық Азия өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін неғұрлым қолайлы іскер ахуал орнатуға ықпал ету болып табылады.

Пікірсайыстарға БҰҰ Әйелдер ұйымының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өңірлік бағдарламаларының директоры Дамира Сартбаева,  V сайланған Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Әлеуметтік саясат комитетінің төрайымы Дамира Ниязалиева, Тәжікстан Республикасы Әйелдер және отбасы істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары Хилолби Курбонова, Өзбекстан іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Гульнора Махмудова, швейцариялық «Genint SA» компаниясының өкілі Бермет Акаева, Елші, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы  Бушез Аурелия, Ұлыбритания Атом энергетикасы агенттігінің Құрметті төрайымы Леди Барбара Томас-Джадж және басқа да конгресс қонақтары қатысты.

Сөз соңында Астана экономикалық форумы шеңберінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қаржы министрлерінің тұрақты жұмыс істейтін мәжілісінің кезекті алтыншы отырысының өткенін де айта кету қажет. Бұл туралы газетіміздің алдағы санында толығырақ баяндайтын боламыз.

«Егемен Қазақстанның»  тілшілер тобы.

Суреттерді түсіргендер  С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ, Е.ОМАРОВ.


Информация о работе Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас