Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Тарихи хроника
Ұлы Отан соғысы¬ның бас¬та¬луы (1941–1945 жж.)
1940 жылғы 18 жел¬тоқсан – фа¬шистік Гер¬ма¬ния бас¬шы¬лығы «Бар¬ба¬рос¬са» соғыс жос¬па¬рын жа¬сады.
Мақса¬ты:
1. КСРО-ға қар¬сы соғыс ашу;
2. «Қауырт соғыс» иде¬ясы бойын¬ша соғыс¬ты 1941 жыл¬дың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жос¬па¬ры бойын¬ша фа¬шис¬тер КСРО-ны:
1. Сан¬сыз көп ұлттың жа¬сан¬ды және тұрақсыз бірлест

Файлы: 1 файл

тарих конф.docx

— 469.49 Кб (Скачать файл)

Әдебиетке қосқан үлесі

М. Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын (1952–1957) жазды. М. Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. «Менің майдандас достарым» (1947), «Алтын жұлдыз» (1948), «Майдан очерктері» (1949), «Сұрапыл жылдар» (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М. Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» (1966) деген кітабында М. Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.

Қызметтері

М. Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. «Қазақ халқының батырлар жыры» кітабы авторларының бірі.

Шығармалары:

  • Менің майдандас достарым, А., 1947;
  • Алтын жұлдыз, А., 1948; Майдан очерктері, А., 1949;
  • Проблема народности қазахского героического эпоса, А., 1953;
  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;
  • Майдан очерктері, А., 1959;
  • Ел намысы — ер намысы, А., 1966;
  • Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;
  • Сұрапыл жылдар. А., 1972;
  • Қазақ эпосы, А., 1971;
  • Менің майдандас достарым, А., 1985.
  • Хиуаз Қайырқызы  Доспанова (1922 — 2008 жж.)

    • Дүниеге келгені: 1922 мамыр
    • Бөкей гөбернесі Ганюшкино селосы, Атырау облысы
    • Қайтыс болғаны: 2008 мамыр
    • Алматы
    • Мансабы: ұшқыш
    • Хиуаз Қайырқызы Доспанова (1922—2008) — Халық Қаһарманы.
    • 1922 ж. мамырдың 15 Бөкей гөбернесі Ганюшкино селосында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi — Қайыр балықшы, анасы — Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен.
    • Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.
    • Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
    • 2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.
    • Тағы қараңыз

    • Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдыны.
    • Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.
    • Әлия, Мәншүк, Хиуаз… Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
    • Хиуаз Астраханьдағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар ма деп қалдық. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Міне, екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Москвадағы Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай…. Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. 
    • Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанған-ды. Жасыратыны жоқ, Хиуаз апай соғыс жылдары тірі қалғанына қайран қалатынға ұқсайды. Ол кісінің олай дейтін жөні бар. Оғы тек жерде ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз апай ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Айта берсе, ол кісінің майдандағы ерлігі бір мақалаға сыймайды да. 
    • Бір білетініміз, ол жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Бейбіт өмірде көрсеткен еңбегіне де қысқаша тоқтала кетсек, артық етпес. Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Мұның бәрі апамыздың өзі айтқандай «әрекетсіз отыра алмайтындығының» белгісі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
    • Бала сүйіп, сүйікті әже атанып отырған Хиуаз апай Соғысты Берлин түбінде аяқтаған ол Жеңіс күнін Москваның Қызыл Алаңында тойлағанды армандаған екен. Ол арманына да жетеді. Енді міне, арада 63 жыл өтті. Белгілісі бар, белгісізі бар, Ұлы Отан соғысының кез келген қаһарманының ерлігі мен бейнесі тарих беттерінде мәңгі сақталып, ұрпақ алдында қашанда асқақ көрінетініне кәміл сенуге болады. 2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.
    • ТІРІ ҚАЛҒАНЫМА ТАҢҒАЛАМЫН" ДЕЙДІ АСПАННАН 14 РЕТ ҚҰЛАҒАН «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ХИУАЗ АПА

    Қасым Қайсенов (1918 — 2006 жж.)

    Дүниеге келгені 1918 ж. сәуірдің 23 (1918—04—23) (93 жыл)

    Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы

    Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.

    Мазмұны:

    1. Өмірбаяны;
    2. Шығармашылығы;
    3. Марапаттары.

    Өмірбаяны

    1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.

    1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

    1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.

    Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.

    Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.

    1951–1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.

    1953–1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.

    Шығармашылығы

    Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

    1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

    Марапаттары

    Қайсенов «Богдан Хмельницкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстанның халық қаһарманы.


    Қошқарбаев Рақымжан (1924 — 1988 жж.)

    Дүниеге келгені: 1924

    Ақмола облысы, Тайтөбе селосы

    Қайтыс болғаны: 1988

    Көшентоған

    Мансабы: барлаушы

    Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999).

    1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.

    1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

    1944 ж. қазан айынан бастап 1-Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

    Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

    1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,

    1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

    1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

    Мазмұны:

    1. Толығырақ;
    2. Балалық шағы;
    3. Әскерде;
    4. Майданда.

    Толығырақ

    Рақымжан Қошқарбаев кешесіндегі С. Ғылмани атындағы мешіт.

    Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті. Мен болсам Рейхстагқа тігілген қызыл ту жайында емес, тіпті соғыс туралы да емес, бар болғаны соғыстағы және өмірдегі досым туралы, былайша айтқанда қарапайым, сонымен қатар ұлы адам туралы кейбір жайларды еске алғым келіп еді.

    Балалық шағы

    Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған «Штурм» деген кітабында жан-жақты баяндады. Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.

    Әскерде

    Ол осындай алғашқы, жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. Көкшетаулық полктегі әскери қызметтің жағдайы аса ауыр болды, қала мүндай ірі әскери бөлімді орналастыруға дайын емес еді, казармаға, асханаға, сабақ өткізуге, штабқа және басқа да әскери үйымдар мен әскери қызметкерлерге арналған үйлер болмады. 1943 жылдың жазында біздің полктен офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды, 

    Рақымжан осы топқа ілігіп, Россияның Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді. Рақымжан училищенің қоғамдық өміріне белсене араласты және партия мүшелігіне кандидат болып қабылданды. Бүл жағдай салтанатты түрде өткізілді, оның әскери қызметке деген адалдығы мен ынталылығы, жақсы әскери және дене шынықтыру даярлығы да аталды. Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді. Р. Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-ші пәрменді армиясына біз 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жеттік. Армия штабы Брест маңындағы Седле стансасына орналасыпты.

    Майданда

    Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан-жақты жазылды. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, Шпрееғе — соңғы сулы бөгетке және Король алаңына — «Гитлердің үйіне» бірінші болып жетті. «Бірінші» дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Одер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін оны партия мүшелігіне қабылдады. Ал партия билеті аса маңызды бекіністі және саяси маңызды мақсатқа жетудің мадақтау белгісі ретінде «Гитлердің үйінде» табыс етілді. Осында «Гитлердің үйінде» барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бүйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. 

    Информация о работе Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі