Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Тарихи хроника
Ұлы Отан соғысы¬ның бас¬та¬луы (1941–1945 жж.)
1940 жылғы 18 жел¬тоқсан – фа¬шистік Гер¬ма¬ния бас¬шы¬лығы «Бар¬ба¬рос¬са» соғыс жос¬па¬рын жа¬сады.
Мақса¬ты:
1. КСРО-ға қар¬сы соғыс ашу;
2. «Қауырт соғыс» иде¬ясы бойын¬ша соғыс¬ты 1941 жыл¬дың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жос¬па¬ры бойын¬ша фа¬шис¬тер КСРО-ны:
1. Сан¬сыз көп ұлттың жа¬сан¬ды және тұрақсыз бірлест

Файлы: 1 файл

тарих конф.docx

— 469.49 Кб (Скачать файл)

Онан кейін хабарсыз кетті. Бейбіт күнге қол жеткеннен кейін де мен ең болмаса жерленген жерін таппақ болып, қаншама іздеу салдым, бірақ… бәрі нәтижесіз болды. Соғыстың сұрапыл күндеріндегі жағдайды өздеріңіз де білесіздер, Сағитым қай жерде қалғанын қалай іздерсің… Егер ашығына келсек, Нұрмағамбетовтар отбасының кіші ұлы әскери қызметке баруды еш жоспарламаған.

Сағадат армия генералы болуды емес, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған. Бұл пәндерге деген ықыласы ерекше болатын! Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп бере алатын. Сол кезде картаны көрсеткіш таяқшамен емес, Еуропаны жаудан азат ете отырып, барлық қала мен даланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мемлекет үкіметінің мүшесі ретінде бүкіл әлемді шарлайтынын білді дейсің бе?.. Қырық бірінші жылы соғыс оның мұғалім болсам деген арманына тосқауыл қойды. Соғыс, әскер, әскери іс… Оның бүкіл өмірінің мәніне айналған іс. Майданға жазылу үшін келген мұрты шықпаған бозбалаларға әскери бөлімшедегілер: «Алдымен мұрындарыңды сүртіп алыңдар!»— деп күлкі ететін. Бірақ зерек Сағадатты бірден байқап, саяси ағарту қызметкерлері курсына жіберді. Келесі жылы әскери училищеге бөлді.

Оқу тез қарқынмен жүрді: соғыс өз дегенін істетті. Келесі жылы Ақмола облысының Қосымауылынан шыққан кешегі бала өзінің пулеметшілер взводымен Солтүстік Кавказдағы Курка өзеніндегі неміс қорғанысын талқан етті. Қайтпас жүректілік пен қырағылық, ағасының өлімі үшін кек алу сезімі мен әрбір солдаттың өмірін сақтап қалуға деген қамқорлық, үлкен жауапкершілік пен балалық қызбалық оның бойында араласып, өзгелерді тыңдатуға мәжбүрледі. Донецкіге өткен бойда-ақ ол пулеметшілер ротасын басқарды. Днепрді алды, онан соң Украина, Бессарабия, Белоруссия, Полыпаны азат етті… Берлинге ол комбат болып кірді. «Батяня-комбат» деген ән сөздері есіңізде ме? Ол болса жасы жиырмадан жаңа асқан батяня?! Ал батальонда 3 атыс ротасы, пулеметшілер ротасы, артиллериялық батарея, шаруашылық взводы… Барлығы 250–300 адам.

Адамдар, қару-жарақтар мен танкілердің үлкен тобын жас комбаттың бір ғана сөзі қозғалысқа келтіретінін елестете аласыз ба? Сіз оның орнына сіздің қамқорлығыңызды қажет ететін бозкүйек өз балаңызды қойып көріңізші. Бірақ біздің де ұлдарымыз өзге қиын шыңдарды алуда. Тек заман басқа және армия да бұрынғыдай емес. Армия бұрынғысындай қалды. Талап та бұрынғыдай, тек күшеймесе азайған жоқ. Армиядағы басты қағида — дара басшылық. Барлығы заңға, тәртіпке бағынуы керек. Жаттығу алаңында, мәселен, уақыт секундқа дейін есептеліп қойылған. Оның өз мөлшерлері бар: 10–15 секунд — оқ атылады. Уақытты жіберіп алдың ба — өлгенің. Бұл біреудің әпербақандығы немесе назы емес. Аман қалу заңы. Әскери адам уақытты Бұлжытпай естіп, өлімге немесе жеңіске апарып соғатын қауіп-қатерді дөп басуы тиіс.

Генерал Нұрмағамбетовтың әскери ерліктерін тізбектемесек те болады. Олар туралы жеткілікті түрде жазылып жүр. Кейіпкеріміз туралы, дәлірек айтқанда, Отанымыздың тарихына айналған жан туралы білгісі келетіндерге көптеген әскери естелікнамаларға, оның ішінде «В памяти нет тишины» және «Мой передний край» деп аталатын оның өз кітаптарына бағыт сілтейміз. Бейбіт уақытта да Сағадат Қожахметұлы алдыңғы қатарда болды. Қазақстандағы әскери құрылым оның қатысуынсыз болмады.

Тарих пәнінің мұғалімі болу бұйырмаса да, ол өзінің ерекше тағдырымен республиканың әскери басшыларының тарихын құрып берді. Бүгінгі таңда генерал Нұрмағамбетов отставкада болғанына қарамастан әскери иерархияның ең жоғарғы сатысында. Өмір тәжірибесі отставкаға кетпейді. Ол кітаптар жазады, жастармен кездесіп, ел мен армияның тағдыры туралы толғанады. Өмірінің ең үлкен кезеңі — 1942 жыл мен 1996 жыл аралығын ол әскери карьераға арнады. Тамаша офицер — тамаша карьера. Ол жас тәуелсіз мемлекеттің Қорғаныс министрлігін құрған түңғыш жан болды. Әрине, бос орыннан емес, армия өмір сүрді, бірақ… қазақтар арасынан бірде бір полк командирі болмады, әскери училищеде небәрі екі әскери мамандыққа оқытты, орасан зор материалдық- техникалық ресурстарды ысырап ету, жақсы кадрлардан айырылу қаупі болды.

Бәрін бір уыстың астында ұстау, бәрін орнықты қолдану, әскери машинаны қозғалысқа келтіру үшін ерлік, ерік-жігер, дәл осындай әскери басшының тәжірибесі қажет болды. Ол қазіргі армияның өзекті мәселелері туралы неге онша ашылып айтқысы келмегенін, әскери формадағы жемқорлық туралы тіпті ойлауға да ерік бермегінінің сырын ұқтым. Ол үшін армияның ар-ұжданы — қаншама жылдар бойы термен келген өзінің ар-ұжданы. Көрнекті мемлекеттік қайраткер. Әскери атағы — армия генералы. Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар.

Рахимов Сабыр Омарұлы (1902 — 1945 жж.)

Рахимов Сабыр Омарұлы 1902, Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Көкбел а. — 26.3.1945, Польша, Данциг (қазіргі Гданьск қаласы), сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген] — әскери қайраткер, генерал-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1965). Әкесі ерте қайтыс болып, жас қалған Рахимовты шешесі (өзбек қызы) Өзбекстанға алып кеткен. 1922 жылы әскер қатарына шақырылған. Бакудегі әскери уч-щені бітірісімен (1925), Самарқанд қаласындағы атты әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болды. 1925 — 27 жылы Орта Азияда (Қарақұмда) Кеңес өкіметіне қарсы шыққандармен қарсы күрестегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған (1927). 

1941 жылға дейін түрлі әскери мекемелерде қызмет істеді. Соғыс басталғанда полк, кейін дивизия қолбасшысы болды. 1941 жылы шілдеде жау қоршауын бұзып шыққандағы батылдығы үшін 2-рет Қызыл Ту орденімен марапатталып, полковник шенін алды. Оның дивизиясы Дондағы Ростовта, Кавказда ұрыс жүргізді. 1943 жылы Мәскеудегі Бас штаб академиясына оқуға жіберілді. Академияны бітірген соң Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысты. Соғыс жылдары ол басқарған дивизияның жауынгерлік туына 2 Қызыл Ту, Суворов және Кутузов ордендері тағылды. Рахимов Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Суворов ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

Ол жөнінде «Генерал Рахимов» атты көркем фильм түсірілді. Өзбекстандағы ауылдар, мектептер, Ташкенттің бір ауданы, көшесі, метро бекеті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы орта мектеп Рахимов есімімен аталады. Ташкент қаласында Рахимовқа ескерткіш орнатылған. Польша Республикасының бір траулері генерал Рахимов есімімен аталады.

Ол да бiр аңыз адам. Қаны қазақ болғанмен Орта Азия халықтарына ортақ тұлға. Десек те тағдыры мың бұрылым болған соң амал бар ма? Қырық үш жылғы ғұмырында жасындай жарқ етiп өттi. Найзағайдай шарт сынды. Әйтсе де артында өшпестей өнегелi iзi қалды.

Гитлершiл фашистерге қарсы жүргiзiлген сұрапыл соғыста «Темiр генерал» атаныпты. Заманы отқа салып илесе, болат темiрдей пiсiп, жетiлмесе ол Сабыр болар ма едi? Батыр Рақымов атанар ма едi? Ата-бабадан дарып, анадан ержүрек болып туған соң Отан үшiн, ел үшiн, кейiнгi ұрпақ үшiн отқа түспей тұра ала ма? Кеудесiн оққа тосып, ажалға қасқайып қарай алар ма? Қалай десек те, ол заманының дара тұлғаларының бiрi. Әсiресе, өзбек ағайындар арасында генерал Сабыр Рақымов туралы нешетүрлi әпсаналар айтылады. Тiптi оның ажалдың аузында жүрiп, «Шөженi күзде санайды» деп айтқаны өзбек халқының қанатты сөзiне айналып кеткен. Айтқан — Сабыр, иемденген — халық. Осыған қарап-ақ оның дуалы ауыз екенiн де аңғаруға болады.

Бүгiнде заман лебi өзгердi. Өзбекстанда ұлттық батыр ретiнде дәрiптелiп келген ерен ердiң Ташкенттегi ескерткiшi басқа орынға көшiрiлдi.

Генерал туралы басқа да көптеген мақала, шығармалар жазылған. 1946 жылы «Звезда Востока» журналында Марина Меленовскаяның «Сабыр Рахимов – первый узбекский генерал» очеркi жарияланыпты. Кинодраматург Камил Яшен 1949 жылы «Генерал Рахимов» көркем фильмiн түсiрдi. 1980 жылы Ташкентте «Подвиг” атты кiтап жарық көрдi. Бұл ақпараттар, менiңше батыл жауынгердiң бейнесiн, оның майдандағы өмiр жолын бiлгiсi келгендер үшiн маңызды. Ол мәлiметтердi қазақстандық авторлардың басылымдарымен толықтыру керек».

Шынында да ойланатын мәселе. Рас, Сабыр туралы көбiрек шырылдаған оның екiншi адал жары — Құралай Натуллаева. Генералмен бiрге соғыс жолдарымен жүрген оның естелiктерiнде өте құнды мәлiметтер барлығы даусыз. Ерiнiң: «Арманым — қазақ боп өлу» деген аманатын орындау үшiн жарғақ құлағы жастыққа тимей күресiп өттi. Ол баспасөз бетiндегi бiр сөзiнде Екеумiздiң қазақ екенiмiздi дәлелдеу үшiн елу жыл бойы сандалып, бармаған жерiм, баспаған тауым қалмады. 1996 жылы кiрмеген көрiм қалмаған соң, ақыры әбден күйiндiм де, радиокомитетке барып Сабырды да, өзiмдi де «қазақпыз» деп жариялап жiбердiм дептi. Осындай әрекетi үшiн қудалау да көрсе керек. Бiртуар дара батыр Бауыржан Момышұлы Өзбекстанға әдейi iздеп барып, генералдың жарын елге көшiрiп те әкелiптi. Бiрақ, өзбек жағы ұлттық мақтанышына айналған адамның жарын Қазақстанда қалдырғысы келмейдi, қайта көшiрiп әкетiп, жағдайын жасайды. Бiрақ батырдың әйелi ұлттық рухын төмендетпей, қаһармандық мiнезiне басып, ондай уақытша жарқылдақ нәрселерге көп алдана қоймайды. Бiр таңқаларлығы, әскери ресми құжаттарда Құралай апамыз бен генералдың арасындағы жұбайлық өмiрi туралы көрсетiлмеген секiлдi. Профессор Ануар Исмайлов жоғарыда аталған мақаласында былай деп жазады:

"Сабыр Рақымовтың өмiрiн және өмiрбаянын зерттеудi мен мұрағат құжаттары бойынша 2001–2006 жылдары жүргiздiм. Бiздiң жерлес генерал басшылық еткен атқыштар дивизиясының құжаттар қоры командирлiк қызметiнiң мәнерiн және әдiстерiн, соғыс кезiндегi қарым-қатынастары мен генералдың жеке өмiрiн көрсетуге мүмкiндiк бердi. 2006 жылдың тамыз айының басында мен Ресей Қорғаныс министрлiгiнiң Орталық мұрағатына генерал-майор Рақымов Сабыр Умароглы /инвентарлық №639387/ жеке қорындағы құжаттарды пайдалануға рұқсат алдым…

Сабырдың балалық шағы төңкерiс алдындағы империялық Ресейдiң және оның отарланған шеткi аудандарының көптеген балалары сияқты кедейшiлiкте өттi. Әкесi Умар 1907 жылы қайтыс болған. Сауаты жоқ анасы, өзбек қызы Бахрайм Ташкентте ұлы мен қызын асырау үшiн кез келген жұмысты iстеп, шаршап-шалдығып жүредi. 1915 жылы қарындасы қайтыс болады. 13 жасар Сабыр жергiлiктi байдың малын бағып күн көрдi. 1917 жылы шешесi қайтыс болады да ол балалар үйiне қабылданады. Директоры татар азаматы Ш. Хасанов едi. Осы жерде оның қызы Әминамен кездеседi. Өмiрбаяндық құжаттарда Сабыр әйелiн Магра деп атапты: «Жұбайы – Рахымова Магра, мекенжайы – Ташкент қаласы, Сталин көшесi, 2-үй,

1-пәтер, зейнетақымен қамтамасыз ету 1971 жылы тоқтатылды”. Генералдың жеке iс-қағаздарында тек қана осы бiр әйел ғана жазылған. Басқа әйелдерi, қазiргi тiлмен айтқанда азаматтық некеде немесе тағы басқа жағдайларға байланысты көрсетiлмеген. Құжат бойынша тiркелген емес.

…1945 жылы 26 наурызда таңертең дивизияның командалық пунктiн жау минасы соққылады. Дивизия командирi Сабыр Рақымов, комиссары полковник А. Смирнов және командалық пункттiң басқа офицерлерi қатты жарақаттанды. 26 наурызда сағат 13–00-де есiн жимай генерал-майор С. У. Рақымов қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға бiздiң оңтүстiкқазақстандық майдангер-жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауымбаевтың есiнде. 30 наурыз күнi Рақымов және оның майдандас достары Белоруссияда Гродно қаласында жерлендi. Соғыс бiткен соң, 1945 жылдың мамыр айында генералдың денесi Ташкентке әкелiндi. Рақымовпен қоштасу қайғылы митингiсi 25 мамырда болды. Денесi Ташкенттегi бауырластар мазаратында жерленген. Ендi мiне, оның ескерткiшi алынды. Ташкент метро бекетiнiң, ауданның аты өзгердi. Әрi қарай не болмақ? Мен зерттеген мұрағат құжаттарында, әдебиет пен өнер туындыларында генералдың ұлты өзбек деп жазылған. Қазақ авторлары, оның ұлты қазақ деп айғақтарын көрсетiп, барлығын сендiрдi. Ендi оның денесi 3-шi рет қайта жерлене ме?»

Әскери тарихты зерттеушi ғалымның жанайқайы кiмдi болмасын ойландырмай қоймайды.

Қазақтан шыққан тұңғыш генерал жөнiнде ең көбiрек зерттеген және сериалды мақалалар жазған Әкiм Ысқақтың орасан зор еңбегiн айтпай кетуге болмайды. Ол «Лениншiл жас» — «Жас алаш» газетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшiсi кезiнде Рақымов тақырыбына дендеп ендi. Әсiлхан ағамыздан кейiн, 20 жылдай уақыттан соң тiлшi көтерген бұл мәселеге газет оқырмандары, тарихшылар, ұлт жанашырлары белсендi үн қатты. Көптеген пiкiрлер жарияланды. Нәтижесi де көрiне бастады. Көкiбелдегi мектеп Ұлы Отан соғысында қаһармандықпен қаза тапқан, Кеңестер Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымов атымен аталып, оның алдына кеудемүсiнi қойылды. Берiректе Шымкент қаласындағы әскери мектеп-интернаты мен қаладағы бiр көшеге аты берiлдi. Түрлi мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл оның есiмiн қастерлеудегi алғашқы қадамдар болатын. Ал, белгiлi қаламгер Әкiм Ысқақ өткен жылы өзi жиырма жылдай бұрын бастаған тақырыбын тағы да тереңдетiп, ”Тұңғыш генерал” атты кiтабын жарыққа шығарды. Журналистiк зерттеулерден тұратын бұл жинақтың кейiнгi ұрпаққа беретiн әскери-патриоттық, тәлiм-тәрбиелiк маңызы өте құнды.

Сабыр Рақымовты мақтаныш тұтып, ол туралы деректердi баспасөз беттерiнен, ел арасынан жинастырып, өзi де жазып жүргендердiң бiрi – Елiк Дүйсебеков ағамыз.

Сабырдың арғы атасы Ханбағыс Жетiбай батырдың баласы Жанжiгiт, кейiн оның немересi Мәмбетқұл Тақтапулдың датқалары болған. Сабыр Мәмбетқұлдың үш ұлының үлкенi Омардың /Омарқұл/ жалғызы. Әкесiнен жастай қалған ол датқа атасының қолында арабша оқыған. Тұлғасы сымбатты, пысық, тiрлiкте алғыр болып өстi. Атасы «бұл әкеңнiң еншiсi едi, ендi сенiкi» деген соң бiр диiрменге ие болып, жұмыс жасайтын. Онда жұмысшы болып жүрген нағашысы Рақым қарт жас Сабырға туысындай мейiрбандықпен қарайды. Өйткенi, Рақымның қарындасы Бахрайм Сабырдың анасы едi. Кеңес мектебiне есейiп қалғанда барған Сабыр, бұл кезде датқа ұрпағы деу саясатқа тура келмейтiнiн ұғып, диiрменшi Рақымның немересi ретiнде Рақымов болып жазылады.

Сабыр мектепте озат оқып, Бакудегi әскери училищенi үздiк бiтiредi. Курсант кезiнде-ақ бөлiмше командирi, взвод командирiнiң көмекшiсi болып, қолдан құйылған тұлпар мүсiнмен марапатталады. Училищенi бiтiрiсiмен, Азиядағы басмашыларға қарсы күреске әскери құрама командирi болып аттанады. Жеке басының ерлiк үлгiлерiн көрсетедi. Үш рет жарақаттанса да майдан шебiнен кетпейдi. Сауыға салысымен әскери құрамасын басқарып, жауды ығыстыра бередi. Ерлiгi үшiн өз аты бедерленген алмас қылыш және жауынгерлiк «Қызыл Ту» орденiмен марапатталады. Оның жорықтары, ерлiктерi аңызға айналады.

Ойланып қарасақ, шынында да қазақтың тау тұлғалы дараларының бiрi, сара саңлақ — Сабыр генерал өзбек ағайындарға да бөтен емесiн жасыра алмаймыз. Олар қаны қазақ екен деп даңқты адамнан бiржола бас тартпайтын шығар.

Уақыт төрешi ешкiмге жалтақтамайды. Мiне, келесi жылдың 25 қаңтарында кешегi сұрапыл соғыс қаһармандарының бiрегейлерiнiң бiрi, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымовтың туғанына 110 жыл толады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Ұлы  Отан соғысы жылдарында (1941-1945)


Ұлы Отан соғысының басталуы


Германияда өкімет басына фашистердің  келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен  гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары - Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғыска кіруге Жапония, Болгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавказьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. 1930 жылдардағы әскерилерді қудалау соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.

Информация о работе Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі