Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 00:29, реферат
Қажым Жұмалиевтің «Махамбет-ақын» зерттеуінде Махамбеттің соңғы жылдары табылған 15 өлеңі жинаққа кіргізілген. Бұл өлеңдерінде қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған ерлік пен елдіктің өшпес рухы туралы жазылған [1].
Қалел Досмұхамбетовтың «Қазақ батырлары» кітабында өлеңдерді негізінен ортақ тақырыппен топтастырып, әр толғауды рет санымен белгілеп, арнайы тақырыпсыз тізбелеп жариялайды [2].
Иманғали Тасмағамбетовтың «Махамбет Өтемісұлының жыр-жебесі» кітабында әлеуметтік сипаттағы шым-шытырық қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастары айқындалып жазылады [3].
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Махамбет шығармалары
2. Ерлік пен елдіктің өшпес рухы
3. Махамбет жасаған образдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
1. Махамбет шығармалары
2. Ерлік пен елдіктің өшпес рухы
3. Махамбет жасаған образдар
Кіріспе
Қажым Жұмалиевтің «Махамбет-ақын» зерттеуінде Махамбеттің соңғы жылдары табылған 15 өлеңі жинаққа кіргізілген. Бұл өлеңдерінде қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған ерлік пен елдіктің өшпес рухы туралы жазылған [1].
Қалел Досмұхамбетовтың «Қазақ батырлары» кітабында өлеңдерді негізінен ортақ тақырыппен топтастырып, әр толғауды рет санымен белгілеп, арнайы тақырыпсыз тізбелеп жариялайды [2].
Иманғали Тасмағамбетовтың «Махамбет Өтемісұлының жыр-жебесі» кітабында әлеуметтік сипаттағы шым-шытырық қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастары айқындалып жазылады [3].
А. Егеубаевтың «М.Өтемісұлы»
еңбегінде Махамбеттің
Ғ.Жұмалиевтің «Махамбет батыр туралы және өлеңдері» кітабында орыс тіліндегі аудармаларының әр жылдардағы түрлі нұсқалары іріктеліп, ғылыми түсініктер бере отырып ұсынылды [5].
Махамбет Өтемісұлы – қазақ халқының XIX ғасырдағы ұлы әдеби мектебінің жаңашыл, аса көрнекті әрі ақын, әрі батыр тұлғасы. Ол өз заманындағы жыраулар дәстүрін терең біліп, заман тынысына қарай жаңа бағыт бастаған дара талант. Ақын шығармалары поэтикалық қасиеттерімен қатар тарихи-әлеуметтік шежірелік сипатымен де бағалы.
Махамбет Өтемісұлы –
1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек
ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде
туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі
Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген
- қазақтың көрнекті ақыны, сонымен
бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған
шаруалар кетерілісінің жалынды
жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты
ұйымдастырушы тарихи қайраткер
тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы
бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық
бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі,
әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы
тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан
билер де, шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер,
ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай
елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы,
Жөнібек ауданы) дүниеге келді. Махамбет
ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып
өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық
бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері
ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ,
сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы
мен адамгершілігі арқасында да даңққа
бөленді. Ол халық арасында болып жататын
келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді
өлеңдеріне арқау еткен. Есімі қалың жұртшылыққа
таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан
өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға
қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы
келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу
ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал
Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау
мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды.
1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала
бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа
шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.
Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен
екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан
еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша
өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы
хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды,
халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен
аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау,
Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті
жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл
ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында
қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады.
Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін
Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде
өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң
аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың
жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет - халықты патшалық,
хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске
шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі
де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра,
Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың
үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы
толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет
сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем
тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе,
"Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы
ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай
- ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы.
"Тайманның ұлы Исатай", "Исатай
деген ағам бар", "Исатай сөзі",
"Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың
адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы,
қайсарлығы сипатталады. Махамбет айтулы күйші, сазгер
де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын",
"Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б.
күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет
өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент
қалаларында жарық көрді. Шығармалары
1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып
шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді.
Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде
Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов,
Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин,
Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б.
ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер,
мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы
Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны,
күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы
Исатай Тайманов бастаған көтерілісті
(1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы
көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен
жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп
аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының
Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре
дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір
бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден
Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз
деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен
Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен
Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан
- төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі
ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам.
Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі
ауылдардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің
Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау,
Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет,
Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының
өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті.
Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік,
қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық,
көкірегі ояу, білімдар адам болған. Шағатай,
орыс, татар, араб тілдерін жазбаша тәуір
меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын
аңғаруға болады. Махамбет Ресей отаршылдығының
барша ауырлық тауқыметін көзімен көріп,
оның барша зорлық зомбылығын басынан
өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан
да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық
теңіздей толқып көтерілгенде, осынау
тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет
болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай
ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп
шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің
бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың
азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін
Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі
ақын. Махамбет көшпелілер өркениетінің
осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып
қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін
көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы
қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет
болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде
даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер
мәдениетінің буырқанып келіп жартасты
соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді.
Егер, қазақ халқының рухани үрдісін кең
аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер
болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен
Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз
бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып,
ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін
жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар
ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық
естуге болады. Махамбет – жорық жырауы.
Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған,
рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен
батыр-жырау. Сондықтан да, көшпелілер
мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік
Махамбет болмысымен түйінделеді. Бұдан
былай өнер қоғамдық құбылыстарды реттеушілік
міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш
болуға көшкен. Махамбеттің әрі батыр,
әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші
болуында осындай тарихи әлеуметтік сұраным
болған. Бұл тұрғыдан келгенде, Махамбет
жорық жаруларының ішіндегі соңғысы.
Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған,
өзінің бойына халықтық дәстүрді терең
сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы
бастаған халық көтерілісінде маңызды
рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы
халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне
қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері
бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің
батырлығын қалың халық бұқарасына паш
ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері
бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет
шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан
өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді
жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы
келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге
аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып
келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға
қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе
бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып,
Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған
"енді қайтып бүлікке қатысушы болма"
деген ескерту жасап, босатады. Өмірінің
соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді.
Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың
бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып,
оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның
тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді
[1,12-15 б].
Махамбет шығармалары
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады. Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.
Махамбет шығармалары
- бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі,
шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі.
Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін
байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын
көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды.
«Мұнар күн» жырында ел басына түскен
ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман»,
«Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған
ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне
үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп
садақ асынбай», «Арғымақтың баласы»,
«Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің
түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей
ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық
қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі
терең әрі шынайы суреттелген. «Халық
қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді
ол отты жырларында.
Ақын өлеңдерінің басты
Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.
Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.
Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді. Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді [2, 20-21 б].
Ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет!
Бұл есім – өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды:
“Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай...”
немесе,
“Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн...” –
дей бастасаңыз-ақ болғаны, алдымен мейірімін төгеді, содан соң мерейленіп кетеді.
Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтың басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ. Оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
Ақын болу - бір бар; ал оның үстіне батыр болу ше? Және де, ақын – ақын, батыр – батыр қалпында бөлек-бөлек тұрып қалмай, ақындық пен батырлық бір тұлғаның табиғатында ару әйелдің әдемі бұрымындай өріліп, баяғы бабалар дәуірінен бермен қарай тек қана азаттық аңсаған асыл ерлердің азап пен қорлыққа қарсы ашулы дойырына айналса... – о, бұл енді әр ғасырда бір кездесетін құбылыс.
Махамбет өмір сүрген уақыт пен өнерін өрбіткен кеңістік туралы ойласақ, біздің жадымызға патшалы Ресейдің тепкісінде төңбекшіген басыбайлы отары – ұланғайыр Ұлы даламыз, сол даланың бір шалғайындағы Бөкей ордасы, Орданы билеген қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкеев оралады.
Қазақ поэзиясының ғасырлар бойғы дамуына шешуші себеп болған қозғаушы күш ешқашан үзілмеген, толастамаған, барған сайын үдей түскен азаттық идеясы.
Бұл – Махамбет талантының қайнар көзі, асау ағысы. Бұлар бір-бірімен тығыз бірлікте: Нарында орыс патшалығының отарлау саясатынан туған қарғылы хандық Бөкей ордасы орнамаса, Ордаға сол тұстағы уақытқа тәуелді Жәңгір хан бұрынғы I Павел патшаның Бөкей сұлтанға жасаған “кеңшілігінен” қайыр көріп, кейінгі император I Николайға адалдық антын беріп, сол Кеңістікке лайық өмір әкелмесе, сол өмірдегі отаршыл озбырлық пен өзімшіл найсап обырлыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің қаһарманы Исатай Тайманов пайда болмас еді, туған елінің еркіндігі жолында тудай желбіреген Махамбет Өтемісовтың жалынды жырлары да дүниеге келмес еді.
Даланың батыр-сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі поэтикалық жыршы да бола білген. Халық осы сарбаздарды, ақындарды, коипозиторларды, ойшылдардыжақсы көрді, кездесуге құштар болып, оларды моральдық жағынан демеп, қошамет көрсетіп отырды. Осы дәстүрді жалғастыра отырып Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне әрі идеалына сәйкес келді, ол тек сарбаз-ақын ғана емес, ол өз шығармаларын орындаушы музыкант-композитор да болды. Өзінің алдындағы поэтикалық дәстүр сабақтастығымен бірге, Махамбет музасының ғұмыр кешкен дәуірге әрі озінің жеке басына байланысты қайталанбас та жеке-дара ерекшеліктері бар.Дәстүрлік пен сыр-сипаттың қос бірлігі дала жыршысы шығармашылығының өзегіне айналды. Махамбеттің барлық жырлары даралығына қарамастан, ортақ рухпен, асқақ та драмалық патетикамен, проблематикамен, идеялық-көркем мазмұнмен өрнектелген. Махамбеттің жырларында эпос, драма мен лирика бір-бірін алмастырып қана қоймай, ұласып жатады [3,100-102 б].
Ерлердің ерлігі, олардың ерліктерінің асқақ көрінісі, өзін-өзі құрбан ету Махамбетте өкінішпен, торығумен, үмітсіздікпен, адам тіршілігінің мәні, ажал мен мәңгілік, адамның алатын орны, оның идеалдары, рухани құндылығы туралы ойларымен ұштасып, астасып жатады. Ақын шығармашылығының мән-мағынасы, басқаша айтқанда, оның шығармаларының тақырыбы әр жырының тұтастығын, гармониялық бірлігін сипаттайды. Таным мен сипаттың осы мән-мағынасы Махамбетте жалпы түрде адамдардың әлеуметтік мінез-құлқының сыртқы күштерге, ішкі жан дүниеге қатысты, сондай-ақ ойы мен көңіл күйінде айшықталып отырады. Осы сипаттар қоғамдық өмірдің, оның сұранысы мен қажеттілігінің айшықты белгілерінің дербес жүзеге асуы түрінде байқалады.Махамбет жырларындағы кейіпкерлер кездейсоқ емес, ол сол дәуірдің шынайы қажеттілігінен, әртүрлі әлеуметтік мүдделердің қарсы тұруынан туындаған.Ақын тарих сахнасына шыққан ерлердің жауапкершілікті, жаугершілік ауыртпалықты өзіне алуының, ізгіліктен бас тартуының заңдылығы жайлы терең де ойлы ойды зергерлей отырып негіздейді.
Өз мүддесісінің өзегіне әлеуметтік қайта құру, қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгертуді мақсат етіп қойғандықтан Махамбет поэзиясы осы түпкілікті мақсат пен міндетке бағындырылған. Оның шығармашылығының ерекшелігі де осы да. Ақын ықтиярсыз да, парасаттылықпен де тақырып тааңдауда өзін-өзі шектейді, әртүрлі тақырыпқа, табиғат пен қоғамның мәнділігі жайлы абстрактілі пайымдауда кез келген дүниеге бас ұрмайды. Міне, сондықтан да оның жырларында қызыл сөзге үйір болу, ақылгөйсу, жырлар үшін өз жырына рахаттану, өзінің алдындағы әріптестерімен ашық сайысқа бару, оларды қайткен күнде де басып озу т. с. с. атымен жоқ.
Махамбет өзінің болмыс-бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған ер-сарбаз ретінде тиянақтады; сөз құдіретін, өзінің поэтикалық дарынын біле әрі игере отырып, төңкерісшілердің қаруына, идеологиялық үніне бейімдеді.
Махамбеттің жыр-жебелерінің тақырыбымен айқындалған әлеуметтік сипаты жан-жақты һәм күрделі, шым-шытырақ қоғамдық байланыстар мен қатынастарға бойлау басым. Сол себепті кез келген шығармашылық иесі оларды тек жалаң жазумен ғана шектелмейді. Ол кейіпкерлердің басты қасиеттерін, маңызды ерекшеліктерін айқындауға ұмтылып, жеке басының жарқын жақтарын жақсартатын, көлеңке жақтарын көлегейлеп, олардың артықшылығы мен кемшілігін қақтығыспен суреттей образдарды контраст бойынша ашуға ұмтылады, бұл шығарманың өзекті мәселесіне айналады. Мәселенің тереңдігі мен түйіні бейнелеп отырған шындықтың қаншалықты маңыздылығына, сондай-ақ автордың ұстанымына, оның дүниетанымына, маөқсаты мен міндетіне саяды. Әрине сол кезеңде жанжал мен текетіреске ұшыраған қазақ қоғамының қасіреті адамдарды жақын және бөтенге бөліп, бітімшілік мүмкіндігін жоққа шығарды. Осы күйде сол кезеңнің қатал шындығын бейнелеген автордан оған объективті түрде келіп, бітімгершілікті талап ету дұрыс емес. Егер Махамбеттің ертеректегі жырларында философиялық лирика мотиві, өз ісінің оң екендігіне, батырлық жігеріне сенімділік басым болса, көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай мерт болғаннан кейін, өзі қудалауға ұшыраған кезеңде драммалық сипаттағы жырлары айқын көріне бастады.
Махамбеттің ақыл таразысында өкініш, сезімі мен ісінде сенімсіздік, үміттен торығуға, батылдықтан – азапқа бейімділік сыңай танылды. Әйтсе де Махамбет жан күйзелісінің жаншылған сезімі мен ақыл-ойының ағынымен ыққан жоқ. Ол ұдайы өзінің ақ, бірақ сәтсіз ісінің жеңіліс себебін іздеді, аяғына дейін жеңісінің жаңа желісіне сеніп, жеңіске деген төңкерісшілік рухын, жеңіске деген жігерін, ерлікті, өзінің дұрыстығына деген сенімділік санасын сақтауға ұмтылды. Шешімін таппаған қарама-қайшылықтан азап шеге отырып, ақын жаңа ниеттестері мен ізбасарлары табатынынан күдерін үзбей, өз басының қайғысын халықтың бостандығы, тәуелсіздігі мен бақытына жетер жолдағы өажетті де қатерлі саты деп есептеді.
Жанжалдың нақты шешімінің жоқтығы, ең ақырында тірескен жеке тұлғалардың ғана емес, халықтың қайғы-қасіретіне әкелді. Өйткені көтеріліс көсемдері мен идеологтарының мақсат-мұраттарының орындалмауы халықтың сенімі мен үміт отын өшіріп, бостандыққа шақырған үндеулерін қоғамдық қатынастарды қайта құрудың мәнсіздігіне әкеп тіреді де, абыржушылық пен үрей әкелді. Осылайша ахуалдың қасіреті ақынның шығармашылығында трагедиялық пафоспен көрініс тапты. Трагедияны атап айтқанда Махамбет тағдыры мен шығармашылығының қайғы-қасіретін драманың шарықтау шегі, шешілмес түйінді басын өлімге тіге шешуі, азап-қайғының, бітпес қарама-қайшылықтың шырқау шыңы ретінде қарастыруға болады. Ақынның жан күйзелісі мен азабына тек сыртқы күштер ғана емес, жеке басының ой түйсігі, өзіне-өзі қатысты өзін сезіну білуі де себеп болды. Бір жағынан өзіне сенімділік, екінші жағынан қзіне күмәнділік ақынның ішкі жан күйзелісін тудырып, рухы мен жан дүниесінің, ақыл-ойы мен сана-сезімінің трагедиясын қоюландыра түсті.