Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 00:29, реферат
Қажым Жұмалиевтің «Махамбет-ақын» зерттеуінде Махамбеттің соңғы жылдары табылған 15 өлеңі жинаққа кіргізілген. Бұл өлеңдерінде қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған ерлік пен елдіктің өшпес рухы туралы жазылған [1].
Қалел Досмұхамбетовтың «Қазақ батырлары» кітабында өлеңдерді негізінен ортақ тақырыппен топтастырып, әр толғауды рет санымен белгілеп, арнайы тақырыпсыз тізбелеп жариялайды [2].
Иманғали Тасмағамбетовтың «Махамбет Өтемісұлының жыр-жебесі» кітабында әлеуметтік сипаттағы шым-шытырық қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастары айқындалып жазылады [3].
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Махамбет шығармалары
2. Ерлік пен елдіктің өшпес рухы
3. Махамбет жасаған образдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Махамбет поэзиясы әлеуметтік
сипатта әлемдік поэзияның
Махамбет музасын соғыс, шайқас, күрес поэзиясы деп атауға болады. Бұл орайда шайқас даласын біреуден естіген сыңайда, сырттай бақылаушы ретінде емес, осынау ұлағатты істі өзінің қаны мен тері арқылы бейнеледі. Үшіншіден, Жоғары сатыдағы дамуы және реалистік бағытына қарамастан, Махамбет шығармашылығының даралығы – ежелгі синкреттік өнер қасиетін бойына сіңірген. Бейнелеп айтсақ, оның поэзиясы өнердің: поэзия, музыка, бейнелеу өнері, мүсін өнері секілді түрлерімен ұштасып жатады. Махамбеттің оқиғаны, тұлғалар мен фактілерді жанды етіп суретттеуі тығдарманның түсінігінде және түйсігінде көркем бейне мен көрініс түрінде елес береді. Батыр әрі ақын ретінде Махамбет өзін ғана емес, бүкіл ұлтты асқақтатты. Махамбет феноменін Олжас Сүлейменовтың “Ұлтты оның ақынымен бағалау керек” деген тұжырымы дәл көрсетеді, яғни, ақындар – әлемнің әлі танылмаған заңгерлері [4,77-80 б].
Махамбет жасаған образдар
Махамбет екі образ жасады, бірі Исатай образы, екіншісі Махамбетің өз образы:
“Садағына сары жебені салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған.
Тереңнен казып ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қондырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.
Айқайласа белдігі байланған,
Астана жұртын айналған;
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына ұүрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,
Атылған оғы Еділ-Жайық тең өткен,
Атқанын қарда боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан –
Арыстан еді-ау Исатай!”
Батыр ақын батыр қолбасының сөз өнеріндегі мәңгілік бейнесін осылай сомдады да, бұрқанған күшке, бұла қайратқа, шиыршық атқан жігерге, ызалы ашуға, ашулы ақылға, ақылды нақылға толы өлең жырын тұтастай алғанда өзінің автопортретіне айналдырды. Махамбеттің өз образы деген – сол! Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV ─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті [5,54-56 б].
Қорытынды
Қазақ елінің жампоз дарыны, нар тұлғалы поэзия алыбы Махамбет шығармалары – бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мүрасы, тарихи тұрғыдан күрделі, әрі рухы асқақ қымбат қазына. Ақын поэзиясының теңдессіз қуатты көркемдік бітімі, алдаспандай жарқылдаған қаһармандық рухы түркі жырының тұнық қайнарларынан нәрленгендігін білдіреді. Қазіргі жаңа әдебиетке түркі дүниесі сөз өнерінің рухын, жыраулар поэзиясының тегеурінін, ұлттық жырдың біртуар айшықтарын жанымен жеткізіп, қанымен дарытқан дарын.
Махамбет шығармалары ежелгі ғасырлардағы қазақ әдебиетінің, тұтас түркі дүниесінің көркемдік танымын, ақындық жаратылысын бәз күйінде жеткізіп, дамытты, қазақ поэзиясының тарихында ұлттық болмысы өзгеше бір көркемдік әлемге айналды.
Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы мұзарт шыңдарының бірі Махамбет шығармалары халқымыздың сол заманғы кесек бітімді сымбатын көзге тосады. Жыр, толғаулары – ұлттың тарихи шежіресі ретінде де аса құнды. Егер Күлтегін жазбалары V – VII ғасырлардағы елдік рухымыздың тұмары десек, Махамбет толғаулары – қазақ елінің XIX ғасырдағы ерлік, елдік парасатын айғақтайтын суреткерлік ғалам.
Пайдаланылған әдебиеттер