Моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің түркі әскери өнерімен сабақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:48, реферат

Описание работы

Тоталитарлық жүйе мықтап орныққан КСРО империясы тұсында шынайы қазақ тарихын жазу мүмкін болмады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана қазақ халқының объективті тарихының жазу қолға алына бастады. Қазақстан тарихын жазу 1990 жылдың соңынан бастап жаңа арнаға түскені белгілі. Бұрын тарихи зерттеулерде айтылмай жүрген тақырыптарға егеменді еліміздің тарихшылары батыл бара отырып, қазақ тарихының көлеңкелі тұстарын ашуға ұмтылуда.

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 27.77 Кб (Скачать файл)

Моңғол империясының әскери-саяси  жүйесінің түркі әскери өнерімен сабақтастығы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тоталитарлық жүйе мықтап орныққан КСРО  империясы тұсында шынайы қазақ тарихын жазу мүмкін болмады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана қазақ халқының объективті тарихының жазу қолға алына бастады.  Қазақстан тарихын жазу 1990 жылдың соңынан бастап жаңа арнаға түскені белгілі. Бұрын тарихи зерттеулерде айтылмай жүрген тақырыптарға егеменді еліміздің тарихшылары батыл бара отырып, қазақ тарихының көлеңкелі тұстарын ашуға ұмтылуда. Осы кезекте әлі де тыңғылықты зерттеулерді қажет ететін тақырыптардың бірі – Шыңғыс хан негізін қалаған моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің сабақтастығы және жаулап алу стратегиясын зерттеп, моңғолдардың халықаралық арена мен Орталық Азияда алатын орнын белгілеу болып табылады. Сондықтан да мәселенің өзектілігіне дау жоқ.

Байтақ  Еуразия даласындағы байырғы  көшпелілер мәдениеті мен өркениетінің алтын қазығы, тоғысар түйіні, көсегесі көгеріп, өркен жайған өзегі де Ұлы  Алтай мен Қазақ даласы екені  айқын. Көшпелілер өркениетінің кең  өріс алып, қанат жайғаны соншалық, ол Еуразия төңірегіндегі бірсыпыра  отырықшы өркениеттерге күшті ықпал  жасап, оларды мейлінше байытты. Орта ғасырларда сондай көшпелі мемлекеттердің өрлеуіне негіз салған, Моңғол империясының тарих сахнасына келуі.

Моңғолдар қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. XIII ғасырда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары құрған Ұлы Моңғол мемлекеті Түрік қағанатынан да кең аумақты қамтыды, сөйтіп жаңа билеуші элитаның тууын қайталап қана қоймай, Ұлы Далада Моңғол империясының мұрагерлерінің мемлекеттері ішіндегі билік қатынастары жүйесін анықтайтын тұрақты, көп ғасырлық саяси дәстүр қалыптастырды.

Шыңғысхан өзінің жорықтарымен бүкіл әлем тариханың мәдениетіне, даму үрдісіне әсер етті. Соның ішінде, Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі  халықтардың өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ол өзінің жаулап алу жорықтары  арқылы Қазақстан жеріндегі тайпалардың  құрамын өзгертті. Жаулап алған жерлердегі бұрынғы қалыптасқан мемлекеттердің орнына жаңа мемлекеттер, ұлыстар пайда  болды. Бытыраңқы қазақ тайпаларын біртұтас мемлекетке шоғырландырып, қазақтың халық болып қалыптасуына алғы шарттар  жасады. Шыңғысханның ұрпақтары осы  мемлекет үшін ат салысып, халықтың тәуелсіздігі үшін күрескен болатын.

Көптеген жүзжылдықтар бойы Шыңғысханның ұлы да қанды бейнесі, оның өмірі мен кезеңіне бүкіл  әлемдегі көп адамдарназарын аударған. Моңғол тайпасы қият – боржығындардың жетекшісі Темүжін, Есугей – баходырдың ұлы, талапты да батыл қолбасшы Керей тайпаларының күшті одағының басшысымен қарым – қатынасқа қол жеткізді және уақыт өте келе бірде дипломатиялық жолмен, бірте әскери күштің көмегімен барлық тайпаларды, керейлермен қоса өз қол астына алуға қол жеткізді. 1206 ж. моңғол шонжарларының құрылтайында Темүжін, ұлы хан – Шыңғысхан болып жарияланды. Жаңа моңғол мемлекеті, айқын көрінген шонжарлық сипатқа ие болды. Ол орталықтандырылған әскери-әкімшілік күйге негізделген болатын. Олардың ең кішісі, жорықтар мен тұтқындауларға он әскер шығаруға міндетті, көшпенділер отбасының тобы болған ең ірісі – ханға 10.000 әскер жинақтау мүмкіншілігін беретін иелік болатын.

ХІІІ  ғасыр басында Орталық Азиядағы геосаяси жағдай өте күрделі жағдайда болды. Себебі, әлемге үстемдік ету мақсаты Шыңғыс хан құрған моңғол империясына маза бермей, атқа отыруға мәжбүрледі. Бірақ осы жаулаушылық соғыстардың зардабы ауыр болғанына қарамастан, бір орталықтандырылған мемлекеттік басқару процесі жүзеге асты.

Жоғарыда  аталған мәселенің барлығын қорытындылай келе, түйетініміз тақырып бүгінгі  күннің кезек күттірмес келелі мәселесі. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің айғағы болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Моңғол мемлекетінің әскери-саяси жүйесі туралы мәселе тарих ғылымының аса бір күрделі проблемалары қатарына жатады. Бұл проблемаға алғашқылардың бірі болып Эренджен Хара-Даваннның «Чингис-хан как полководеци его наследие» атты еңбегі жатқызуға болады. Автор Моңғол империясының әкімшілік, әскери және саяси құрылымын қарастырып, Шыңғыс ханның жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен мән береді [1].

Б.Я. Владимирцов атсалысты. «Чингис-хан» атты еңбегінде ол былай деп жазды: «Шыңғысхан мемлекетінің негізін қатаң түрде тек қана ақсүйектер құраған болатын. Шыңғысхан өз мемлекетінің құрылысын кез-келген далалық ақсүйектің қалыптастырған қауымдық құрылысына сәйкестендіре құруды ойластырған, тек қана бұл мемлекеттің аумағының аса зор болуы көзделген... Шыңғысханның жүйесі бойынша оның руы – алтын руы (алтан урук) өзінің басыбайлары және серіктерінің қалауы бойынша барлық моңғол тайпаларының, сондай-ақ «киіз үйде өмір сүретін барлық буын-ұрпақтардың», тіпті әлемнің барлық халықтарын басқарып, үстемдік етуі қажет еді» [2]. Сондай-ақ «Обшесвтенный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм» атты еңбегінде Б.Я. Владимирцов Шыңғыс ханға дейінгі моңғолдар хандық билік институтын біліп көрмеген, сондықтан тіпті кереит Ванханды патша, яғни билеуші ретінде тани қоймаған деп әділетті көрсетеді. «Аты шулы керейт Ван ханның өзі ешқашан «патша» болған емес. Оны бұл дәрежеге көтеріп және оған бұрын-сонды болмаған күш пен қуатты таңу... Егер деректер сараптамасына жүгінетін болсақ... Ван-хан патшалықтан, патша-билеуші болудан шеткері қалады да, сол дәуір үшін әдетті жағдайға сәйкес Хутул, жас шағындағы Шыңғысхан, Джамуха сияқты моңғол хандарының бірі болған» [3].

Француз тарихшысы К.д'Оссонның «От Чингисхана до Тамерлана» атты еңбегі тақырыпқа  тікелей қатысты дерек көзі болуымен құнды болып табылады. Автор тарихи деректерге сүйене отырып, Моңғол империясының әскери жүйесінің құрылымы, жаулаушылық  соғыстарын жан-жақты талдап жазады [4].

Б.Д. Греков, А.Д. Якубовский «Золотая Орда и ее падение» атты еңбегінде «Шыңғыс хан құрған моңғол мемлекеті үстемдік етуші тап-нояндардың мүддесі үшін тап сол нояндар мен және солардың нөкерлерінің күші арқылы құрылған болатын» деген мәселеге назар аударады. Зерттеушілердің пікірі бойынша XII ғасыр және XIII ғасырдың бастапқы кезеңінде нояндар жаңа қалыптаса бастаған феодалдар табы болды, ал моңғол феодализмінің қалыптасу процесі болса өз дамуының алғашқы сатысында тұрды [5].

Э. Хара-Даван, Б.Я. Владимирцов, К.д'Оссон, Б.Д. Греков және А.Д. Якубовский сияқты ғалым-тарихшылардың идеялары мен көзқарастарын моңғол мемлекеттілігі билікке Шыңғысхан келген сәттен басталады деп санайтын тарихшылардың келесі буыны жалғастырып, дамыта түсті. Н.Ц. Мункуев «Заметки о древних монголах» атты еңбегінде аса зор сенімділікпен былайша пайымдайды: «... Шыңғыс ханға тікелей немесе жанама аталар болып келетін моңғол руларының өздері, сондай-ақ кереиттер, меркіттер, татарлар және басқа да тайпаларды XI ғ. басында «бастапқы типтегі мемлекеттік бірлестіктер», тіпті қажетті функциялары бар «ерте феодалдық мемлекеттер» – деп мойындауға бола қояр ма екен... Біздің ойымызша бірінші моңғол мемлекеті Шыңғыс хан мемлекеті болып табылады» [6].

Мемлекеттік дәстүрлер және жоғары билікке құқық  проблемасын одан әрі зерттеу  барысында тарихшылардың алдында  аталған мәселенің жаңа қырлары  көріне бастады. Е.Н. Кычанов «О татаро-монгольском улусе ХІІ в.» атты еңбегінде зерттеушілердің назарын моңғол тайпаларын ұйымдастырудың жоғарғы формасы ретіндегі «ұлыс» терминіне аудартады. Осыған байланысты ол мынаған тоқталады: XI ғ. соңы - XII ғ. бастапқы кезеңінде хандық рулар қалыптасуы барысында «қарапайым адамдар» (иркен) мен тумысынан хан болып жаралғандар» (тус хан) арасында орын алған қарама-қайшылықтар анық көрінеді... Ұлыс дегеніміз рулық ұйым да, рулар одағы да емес, демек ұлыс жай ғана адамдар жиынтығы болуы мүмкін емес, ол – ерекше үлгіде ұйымдастырылған халық бірлестігі болып табылады. Автордың ұстанымы бойынша: «ұлыс біртұтас әскери-әкімшілік билігі бар мемлекеттік сипаттағы құрылым болып табылады» [7].

Бұл көзқараспен  Т.Д. Скрынникова «Харизма и власть в эпоху Чингис-хана» атты еңбегінде келіспеушілігін білдіреді. Оның пікірінше, «тіпті бастапқы типтегі мемлекеттілік нысаны бар біртұтас моңғол ұлысы болған емес». Рашид-ад-Диннің «Джами ат-тауарих» дереке көзін талдау негізінде зерттеуші «мәжбүрлеу және күштеу құралдары бар және халықтан оқшау тұрған билік аппараты болған емес» деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ, оның пайымдауы бойынша ұлыстарға бөлудің өзі аумақтық емес рулық принцип бойынша жүзеге асқандығы өте маңызды мәлімет болып табылады [8].

Қазіргі ресейлік зерттеушілер, соның ішінде В.В. Трепавлов бар, моңғол империясының мемлекеттік құрылысының қалыптасуы мен қызметі процесін зерттеу мәселесіне жаңа талаптар қоя бастады. Тарихшының пікірі бойынша әлеуметтік-саяси, мемлекеттік дәстүрлерді жалғастыру әдістерін, әлеуметтік-саяси болмыс пен мемлекеттік құрылыстың дәстүрлі нысандарын, сондай-ақ мемлекеттік дәстүрлердің дерек көздерін анықтау қажет [9].

С.Г. Кляшторный, Т.И. Султановтың «Казахстан: летопись трех тысячелетий» еңбегінде  Шыңғыс ханның ханның билікке келуі, территориялық мәселелері, саяси жағдайы жүйелі түрде жазылған [10]. Сонымен қатар, Т.И. Сұлтанов «Поднятые на белой кошме потомки Чингиз-хана» атты еңбегінде моңғол империясындағы жоғарғы биліктің сипаттамасын бере отырып ол былай деп көрсетеді: «Шыңғысханның билікке құқығын оның әкесінің бұрынғы қағандармен жанама туысқандық байланыстары арқылы негіздеу – жаңа жағдайларға байланысты жеткілікті дәлел болмай қалды. Енді Шыңғысханның іс жүзіндегі өзіндік дербес билігін қандай болмасын заңдық дерек көздерінен арылту қажеттігі туындап, оның билік тұғырын едәуір жоғарылатуға тура келеді... Шыңғыс хан – құдай қалаған патша. Ол Көктің таңдауы, ол билікті Көктен алған, сондықтан оның жоғарғы басшылықты иемденуі үшін басқа адамдардың ерік білдіруінің ешқандай қажеті жоқ...» [11].

Н. Мұқаметханұлының «Тарихи зерттеулер» атты еңбегінде Шыңғыс ханның батыс өңірі Орта Азиядағы іргелі елдермен болған шайқастарда жеңіске жетіп отыруының себептерін, моңғол шапқыншылығының нәтижелерін ашып көрсетсе [12], З. Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» монографиялық зерттеуінде: «Моңғолдар Орталық Азия, Қыпшақ даласын жаулап алып бұл өлкенің қоғамдық өміріне Моңғолдық әскери-феодалдық ұлыс жүйесін әкелді» [13], – деп жазады.

Сонымен қатар, К.Р. Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы» [14], З. Майданәлінің «ХІІІ ғ. Моңғол империясының мемлекеттік құрылысы қалыптасуының кейбір мәселелері» [15], А. Құнтөлеуұлының «Шыңғыс хан: Тарих және құқықтық ғылыми деректер» [16], С. Әбушәріп пен С. Мәдуанның «Қазақтар және Түркі әлемі: мемлекеттіліктің бастаулары» [17], «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» [18], У.Х. Шәлекеновтің «Қазақ өркениеті» [19] және т.б. зерттеу еңбектер Шыңғыс хан құрған Моңғол империясының әскери және саяси құрылымы туралы жан-жақты мәліметтер береді.

Моңғол  империясының әскери-саяси жүйесінің зерттелу тарихы бағытында біршама жұмыстар атқарылған. Зерттелу тарихы материалдары көрсетіп отырғанындай Моңғол мемлекеттілігінің қалыптасуы мен оның функцияларын зерттеу ісіндегі жалпы және арнайы проблемалар жиынтығы дербес зерттеуді қажетсінетін мәселелер екендігі айқын көрінеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен  міндеттері. Қарастырып отырған мәселеміздің маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, біз нақты тарихи деректер мен әдебиеттер негізінде Шыңғыс хан негізін қалаған Моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің құрылымын жан-жақты ашып көрсету, жоспар бойынша алынған мәселелерді барынша талдап, қорытындылап жазуды, сол тұстағы тарихи деректердегі мәселеміздің бейнелену дәрежесін талдап баға беру мен зерттеу диплом жұмысының басты мақсаты етіп алынды. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленген:

  • алдымен мәселеміздің зерттелу деңгейін ашып көрсету;
  • Моңғол империясының әскери-саяси жүйесін ұйымдастыру және ерекшеліктерін сипаттау;
  • Шыңғыс хан державасының түркілер әскери өнері және саяси құрылымымен байланысы және сабақтастығына талдау;
  • сыртқы саясатта қолданылған барлау әдістері мен дипломатиясын қарастыру;
  • Моңғол империясының әскери жоспарлауы және жеңісті жорықтарын анықтап, сипаттама беру. Тарихи деректер мен зерттеулерді пайдаланып Шыңғыс хан негізін қалаған моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып, түркі кезеңіндегі мемлекеттік құрылымымен ұқсастықтары мен сабақтастығын жан-жақты зерттеуге тырысып, тарихи деректер мен зерттеулерді, тарихи әдебиетті салыстыра отырып, құндылығы мен шындығын анықтау, өзіндік тұжырым жасау.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Аса ауқымды кеңістік пен уақыт аясында болып өткен тарихи оқиғаларға дұрыс баға берудің қалыптасқан дәстүрлі тәсілі – топтап жинақтау, салыстырып сараптау арқылы ғылыми қорытынды жасауға ұмтыдық. Түп нұсқалық материалдар негізінен жаулаушы империялардың орда бітікшілері қолымен жазылғандығын ескеріп, оның әсіре саясиланған, астам державалық сипатына нақтылы талдау жасай отырып, тарихқа, ғылымға, адал болу принципін негіз етіп алдық. Бұған дейін әр елдің, әр дәуірде түрліше жазып, түрліше қалыптастырған жер, су, адам, лауазым аттары мен этникалық атаулардың түпнұсқалық қалыбын орнына келтіру үшін түркологиялық-лингвистиканың тарихи салыстырма тәсілін ұтымды қолдануға тырыстық.

Зерттеудің  әдістемелік негізіне нақтылық, тарихилық, салыстырмалы талдау қағидаларын, назарда  ұстай отырып, «Қазақстан Республикасындағы  тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасына» сәйкес, отандық тарих ғылымында  мемлекеттіліктің дәстүрлі жалғастылығы тұғырнамасын орнықтыру мен тәуелсіздікті  одан әрі дамытып, көркейту идеясы басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Моңғол империясының  билік жүйесі туралы дерек көзін «Моңғолдың құпия шежіресімен» бастауға болады. Бұл деректен Шыңғыс ханның жүргізген саясаты, Шыңғыс хан әулетіндегі билік бөлінісі және сол кезеңдегі ірі-ірі саяси оқиғалар баяндалады [20]. Сонымен қатар, ХVІІ ғасырда дүниеге келген Лувсанданзанның «Алтын шежіре» еңбегі де құнды дерек көзі болып табылады [21].

Монғол хандарының шежіресі туралы келесі дерек – Рашид ад Диннің «Жылнамалар жинағы» [22]. Аталған еңбекте негізінен этникалық, діни-рухани дамуға қатысты, сонымен қатар моңғолдардағы мемлекеттік құрылымның тәртібі туралы мәліметтер кездеседі.

Информация о работе Моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің түркі әскери өнерімен сабақтастығы