Моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің түркі әскери өнерімен сабақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:48, реферат

Описание работы

Тоталитарлық жүйе мықтап орныққан КСРО империясы тұсында шынайы қазақ тарихын жазу мүмкін болмады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана қазақ халқының объективті тарихының жазу қолға алына бастады. Қазақстан тарихын жазу 1990 жылдың соңынан бастап жаңа арнаға түскені белгілі. Бұрын тарихи зерттеулерде айтылмай жүрген тақырыптарға егеменді еліміздің тарихшылары батыл бара отырып, қазақ тарихының көлеңкелі тұстарын ашуға ұмтылуда.

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 27.77 Кб (Скачать файл)

В.Г. Тизенгаузен жинақтап, кейінірек  А.А. Ромаскевич пен С.Л. Волиннің өңдеуінен өткен Алтын Орда тарихына қатысты «Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды» атты деректер жинағы да біз қарастырып отырған мәселеге қатысты негізгі дерек көзіне жатады [23]. Оның ішінде әл-Омаридың, Жувейнидің, Жузжанидің мәліметтері бар. Өтеміс Қажының «Шыңғыснама» еңбегінен біз жергілікті қият тайпасының әмірлері туралы мәліметтер аламыз [24].

Сонымен бірге біз «Материалы по истории туркмен и Туркмении» [25], «Материалы по истории Казахских ханств» [26], Плано Карпини мен Рубруктың [27] деректерін пайдаланамыз, онда негізінен жекелеген тұлғаларға, олардың жүргізген саясатына қатысты мәліметтер бар. Камаладдин Бинаидың «Шайбани нама» еңбегінен біз жергілікті тайпалардың үстемдікке жетіп, Шыңғыс тұқымдарын қуыршақ хан ретінде пайдалануы жайлы деректер кездестіреміз [28].

Келесі дерек ретінде осы  Шайбани әулетінің дерегі-Фазлаллах  ибн Рузбехан Исфаханидың «Михман  наме-ий Бұхара» [29]. Шығарма біздің мәселемізге қатысты өте құнды дерек береді. Бұнда Шайбани ханның Мәуереннахрда және Дешті Қыпшақта моңғолдық билік дәстүрін орнату жолындағы әрекеті баяндалады. Жергілікті дәстүрдің толық жеңіске жетуін осы еңбекпен байланыстыра қарастырамыз.


Информация о работе Моңғол империясының әскери-саяси жүйесінің түркі әскери өнерімен сабақтастығы