Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 08:32, реферат
Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан «Адамға табын, жер, енді» поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті.
«Нұрлы түндер» (1962), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Қыш кітап» (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, «Атамекен» деген атпен басылып шықты (1986).
Олжас Сүлейменов
(1936 жылы)
Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан «Адамға табын, жер, енді» поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті.
«Нұрлы түндер» (1962), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Қыш кітап» (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, «Атамекен» деген атпен басылып шықты (1986).
Ақынның балалық шағы қаһарлы соғыс кезіне тап келген. Бүкіл ел басына түскен қиыншылық, ауыр жылдар оны ерте есейтеді. «Атам қырық төртінші жылы көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау қаралы күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім қара нанды тауып алдық», — деп ақын өзінің балалық шағын еске алады.
Оның жастайынан кітаппен достасуы, көп уақытын кітапханада өткізуі зерттеушілік қабілетін шыңдай түседі.
1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. «Арғымақтар» және «Адамға табын, жер, енді» атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.
Лирикалары. О. Сүлейменов қазақ өлеңіне өзіндік өткір тартыс, сезім күрделілігін әкелумен бірге, оның уақытқа және кеңістікке тән аясын кеңітудің үлгісін көрсете білді. Ол лаулаған алауды, ұшқынды сүйеді. Туындыларының өне бойында — далада да, тауда да, ежелгі керуен сүрлеуінде де — лаулаған алау. Оны:
Қария тарих — қаптаған жалын
Лап етіп жанған түздерде,
Алауға атам қақтаған жанын,
Аңызы қалған біздерге, — деген өлең жолдарынан анық байқауға болады.
О. Сүлейменов өлеңдерінен («Семсер» аударған Қ. Мырза Әли) ақындық арыны, екпіні анық көрініп, оқырманға ой тастар шабытты жолдар арқылы өріле суреттеледі.
… Жаным, жігер,
Жарқылдаған от болсын!
Сілтегенде,
қайзаламай
Қақ бөлсін…
немесе:
… Ұшқын шоққа толып кетсін құшағың
Ол — құрыштың,
Ол — алмастың нышаны, — деген жолдардың өзі оқырманды жігерлендіре түседі, қуатты күш береді.
Олжас — қазақ ақындарының ішінде саяхатқа ең көп шыққандардың бірі. Ол Азияда, Таяу Шығыстағы араб елдерінде, Еуропада, Америкада, т.б. елдерде болды. «Кешіп келем, кезіп келем, кезіп келем, шым-шытырық жолдарыңмен», — деп үн қатады ол Жерге.
Ақын Америкадағы Небраска штатында
«Жайылма жазирасы — тікен шеңгел.
Аптап күн төмпе томар бүккен белдер» — десе,
Бербери аспанының аясында:
Виллиондар мыңғырған,
Шытырман шымылдықтай жағасында
Мұхит ышқына шыңғырған, — деп Африканың шетсіз-шексіз кеңістігін көрсе, Эгей теңізінде:
Гекзаметр өлеңдей алыс ұзақ
Жол-шумақтар барады шыған ұзап, — деп жырлай келе:
Түйелер елсіз-күнсіз шөл өлкеде
Маң-маң басып жоқ болады көлеңкеде, — деп Сахарадағы көргендерін түйіндейді. Олжас поэзиясының басты қаһарманы Жер шежіресіне үңіледі:
Қазып қалшы күрегіңмен жер бетін,
Табасың сен көшпелі елдер бабасын.
Қарғап өткен қаніпезер жеңдетін,
Бабалардың нәлет сөзін табасың,
Тек қарғыс па? Үміт отын табасын, — деп сұрақ қоя отырьш, жауап қайтарып, ол болашаққа аттанады:
Жылдар өтер табысар адам баласы,
Қыл өтпестей тату больш арасы… — деп, көрегендік танытьш, азамат ұрпағын бірлікке, татулыққа шақырып, философиялық ой толғанысын білдіреді.
Қазақстанды суреттегенде Олжас Сүлейменов халықтың өзіне ғана тән қасиеттерін шебер суреттеп, даралай көрсетеді. «Ақсақ құлан» атты өлеңінде жүген-құрық тимеген асау тағылар жүйткиді, бірақ негізгі тұлға — адам. «Құланды да қан майданға ерттейді», — дейді ақын.
Ұлы Абайдың қасиетті қабіріне ат басын тірегенде:
Шыңғыс тауы бөктерінде моласы,
Сарғалдақпен шегеленген төбесі
Тәуап еткен талай адам баласы.
Болған кезде жоқшылықтан өлесі
Жыр запыранын жұтады екен жұрт содан,
Шөп те сол шақ тұрады екен қалтырап,
Адамдай-ақ улы шарап ұрттаған
Дала мең-зең, сары гүлін шаншып ап, — деген өлең жолдарынан ұлылыққа деген сезім шынайылығын тануға болады.
Ақынның лирикалық қаһармандарының бәрі асқақ жанды өр тұлғалар. Олардың қай-қайсысы болмасын өмірге құштар жандар.
Ақын өлеңдерінде шьнайылық, дөп басып суреттеулер басым келеді. Қазақ халқының ұлттық ойындарын көрсетіп, жанды бейнелі суреттерді дамыта отырып, бір сәт көрініс арқылы ақын халық өмірін, оның мінез-құлқын соншалықты шеберлікпен дәл бейнелейді. Мысалы:
Қуып жет мені, жігітім,
Егер де болса үмітің,
Атыңды аяп келесің
Шын сүйсең, маған жетесің,
Бір сені ғана сүйемін,
Сен үшін ғана күйемін.
Қуьш жет те, сүйіп өт,
Өзіңе ғана тиемін.
Қыз ұяты қиын-ақ,
Келесің содан құйындап.
Жел ғана жетіп жебеді,
Аймалап мені өбеді.
Қалдың-ау тағы, жігітім,
Үмітің қайда, үмітің?
Еш адам жоқ айнала,
Күледі маған ай ғана
Қарысып қолым сал болды,
Ат сауыры қом болады,
Жетер еді-ау, жігітім,
Жетпесін деген жан болды.
Жігітке нағыз ер жүрек
Жігітке нағыз көрікті,
Жетпесін қуып мені деп,
Ат емес, есек беріпті…
Ақын сезім түйсігінің шыңдығымен, ішкі жалынымен, әсершіл сезімді бейнелеудегі сыршылдығымен, тіл байлығымен ерекшеленді. Бірде «қызды қуьш жетсем» деген жігіт арманын, енді бірде атын төпелеп ұрып, не істерге білмей дел-сал болған шарасыз жігітті көз алдымызға келтіреміз. Қарапайым өлеңнің әр жолы оқырманын үлкен әсерге бөлей-ді, күлдіре отырьш ойлантады, сол сәтгегі жағдайға еріксіз көнген жігіттің мүшкіл халі кімді де болса «әттең-ай» дегізері хақ.
Олжас Сүлейменовтің туындыларынан Қазтуған мен Шалкиіздің жыраулық екпіні, Асан қайғы мен Қаз дауысты Қазыбектің шешендік сарыны, Махамбеттің темірдей тегеуріні мен Абайдың данышпандығының лебі еседі.
Ол өзінің асқақ даусымен: «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық», «Даланың жоғын жоқтайтын жігіттер керек біздерге» деп үн қатады. Міне, сондықтан да ақынның лирикалық қаһармандарының әрқайсысы бір әлем, оның, сырын ашып, тереңіне үңілу керек, сонда ғана ұғьш түсінесің.
Олжас Сүлейменовтің өлеңдері орысша жазылғанымен, қазақтың ұлттық шығармасы больш табылады. Ақын өзінің туған халқының эстетикалық дәстүрлерін үлгі тұта отырьш, әлем поэзиясының образдарынан алған тағылым, оның ойы мен сезіміндегі ұлттык рухты, ұлттык характерді дамытып байытады.
Қатаң да бопсың, қасарсаң
Қас дұшпанды
Бір-ақ сілтеп
Қақ бөліпсің қылышпен,
Қанды ұрыстан
Құйттай ғана босансаң
Жыр арнапсың
Жүректерге сүйіскен.
Саған берген
Алыптығын алыпсын.
О, Махамбет,
Қайсар ұлы
Көшпелі бұл халықтың,
Қаһарлансаң
Ханның басын алыпсың, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның Махамбет поэзиясының рухын жанындай жақсы көретіні, оның ұшқыр ойлары мен уытты тілін ерекше бағалайтыны байқалады. Оның әр өлеңі, әр шумағы лирикалық герой туып-өскен даламен, өз халқымен, оның өмір-тіршілігімен тығыз байланыста алынған. Ол халқының тарихы мен шежіресін, аңызы мен-ақындык үнін, дәстүрін — қазақтың ұлттық мақтанышы болып табылатын қасиеттерінің бәрін шьш беріле жақсы көреді, оны асқақтата жырлауға тырысады. Өзінің тұңғыш кітабын «Арғымақтар» деп атауы тегін емес. Алысты жақын қылатын ұшқыр сәйгүлік — Олжас шығармашылығында өлеңнен-өлеңге, кітаптан-кітапқа көшіп отыратын дәстүрлі поэтикалық тұлғаға айналады.
Олжастың арғымағы — ұшқырлықтын, алапат күштің, албырт жігердің символы. Ол таусылмас, сарқылмас тіршіліктің өзіндей мәңгілік қозғалысты танытқан, шапшаңдыққа ұмтылған тынымсыз уақыттың өз бейнесі тәрізді көрінеді. Ақынның арғымақ мінген азаматы қай кезде болмасын асыл арман мен абзал күреске құлшынады.
Өлеңнің көркемдік ажары, сезім қуаты, қазақ даласының құдіреті ерекше асқақ суреттелген. Мұнда ішкі әуен, құрыш тұяқ дүбірімен тұтастықта көрініп, оқырман жүрегінің дүрсілімен сабақтасады.
Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
Нөсер шөпке белшесінен батқандай.
Құйғытсам бір,
Дала, қала
Болады-ау
көз алдымда аунап бара жатқандай!
От тілгендей
Асау қанға,
Етіңе,
Арғымағым.
Шығып желдің өтіне,
Шабуылдап
Құрыш-болат тұяқпен
Пергілеші
Тақтақ жолдың бетіне, — деген шумақтардан ақын талантының қуаты анық байқалады. Оқырман да бей-жай қалмайды, ерекше бір күшке ие болып, намысын қайрай түсіп, өзін ат үстінде құйғытып шауьш келе жатқандай сезінеді. Мысалы:
Қыпшақтардың, ойхой, құба жондары-ай,
Жер тарпыған пырағын айт, пырағын!
Шар айнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынды — көк кілемге
Сүртіп болат тұяғын.
Берші менің тақымыма біреуін
Жеті қиян жер түбіне асайын,
Арғымактай аласұрған жүрегім
Тыпыршиды —
Оны қалай басамын… — деген өлең жолдарының өзінен-ақ оқырман ақынның күрескерлігін, ереуілдеген сезімін ұққандай болады. Жырды оқығанда құлағымызға арғымақ аттың дүрсілі келеді, мұның өзі ақын жырының өресін таныта түсіп, биіктігін сездіреді.
1969 жылы жарық көрген ақынның «Қыш кітабы» атты поэмасы ата-бабаларымыздың артына қалдырған адамгершілік мұрасы жайында жазылған ең күрделі, құнды еңбектерінің бірі. Кітап бірнеше тілдерге аударылды.
Ақын, аудармашы профессор Леон Робель «Қыш кітабының» әдеби құнын айрықша көрсетті. «Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. «Қыш кітабы» тарихи терең тамырлы ғажап ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде. Бұл — нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз», — деп өте жоғары бағалайды.
Халықтар мәдениетінің туыстығы мен өзара баю идеясын ақын үнемі көңілінен шығармайды. Халықтар арасына көпір салып, жол түсіру үлкен шебердің ғана қолынан келеді. Көпір екі елге де ортақ, екі елдің де мақтанышы. Олжастың жыр көпірі болғаны — еліміздің мақтанышы бола бермек. Мәселе, өлеңнің қай тілде жазылғанында емес, оның көтеріп тұрған жүгінде, оқушысына ой салып, жүрегіне жетуінде. Демек, Олжас туындылары өз халқының ғана емес, күллі көп ұлтты отандастарының да рухани дүниесін байыта түсетін мәнді мазмұн таба білуімен құнды бола бермек.
Ақын тарихтың көшкен жұрт, көшкен із емес екенін жақсы түсіне біліп: «Келешек — өткен тарихты қорыту», — дейді. Өзінің «Қьпп кітабы», тарихи тақырыптағы жырларын-да, «Аз и Я» сияқты сан алуан ой-пікір туғызған еңбектерінде ақын Көне Русь пен Даланың қарым-қатынасы, екі мәдениеттің қанаттас өрбіген тұстары жайындағы ой-толғанысы арқылы өзінің екі тілді де терең меңгерген байыпты ғалым екенін танытты. Олжас поэзиясының қуатты қос қанаты бар. Оның бір қанаты — әлем мәдениеті мен әдебиетіне суарылған, екінші қанаты Шығыстың және қазақтың төл поэзиясынан нәр алған. ІПығыс поэзиясындағы сырлы саз, қазақ фольклорындағы эпикалық кең құлаш, Махамбет өлеңдеріндегі отты леп, Абай поэзиясындағы терең ойдың барлығы Олжас поэзиясына тән дүниелер.
О. Сүлейменов өлеңдерінің тақырыптық аумағы өте кең. Біресе жеке адам көңіл күйі, біресе бүкіл ел өмірі, немесе ел, жер тарихына үңілу, тіпті жер шарының бар түкпіріне көз сала білу, — осының бәрі ақын туындыларына ел, жер жағынан да, уақыт жағынан да шекара қоюға келмейтінін дәлелдейді.
«Батыр Мәмбеттің өлер алдындағы сөзі» өлеңінде ақын:
Бісміллә!
Жорықтарда өткен күнді өлшемей,
Жүрек толы ашу-ыза,