Олжас Сүлейменов (1936 жылы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 08:32, реферат

Описание работы

Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан «Адамға табын, жер, енді» поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті.
«Нұрлы түндер» (1962), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Қыш кітап» (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, «Атамекен» деген атпен басылып шықты (1986).

Файлы: 1 файл

Олжас Сүлейменов.docx

— 154.82 Кб (Скачать файл)

Мол шемен.

Ат үстінде туған ерді,

Дүние-ай!

Кіріптар ғып айдап өтті-ау

Көшемен!

Енде бірде батыр  аузынан:

«Ер үстінде туьш едім, өлер ме едім кісенде», «Мен — жалаңаш қылышпын», «Додалайды бір-бірінің түбітін, еріккен көп төбеттер» дейтін жолдарды естиміз. Батыр тебіренісі кімді де болса ойландырады. Ақын-суреткердің контраст әдісін, қарама-қарсы қоюды шебер пайдаланатыны да осы өлең жолдарында анық көрінген. Өмірдің көп қырлылығы, әсемдігі, адам тағдыры жайында ақын жалаң үгіт айтудан аулақ. Оның есесіне, өлең соңындағы мына көріністер: құм кезіп бара жатқан аруаналар, аспандағы толық Айдың «күлше нандай» боп көрінуі — бәрі де өмір әсемдігін, артықшылығын әсерлі жеткізуге арналған сәтті детальдар.

Өткен тарихты зерттеп үңілу, ондағы елдік пен ізгілік, батырлық пен қорқақтық, патриоттық пен сатқындықты жеріне жеткізе суреттеуде ақын жетістігі көп.

«Адамға табын, Жер, енді» поэмасын ақын адамзат тарихындағы тұңғыш космонавт Юрий Гагариннің ерлігіне арнайды.

Поэма — жиырмасыншы ғасырдағы ең бір маңызды оқиғаны арқау еткен, саяси-әлеуметтік тақырыпты игерудің тамаша көрінісі.

Бұл дастан адамзат мақтанышын биікке көтеріп, сыршылдығымен, шынайы сезім шыншылдығымен, оқырман жүрегіне жол тапты.

Олжас жырлары —  уақыт, кеңістік жағынан тар шеңберде қалмайды. Ол Қазақстан тығыздығын, Қазақстан адамдарын бүкіл әлеммен, әлемдік тыныспен ұштастыра толғайды.

Олжас поэзиясының басты қаһарманы — жасампаздық. Ол үшін тарих — жасарып жаңғырудың, жасампаздықтың, ынтымақтасудың шежіресі. Мысалы:

… Батқанмен күн, атқанмен таң

Батыс та жоқ, шығыс жоқ.

Жер деген сөз тұрса, жаһан

Өтеді ылғи туыс боп, — деген жолдарда ақын концепциясы уақыт рухын аша түседі, суреттілік, дүниетаным беріктігін танимыз. Бұл поэма ақынның өткен мен бүгіннің, ескі мен жаңаның әлеуметтік мән жайын, философиялық астарын терең сезініп суреттеуімен биіктей түседі.

Ақын толғанысы оқырманды ой қазынасының байлығы, молдығымен, эмоцияға толы терең сыршылдығымен баурап, ерекше әсерге бөлейді. Бұл поэма сан рет қайталанып басылып, бірнеше тілдерге аударылып, авторын әлемге танытты, қазак елінің абырой-мерейін биікке көтерді. Ақынның ұшқыр қиялы, көреген ойшылдығы, мол білімділігі, ең бастысы, патриоттық отты сезімі танылды.

Адам баласы ғарышқа көтерілген кезде сонымен қатар көтерілген Олжастың көркемдік әлемі өз биігінде жарқырап, жыр жанашырларын шақыра берері сөзсіз.


Информация о работе Олжас Сүлейменов (1936 жылы)