Рим империясы өнері. Портреттік өнер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:49, реферат

Описание работы

Портреттік өнерде Республиканың соңғы шағы мен Империяның бастапқы кезіндегі грек мүсін өнері ықпалымен қалыптасқан дәріптеу бағыты сақталып қала берді. Алайда I ғасырдың екінші жартысында үстем тап арасындағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жаңа қоғамдық талғамдар қалыптасты Қоғамның білімді топтары арасында сатираның кең таралуы сол замандағы римдік мәдениетке тән жеке адам тұлғасын терең тануға, адам сезімі мен мінезінің сыр-сыпатын ұғуға деген құштарлықпен тікелей байланысты еді. Римдік сатираның әшкерелеуші пафосы I ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндік портреттің сұсты реализмімен мейлінше туыс. Олардың ұқсастығы — ең алдымен, бейнелердің шынайылығында, адамның дара, нақты ерекшеліктерін түбегейлі назар аударғандығында.

Файлы: 1 файл

Рим империясы өнері. Портреттік өнер.docx

— 44.79 Кб (Скачать файл)

Рим империясы өнері. Портреттік өнер.

      Портреттік өнерде Республиканың соңғы шағы мен Империяның бастапқы кезіндегі грек мүсін өнері ықпалымен қалыптасқан дәріптеу бағыты сақталып қала берді. Алайда I ғасырдың екінші жартысында үстем тап арасындағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жаңа қоғамдық талғамдар қалыптасты Қоғамның білімді топтары арасында сатираның кең таралуы сол замандағы римдік мәдениетке тән жеке адам тұлғасын терең тануға, адам сезімі мен мінезінің сыр-сыпатын ұғуға деген құштарлықпен тікелей байланысты еді. Римдік сатираның әшкерелеуші пафосы I ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндік портреттің сұсты реализмімен мейлінше туыс. Олардың ұқсастығы — ең алдымен, бейнелердің шынайылығында, адамның дара, нақты ерекшеліктерін түбегейлі назар аударғандығында.

      Флавийлер  билеген дәуірде (б. э. 70—90 жж.) жасалған портреттер айрықша  әсерлілігімен көзге түседі. Мүсіншілер  адамның қайталанбас өзгеше келбетінен  өмір тәжірибесі мен қоршаған орта ықпалы қалыптастырған мінездің негізгі сапасын, мағына-мәнісін ашты.

      1-3 слайд. Император Веспасианның келбеті шынайы шыншылдықпен бейнеленген. Мүсінші императордың ірі, салмақты басын, әжім басқан маңдайын, өңменіңнен өтер сығырайған шүңірек көзін, қалқиған құлағын, аузыеың өзгеше суретін, қомақты иегі мен сіңірлі мойнын қаз-қалпында жеткізген. Веспасиан бет әлпетінің қапысыз бейнеленген белгілерінен императордың тұлғалық даралығы мен мінез ерекшелігі айқын көрінеді. Бет құбылысындағы қайтпас қайсарлық, табандылық, іскерлік нышаны ақылды қожаның пысықтығымен, әккілігімен ұштастық тапқан. Салық жинаушы, сатып алушы семьясынан шыққан Веспасиан өзінің өткен өмірін үнсіз, елеусіз қалдыруды немесе әсірелеуді ойлаған жоқ. Рим қазынасы сарқылар шақта өкімет басына келген император провинцияларды басқаруды тәртіпке келтіріп, сарай шығындарын кемітті. Веспасиан лауазым сатумен айналысты, сот үкіметінің өзін де ақшаға сатты, «Ақшаның иісі шықпайды»,— деген пасық қанатты сөз оның ұранына айналды. Ол өткір де тапқыр еді: өзіне ажал таянғанын сезген Веспасиан маңындағылардың есіне императорлардың өлгеннен кейін құдайға айналатын дәстүрін сала отырып: «Апыр-ай, мен осы тәңіріге айналып бара жатқан сияқтымын»,— деген. Тарихшылар мәліметтері талантты шебердің Веспасианның мүсіндік портретінде императорға берген терең де дәл мінездемесін растайды.

      4-6 слайд. Өмір шындығын іздеуде Флавийлер дәуірінің мүсіншілері адам тұлғасындағы ең жексұрын қасиеттердің өзін әшкерелеуден тайынған жоқ. Тегі еркіне жіберілген құлдан шыққан Помпеидегі Луций Цецилий Юкундтың (б. э. 70 ж.) қола бюсінде шебер тайқы маңдай, салпы ұрт, көзінің асты күлкілдеген егде кісінің тыржық бетін бажайлап көрсеткен. Тарамданған шашы шекесіне жабысып қалған сияқты, ашқарақ өткір көзі бақырайып, ернінде кекесін күлкі табы тұр. Бұжыр, болбыр терісі, жағындағы сүйел мен жұқа қалқан құлағының ажарсыздығы қайран қаларлық. Портрет әсері ажуалау, әсіре- леу дәрежесіне жеткен. Юкундтың үйінен қарыз алғандардың көптеген тіл хаттары табылған екен, ол процентке ақша өндіріп алатын өсім-қорлықпен айналысқан. Бұл адам- ның жүзіне өмірдің өзі өшпестей таңба салған, жазушы Петронийдің сөзімен айтқанда, «тақыр кедейден шыққан», тек өз қайратымен биік мансапқа қолы жетіп, жұрт құрметтеген адам. Сергек есеп пен дүние қоңыздық оның бүкіл өмірлік көзқарасының негізіне айналған. Сықақшы Ювеналдың сөзімен айтқанда, мұндай адамға «бәрінен қасиетті — ақша құдіреті». Еркіндік алып байыған құлдың ұсқынындағы мінез сырын ашу арқылы мүсінші шынайы да әсерлі көркем бейне сомдаған.

      7 слайд. Портретте өмір шындығының орнығуы жаңа көркемдік тәсілдерді, мәрмәрді өңдеудің пластикалық әсемдік мәнерін игерумен сабақтас болады. Римдіктер бұл мәнерді эллиндік мүсіншілерден алып пайдаланды. Портреттердің бірінен біз атақты римдік әйел бейнесін көреміз. Паңдана мойын бұрғаны мен сәндей қоқырайтып қойған шашы портретке салтанатты сипат береді. Бұйра шашындағы жарық пен көлеңке әсерлі дірілі жүзінің байсалдылығын, сезімтал ерні мен самарқау салқын назарын айқындай түседі. Тапсырма иесінің талғамынан табылу үшін мүсінші әйел мінезін сипаттауда жаза баспай, шындықты дәл беруге тырысқан. Ханым келбетінен өзінің өзгелерден артықтығын, сүйкімділігін көңілі тоя сезінетін, әрі кісіге ұдайы бұйыра сөйлейтін дағдысы аңғарылады.

      Портреттік кескіндеме ерекше гүлденген еді. Римде оның үлгілері сақталмаса да, Мысырдағы Фаюм алқабы зираттарынан табылған атақты портреттерге қарап пікір түюге болады. Олар мумиялардың бетінен табылған. I—III ғасырларда жасалған бұл портреттер ежелгі дүниенің бізге жеткен станоктық кескіндемесінің некен-саяқ туындылары. Олар өлгендердің көзі тірісінде тұп-тура қарап отырып салынған. Портреттер ағаш тақтайларға, кейде кенепке тампера мен балауыз кесіндемесі тәсілімен салынған. Суретшілер сан қилы жастағы, ата тегі алуан түрлі адамдарды бейнелейтін, олардың арасында римдіктер де, гректер де, мысырлықтар да болатын. Бір егде кісінің, шамасы, римдік болуы керек, I ғасырда салынған портреті зор көркемдік қасиеттерімен көзге түседі. Суретші ажарсыз бетті, қалың әжім тілгілеген жақты, имек мұрынды, қисықтау ауыз бен өжеттене ұмсынған иекті дәл береді. Сәулелі көлеңке мен бояу жағудың сан алуан мәнерін шебер қолдана отырып, ол кәдімгі мүсін сомдағандай қайратты да қайсар адамның кескініне сәйкес келетін табиғи тұлға шығарады. Ер кісінің қадала қараған жанарынан да, сыртқы сұсынан да сезіліп қалатын бір қобалжу, мазасыздану аңғарылады. Ол өткен өмірге күйініп булықтырған өкініш-мұң сияқты қабылданады.

      I ғасырдың  еқінші жартысындағы портреттерде  шеберлерді мінез сырын ашу  проблемасы қызықтырса, бұдан кейінгі  ғасырда мүсіншілердің көркемдік ізденістері мен портреттік бейне құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер ең алдымен, Рим қоғамының санасындағы соны серпінмен сабақтас.

      8-10 слайд. II ғасырда, Империя өз құдіретінің шегіне жеткен тұста, Римнің портреттік өнеріндегі адам бейнесінде жаңа белгілер пайда болды. Император Траянның көптеген соғыс жорықтары оның замандастарына зор әсер етті. Қол жеткен жеңістердің құрметіне мадақ сөздер сөйленіп, монументтер орнатылды. Мүсіншілер Траянды римдік қолбасшы киімін киген қайратты да ақылды мемлекет қайраткері кескінінде бейнеледі. Кейін Рим әміршілері таққа көтерілерде жұрт: «Августтан бақыттырақ, Траяннан артығырақ бол»,— деп бата беретін болған. Император Траянның мұрагерлері мемлекет шекарасын нығайтуға тырысып, зор шапқыншылық жорықтар жасаған жоқ. Провинциялардың гүлденуі оларда Рим мәдениетінің таралуымен сабақтас жүрді. Бұрынғыша халықты Рим азаматтары және провинция тұрғындары деп бөлу жойылды: «...римдік дейтін есім қалаға ғана тиісті болудан қалды да, бүкіл мәдениетті азаматтың игілігіне айналды»,— деген II ғасыр шешендерінің бірі. Грек цивилизациясына қызығушылықтың қайта жандануына орай, мәдениет те мейлінше сәндене түсті. Грек өнеріне жүгіну, көбінесе, осы дәуірдегі императорлардың жеке талғамына байланысты еді. Портрет өнеріндегі кесек мінез шындығын енді адамның көңіл күйін жеткізу талпынысы алмастырды. Мүсін өнерінде де жаңа тәсілдер пайда болды: бұрын бояумен көрсетілетін көз қарашығы пластикалық белгілермен бейнеленіп, мәрмәрдің беті әрленді, бұрғы кең пайдаланылды.

      11 слайд. Балғын жігіттің II ғасырдың орта шенінде жасалған тамаша портретінде мүсінші гректердің сұлулық мұратына жақын сымбатты, келбетті, табиғи, қаз-қалпында жеткізген. Әсем бұйра шашы биік ай маңдайына түсіп тұр. Үңіле қадалған жанары ойлы да сезімтал көрінеді. Асқан шеберлікпен өңделген мәрмәр сәулелі көлеңкенің мөп-мөлдір нәзік әсерін туғызып, бетте тіршілік тынысы мен ерекше шабыт ойнайды. Албыраған жүзде сырғыған сәуле мен үлбіреген жеңіл көлеңке әлдебір мамық мұнармен перделеп тұрған сияқты. Бабымен әрленген мәрмәр жігіттің балғын өңіне сүйкімді бір романтикалық мұң дарытады. II ғасырдың екінші жартысында жасалған портреттерде мүсіншілер адамның ішкі жан-сезімін ашуда ғажайып бір кемелдікке жетті.

      12 слайд. «Сирия аруы» портретінде мүсінші тегі шығыстан шыққан жас келіншектің сыртқы келбетін табиғи да келісті сипаттаған: жұқалтаң сопақша бет, қиықтау бадам көз, қаңқақтау мұрын, үлкен аузының көнтектеу ерні мен иірімді кішкене иек. Сәл еңкіштеу басы мен сәнді шашының үлпілдеген жұмсақ толқындары, тас төбесінде қайырып ораған әдемі бұрымы бейнеге сыпайы бір сымбат береді. Қушықтау бет әлпетінің соншалық нәзіктігі мен әйелге тән биязылығы еріксіз назар аудартады. Керілген қиғаш қасы, көз ұшындағы мөлдір дағы мен албыраған жанары жас келіншектің рухани жан серпілісін айқындай түседі. Оның жүзін нұрландырған болмашы мұңлы жымиыс бейнеге арманшылдық пен әлсіздік нышанын дарытады. Мәрмәр бетінің іштен жарқырап тұрғандай жұмсақ та жайлы үлгіленуінен, сәл томпиған бет сүйегінен жақ-ұртына, иегі- не дейін бір қалыпты әрленген алау өңнен сырғыған сәуле дірілінен талантты мүсіншінің кемел шебер- лігі аңғарылады.

      13-15 слайд. Осы дәуірдің таңдаулы шығармаларының қатарына император Марк Аврелийдің атақты атты мүсіні де жатады. Ол 170 жыл шамасында қоладан құйылған. XVI ғасырда ұлы итальян шебері Микеланджело бұл мүсінді Римдегі Капитолий шоқысында өзі жасаған алаңның қақ ортасына қойды. Соның үлгісі бойынша бұдан әрі Европаның көптеген елдерінде атты монументтер жасалды.

      Мүсінші  Марк Аврелийді императорлық  белгілерін тақпаған, жұпыны сулық киген қалпында бейнелеген. Тарихшылар «таққа отырған философ» деп атаған императордың парасат-мәдениетінің жоғарылығы аңғартылатын ойлы жүзін бұйра шашы көмкеріп тұр. Сәнді шашта құбылып ойнаған сәулелі көлеңке Марк Аврелийдің сырттай сабырлылығын, өзімен-өзі ойға берілген тұңғиық бір сәтін айқындай түседі. Оның осы бір қалпы мен алға созылған қолының жылы ишарасы Қарапайым да табиғи-ақ. Мүсінде бұрынғы Рим билеушілері бейнелерінің, мәселен, император Август мүсінінің дәріптей көрсетілген салтанаты мен әсіре қызыл айбыны жоқ. Марк Аврелий портретінде шебер айналадағы өмір шындығының қайшылықтарын айқын сезініп, олардан әрменірек кетуге, арман- қиял мен өзінің ой толғаныстары дүниесіне шомуға тырысқан адамның көңіл күйін ашады. Император «өзіммен-өзім оңаша» деп әдемі ат қойған күнделігінде: «Адам өмірі — қас қағым сәт, оның мәні — мәңгілік ағыс, түйсігі — бұлдыр, бүкіл тәні — опасыз, жаны — тұрлаусыз, тағдыры — жұмбақ, даңқы — дүдәмал»,— деп жазды.

      Адам жан дүниесінің ең нәзік қырларына дәйекті назар аудару — II ғасырдың екінші жартысындағы Рим қоғамында қара бастық, дарашылдық көзқарас пен тіршілік мәнінен түңілу етек алған тұстағы портрет өнеріне тән қасиет. Сондықтан да Марк Аврелийдің көңіл күйі, ой толғанысы тек оның өз басының дара тұлғалық көрінісі ғана емес, бүкіл дәуірге көзқарастың ең ортақ айқындаушы белгісі ретінде қабылданады. Адам табиғатын тануда жаңа қадам басқан II ғасырдағы Рим шеберлері мүсіндік портреттің мүмкіндіктерін молайтты. Олар дүниежүзілік өнер тарихында тұңғыш рет адам жан дүниесінің күрделілігі мен қайшылықтарын түсінуге жақындады.

      16-17 слайд. II ғасырдың екінші жартысындағы портреттік өнерде, сол заманның философиялық ойы сияқты, осы кезеңде Рим империясы аяқ басқан экономикалық және саяси-әлеуметтік терең дағдарыстан туған жеке адам мен қоғам арасындағы тартыс ерекше көрінісін тапты. Жерорта теңізі өңірінің бүкіл территориясын қамтыған өндірістің құл иеленушілік тәсілі одан әрі өркендеуге барша мүмкіндіктерін сарқып, қоғамдық прогресс жолындағы бөгетке айналды. III ғасырда провинциялардың көбісінде жер бос қалып, қолөнерлік кәсіп пен құрылыс құлдырады, қалалық жер иелері күйзеліске ұшырады. Сонымен қатар ірі иеліктер өсе берді, қожа- лары ерікті арендаторларға — колондарға жер учаскелерін жалға беретін болды. Олардың саны кедейленген шаруалар, құлдар мен еркіндік алғандар есебінен көбейе түсті. Ұланғайыр иеліктер томаға-тұйық шаруашылық жағдайында өмір сүріп, өз қажетін өзі өтеді. Бұларда езгінің феодализмнен кем түспейтін жаңа түрлерінің нышандары жинақтала бастады, алайда олар құл иеленушілік қатынастар үстемдік етіп тұрған тұста толық өркен жая алмады.

      Бұрын императорлық өкіметтің басты тірегі болған ұсақ және орташа қалалық құл иеленушілер кедейленіп, ірі меншік иелерінің жемтігіне айналды да, олар енді жер иеленуші шонжарлардың байлығы мен құдіретін шектеу үшін күресті. Екінші жақтан провинциялық жер иеленуші ақсүйектердің сенатты құрайтын өкілдері жерді көбірек иемденуге және Империяны билеуге өздерінің мүдделерін қорғайтын әкімдерді қоюға тырысты. Құл иеленуші таптың алуан түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қайшылықтар өкіметті қолға алу жолында «сенаттық» және «солдаттық» императорлар арасындағы болған күрестен айқын көрінді.

      18 слайд. III ғасырдағы Рим империясының саяси тарихи — қанды азамат соғыстары, қыру мен тонау, жазалау мен езілгендердің үздіксіз көтерілістері. Императорлардың жиі алмасуы мемлекеттің сыртқы қуатын тұралатты. Әсіресе, ауыр, шиеленіскен дағдарыс кезеңі III ғасырдың орта шенінде, Империяға шын мағынасында біржола құлау, опат болу қаупі төнген тұста туды. Оның шекаралары қорғаныссыз болып шықты да, варварлардың қаптаған қалың қолы провинциялар территориясына лап қойды, ал шығыстан парсылар шабуылға шықты. Соғыс сұмдықтарына бұрын болып көрмеген оба індеті мен тұтас қалаларды құртып жіберген алапат жер сілкіністері қосылды. Көптеген провинциялар тәуелсіздік жариялап.Бұл оқиғалар сол кездегі адамдардың санасында ақыр заман туралы ой туғызды. Ол заманның қаһарлы оқиғаларының бейнесін біз III ғасырдағы римдік тас табыттарды сәндеген бедерлерден кездестіреміз. Олардың бірінде римдіктер мен варварлар шайқасын сипаттайтын көрініс бейнеленген. Тас табыттың бүкіл қабырғасы соғысып жатқандардың пішіндеріне, ажал азуында жанталасып сапырылысқан үйме-жүйме денелерге толы. Сарбаздар мен жылқылар пішіндері қуатты пластикалық аумағымен берілген, өлгелі жатқан варварлардың тұрпайы ажарсыз ұсқыны мен жеңіске жеткен римдіктердің ызалы салтанаты баса көрсетілген, олардың ортасында аттылы сардар тұлғалана көзге түседі. Сәулелі көлеңкенің құбылысы мен соғысып жатқандардың шым-шытырық қимылы кескілескен, аласапыран шайқас әсерін одан сайын күшейтеді.

      III ғасырдағы  Римнің Саяси өмірінде императорлық өкімтін бірден-бір тірегіне айналған армия шешуші роль атқарды. Императордьщ әскерге осы тәуелділігі Рим әміршілерінің бірі Септимий Севердің балаларына айтқан: «Бір-біріңмен ұрыспай, солдаттардың көңілін аулаңдар — олардан басқалардың бәрін жек көрулеріңе болады»,— деген сөзінде тамаша сипатталған. Солдаттар таққа көтерген императорлар өздерінің өкімет басында болған қысқа мерзімін, әдетте, жорықтарда өткізген, олардың өз ажалынан өлгендері санаулы. Римнің даңқты тарихшысы Корнелий Тацит II ғасыр басында жазған «император құдіретінің әлемді таңырқатқан шұғыласы» сөнуге айналды.

      19-20 слайд. Осы тұстағы портреттерде жаңа тарихи дәуір бейнелері — Рим әміршілерінің дәріптеуден арылған дөрекі, мейірімсіз ұсқыны пайда болды. Билікке құштарлық пен ұдайы қауіп-қатер үстінде жүру олардың сыртқы кескінінде өшпес із қалдырған. Адамның өн бойынан оның сезімдері мен көңіл күй дүниесін ашқан II ғасыр шеберлерінің тәжірибесін пайдалана отырып, мүсіншілер тағы да тұлғаны тап өмірдің өзіндегідей қалпында барынша бадырайтып бейнелеуге бет бұрды. Император Каракалланың (211 —217 жж.) мәрмәр бюсінде I—II ғасырлардағы Рим билеушілерінің байсалды айбыны мен ұстамдылығы жоқ. Каракалланың басы мойнын оқыс бұрған қалпында бейнеленген. Дәл табылған композициялық шешім мүсіншіге император мінезінің ерекшеліктерін қалтқысыз жеткізуге көмектескен. Қимылының шұғылдығы мен тырсиып шиыршық атқан алапат күшін бірден аңғартады. Қатты бұйра шашы мен ширатылған сақалы жүзінің қапысыз пластикасын айқындап тұр. Қабағын түйе тыжырынған қасы, сыздана ызғар шашқан уытты жанары, қайсарлана жымқырылған ерні мен шомбал иегі Қаракалланың қаныпезер қаталдығын, ызақор долылығын еріксіз ұқтырады. Сол заман тарихшыларының сипат- тамаларында да император осылай көрінеді. Каракалланың азғыруымен солдаттар оның туған ағасын өлтірген кезде, император дереу оны құдайдай арулап құрметтеуге бұйрық береді де: «Мейлі, құдайдай құдіретке айнала берсін, әйтеуір тірі жүрмесе болды»,— дейді жауыздықпен. Каракалла таққа таласқысы келетін бәсекелестерін сезген бойда көзін жою үшін көптеген атақты римдіктерді сотсыз жазаға тартты. Ақырында императордың өзі де қасындағы сақшыларының қолынан қаза тапты. Портретте тиран әрі жауыз Каракалла кескіні қапысыз бейнеленген. Оның тұлғасында римдік портретті әрқашан оқшауландырып тұратын ерекше даралық қасиет мінез шындығымен бояуы қанық драматизммен табиғи ұштасады.

III ғасыр мүсіншілерін  мінездің сан қилы құбылыстарын мейлінше терең, алуан қырымен ашуға мүмкіндік беретін адамның қоршаған дүниемен байланыс мәселесі баурады.

      21-22 слайд. Император Максимин Фракийец (234—238 жж.) мәрмәр бюсінде кең иығы мен мығым тұлғасын тоғасы күлтелеп, басы байыпты бұрылған қалпында бейнеленген.

Информация о работе Рим империясы өнері. Портреттік өнер