Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:49, реферат
Портреттік өнерде Республиканың соңғы шағы мен Империяның бастапқы кезіндегі грек мүсін өнері ықпалымен қалыптасқан дәріптеу бағыты сақталып қала берді. Алайда I ғасырдың екінші жартысында үстем тап арасындағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жаңа қоғамдық талғамдар қалыптасты Қоғамның білімді топтары арасында сатираның кең таралуы сол замандағы римдік мәдениетке тән жеке адам тұлғасын терең тануға, адам сезімі мен мінезінің сыр-сыпатын ұғуға деген құштарлықпен тікелей байланысты еді. Римдік сатираның әшкерелеуші пафосы I ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндік портреттің сұсты реализмімен мейлінше туыс. Олардың ұқсастығы — ең алдымен, бейнелердің шынайылығында, адамның дара, нақты ерекшеліктерін түбегейлі назар аударғандығында.
Ажарсыз беті, үлкен басы, түксиген қалың қасы, қыр мұрны, жігерлі жымқырылған ерні, салмақты салпы иегі қара бұқарадан шықса да, амалын тауып, жоғары өрлеп, солдаттарға сүйеніп, өкімет басына жеткен император мінезінің мойымас өжеттігі мен қайсарлығын көрсетеді. Егже жүзін үлкен өмір тәжірибесін сездірер терең әжім айғыздаған. Сәл шаршағандығы білінсе де, қадала, сақтана қараған шүңірек көзінде іштей бір күдік пен үрейдің қатерлі табы жатыр.
Мінездің
таңғажайып өміршеңдігі мен
Өнердегі
драмалық дүниетаным
23-24 слайд. III ғасыр мүсіншілері жасаған бейнелер адамдардың көзқарасы мен ойларын, олардың дүниеге қатынасын өз бойына барынша жинақтаған сияқты. Олардан көркемдік көрегендіктің ғажайып мөлдірлігі, тарихи деректердің дәлдігі, сонымен қатар өршіл экспрессия аңғарылады. Мәселен, император Деций Траянның (250 ж. шамасы) портретінде мүсінші оның келбеті арқылы өз заманы адамдарының көңіл күйін көрсетеді. Республикалық дәуірдегі портреттер сияқты қарт кісінің ажарсыз беті, божыраған жақ те- рісі, істиген имек мұрны мен сіңірлі мойны реалистік тұрғыдан дәл бейнеленген. Маңдайдағы терең әжім, кеңсірікте шабдарланған соқталар, көзінің астындағы қатпар мен қасіреттен кемсеңдеп қисайған аузы қатты қиналғандықты жазбай танытады. Алысқа тіксіне қадалған жанарь мен оған түскен қою кірбіңде үрей мен дәрменсіздік ұялаған, ал жымқырған ерні іштегі булыққан өксік айқайды әрең бөгеп тұрған сияқты. Децийдің жан күйзелісі тыржитқан бет әлпетінен құрып бара жатқан ескі дүние трагедиялық қайшылықтарының таңбасы танылады.
Империя өмір сүрген соңғы ғасырдағы Римнің рухани өміріне тән жұрттың болашаққа жаппай сенімсіздігі мен адамның өзіне дұшпан дүние алдында әлсіздігін сезуі — шектен шыққан торығушылық пен барлық әрекет атаулыдан бас тарту о дүниедегі өмірге құштарлықпен ұштасатын жаңа көзқарастардың қалыптасуына ықпал жасады. Барлық провинцияларда мистикалық шығысқа табыну, сондай-ақ жер бетіндегі пенделік өмір жауыздық пен күнәқарлықтың түйіні деп есептейтін күрделі діни-философиялық ілімдер кең тарады. Бұл ойларды І ғасырда дүниеге келген жаңа дін — христиан діні де уағыздады. Қадым заманның соңғы кезі адамдарының санасында әлем оқшау екі дүниеге — сезім мен рухқа бөлінеді. Философтар адамның сезімтал табиғатына жанаса қалсаң, оның мәңгі өлмейтін жаны қор болады деп түсіндірді. Олар өмірдің мұрат-мақсатына тән қауашағынан құтылып, жанның қақ-тағаламен табысуында деп есептеді. Жер бетіндегі өмір мен адам тәнін мансұқтау, құтқарушы тәңірінің келуін күту мен о дүниедегі ләззатты көксеу адам тұлғасының сұлулығы мен асылдығына деген сенімге толы қадым заманғы мәдениеттен бір-жола қол үзгендік еді. Ежелгі Грекияның ойшылдары адамды барлық заттың өлшемі деп есептесе, республикалық дәуірдегі Рим ақындарының бірі: «Мен адаммын, сондықтан адамға тән нәрсенің ешқайсысы да маған жат емес»,— деп жар салды. Ал III ғасырдың философтары дүниені адам тани алмайтындықтан, өмірдің мәні «құдайдан бақыт іздеу мен құдайға ұқсап бағуда»,— деп пайымдады. IІІ—IV ғасырларда қалыптасқан дүниетаным өнердің дамуына орасан зор ықпал жасады. Мүсін өнерінде дүние мен адамды түйсінуі, қабылдауы антик өнерінің эстетикалық ұғымдарынан мүлдем өзгеше бейнелер пайда болды. Бірте-бірте реалистік бейнелерден бас тарту, аумақты үлгілеудің тым жалпақ жазықтық пішіндермен алмасуы сұлулық адамның өзгермейтін мәнін мойындауда — оның дінге сенімін орнықтыруда деп түсіндіретін дерексіз, шартты портретке алып келді.
25-26 слайд. Римдік Догмацийдің (IV ғасырдың 30-шы жж.) мәрмәр портретінде сыртқы белгілер әлі даралығын сақтаған. Мүсінші мықты бас бітімді айқындап көрсететін тықыр шаш пен тікенек сақалдың әр талшығын тәптіштеп, қол батырып керте қашаған. Бет шабдарларын сурет сызғандай соқталап жеткізетін бұдырлау желілер, кенерлеп қырланған қиғаш қас пен жұқалтаң ерін, жұмылған ауыз дөрекілеу жүзге түнеріңкі бір күш-қуат дарытады. Материалдың қарапайымдау тәсілмен өңделуі мүсінші әдейі баса көрсеткен адамның тақуалық келбетіне сай келеді. Тереңде жатқан көзінің шарасы шақшия бақырайып тұр. Бір сәт көңіл сарайы ашылып кеткен сияқты бажырайған қалпында ештеңені бажайлап көрмейтін жанары шексіз қиянға қадалады. Осы назарында булыққан сенім, тән мен жанның арпалысы жатыр. Антик өнері адам табиғатының мұндай екі жақтылығын, дене мен рух арасындағы қайшылықтарды білмейді. Қадым заманының соңғы кезі мүсін шеберінің адам бет әлпетін бейнелеуге қызығу себебі — тән қауашығынан рухи өмір жарығы сәуле шашады, ал сыртқы кейіпті пайымдау тәңірі идеясын жете танытады деген ұғымынан туған. V ғасырда Рим империясы құлап, құл иеленушілік құрылыс күйреген тұста көркемдік ойдың антик өнері тарихының соңғы ғасырларында қалыптасқан осы жаңа белгілері орта ғасырлық өнер негізін қалады.