Салыстырмалы әдебиеттану пәні мен оны зерттеуші ғалымдардың ой-тұжырымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:33, доклад

Описание работы

Қай әдебиет болса да, өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемелдене алмайды. Әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым-қатынастар, рухани алмасулар әдеби байланыстарды құрайды. Ш. Сәтбаеваның сөзімен айтсақ: «Әдеби байланыстар халықтардың өзара білісуі, түсінісуі, ынтымақтасуы, жақындасуы, мақсаттасуы, бірлесуі, достасуы сияқты аса ізгі мұратқа да қызмет етеді». Көркемдік дамудың, әдеби процестің маңызды бір заңдылығы – әдеби байланыстар–әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым-қатынастар, рухани байлықтар алмасуы. Қоғамның прогресс жолымен дамуы қажеттілігінен туған мәдени, әдеби байланыстардың өзіндік мол тарихы, бай мазмұны бар.

Файлы: 1 файл

cалыстырмалы әдебиеттану.doc

— 203.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №5 2010.


 

САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДЕБИЕТТАНУ  ПӘНІ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ  ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ

 

Қуаналы Н. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

 

Әдеби байланыс – тарихи категория, сол себепті де әр ұлттың әдебиеті  басқа әдебиеттермен байланысып, өмір сүреді. Әдеби қатынастардың натижесінде әр ұлт танылады.

Қай әдебиет болса да, өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемелдене  алмайды. Әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым-қатынастар, рухани алмасулар әдеби байланыстарды құрайды. Ш. Сәтбаеваның сөзімен айтсақ: «Әдеби байланыстар халықтардың өзара білісуі, түсінісуі, ынтымақтасуы, жақындасуы, мақсаттасуы, бірлесуі, достасуы сияқты аса ізгі мұратқа  да қызмет етеді». Көркемдік дамудың, әдеби процестің маңызды бір заңдылығы – әдеби байланыстар–әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым-қатынастар, рухани байлықтар алмасуы. Қоғамның прогресс жолымен дамуы қажеттілігінен туған мәдени, әдеби байланыстардың өзіндік мол тарихы, бай мазмұны бар.

Әдебиетті салыстыра зерттеу тәсілі сөз өнерінің жалпы заңдылықтарын, ортақ тенденцияларын ашуға көмектесуімен қатар, әдебиетті тұтас организм ретінде қарастыруға мүмкіндіктер туғызады. Бұл тұста назарда ұстайтын негізгі нәрсе көркемдік-идеялық бағыттары басқа, дүниетанымдық жағынан бір-біріне жуықтамайтын жазушыларды «тезге салып» әдейі жанастырудан аулақ болу. Көркем шығармалар бойындағы елеусіз, өте ұсақ белгілерді тәптіштеп салыстыру да  ғылыми талдауға жатпайды. Түрлі зерттеу аспектілерінің ішіндегі ең күрделісі әдебиеттерді салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісін ғалым В.М. Жирмунский бірнешеге бөліп қарастыруды  ұсынады:

1) Тарихи-генетикалық салыстыру. Мұнда әдебиеттерді ұқсас құбылыстардың туу себебі ата тегіндегі жақындық және уақыт өте келе тарихи шарттардың салдарынан ажырап кетуі.

2) Тарихи-типологиялық салыстыру. Мұнда ұқсас құбылыстардың болу себебін ата тегі жағынан еш жақындығы жоқ, бірақ қоғам дамуындағы ұқсас жағдайлардың болуымен түсіндіреді.

3) Салыстрмалы-салғастырмалы мәдени қатынас. Мұнда қоғамдық даму, тарихи  жақындықтың негізіндегі әсері алға тартылады. 1976 жылы Пишуа мен А.М. Руссо «Салыстырмалы әдебиеттану» кітабында былай деп жазады: «сравнительное литературоведение – это методологическое искусство,  заключающееся в исследовании связей,анологий, родства и влияний. Оно способствует сближению между собой литературных событий и  текстов, близких  и отдаленных во времени и пространстве. При этом необходимо, чтобы сопоставляемые стороны принадлежали  к  различным языкам  или  культурам  и существовала возможность  выявить и освоить» /5, 174/.

Бұл тұжырымды М. Маданова өз зерттеулерінде мағыналық жоспарына сәйкес үш бөлікке бөліп қарастырады: «Сначало речь идет о методолигическом  мастерстве, направленном на изучение связей, выражающих анологичные факты, родственные отношения либо взаимодействие. Далее речь идет о том, что предметом, объектом изучения являются не только литературные тексты, но также и другие художественные явления культуры разных народов, либо  средства выражений и знания, под которыми можно понимать и кино, и живопись, и видео и т.д.

Наконец последня часть определения содержит информацию о цели и задачах сравнительной компаративистики, к которым относятся процесс и совершенствование его интерпретации» /6, 189/.

Осыдан келіп мынадай  қортынды шығаруға болады. Қандай да бір талантты  жазушы  өз қоғамының рухани дамуына әсер етеді, эстетикалық  атмосферасына ықпал жасайды. Сол қоғамның  өсіп жетілген келесі буын өкілдері тек өзіне ғана тән шығармашылық ерекшеліктері бола тұра тарихи қалыптасқан ортақ мазмұннан  тыс қала алмайды. «Индивидуальность писателей всех рангов не может помешать историку литературы  разглядеть  в произведениях некоторых из них общность идейного содержания и выражающей его формы» деген Г.Н.Поспеловтың пікірі біздің ойымызды қуаттай түседі. Жалпы Г.Н.Поспелов салыстырмалы әдіс жайында тың ойлар айтқан ғалым .

Кез-келген ұлт, мемлекет өзгелермен байланыссыз, өзінше даралықта дами алмайды. Даму деген ұғымның  өзі тек байланыс, қарым-қатынас, үлгі алу мен өнеге бола білу бар жерде ғана жүзеге аспақ.... Сонда ғана адам санасы толыса түседі, жаңа жетістіктерге қол жеткізеді. Міне, әдебиеттегі осындай байланыстың тарихы мен теориясын, методологиясын зерттейтін ғылым саласы – салыстырмалы әдебиеттану ғылымы, екінші сөзбен айтсақ, компаративизм. «Компартивизм – әдебиеттану ғылымында орын алған салыстырмалы-тарихи әдіс .Компаративизм әртүрлі халықтардың әдебиетіндегі  ұқсастық, жақындықты көре білуге назар аударып, идеяларды, образдарды, характерлерді, сюжеттерді салыстырады. Түрлі халықтардың  әдебиетін өзара байланыста дей келіп, әлемдік  әдебиет арнасындағы құбылысқа балайды».

Бүгінгі таңда екі немесе бірнеше  елдің әдебиетін, өнерін салыстыра және салғастыра зерттеу мәселесінің ғылым саласында орын алуы өте орынды. Мұндай бағыттағы зерттеулер, әр елдің әдебиеті, мәдениеті, өнерінің ұқсас жақтарын және әр елдің өзіне тән ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ашып зор септігін тигізеді. Ал мұндай зерттеуді бастамастан бұрын «салыстырмалы әдебиеттану» ғылымы дегеніміз не, жалпы  әдебиеттану ғылымы  нені зерттейді, соған тоқталып  өтелік.

Компаративизм латынның «comparatives»  деген сөзінен шыққан, түбір сөзі «comparatives», яғни салыстыру. Көптеген ғалымдар «әдеби салыстыру» терминінің авторы француз әдебиетшісі Ф. Ноэль деп есептейді. Өйткені ол ең алғаш рет «Iiterature  compares» деген терминді 1817 жылы қолданған .

Әлем әдебиетінің ең жақсы үлгілерімен  танысу, зерттеу, үйрену дәстүрі қазақ  өмірінде ХIХ ғасырдың өзінде орныққан болса, ХХ ғасырдың басында әлеуметтік, қоғамдық, эволюциялық дүмпулер мен дауылдар қазақ даласында да айтарлықтай сезіле бастаған жағдайда бұрынғыдан да күшейе түсті. Бұл жылдары қазақ әдебиеті  мен орыс әдебиеты арасындағы байланыстар нығайды. Әдебиеттердің өзара байланысуы нәтижесін З.Ахметов өз еңбектері арқылы дәлелдей түседі: «Художественные традиции казахской литературы чрезвычайно богаты и разнообразны. Они включают в себя все лучшее в многовековой поэтической культуре казахской народа, казахские литературоведы опираются на богатый опыт русской литературной науки, осуществляют разработку  вопросов  литератур в тесном контакте с литературами всего мира». Осыған орай, М.Даулетбаев: «Өзге әдебиеттерден өз халқының ұлттық, қоғамдық  дамуына  үндес маңызды қубылыстарын таңдай отырып, қарым-қатынас жасау – сол әдебиеттің кемелдену, даму бағытын аңғартады». Осындай кемел пікірлерге сүйене отырып, өз тарапымыздан екі ел әдебиетінің шығармасына салыстырмалы түрде талдау жасауды мақсат еттік. Әсіресе, территориялық жағынан шектеспейтін діні, тілі, әдебиеті, мәдениеті басқа елдердің әдебиетін зерттеу өте қызықты. Ұлттық әдебиеттер дамып, өмір сүріп, әлемнің мәдени қалықтарының негізгі құралына айналады. Ұлттық әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтеру үшін оны басқа ел әдебиеттерімен салыстыра зерттеу  қажет.

Ұлттық әдебиет дамып, өмір сүріп, әлем халықтарының мәдени негізінің  құралымына айналады. Ұлттық  әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтеру үшін оны басқа  ел әдебиеттерімен салыстыра зерттеу қажет. Осы орайда, Ф. Исмайлованың пікірі орынды: «Литература – мировая наука. Чтобы вывести Казахстанское литературоведение на мировой уровень, необходимо делать  всю литературу Казахстана объектом изучения единого Казахстанского  литературоведения» /12, 14/.

Қазақстан тәуелсіз  даму арасына  қадам басқан 90-шы жылдардан кейін  ғылмыи- зерттеу жұмыстары алдына ауқымды мәселелерді зерделеу, қазақ руханият мұраларын әлемдік деңгейде салыстыра саралау, ұлттық шеңберде қалып қоймау, зерттеу нысанының басқа ғылым түрлерімен байланысын ашу сияқты міндеттер қойғаны мәлім. Әдебиеттер байланысын, нақты шығармада өзара  ұқсас жайттардың  көрініс табуы, қаламгердің өзі  дүниеге келген ұлттық топырақтағы тарихи  талғам тамырларының  сабақтастығын ғана емес,  сондай-ақ басқа  ұлт әдебиетін меңгеру барысындағы оның дүниетанымын, рухани  үндестік сырларын, тұжырымдап айтқанда, көркем әдебиеттің ұлттық днңгейден әлемдік биікке көтерілуін айғақтайды. Осы жылдары  жарық  көрген іргелі  ғылыми  зерттеулердің қатарында Н. Сағындықованың, М.Маданованың, С.Алтынбаеваның, А.Түсіпованың, Т.Есембековтың, Қ.Алпысбаевтың, Ф.Исмаилованың іргелі монографиялық зерттеулерін ауыз  толтырып айтуға  болады.Салыстырмалы әдебиет – әдебиет бөлімінде үлкен маңызға ие. Салыстырусыз ешнәрсені  танып, білу мүмкін емес.

Салыстырмалы әдебиет Гердерден  кейін өз жалғасын ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Ресейде тапты. Ресейдегі салыстырмалы әдебиет теориясының негізін А.Н. Веселовский  өзінің «Историческая  поэтика» еңбегінің  негізгі тақырыбын ғалым М. Маданова былай анықтайды: «Основной темой, исторической  поэтики  является – эволюция  поэтического  сознания и его форм. В работе ученого были затронуты представлены генезис и эволюция литературных жанров движение  мировых моттивов и сюжетов. Существенной  особенностью сравнительно-исторического метода Веселовского является его  универсализм литературы». А.Н. Веселовскийдің ой-пікірлері, көзқарасы  еуропалық мектептерге әсер етті.

Экономикалық өрбуі,  соған байланысты мәдени дамуы өткен ғасырда  Ресеймен бір арнаға түсе бастаған Қазақстандағы  қолтума қоғамдық ой, оның ішінде эстетикалық пікір тарихында қазақтың асқан ғылымы Шоқан Уәлихановтың, атақты  ағартушы Ы. Алтынсаринның, ұлы ақын Абайдың алатын орны айрықша биік.

Өз кезінде салыстырмалы әдебиеттің қажеттілігі мен маңыздылығы, міндетін М. Маданованың пікірі дәлелдей түседі: «Особая  миссия литературной  компаративистики связана с ее органической способностью анализировать  мировой литературный процесс и возможностью укреплять международный  авторитет  национальных  литератур. В то же время очевидная  актуальность  этой отрасли в наши дни отражает объективный процесс активизации международных отношении. Другими словами, сравнительное литературоведение – это наука, которая, предоставляет уникальный шанс казахской литературе, она способствует более точному самоопределению и  органичному вхождению в контекст мирового художественного процесса,  помогает выявлению не только универсальных, но и национально- своеобразных  качеств и  развития, осознанные использование  которых  способна  возвысить  самосознание и  авторитет  казахской  литературы  в  рамках  всемирной  литературы» /24, 157/.

Осындай нақты дәлелдер мен ғылыми пікірлерге сүйене отырып, біз  салыстырмалы зерттеудің біздің әдебиетіміз үшін өте маңызды екендігіне көз жеткіздік Көркемдік дамудың, әдеби процестің маңызды бір заңдылығы әдеби байланыстар – әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым–қатынастар, рухани  байланыстар алмасулар. Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемеліне келе алмайды Қазақ халқы мен бір сыпыра шетел халықтарының өзара танысып, білісуі, ықылас-ілтипаты олардың әдебиеті арқылы да іске асуда.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.М. Руссо. «Сравнительное литературоведение». М., 1967.
  2. Маданова М.Х. Актуальные вопросы литературной компаративистики.– 1999.
  3. Мамраев Б.Б. Казахские литературные связи начала ХХ века. – Алматы: Наука, 1998.
  4. Маданова М.Х. Введение в сравнительное литературоведение. – Алматы, 2002.
  5. Исмаилова Ф.Е. Феминистская имагология. – Алматы, 2003.
  6. Поспелов Г.Н. Стадиальное развитие европейских литератур. – Ленинград, 1979.

 

АЛАШШЫЛ АЗАМАТ

Бiз ол кезде қазiргi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң 5-шi курсында оқитынбыз. Соңғы курстарда  көбiне мамандану пәндерi жүретiн. Бiр  күнi дәрiсханамызға толқынды қалың  қара шашын артқа қарай қайыра тараған, ашаңдау келген өрiмдей бiр  жас жiгiт кiрiп келдi де алға қарай оза бердi. Алғашында бiз оны жай жүрген бiреу шығар деп ойладық.Олай болмай шықты. Ол оқытушы отыратын столдың жанына барып тұрды да не iстерiн, не дерiн бiлмегендей, сәл аңтарылып тұрып қалды.  
 
Бiр кезде "Менiң аты-жөнiм – Рымғали Нұрғалиев. Қазақ әдебиетi кафедрасының аспирантурасын бiтiрiп жатырмын. Бүгiннен бастап сiздерге қазақ драматургиясы бойынша арнаулы пән өтемiн" – дедi. Ылғи да профессор, доцент ағай, апайларымыздан дәрiс тыңдап келе жатқан бiздер мына бiр жас жiгiттiң айтып тұрғанына сенерiмiздi де, сенбесiмiздi де бiлмей, абдырап қалдық.Iшiмiзде бұл жiгiттен де ересектерiмiз бар бiздердi "өзi жап-жас болып бiзге дәрiстi қалай өтедi?" деген сияқты бiр күмәндi ойлар да кимелеп кеттi. Көп ұзамай-ақ бұл күдiгiмiз сейiле бастады. Алдында именiңкiреп, жаймен бастаған сөзiн Рымғали орнымен сабақтап, бiрте-бiрте даусы ашылып, бауыры жазыла түстi. Сыпайы көрiнген мөлдiрдей жас жiгiттiң әдемi қоңыр дауыспен төгiлiп шыққан ойлы сөздерi бiрте-бiрте бүкiл аудиторияны баурап, әдебиет деген сырлы әлемнiң драматургия атты бiр аулына қарай сиқырлап алып бара жатты... Бұл Р.Нұрғалиевтiң қазақ университетiнiң аспирантурасын бiтiрiп, осында ұстаздық жолын алғаш бастаған 1968-жылдың қоңыр күзi болатын. Мiне, сол бiр есте қалған сәттi күннен берi де қырық жылдан астам уақыт өтiптi. Осы қырық жыл iшiнде ол аспиранттықтан академиктiкке дейiн өсiп, қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнектi өкiлдерiнiң қатарына қосылды. Бұл айтқанымызға оның қаламынан шыққан ондаған зерттеулер, жүздеген мақалалар, атқарған қызметтерi көзiңiздi жеткiзедi.  
Р.Нұрғали ғылыми жұмыстармен университет қабырғасында жүргенде-ақ айналыса бастайды. Зерек шәкiрттiң шығармашылық жұмыстарға ыңғайын байқаған профессор Б. Кенжебаев оны өзiне тартып, ғылыми жұмыстарға баулиды. Екiншi курстан бастап студенттердiң ғылыми үйiрмесiне қатысып, түрлi жиындарда баяндамалар жасап, өзiнiң тыңғылықты iзденiстерiмен көзге түскен ол 1960 жылы Алматыда өткен Орта Азия мен Қазақстан студенттерiнiң ғылыми конференциясында "Иран тақырыбы қазақ әдебиетiнде". Сабыр Шарипов, 1962 жылы Қазан қаласында өткен студенттердiң бүкiлодақтық конференциясында "Қазақ-татар әдеби байланыстары тарихынан, Ғ. Ибрагимовтың "Қазақ қызың романының тақырыптарында баяндамалар жасап, ғылым әлемiндегi алғашқы қадамдарын сәттi бастады. Университет қабырғасында жүрiп, ұстазы профессор Б. Кенжебаевпен бiрiгiп "Сабыр Шарипов. Өмiрi мен творчествосы" (А., 1961) атты тұңғыш еңбегiн жазды. 
Оқуды үздiк бiтiрген ол Қазақ мемлекеттiк университетi қазақ әдебиетi кафедрасының аспиранттығына қалдырылып (1963-1966), бiржола ғылыми жолға түстi. Бiр жағы "Лениншiл жас" газетiнде де қызмет атқара жүрiп ол Мұхтар Әуезовтiң драматургиясы жайлы ғылыми iзденiстерiн сәттi жалғастырды. Сол кездегi қазақ басылымдары бетiнде осы тақырып бойынша ондаған мақалалар жариялап, ендi өзiн ғалым ретiнде республика жұртшылығына таныстырды. 
Аспирантураны ойдағыдай бiтiрген ол 1967 жылы "Мұхтар Әуезовтiң трагедиялары" тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн жазылған диссертациясын ойдағыдай қорғады. 27 жасында ғылым кандидаты болған Р.Нұрғали ғылыми iзденiстерiн тереңдете түсiп, алты жылда докторлық диссертациясын аяқтап, қорғауға ұсынады. "Қазақ драматургиясының поэтикасы" тақырыбында қорғалған (1973) докторлық жұмысын "диссертацияда ұлтшылдық, алашорда жазушыларын мадақтау, саяси қателер бар" деген сияқтылармен кiнәлап, Мәскеудегi Жоғары аттестациялық комиссия бес жыл бойы қарап, соңында бекiтпей тастады. 
Алашорда әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi болған М. Әуезовтiң шығармашылығына қатысты шындықты айтамын деп, орынсыз айыптауларға ұшырап, еңбегiнiң өзiне лайықты ресми бағасын ала алмай қалуы жас ғалымға психологиялық тұрғыдан ауыр тигенiмен де оның сағын сындыра алмады. Керiсiнше, оның жiгерiн жанып, өзiн танытуға қайраттандыра түскендей болды. Ендi он жыл өткен соң он шақты кiтап шығарып барып, докторлық диссертация қорғауға қайта соқты. Сөйтiп, 1983 жылы Р.Нұрғали "Қазақ совет драматургиясының жанрлық проблемалары" деген тақырыпта докторлық диссертациясын сәттi қорғап шықты.  
Р. Нұрғалидың негiзгi зерттеулерi қазақ драматургиясының тарихи, теориялық проблемаларын саралауға арналған. Ол кандидаттық, докторлық диссертацияларын қазақ драматургиясынан қорғады. "Трагедия табиғатында" М.Әуезовтiң трагедияларын, "Талант тағдырында" қазақтың тұңғыш режиссерi Жұмат Шаниннiң өмiрi мен шығармашылығын, "Күретамырда" қазақ драмасының поэтикасын, "Өнердiң эстетикалық нысанасында" қазақ драмасының әсемдiк әлемi, "Айдында" қазақ драматургиясының жанрлық жүйесiн жан-жақты зерттедi. Ал, қазақ поэзиясы мен прозасының жай-күйiне арналған "Өнер алды – қызыл тiл", "Телағыс", "Әуезов және алаш" қазақ әдебиеттану ғылымын тың пiкiрлерiмен байытты. 
"Әуезов және алаш" – Р.Нұрғалидың сексенiншi жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басындағы ғылыми iзденiстерiнiң жемiсi. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов сынды бiртуар жазушыларымыздың кезiнде қудаланып, жазықсыз жазалауларға ұшырап, шығармалары қалың көпшiлiкке беймәлiм болып келгендiгi белгiлi. Уақытпен бiрге тоталитарлық заман да өзгердi. Жаңа заманмен бiрге алыптарымыз да туған халқына қайта оралды. 
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң алып бәйтеректерiн халқына қайта табыстыруда Р.Нұрғали айтарлықтай еңбек сiңiрдi. Алыптарды ақтау жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияның мүшесi болған ол Қауiпсiздiк комитетiнiң архивтерiнде шаң басып, түкпiрде жылтырап жатқан ұлы шығармаларды жарыққа шығаруда, оларды оқырмандармен таныстыруда қыруар жұмыстар жасады; алыптар туралы алғаш мақалалар жазып, халқымен қауыштырды. "Әуезов және алаш" осылайша өмiрге келген едi. 
"Әуезов және алаш" негiзгi екi үлкен бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм "Алаш ұранды әдебиетте" жиырмасыншы ғасырдағы қазақтың ұлы қаламгерлерi Ахмет, Мiржақып, Мағжан, Жүсiпбек, қоғам қайраткерi, әрi әдебиетшi Әлихан, қазақтың тұңғыш режиссерi Жұмат шығармашылықтары кеңiнен әңгiмелендi. Әрқайсысына жеке тараулар арналған. Автордың әр тарауға тақырып қоюы да назар аударарлық: тарау аттарын олардың өз сөздерiмен берген. Мысалы, А. Байтұрсынов "Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған", Ә.Бөкейханов "Қазақты ақ жолға саламыз десек", М.Дулатов "Мен бiткен ойпаң жерге аласа ағаш", Мағжан "Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да", Ж. Аймауытов "Ой, кер заман, кер заман" дейдi, яғни тақырып атына берiлген өз сөздерiнен олардың кiм екендiгi, шығармашылық сипаты бiршама айқындалып та тұр. Қазақтың бiртуар асыл азаматтарына арналған шығармашылық портреттерде олардың қилы тағдыры, шығармашылық жолдары жайлы мол мағлұматтар берiлген. Тағдыры ортақ тағдырлас тұлғалар жайлы тараулар қызғылықты оқылады. 
Кiтаптың екiншi бөлiмi түгелдей М. Әуезовтiң шығармашылығына арналған. Көлемi 250 беттей "Әуезов әлемiн" жеке монография десе де болғандай. Мұнда автор барынша көсiлiп, өзiнiң белдi әуезовтанушылардың бiрi екендiгiн дәлелдеген. Әсiресе, Мұхтардың драматургиясын талдағанда терең бiлiмдарлық, шын шеберлiгiн танытады. Ғылыми стиль мен көркем публицистикалық серпiн ұштаса келiп, өзiнше өрнек тапқан. "Мұхтар Әуезов өлген жоқ; ұлы қаламгердiң есiмi кеме болып теңiздерде жүзiп, көше болып соғылып, қала болып құлпырып тұр. Мұхтар Әуезов әрқайсымыздың жүрегiмiзде. Мұхтар Әуезов – сарқылмайтын, бiтпейтiн, жасарып, жаңғыратын, өмiрдiң өзiндей, жапырағы мәңгi жап-жасыл, жалғаса беретiн құбылыс" ("Әуезов және алаш". А.,1997, 420-бет) – деген сияқты жолдардың кiмнiң болса да жүрегiн баурап алары анық. 
Жалпы Р.Нұрғалидың тiлi – жатық, өрнектi. Автордың кейде талдап отырған көркем шығарманың кiлтiн тауып, iшiне кiрiп, шешен тiлмен шабыттана желпiнiп-желпiнiп кететiн кездерi де бар. Мысалы, "Ашуды намыспен жанып, оған кектiң уын құйып, таптап шауып, табаныңа салып ат. Тағдырдан тiлер бар тiлегi сол-дағы. Кеңгiрбайдың қабырғасына Кебектiң өлiмi, я бiр сынбаса дейдi өз сағы" ("Айдын", 17-бет) – деген жолдарды оқығанда, ұлы Мұхтар жеткiзбек болған "Еңлiк-Кебектегi" бар рухты сезiнгендей боласыз. Бұл жерде зерттеушi көркем әдебиеттiң өз әдiсiн, көркемдiк құралдарын шығарманың сыр-сымбатын барынша аша түсу мақсатымен сәттi қолдана бiлген. 
Қазақтың тұңғыш режиссерi, әрi актер, әрi музыкант, әрi өнер ұстазы, әрi театр сыншысы, әрi драматург Жұмат Шанинге "Әуезов және алашта" едәуiр орын берiлген. Ұлттық мәдениетiмiздiң тарихында өзiндiк ерекше орны бар сегiз қырлы, бiр сырлы дарын иесi Ж.Шаниннiң өнерпаздық жолының бiрден-бiр зерттеушiсi болған Р.Нұрғалидың ол туралы көп мағлұматтар жинағандығы байқалады. Сол материалдарының бiразын Жұматқа арнаған портреттiк очеркiнде ғылыми айналымға түсiрсе, денiн "Ай қанатты арғымақ" атты роман жазуға пайдаланды. Бұл жерде Р.Нұрғалидың негiзгi зерттеушiлiк жолының көркем шығармашылық жолға ұласып жатқандығы көрiнедi. Ол өмiрiнiң соңғы жылдарында өнiмдi еңбек етiп, кiтап үстiне кiтап шығарды. Рымғали ұлттық әдебиетiмiздiң тарихы, қазiргi жай-күйi жайлы зерттеулерiн жалғастырумен бiрге бұрындары жазылған еңбектерiн де дәуiр биiгiнен сын елегiнен қайта өткiздi. 2000 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Сырлы сөз" атты бiр томдық жинағына автордың кезiнде газет-журнал беттерiнде басылғанымен де жеке кiтапқа енбеген дүниелерi топтастырылып берiлген. Тараулардың орнына жетi желiге бөлiнген. Желiлер "Туынды", "Тұлға", "Төрттаған", "Шартарап", "Сұхбат" аталынса, алтыншысында "Абай" энциклопедиясына жазылған мақалалар, жетiншiсiнде "Екi сөздiк" берiлген. Бiрiншi желiде жеке шығармалар туралы жазылған рецензия, мақала, ой-толғаулар бар. Мұнда "Абай жолы" роман-эпопеясы,"Қилы заман" романы, "Хан Кене" трагедиясы сияқты туындылармен бiрге, "Қамар", "Алмас қылыш", "Жанталас" романдары мен "Кездеспей кеткен бiр бейне" жан-жақты талданылады. Ал А.Құнанбаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсiрепов, С. Бегалин, Т.Исмаилов-сынды қаламгерлердiң шығармашылық өмiрлерi "Тұлғада" талданылады. 
"Төрттаған" аталған үшiншi желiде қазақ поэзиясы мен прозасының, драматургиясы мен сынының көкейкестi проблемалары кеңiнен әңгiмеленедi. "Шартарапта" С.Шариповтiң, Ғ.Ибрагимовтiң шығармашылықтары жайлы және де "Мажарстандағы Абай күндерi" мен "Америкада талқыланған Азия әдебиеттерiнiң тағдыры" жолсапар очерктерi орын алған. "Сұхбатта" ғалымның әр кезде басылымдарда айтқан әдебиет, мәдениет жайлы толғақты ойлары бар. Сондай-ақ, кiтаптағы Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Б.Кенжебаев, Х.Оралтай хақындағы және де Абайдың бiрнеше өлеңдерi жайлы жазылған энциклопедиялық мақалалар да жеке желiнi құраған. "Екi сөздiкте" Абай поэзиясында кездесетiн басқатiлдерден енген сөздер түзiлiп, олар мысалмен бiрге түсiндiрiлiп отырған. 
Алаш ұранды әдебиет концепциясының негiзгi принциптерi, эстетикалық ұстанымдары Әлихан, Ахмет, Мiржақып, Мағжан, Жүсiпбек, Мұхтар шығармалары арқылы көрсетiлiп, әдебиеттегi жалғастығы нақтылы әдеби материалдармен дәлелденiледi. Ал, қазақ әдебиетiнiң әлемдiк әдеби айдынға шығуы М. Әуезовтiң туындыларын талдау арқылы көрсетiлген. Кiтаптың соңында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетi туралы зерттеулер тiзiмiнiң берiлуi де еңбектiң құндылығын арттырып тұр. 
2005 жылы Р. Нұрғалидың жетi томдық шығармалар жинағы (қосымша томды қосқанда 8) жарық көрдi. Бұл томдарда ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымында қырық жылдай жасаған еңбектерi белгiлi бiр жүйемен толықтырылып берiлдi.  
Р. Нұрғалиды әдебиетке алып келген Семей облысының Шұбартау аудандық газетiнде 1956 жылы басылған тұңғыш өлеңi болса, оны әдебиетшi ғалым ретiнде танытқан – қазақ драматургиясы саласындағы зерттеулерi. Оның драматургия бойынша кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғағаны белгiлi. Көптомдықтың бiрiншi томына драматургия жайлы еңбектерi енген. "Трагедия", "Комедия", "Драма" аталған бөлiмдерде қазақ драматургиясы алғаш сахна төрiне қойылғаннан бастап, бүгiнгi профессиональды биiкке шыққанға дейiнгi аралықтағы жай-күйi кеңiнен қамтылып, ғылыми тұрғыдан сараланған. "Драма өнерi" аталған бұл томды қазақ драматургиясының энциклопедиясы десе де болғандай.  
Бiрiншi том – бөлiмдерге, екiншi том – тарауларға бөлiнсе, үшiншi том желiлерге жiктелген. Жетi желiден тұратын кiтаптың бiрiншi желiсi – "Алаш ұранды әдебиет", екiншiсi – "Теңдiк ұранды әдебиет" аталған. Осы томның негiзгi салмағын осы екi желi көтерiп тұр деуге болады. Әдебиет әлемiнiң есiгiн өлеңмен ашқан Р. Нұрғали прозада да қаламын сынап, "Ай қанатты арғымақ" романын жазған. Қазақтың тұңғыш режиссерi Жұмат Шанин жайлы туындысы төртiншi томның негiзiн құрап тұр. Сондай-ақ бұл томға "Дән" атты ортақ тақырыппен берiлген новелла-хикаяттары да кiрген. "Аяқталмаған трагедия" тарауында полигонға қатысты жазылған алты әңгiмесi енген. Л. Н. Толстойдың "Әзәзiл" повесiнiң аудармасымен оқушы осы кiтаптан таныса алады.  
Р. Нұрғали ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерiнде қазақ әдебиетi мен әдебиет теориясы бойынша лекциялар оқыды. Бесiншi томдағы "Әдебиет теориясы" студенттерге арналған оқу құралы қажеттiлiгiн өтеу мақсатымен өмiрге келген. Мұнда әдебиет теориясының түрлi проблемаларына арналған шетелдiк ғалымдардың еңбектерi аударылып берiлумен қатар, осы сала бойынша қазақ тiлiндегi зерттеулер де тақырыптық жүйемен топтастырылып берiлген. Сондай-ақ оның түрлi энциклопедияларға арнап жазған мақалалары да осында. Алтыншы том да оқу құралы қажеттiлiгiнен туындаған. Кiтапта қазақтың тұңғыш романы "Бақытсыз Жамалдан" бастап, тәуелсiздiктiң он жылдығына арналған республикалық бәйгеде бас жүлде алған Тұрсынхан Зәкенұлының "Көк түрiктердiң көз жасына" дейiнгi "Қазақтың 100 романы" жинақталған. Оқу құралын жазысуға академик М. Қаратаевтан жас әдебиеттанушы Е. Тiлешовке дейiнгi белгiлi әдебиеттанушы ғалымдар қатысқан.  
Соңғы жетiншi том "Қазақтың 10000 мақал-мәтелi" аталған. Бұл томды ғалымның ұзақ жылдар бойына халық арасынан жинаған сөз маржандары құрайды. Кiтапқа алғысөз ретiнде берiлген "Телегей-теңiз асыл сөзде" қазақ мақал-мәтелдерiнiң мәнiне, жиналу, зерттелу тарихына қысқаша тоқтала келiп, өзi ұсынып отырған мақал-мәтелдер жинағының өзiндiк ерекшелiктерiн аңғарта кетедi.Адам өмiрiнiң түрлi жақтарын қамтитын 77 тарауға бөлiнiп берiлген, бұрындары көп қолданылмай келген мақал-мәтелдердiң оқырманға берер ғибраты мол.  
Р. Нұрғалидың ғылыми зерттеулерi кезiнде ғалымдар, замандастары тарапынан жоғары бағаланды. Ғалымның елу, алпыс жылдығы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығын алған тұстарында жазылған көптеген мақалаларда оның ғалымдық, азаматтық бейнесi жарқырай көрiндi. Қосымша том ретiнде ұсынылған сегiзiншi кiтапқа Р. Нұрғалидың шығармашылығы жайлы жазылған 52 автордың шығармашылық портрет, рецензия, зерттеу мақалалары мен арнау өлеңдерi топтастырылған.  
Р. Нұрғалидың жетi томдық шығармалар жинағының әр кiтабына автор тарапынан алғысөз, кiрiспе, аңдату ұсынылып, соңынан ғалымның шәкiртi филология ғылымдарының докторы, профессор Құныпия Алпысбаевтың түсiнiктерi берiлiп отырған. Сондай-ақ ғалым өмiрiнiң әр кезеңдерiн, сәттерiн бейнелейтiн фотосуреттердiң берiлiп отыруы да академиктiң азаматтық, ғалымдық бейнесiн аша түскен.  
"Толғауы тоқсан қызыл тiл" (Алматы,2009) – Р.Нұрғалидың көзi тiрiсiнде жарық көрген соңғы кiтабы. Көлемдi еңбекке ғалымның кезiнде алаш әдебиетi, оның көрнектi өкiлдерi жайлы жазған зерттеулерi енген. Рымғали алаш қайраткерлерiнiң басын қосқан, күресiп өткен басты идеяны төмендегiше айқындаған: "Алаш қайраткерлерiнiң түпқазық идеясы-қазақ мемлекетi. Ол үшiн ата-баба қанын төгiп қорғаған,сақтап қалған,мың жылдар бойы ешқайда көшпей,тұрақты мекен еткен жердi бөлшектемей,жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның – барлық байлықтан, дәулетiңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттiк басқару дәстүрлердi сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгiсiндегi қағидаттарға негiзделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкiмнiң нәсiлiне, жынысына, дәулетiне байланысты шектеу жоқ; шикiзат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетiн өнiм шығару мемлекет әрекетiнiң ең бiрiншi шарты; қазақ тiлiн дамыту,оқулықтар, сөздiктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елдi-мемлекеттi қорғау керек" (4-бет).  
Ғалымның сұхбаттарында мәдениеттер тоғысуы тән қазiргi дәуiрiмiздiң өзектi мәселелерi жайлы айтқан байсалды пiкiрлер баршылық. Ендi Рекеңнiң мына бiр ойларына назар аударалық:  
"Нарықтық қатынастарды емес, қазақ мәдениетiн қайыршы кейпiне түсiрiп, "қарабазардың" iшiне итере салған саясатты жарамсыз деп бағалаймын" (132-бет);  
"Жаһандану бүгiн ғана пайда болған ұғым емес. Адамзаттың мәдениетi, өркениетi дамыған күннен бастап жаһандану жүрiп жатыр.Ұлы Жiбек жолы – жаһандану, Американың ашылуы – жаһандану, Қытай ойлап тапқан компастың, қағаздың тарауы – жаһандану, түркiлер жасаған арба,ат ертоқымының үзеңгiсi – ол да жаһандану.  
Қазiргi замандағы үлкен алпауыттар, империялық пиғылды көксеген елдер үшiн жаһандану деген сөз-азды бұғаулап жұтып алу, күшi кемдi бағындыру. Жаһандануда ұлт жоқ. Ұлттық тiл, ұлттық мәдениет жоқ. Өз ана тiлiнде сөйлемейтiн Парламент дегенiң де жаһандану кесапатынан туған... Жаһанданудың экономиканы дамытуда, ауыс-күйiсте, мемлекеттердiң бiр деңгейге көтерiлуiне, технологияларды жетiлдiруде прогрессивтiк ролi болғанымен, ұлттық сананы, ұлттық рухты, ұлттық мәдениеттi жоюдағы зиянын санап бiту қиын" (165-бет).  
Ұлтжанды азаматты қазақ тiлiнiң ертеңгi күйi алаңдатады: "Ендi сөз додасын, той-томалақты азайтып, нақтылы iс атқаратын кезең туды. Қазақ тiлiн сауда-саттықтың тiлiнен бастап, ғарыш кешенiнде халықаралық мәмiлелерге қолданылатын тiлге айналдыру үшiн барлық сала бойынша ұғымдар мен атаулардың ана тiлiмiздегi баламасын жасап, бiр жүйеге түсiруiмiз керек" (133-бет);  
"Сөздiң күшi – ғажайып. Кейде бiр сөз бiр халықты жындандырып жiберуi мүмкiн" (165-бет).  
"Қазақтың қаймағы бұзылмай, тұтасып отырған кезiнде тiл проблемасы болған жоқ. Бұл – отаршылдықтың күшеюiне байланысты туған тауқымет" (180).  
"...елiмiздiң мектеп оқушылары ана тiлiн, ұлттық тiлдi алдымен игерiп, өзге тiлдi өз талабы бойынша содан кейiн бiлсе де жетiп жатыр" (182-бет).  
Өтiрiк айту, жағымпаздықты жек көретiн, ылғи да тура жүрiп, тура сөйлеудi сүйетiн Рымғали: "Адам бойындағы өтiрiктi, екiжүздiлiктi, аярлықты жаратпаймын. Жiгерсiздiк, жалқаулық – жаман қасиет. Елiн, жерiн, тiлiн сүйетiн адамдарды жақсы көремiн.Тiптi айналып келген кезде, адамның таланты да емес,бiлiмi де емес, елiне, жұртына, Отанына деген қызметi бойынша бағалау керек. Талант, бiлiм дегендi жеке бастың қамына, iшкен-жегенге, жауыздыққа, зұлымдыққа жұмсау ол да бiр– сор" (184). Бұл жолдардан ұлтжанды ғалымның адамдық, азаматтық ұстанымы анық көрiнедi.  
Р. Нұрғалидың бүкiл саналы ғұмыры жас ұрпақты тәрбиелеумен тiкелей байланысты. Ол қырық жылға жуық болашақ әдебиетшiлерге қазақ әдебиетiнен дәрiс оқып келедi. Университеттерде ұзақ жылдар ұстаздық еткен ол талай ақын-жазушыларды, сыншы-ғалымдарды тәрбиелеп шығарды. Оның жетекшiлiгiмен, ресми сараптауымен көптеген адам докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғады. Ол 1985-86 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде филология факультетiнiң деканы, 2000 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде қазақ әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi болды. Осы саладағы жемiстi еңбегi үшiн оған "Жоғары мектептiң үздiк қызметкерi" (1984) атағы берiлген. Р. Нұрғали (Х. Әдiбаев, М.Базарбаев, З.Қабдоловтармен бiрге) – төрт рет қайта басылым көрген 11-класқа арналған "Қазақ әдебиетi" оқулығының да авторы. 
Ғалымның құрастыруымен, алғы сөз, соңғы сөз, түсiнiктемелер жазып, редакциялауымен Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, Ж.Шанинның, М.Әуезовтiң, I.Есенберлиннiң (он томдық), Б.Кенжебаевтың, Ш.Әбеновтiң, Қ.Бадыровтың, Т.Ысмайыловтың, Ф.Оңғарсынованың кiтаптары басылып шықты. Ол Л.Толстойдың "Әзәзiл" повесiн, Н.Погодиннiң "Салтанат жыры" пъесасын, Ә.Кешоковтiң "Соңғы шақырым" пъесасын, эстон әңгiмелерiн, "Әшкерелеу", "Бағзы күндер iстерi" фильмдерiн қазақшаға аударды. "Жұмат Шанин" деректi фильмiнiң сценарийiн жазды. 
Р. Нұрғали Қазан, Рига, Душанбе, Бiшкек, Тбилиси, Ереван, Баку, Мәскеу, Кишинев сияқты қалаларда өткен түрлi Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Америка, Франция, Германия, Индия, Венгрия, Иран, Түркия, Моңғолия, Қытай, Корея, Чехия, Словакия елдерiнде болып, қазақ әдебиетi, мәдениетi, тарихы жайлы сөз сөйледi. Р.Нұрғали қоғамдық-мәдени жұмыстарға да белсене араласты. Ол КСРО Жазушылар одағы басқармасы сын секциясының, "Большая советская энциклопедия" баспасы ғылыми-редакциялық кеңесiнiң, Қазақ ССР Министрлер советi жанындағы Терминология және ономастика комиссияларының, Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi мен қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтында, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында филология бойынша мамандандырылған кеңестерiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитетiнiң, "Ана тiлi" газетi редколлегиясының, Қазақстан ПЕН клубының, "Абай", "Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлiгi – Ғылым Академиясының хабарлары. Тiл-әдебиет сериясы" журналдары редакция алқасының, ҚР Жоғары аттестациялау комиссиясы президиуымының мүшесi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк аттестациялау комиссиясы филология және өнертану сараптау комиссиясының, Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық Алаш сыйлығы комиссиясының төрағасы ретiнде қыруар жұмыстар атқарды. 
Оған "Айдын", "Телағыс", "Қазақ революциялық поэзиясы" атты әдеби-сын-зерттеу трилогиясы үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы (1988), Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық (2003), Қазақстан мен Түркия бiрiгiп жариялаған М.Әуезовтiң шығармашылығына арналған халықаралық бәйгеде "М.Әуезовтiң көркемдiк әлемi", "Алаш ұранды әдебиетте Әуезов көтерген азаттық идеясы", "Дала тағдырын толғаған ұлы шығарма" еңбектерi үшiн бiрiншi дәрежелi сыйлық (1997) берiлген. 
Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесi (1989), академигi (2003), Халықаралық Айтматов атындағы халықаралық академияның академигi (2003). Рымғали 1998-жылы Меккеге қажылыққа барып қайтты. 
Қазақстан Республикасы ҰҒА академигi, Мемлекеттiк және Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтардың иегерi, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны қомақты. Оның қаламынан шыққан құнарлы еңбектер ұлттық рухани қазынамызға үлес болып қосылып, халқымызға қызмет ете беретiн болады.

Информация о работе Салыстырмалы әдебиеттану пәні мен оны зерттеуші ғалымдардың ой-тұжырымдары