Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 11:21, реферат
Ежелгі Қазақстан аумағында адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. I мыңжылдықтың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б.з.д. мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Сақтар тарихы туралы.....................................................................................................4
Сақтардың әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті............................................................5
Сақтардың өнері мен мифологиясы..............................................................................10
Сақтардың дүниетанымы...............................................................................................13
Қорытынды........................................................................................................................14
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................................15
WESTUDENT.KZ – Семестровые, презентации, рефераты, курсовые на казахском, тесты(ент)
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
№1 жұмыс
Тақырыбы: Сақтардың мәдениеті, мифологиясы және дүниетанымы
Алматы 2012
Мазмұны
Кіріспе.......................
Сақтар тарихы туралы........................
Сақтардың әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті.....................
Сақтардың өнері мен
мифологиясы...................
Сақтардың дүниетанымы...................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі.............
Кіріспе
Ежелгі
Қазақстан аумағында
Сақтар тарихы туралы
Үйсіндер Іле өзені бойын көне заманнан мекендеп келген халық емес, олардың баяғыдағы мекені Дунь-хуаң мен Цилянь-Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.з.д. 160 жылдардың айналасында ғана олар сол өлкеден үдере көшіп Іле бойына келген. Үйсіндердің алдында бұл өлкені сақтар мен йузейлер мекендеген. Сондықтан "Ханнама, Батыс өңір баянында": Үйсіндердің бұл қонысы сақтардікі болатын, йузейлер Сақ қағанын бұл арадан ығыстырып шыққасын, ол оңтүстікке Шуан-дуға асып кетті де, бұл жерде йузейлер қалды. Кейін үйсін күнбиінен жеңілгесін йузейлер Бактерияға кетті де, бұл жер йузейлер қол астында болды. Әйтсе де үйсіндердің арасында сақ, йузейлерден қалған тұқым да бар, - делінген. Бұдан біз үйсіндер Іле бойында елдік құрған замандарда олардың арасында сақтардан кіріккен тектің де недәуір болғанын байқаймыз. Бүгінде қазақтың арғын, қыпшақ тайпаларының құрамында "жерсақ" "берсақ" "борсақ" "қарсақ" деген рулар бар. Осындағы "сақ" жалғауы Қытай тарихындағы "сайжоң" - "сақ" деген атаумен төркіндес келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз қазақ ұлтының түп тұқияны екендігін дәлелдейді.
Сол себепті кей ғалымдар "қазақ" этнононимі Каспий теңізі өңірінде жасаған каспийлер мен Іледария бойында өмір сүрген сақтардың - осы екі халық атының геоэтникалық тұрғыдан бірігуінен келіп шыққан деп есептейді. Бұл сақтардың қазақтың этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге салады. Б.з.д. III ғасырдың б.з. V ғасырына дейінгі үйсіндердің археологиялық мүрделеріне, әсіресе, олардың антропологиялық белгілеріне талдау жасаған кезде олардың бас сүйегі домалақ, маңдайы шығыңқы, көз аясы терең, атжақтылау екені байқалған. Бұл сақтарға тән типке жақындайды. Ендеше сол дәуірде сақтар мен үйсіндер белгілі деңгейде этникалық тоғысуды бастан кешірген.
Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіштерінде ертеде Қара теңіз бен Индұқұш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан байтақ даланы мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі, Хаомаварға сақтары, яғни "хаомавар" дейтін ағаш жапырағына тәу ететін сақтар. Бұлар Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі, Тиграхауда сақтары, яғни шошақ бөрікті сақтар, бұлар Қырғызстан мен Қазақстан далалық аймақтарын - Памир үстірті мен Алтай жотасынан тура солтүстікке Тянь-Шань, Алтай таулары- Тәшкент, Талас, Шу, Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын қамтыған аймақты қонысты мекендеді. Үшіншісі, Тиятарадрая (Парадарая деп те жүрміз) сақтары, яғни теңіздің ар жағындағы сақтар, бұлар Әмударияның терістігін, Арал теңізінің шығыс жағын, Соғдиананы (Мәуреннахрды, яғни, Әму-Сыр дарияларының арасын) мекендеген. Ежелгі парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген ғажайып қауымдардың бәрін сақтар деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот: Парсылар мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды, - дейді. Ал, Геродотқа келсек, ол кең-байтақ Еуразия даласының Карпаттан Қара теңізге, одан Каспий мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді түгелдей скифтер деп атаған.
Сақтардың әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті
Сақтар да жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып жүреді екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер қатарына жатқызады. Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қосыла көмілген ағаш астаудың ішінен қойдың сүйек-аяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің фәнидегі тірлігінде ет тағамының өте маңызды орын алғандығын білдіреді. Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы сүйектері сақтар заманында мал мүліктерін өсіру бұл өңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай түседі.
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдаланған. Олардың киіз үйі сыртқы пошымына қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал ішінен қарағанда ол тор көзді ағаштардан құралған. Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырақ ұстап тұрады. Ағаш қаңқаның сыртынан киіз жабу - сақтар дәуіріндегі ірі тапқырлық. Ертеде Америка мен Африка құрлығындағы халықтар маңғыртып қой бағуды білгенімен оның жүнін пайдаланып, киіз жасауды білмеген. Америка ғалымы Лауфердің атап көрсетуінше, киіздің ойлап табылуы - Орта Азиядан таралған тағы бір мәдениет үрдісі. Мұндай жиып-қаптауға, алып жүруге оңтайлы үй ағаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен көшпелі өмір жағдайына бейімделіп жасалған. Ол - сақ халқы ақыл-парасатының туындысы. Алғашында сақтар шатырларын үлкен арбаларға қондырып, екі-үш өгіз немесе түйелер жегіп алып жүрген. Ол арбалар екі, төрт, алты доңғалақты болып келетін. Көші-қон кезінде сақтар арбаларда әйелдер мен балаларды, үй жиһаздары мен тұрмыстық керек-жарақтарын алып жүретін. Олар жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып жүрген кездерінде осы арбаларға, не оның маңайында түнеген. Бүгінде қазақ ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жүнінен жасалған оюлы сырмақтар - сонау сақтар заманынан бері қарай келе жатқан өнер туындысы.
Сақтар патшалық саяси түзімдегі ел болған. Кей мәліметтерде олар төрт ірі тайпалық бөлікке бөлінді, әрбір бөлік өз ішінен және де белгілі территориялық аумақтан құралады, әр аумақты бір басқақ басқарады делінген. Бұл басқақтар әр ру-тайпа ішінен билік басына дәстүрлі мирасқорлык үрдісі бойынша келеді. Сақтар құлдық қоғам сатысына кіргенмен кәдуілгі рулық-тайпалық қауымдастық үлгілерін ғасырлар бойы сақтап келген. Сондықтан әлгіндей басқақтардың өмірі бұлжымай жүріп тұрған. Ал сақ патшасын әр тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылөй қариялары сайлайтындықтан олардың өмірі тіпті күшті болатын.
Геродот сақтар жөнінде жаза келіп: Олар адамның бас сүйегінің қастан төменгі бөлігін әбден кептіріп тазалайды. Егер осы адам кедей кісі болса, онда ол тек бастың сыртын сиырдың қатты қайысымен қаптап алып, пайдалана береді. Егер қолы жетіп тұрған бай болса, онда бас сүйекті сиырдың терісімен қаптап алғаннан кейін, іш жағына алтыннан жалатып, шарап тостағаны ретінде пайдаланады. Өз тайпаласының бас сүйегін осындай қадақ тостаған жасау үшін ол адам сөзсіз патшамен де, өзімен де жауласқан болуы керек, - дейді.
Сақ патшасы ең мәртебелі
адам болғандықтан, қарамағындағы бұқара
жұрты оған сөзсіз бағынатын. Сондықтан,
сақ билеушісінің өлімі де өте салтанатты, қаралы жағдайда өтетін.
Алдымен патша мәйітінің үстіне қош иісті жұпар майы жағылатын, онан
соң әдейі жасалған сәулетті ырдауын арбаға
салынып, әр шалғайдағы сақ тайпаларын
аралатып шығатын. Сүйек қайда барса, ондағы
қалың қауым мүң-налаға батып, қайғы-қасірет
жұтатын. Олар өздерін зақымдап, құлақтарын
кесіп, шекелерін тіліп, сол білектерінен
жебе шаншып, бірде бет-көздерін
зақымдап, шаш-сақалдарын жұлып, шайқы-бұрқы,
ту-талақ азалы күй кешетін. Бұл рәсім
аяқталғасын патшаның мүрдесі баяғыдан
патша әулетінен тараған текті тұқымның
әумет-жәуметтері жататын молаға апарылады. Археологиялық
қазба жұмыстары жүргізілген тік бұрыш
формалы осындай молалардың көлемі
өте үлкен. Онда өлген адам мүрдесі киізге
оралып, дәл орта тұсқа орналастырылады
да, оның екі жағына бес қаруы қойылады.
Патшаның қасына тағы патшаның әйелдері,
аспаз, атбегілері,
Әдетте ру-тайпа ішінде жәй адамдар өлгенде олардың туған-туысқандары да өлген кісінің мүрдесін арбаға салып, жақын жұрағаттарын аралайды. Олар ас-тағамын әзірлеп, қаралы топты қарсы алып, шығарып салып отырады. Бұндай рәсім 40 күнге жалғасқан соң барып, өлікті жерлейді. Олар өлушіге өзінің ең көрнекті киімін кигізіп, сауыт-сайман, ат әбзел, ас-тағамын қоса көмеді. Көзі тірісінде жақсы көретін атын да пышаққа жығып, қабірінің қасына көмеді. Бұндай қабірлер жалпақ тастар мен топырақтан қаланып, айналасына киыршық тастардан жол сорабы жасалады. 1976-78 жылдары Еренқабырға бөктеріндегі Алагу сайының шығыс аузынан төрт жерден тік ақымдап қазған ағаш табытты сақ қабірі табылды. Бұл қабірлер де тас кесектерінен тұрғызылған, пішіні дөңгелек, диаметрі 5 м, биіктігі 1м шамасында, олар бір-бірімен қатарласа терістік шығыстан оңтүстік батысқа карай көлбеп жатыр. Ал, қабірлердің әрбір ішкі ақымы шығыс-батыс бағыты бойынша келген. Ең үлкенінің ұзындығы 6,56 м, кеңдігі 4,22 м, тереңдігі 7,1 м. Ақым ішіне малта тастар мен үлкен жалпақ тас қойылған. Оның астында - ағаш табыт. Ағаш табыт тағы да диаметрі 10-24 см-лік қарағай шөркелермен 1 м биіктікке дейін айқастырыла бастырылған. Адамның мүрдесі табыт ішіне қойылған, оның бейнесі қатар көмілген екі адамға ұқсайды, сүйек бітімдері ерекше жуан.
Бұл фактілер сақ мемлекеті б.з.д. V-ІІІ ғасырларда әлдеқашан қоғам сайысына өткендігін түсіндіреді. Аталмыш археологиялық материалдардан құлдар мен құл иеленушілер арасындағы айырмашылықтың қаталдығын, отбасына да әке-балалық байланыстың шек-шекарасы қатаң сакталатынын, ауқаттылардың көп әйел алатындығын, ру-тайпалық бірлестіктер ішінде ру сыртынан некелену үрдісін ұстанғандықтан, көп әйелді отбасында егер әкесі өлсе баласы өзінің туған анасынан өзге қалған жесірлердің біріне ие болатындығын байқаймыз.
Дегенмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын. Олар ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып, соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жанкешті жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Кияутс сақ әйелдеріне деген сүйінішін "Сақ әйелдері - нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді" деп білдірсе, Алимарт Александр "Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құдды ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін" деп жазады. Б.з.д. VI ғ. массагеттердің әйел патшайымы Томирис (Тұмар) ері өлгесін, қалың қолға өзі бас болып, парсылардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Кейінгі кездегі үйсін әйелдерінің ер көңіл, адуындығы сол ескі кездегі сақтардан жалғасқан қасиет болса керек. Үйсіндер де әйелдердің қоғамдық орнын жоғары қойып отырған.
Сақтар жекпе-жек соғыста айбалта, гүрзі, найза, семсер, садақ, жебе сияқты құралдарды пайдаланған. Бұлардың ішінде скифтердің семсері қысқалау, ал сарматтардікі ұзындау келеді. Бұған қоса скифтер кісіге алыстан үйіріп тастайтын шалма арқан мен тас лақтыратын зақпыны да пайдаланған. Скифтер осы құралдардың ішінде садақ пен жебені көптеп пайдаланған. Сондықтан әрбір сақ жауынгері садақ пен жебе жастанып өлетін. Олардың жебелері қысқа хәм өткір келетін. Жебелердің ұшы алғашында сүйек пен тастан жасалса, кейін қола мен темірге ауысты. Алып жүруге қолайлы болу үшін қорамсақ пен садақты бір жерге байланады. Сақ молаларынан табылған қорамсақ пен садаққап көрер көзге өте әдемі. Сақтар ат үстінде келе жатып алыстан жебе тартуға шебер болғандықтан "ат жалында ойнаған садақшылар" деп аталған.
Сақтардың рухани мәдениеті хақында тарихи шежірелерде біраз айтылады. Қытай мен КСРО ғалымдарының археологиялық қазба жұмыстары ол жөнінде мәлімет береді.
Өндіргіш күштің дамуы төмен деңгейде болған сонау ерте заманда-ақ сақтардың өз діндері болған. Олар ата-баба рухына тәу етті. Кейін келе күллі ғаламның тылсым сырларына бой ұрып, барлық табиғи құбылыстарға тәу ете бастайды. Геродот көшпелі массагеттер жөнінде жаза келіп "Олар күллі тәңірлер арасында тек күнге ғана тәу ететін, олардың күнге атап шалатын құрбандықтары жылқы. Олардың жылқыны құрбандыққа шалу себебі, бұл фәниде желдей үшқыр, тұлпар аттар ғана күллі құдайлар ішінде күнге тез жетеді деп қарауынан" дейді. Отырықшы сақтар жерді "Ана құдайға" баулап тәу еткен. Сақтар үнемі жаугершілікті бастарынан кешіп отырғандықтан соғыс пірінде де қатты табынатын. Олар селебе-семсерлерін жерге шаншып қойып, семсердің ұшынан сүт пен қан тамшылатып, алдағы алапат қан кешуден аман өтуді тілейтін.
Информация о работе Сақтардың мәдениеті, мифологиясы және дүниетанымы